Инфоурок Информатика ПрезентацииПрезентация информатика "Жануарлар әлемінде" 8 сынып

Презентация информатика "Жануарлар әлемінде" 8 сынып

Скачать материал
Скачать материал "Презентация информатика "Жануарлар әлемінде" 8 сынып"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Жануарлар
 әлемінде

    1 слайд

    Жануарлар
    әлемінде

  • “Иттің жақсысы – тазы”				Тазы – орташа ғана бойы бар жүйрік ит, жүні тықыр,...

    2 слайд

    “Иттің жақсысы – тазы”

    Тазы – орташа ғана бойы бар жүйрік ит, жүні тықыр, оның есесіне, құйрығы мен салпаң құлағының ұшын ұзын шашақты жүн басқан. Басқа аңшы иттерге қарағанда бұлар ақылдырақ, иесіне шын берілген, адамға жұғысқыш, ал өзге иттерге өшпенділеу келеді. Өздері өте батыл әрі орасан жүйрік болады. Тазылар күшті болмайды, бірақ денелері сидам, арық, жеңіл, жүйрік әрі өжет келеді. Олар қуса жетеді де, қашса құтылады. Қоян, түлкі сияқты ұсақ аңдарды олар құтқармайды. Айлаға икемділігі сондай, тазылар аяғын сындыру, қайыру, мойнын шығару деген кінәратқа ұрынбайды. Қазақ даласының барлық жерінде кездестіруге болады. Тазыларды тұқымына қарай қазақтар құмай, құмай тазы, таза қандылығы мен түгіне қарай; құны, құны таза, будандасқан болса; дүрегей, дүрегей тазы, қайын, қайын қаптал деп бөледі. Мұның соңғылары қасқыр алатын күшті иттер. Олар жалғыз жарым да екеулеп немесе тобымен жүріп, «ұтылап» аң алады, ал үйретілген болса аушы құспен де тізе қосып қимылдайды. Тазы иттердің түгі салыстырмалы түрде аз, сұйықтау келеді. Ал кескін сымбатына қарай таулы, орманды өңірдегі аңшыл иттер ірі сүйекті, шомбал денелі болса, далалы құмды өңірлерде дене бітімі шағын, шарғылау келеді.

  • 3 слайд

  • Қарт профессордың "Хатико« деген иті Қарт профессордың иті Сибуя бекетіне кел...

    4 слайд

    Қарт профессордың "Хатико« деген иті
    Қарт профессордың иті Сибуя бекетіне келген соң иесінің артынан қарап тұрып үйіне қайтатын. Содан түсте сағат 3-4-тің шамасында бекет маңына қайта келіп тұратын. Бұл осы бір иттің бір жыл бойына айналған әдеті тұғын. Алайда, бір жолы иесі күткен уақытында келмей қалды...
    1925 жылдың 21 мамырында қарт профессордың университетте жүрек талмасы ұстап, ойламаған жерден қайтыс болады....Оны иті қайдан білсін. Соңғы үмітін үзбей күн сайын иесін шығарып салатын бекетте түн шамасына дейін күтіп жүрді. Бірақ, иесі сол күйі келмей кетті. Содан не керек тоғыз жыл бойына келіп-кетіп жүріп, бір күні өзі де жоғалып тыңды. Бекетке жақын жерден өлігі табылыпты. Аталған иттің аты "Хатико" болатын. 1934 жылы 21 сәуірде көзі тірісінде өз ескерткішінің ашылу салтанатына қатысқан екен...
    Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде металлға деген қажеттіліктен ескерткіш бұзылған. Алайда, Жапония халқы Хатиконы ұмытып кеткен емес. 1948 жылы қайтап қалпына келтіріпті. Бүгінгі таңда Сибуя бекетіндегі ескерткіш ғашықтардың тұрақты кездесетін орнына айналып үлгерген. Және "Хатико" деген аттың өзі шексіз махаббат пен адалдықтың тұрақты жыршысына айналғандай...

  • 5 слайд

  • 6 слайд

  • Мына жануарлардың баланы жақсы көруі қандай қызық

    7 слайд

    Мына жануарлардың баланы жақсы көруі қандай қызық

  • Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор. Көпшілігі пайда...

    8 слайд

    Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор. Көпшілігі пайдалыболып табылады.
     Адамдар жан-жануарларға сүйіспеншілік пен қызыға қарайды.

  • Қар шыңының құдіретті жануары «барыстар» 		Орталық Азиядағы тауларда, Солтүс...

    9 слайд

    Қар шыңының құдіретті
    жануары «барыстар»
     Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған; таулардың альпі және субальпі белдеулерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы. 1976 және 1985 жылдары барыстар  Алматы хайуанаттар бағында өсіп-өнген. Ақсу-Жабағылы,  Алматы және Марқакөл қорықтарында және үш қорықшаларда қорғалады. 

  • 10 слайд

  • Адамзат бұрынғы заманнан табиғат тылсымдарының құпиясына үлкен қызығушылықп...

    11 слайд

    Адамзат бұрынғы заманнан табиғат тылсымдарының құпиясына үлкен қызығушылықпен үңіліп, тамыршыдай оның барлық сырын білуге ұмтылып келе жатқаны ақиқат. Сондағы бір ниеті - барша жан-жануарлар мен аң-құстарды қолға үйретіп, олардың шыдамдылығын, жүйріктігін, ептілігін, тағы басқа да машықтарын адам пайдасына жарату. Адам қолға үйретпеген аңдар жоқтың қасы. Бірақ аю, жолбарыс, аң патшасы арыстанды бағындырған Ресей цирк өнерінің атақты өкілдері, ағайынды Эдгард пен Аскольд Запашныйлар да түлкі мен қасқырды қолға үйрету мүмкін емес деп есептеген. Ал біздің Қазақстанда Бұл қиындықты да жеңген.

  • Бөрібасар немесе қасқыр		Бөрібасарлар мен төбеттердің түпкі үйретушісі де сақ...

    12 слайд

    Бөрібасар немесе қасқыр
    Бөрібасарлар мен төбеттердің түпкі үйретушісі де сақтар болуы мүмкін. Өйткені Алматы облысында бөлтірікті жетегіне алып, төрт жылдан бері қасқырды қолға үйретіп жатқан жігіт жасайды. Жұртшылық Қайрат Тұрлыхановты Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті деп таниды. Оның ежелден адамның ең жақын досы саналатын ит тұқымдарын өсіруге деген әуестігі бар. Алғашқыда түрлі иттердің тұқымдарын үй жағдайында ұстап, дратхар тұқымды Хантер, шығыс Еуропа овчаркасын қатар бағып өсірді. Жалпы иттің өте сезімтал аң екені белгілі ғой, бірақ біздің қазақ қасқырдың аса сезімтал болатынын баяғыдан білген. Содан да болар, қай нәрсеге де ат қоюда ерекше тап­қыр аталарымыз, қаншық қасқыр­ды аса сезімталдығы мен ұялас­тарына деген қамқорлығы үшін еркелетіп «Құртқа» деп атаған. Осы бір өте төзімді жыртқыш аңның қасиеттерін жақсы білгендіктен де өмірден көргені мен көкірекке түйгені мол данышпан қарияларымыз «Қасқыр да қастық қылмас жолдасына» деп, ұрпақтарына дос-жолдасқа, ағайын-туысқа, жалпы ел мен жерге, ұлт пен ұлысқа адал болу жөнінде өшпес өсиет қалдырған шығар.

  • Бөлтіріктерін қызғыштай қорыған кейіпкерлер«Адамдар арасындағы» бөлтірік Бөлт...

    13 слайд

    Бөлтіріктерін қызғыштай қорыған кейіпкерлер
    «Адамдар арасындағы» бөлтірік 
    Бөлтірігінен асырап, айырылмас досқа айналған Көксеректің Құрмашы

  • Құсбегілік өнері және құс салу	Қазақ халқы ертеден тартып сал-сері мен ауқатт...

    14 слайд

    Құсбегілік өнері және құс салу
    Қазақ халқы ертеден тартып сал-сері мен ауқаттылары жүйрік ат мініп, тазы жүгіртіп, сейіл-серуен құратын болған. Бұл бір жағынан қасқыр, түлкі, ілбіс, сілеусін, сусар терілерінен ішік, бөрік, тұмақ жасау үшін болса, тағы бір жағынан әл-ауқаты төмендерге аң аулап, бүркіт салуды күнделікті күн көрісінің қайнары ететіндігін көрсетеді. Ал, бүгінгі күнде құс салу, аң аулау барынша азайып, оны тек көркемфильмдер мен кітап беттерінен ғана оқитын болдық. Құсбегілік пен құс баптау, қыран құсты тану аса жапалы және қазақ жұртына тән өнер.

  • 15 слайд

  • Киіктер	Арқаның Бетпақдала деген даласы бар. Ол республикамыздың оңтүстігінде...

    16 слайд

    Киіктер
    Арқаның Бетпақдала деген даласы бар. Ол республикамыздың оңтүстігіндегі шөлейтті өңір. Ол жерде тұзды көлдер, сор, тақыр көп болғандықтан ешқандай ел жоқ екен. Сол далада киіктер мекендей-ді. Киік - ең жүйрік, сұлу, киелі жануарлардың бірі. Оны «ақбөкен» деп те атайды, баласы «құралай» деп аталады. Киіктер мамыр айында төлдей бастайды, сол кезде ауа - райы бұзылып, жауын - шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атайды. Киіктің тағы бір ерекшелігі - олар ешқашан жетім қалған лақтарын тастамайды. Кез - келген киік маңырап шыққан құралайды кездестірсе, қасына барып, емізіп, өзімен бірге ертіп кетеді. Киіктің жүйріктігі сондай туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмаймыз екен. Киіктің мүйізін аңшылар шет елдерге сатып, ақша қылады. Киіктің саны азайып бара жатқандықтан, ол қорғауға алынып, 2006 жылы «Қызыл кітапқа» енді. Оның еті мен терісі адам қажетіне жарамды. Мүйізі қымбат бағалы одан дәрі жасайды

  • К.Салықов пен  Ж.Сейіловтің «Жез киік» әнінен қазақ халқының киік жануарына...

    17 слайд

    К.Салықов пен Ж.Сейіловтің «Жез киік» әнінен қазақ халқының киік жануарына деген сүйіспеншілікпен шырқағандығынан да көруге болады.
    Сұлуды адам жаны қимайды екен 
    Беймезгіл еске түсіп қинайды екен 
    Жез киік, сені аңсаған кездерімде 
    Бір өзім кең далаға сымай кетем

  • Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңіненБөкеннен сұлу аңды  
            мен...

    18 слайд

    Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңінен

    Бөкеннен сұлу аңды
    мен көрмедім,
    Басқаға жануарды-ау
    теңгермедім.
    Көздері мөлдір қара
    ақ бөкенді,
    Адамның баласынан
    кем көрмедім.

  • Қазақстанның Баянауыл ауданында маралдар, арқарлар және киіктер өсіріледі.

    19 слайд

    Қазақстанның Баянауыл ауданында маралдар, арқарлар және киіктер өсіріледі.

  • Сібірдің байырғы тұрғындары: бұғы етін шикідей жейтін ненетистер		ненетис (Ne...

    20 слайд

    Сібірдің байырғы тұрғындары: бұғы етін шикідей жейтін ненетистер
    ненетис (Nenets) бұрынғы мағнасы «адам» деген сөз болып, ата-бабалары сібериянің батыс өңтүстігінде жасаған, олар сөлтүстік үйектегі тоңды алапта бұғы үйретіп, мал шаруашылық, балықшылық және аңшылық кәсіптерімен тіршілік етеді.
      20-ғасырдың соңында ненетистердің саны 34 мың болып, бір жылдың 260 күнінде қар-мұзды алқапта жасайды. олардың тұрмысы бұғы үйретумен тығыз байланыста болады, жаңа туылған бөбек те тұңғыш рет кіндік шешесі жағынан бұғы терісімен оралады. адам қайтыс болғаннан кейін де бұғы терісімен оралады. олардың ұрпағы аталастық байланыспен жалғасады, ұқсас рудағылардың өз алдына мекені болады, ортақ қабырыстаны, тауап ету орыны және ру таңбалары болады. ұқсас рудағылар өзара қыз алыспайды.

  • Аю — жыртқыш аңАю — жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал, ба...

    21 слайд

    Аю — жыртқыш аң
    Аю — жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында аюдың 2 түр тармағы (коңыр аю, Тянь-Шань аюы) мекендейді. Қоңыр аюдың дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 150-200 кг-дай, түсі қоңыр, қара қоңыр болады. Өзінің мінез құлқы жағынан бейқам, момын, қорқақтау келеді, орман ішіңде адам көзіне көрінбейді. Ол адамның өмірі үшін қауіпті емес. Қорек талғамайды. Аюлар үш жасында жыныстық жағынан жетіледі. Ұйығуынан 7 ай өткен соң, 2-4 қонжық табады. Қаңтар, ақпан айларында жаңа туған қонжығының салмағы 300-600 г болады. Енесінің сүтімен 4,5-5,5 айға жуық қоректенеді, бір-екі жыл енесімен бірге жүреді. Аюлар 30-40 жылдай тіршілік етеді. Буаз аю жеке жүреді, қыста үңгірінде жалғыз жатады. Күзге таман бойына 50 кг-ға жуық май жинап, қатты семіреді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Егер қажетті май корын жинай алмаса, ұйқыға жатпайды. Аю — бағалы аң. Ол майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланады. Семіз аюдан 120 кг ет, 50 кг-дай витамині мол май алуға болады. Аю жабайы тұяқты аңдарға, үй малдарына, сондай-ақ адамға да шабуыл жасайды. Бал омартасына түсуді жақсы көреді. Қоңыр аюлар кәсіптік ан ретінде ауланып келді. Қазір оларды аулауға тыйым салынған.

  • Қоқи қаздар         Дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар...

    22 слайд

    Қоқи қаздар
    Дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Қоқиқаз тәрізділер сабы және қоқиқаздылар тұқымдасының жалғыз туысы. Қызыл қанат деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады.Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар “от немесе жалын құс” деп те атайды.

  • Сүйкімді құстармен суретке түскен қандай жақсы

    23 слайд

    Сүйкімді құстармен суретке
    түскен қандай жақсы

  • 24 слайд

  • Жануарлардың көне атаулары  	Жануарлардың сирек қолданылатын не ұмытылған ата...

    25 слайд

    Жануарлардың көне атаулары
    Жануарлардың сирек қолданылатын не ұмытылған атаулары. Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене танысуына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тіршілік тынысын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, мекен орнын, пайдасы мен зиянын ажырата білді. “Түз тағысы табиғатпен тілдес” екендігін айқын аңғарып, олардың аталық, аналық және ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына ерекше мән берген. Кейбір жануарларды киелі, қасиетті деп санаған, немесе кесірі тиеді, не киесі ұрады деп есептеген. Мыс., жыланды — қыбыр, ұзынқұрт, түймебас, т.б. деп, ал қасқырды — итқұс, бөрі, ұлыма, т.б. деп атаған. Ежелден қазақ аңшылары мен саяткерлері арасында аңдар төлдеген кезде, құстар жұмыртқалап жатқанда, балықтар уылдырық шашқанда оларды ауламайтын салт-дәстүр қалыптасқан. Мұның өзі түз тағыларына деген үлкен қамқорлықты көрсетеді. Жабайы жануарларды кең байтақ еліміздің әрбір облыстарында жергілікті атаумен атай беру де кездеседі. Мыс., аққуды — ақ шандоз, жираф — керік, мысықтың баласы — шаған, т.б. Бұдан 5 ғ. бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты шығармасында кездесетін жануар атаулары да қазіргіден өзгеше. Мыс., тышқан — сумақы, сиыр — маңғаз, барыс — айбар, жылқы — тұлпар, т.б. Қазіргі кезде жануарлардың көне атаулары мүлде ұмытыла бастаған (мыс., жұпар жылан, таутайлақ, маңқұс, құртқа, мәлике, т.б.). Жануарлардың көне атаулары ұлттық фольклорда, ауыз әдебиетінде, мақал-мәтелдерде жақсы сақталған. Мыс., “Борақты ұрсаң тұмсықтан, тез өледі шымшықтан”, “Таутанның алма аланын, кесіріне жолығарсың балаңның”, т.б. Мұндай ұмытылған атауларды пайдалану — тіл байлығымызды молайта түспек.

  • Мал өз төлін тастап кетпейді және оны қорғайды. Желтоқсан айының соңғы онкүн...

    26 слайд

    Мал өз төлін тастап кетпейді және оны қорғайды. Желтоқсан айының соңғы онкүндігінде болатын «текенің бұрқағы» деп аталатын боранда киік текесі маталады, яғни киік күйегі 2-3 күн ішінде өтеді. Мамыр айының аяғында күнде мыңдаған киіктер 2-3 күнде лақтап болады. Мамыр айының аяғында соғатын «құралайдың салқыны» амалында киіктер лақтарын аяқтандырып, желге қарсы өргізеді. Киіктердің ұрғашылары лақтаған соң, текелері бөлініп шығады. Лақтар есейген соң күзде қайта қосылады. Басқа малдай емес, киік (ақбөкен) кез келген құралайды (киік баласын) нешеу болса да емізе береді.Киік қолға түскенде тартынбайды және бауыздап жатқанда аяғын серіппейді.
    Жылқы өліп бара жатса да жаман су ішпейді. Жылқыда өт болмайды.
    Ат аунаса өзінің шаршап, шалдыққанын ұмытып кететін көрінеді.
    Түйе өзіне зәбір берген адамды ұмытпайды және кек алуға тырысады.
    Жылқы, түйе, сиыр қандай қатты боран болса да, өз ауылын адаспай табады.
    Жылқы мен түйе жүздеген, мыңдаған шақырым жерлерден өзі өскен жерлерді тауып бара алады.
    Түйе, сиыр, жылқы егіз тумайды.Түйе екі жылда бір боталайды.
    Жан-жануарлар ішіндегі ең кішіпейіл мал – түйе. Ол кішкентай бала жетелесе де елпілдеп ере береді.
    Ең сұлу әрі әдемі көз – бота мен киіктің көзі.
    Ешкі жылына екі рет төлдейді.
    Қандай қалың шаң, тұман, боран болса да, құлан өз бағытынан адаспайды.
    Мал ішіндегі ең төзімдісі – түйе, ең момыны – қой.Шөлге ең төзімді жануар түйе емес, керік екен.
    Ең нәзік жануар – түйенің ботасы.
    Мысықты қалай тастасаң да, төрт аяғымен түседі. Адамға ең жақын жүретін және бірге тұра алатын – ит пен мысық.Ит – онға, мысық жүзге жуық түрлі дыбыс шығарады екен.
    Ит иесін сатпайды, далаға тастап кетпейді және оны дұшпандарынан қорғайды.
    Жақсы ит пен тазы иесі өлгенін біледі және жоқтап ұлиды.
    Аңдар

  • Жолбарыс пен арыстан өзі аулап алған аңның ғана етін жейді екен. Жемтікке кө...

    27 слайд

    Жолбарыс пен арыстан өзі аулап алған аңның ғана етін жейді екен. Жемтікке көз салмайтын көрінеді. Қасқыр әр ісін ақылмен істейді,арқан аттамайды., өз апаны жанындағы ауылдың малына шаппайды,өз «заңына» ғана бағынады, қолға үйренбейді. Қасқырлар ақпан айының қатты суық әрі боранды күнінде ұйығады.Қасқыр бөлтіріктерін алдырса, өш алмай қоймайды. Маймыл мен тауық жем тапса өздері жемей, басқаларды шақырып, бөлісіп жейді. Мысық көзінің қарашығы тәулік ішінде үлкен-кішілі болып өзгеріп тұрады. Қоян жылына 3-4 рет балалайды. Ақкіс қыста көбінесе қардың үстімен емес, астымен жүреді. Кенгуру 10 метрге секіре алады. Аю қыста ұйықтап қалады. Қоян алды-артын мойнын бұрмай-ақ көре алады. Жан-жануарлар алыбы піл тышқаннан өлердей қорқады екен. Қасқыр мен түлкі сонар кезінде жатқан орнынан қозғалмайды екен. Бұғы мүйізі кесілген соң анадай жерге барып тоқтап, міндетті түрде артына қарайтын көрінеді. Қолтырауын су түбіне тереңірек бату үшін тас жұтып алатын көрінеді. Қолтырауын жемін өлтіріп жеп алып, артынан ағыл-тегіл жылайды екен. Егеуқұйрық бес қабатты үйден құласа да өлмейді. Көртышқан бір күнде 100 метр жер қаза алады. Нағыз қасиетсіз нәрсе – доңыз. Ол жем, су талғамайды, тіпті ол өз торайын да жей береді. Жан-жануарлар, аңдар, құстар мен жәндіктер ауа райының өзгеретінін (бұзылатынын) күні бұрын сезеді.Суда адамға ең жақын жүретін – дельфин. Дельфиндер бір көзін жұмып, бір көзін ашып ұйықтайтын көрінеді. Суыр мен зорман өз індерінің жанындағы шөптерді жемейді екен. Үйірі бөлек қасқырлар жайшылықта бір-біріне өш болады. Егер олар торға түсе қалса немесе терең орға құласа, әдеттегідей бір-бірімен жауласпайды, үнсіз отырады. Арыстандардың кейбіреулері күніне 50 ретке дейін жұптаса алады екен. Кірпінің жүрегі сағатына 300 рет соғатын көрінеді. Кірпі өзіне керек жапырақтарды инелері арқылы арқасына жабыстырып әкетеді. Хамелеон өзінің түр-түсін өзгертіп тұрады. Кенгуру баласын өзінің қарын-қапшығына салып өсіреді. Ақсуар деген аппақ аң үстіне кір жұқтырғаннан өлімді артық көреді. Мысалы, аңшылар оны батпаққа қамаса, олар оған түспей, аңшылардың қолына өздері келіп түсетін көрінеді.
    Жануарлар

  • Ең қырағы құс – бүркіт. Ол бірнеше шақырым жерден көреді. Ең көреген құс – ү...

    28 слайд

    Ең қырағы құс – бүркіт. Ол бірнеше шақырым жерден көреді. Ең көреген құс – үкі. Ол қараңғы жерден де анық көре алады.Қаз бен бүркіттен басқа құстардың балапандары қолға (асырауға) көнбейді.Көкек жұмыртқа баспайды. Олар өз жұмыртқасын басқа құстың ұясына апарып салады.Құстар көктемде өздері өскен жерлеріне қайтып келеді.
    Бүркіт әбден қартайған кезде өзін-өзі аспаннан тас­тап өлтіреді.Бүркіт балапаны жетілген кезде оны ұясынан итеріп, құлатып жібереді.Аққу – сұлу әрі киелі құс. Аққуды атпайды. Аққу жалғыз жүрмей­ді, жалғыз өспейді. Сыңарынан айырылған аққу да аспандап барып, құлап өледі.Бозторғай туған жерінен қыста да, жазда да кетпейді.Бозторғай таң атқанын білдіріп шырылдайды.Әтеш күн шыққанын хабарлап, шақырады.Қандай тұман болса да құс өз жолынан адаспайды.Адамға ең жақын жүретін құс – қарлығаш. Ол ұясын адам бар жерге салады.Әнші құс – бұлбұл.Сап түзеп, салтанатпен ұшатын құстар – тырналар.
    Мүлде ұша алмайтын құс – түйеқұс.Дауысы ең зор құс – әупілдек.Мекиен (тауық) жұмыртқалағанын шақырып білдіреді. Тауықтар жеміне бірін-бірі шақырып, бөлісіп жейді.Шағалалар жалғыз ұшпайды.Италақаз ұясын інге салады.Адамнан ең қашық жүретін құс – қоқиқаз.Ең сақ құс – сауысқан.Үкі екі көзімен бірдей көре алады. Басқа құстарда ондай қасиет жоқ.Сұңқар бір шақырым жердегі ұсақ жәндіктерді көре алады.
    Күн көзіне тіке қарай алатын – тек бүркіт қана.Ешкімаңырауық деген құс дыбысты аузымен емес, құйрық қауырсынымен шығарады.Мойнын созбаса әтештің дауысы шықпайды екен.Көгершіннің ұрғашысы жанында аталық кептер болмаса, жұмыртқалай алмайтын көрінеді.Ұрлық жасайтын құс қарғалар екен.
    Құстар

  • Ара мен құмырсқалар еңбек етпейтіндерін талап өлтіреді екен.Жылан...

    29 слайд

    Ара мен құмырсқалар еңбек етпейтіндерін талап өлтіреді екен.
    Жылан өзі келіп шақпайды, тек өзіне қауіп төнгенде ғана шағады.
    Кірпінің терісі мен иісі бар үйге жылан мен тышқан жоламайды.
    Көлбақа – күйдіргі жарасына таптырмайтын ем.
    Жылан дәуіттен қорқады.
    Дәуітті, өрмекшіні өлтірмейді.
    Жылқы терісі жатқан жерге жылан жоламайды.
    Жылқы тезегі жатқан жерге құмырсқа бармайды.
    Құмырсқа су астында аз уақыт болса да өмір сүре алады.
    Көбелектер отқа түсіп өледі.
    Тасбақа мен көлбақа суда да, құрлықта да өмір сүреді.
    Қандала мен бүрге түбіт үстінде жүре алмайды.
    Жауынды-шашынды, бұлтты, желді-дауылды күндері шегіртке шырылдамайды.
    Жәндіктер

  • Жануарлар әлемінің құпия мінез-құлықтары	Жануарлар мен аң-құстарда кез келге...

    30 слайд

    Жануарлар әлемінің құпия мінез-құлықтары

    Жануарлар мен аң-құстарда кез келген адам біле бермейтін немесе аңғармайтын өзіндік тіршіліктеріне тән қасиеттері, әдеттері мен қызықты әрі сирек кездесетін табиғи ерекше мінез-құлықтары болады. Ол белгілі бір дәрежеде адам баласы мен қоғамға, табиғатқа, жалпы тіршілікке қызмет ететінін ескерсек, мұның зор пайдасы бар екенін анықтай аламыз. Бұл қызықты жайларды біздің ежелгі ата-бабаларымыз далада еңбек етіп жүріп, мал бағып немесе аң аулап жүріп, әр құбылыс пен табиғи жағдайды пайымдай отырып анықтаған. Сонымен бірге осы жайларды зердесіне тоқи жүріп, жан-жануарлардың осы «қызметтерін» өз тіршіліктері мен алуан түрлі шаруашылық саласы мен тұрмыс жағдайына ұтымды пайдалана алған. Әрі қызықты, әрі тағылымды осындай жайлар өмірімізде әрқашан қажетті е

  • Назарларыңызға рахмет!

Сәтбаев қаласы
№19 ЖОББМ
Кенжебек Дариға
8 “А” сыныбы

    31 слайд

    Назарларыңызға рахмет!

    Сәтбаев қаласы
    №19 ЖОББМ
    Кенжебек Дариға
    8 “А” сыныбы

  • Дерек көздеріБалалар энциклопедия  «Жануарлар әлемі»  Д.Алипбаева. – Астана:...

    32 слайд

    Дерек көздері
    Балалар энциклопедия «Жануарлар әлемі» Д.Алипбаева. – Астана: Фолиант, 2014
    Жануарлар энциклопедиясы П. Арлон
    Жануарлар энциклопедиясы.-Алматы:Алматыкiтап баспасы,2012.
     Жануарлар туралы үлкен энциклопедия [ғылыми басылым П. Ә. Есенбекова, Қ. Б. Исбеков, Д. Қ. Жаркенов ; ағылшын тілінен ауд.: Ш. Саймқұлова, Ү. Кеңесбаева. - Алматы : Аруна, 2013
    “Киелі жануарлар” интернет энциклопедия
    Интернет сайттары.



  • Қатысушы туралы мәлімет

    33 слайд

    Қатысушы туралы мәлімет

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 122 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.12.2015 2763
    • PPTX 6.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бадилбекова Зауре Тойлыбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14095
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 685 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 809 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 579 человек

Курс профессиональной переподготовки

Разработка и сопровождение требований и технических заданий на разработку и модернизацию систем и подсистем малого и среднего масштаба и сложности

Системный аналитик

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе