Инфоурок Биология ПрезентацииПрезентация по биологии на тему "Сүтқоректілер"

Презентация по биологии на тему "Сүтқоректілер"

Скачать материал

Тренингтер қоржыным (әдістемелік тәжірибелерім)

Бүгінгі күн білім саласында оқыту мен тәрбилеудің түрлі тәсілдері еніп келеді .Солардың ішінде «тренинг» тиімді әдіс-тәсілдердің бастысына айналуда . Оқыту мен тәрбилеудің басты ұстанымы — алдыңдағы баланы да ,жаныңдағы мұғалімді де,ата-ананы да тұлға деп тану.Сол бағытта тренингтердің мұғалімнің бүгінгі күннің талабына сай жұмыстануында жаңашылдығымен ғана емес педагогикалық-психологиялық тұрғыдан да басты әдістемелік қаруы десем артық емес.Бұны мен өз тәжірибемнен танығасын айтып отырмын. Бүгінде әрбір мектепте психолог маман бар .Ол мектептегі мұғалімнің психологиялық тұрғыдан көмекшісі .Әрбір мұғалім өзінің педагогикалық –психологиялық жұмысында осы маманға жүгінеді.Ал жалпы педагогикада әрбір мұғалім психолог болуы керек.Ал бүгінгі күн тренингті меңгерген мұғалім өз пәнінің маманы мен қатар жан-жақты зерттеуші ,сынақшы ,түзетуші маманы болады.Тренинг түрлерін көп түрлерін меңгерген мұғалім оқушы алдында ғана емес өз әріптестері , ата-аналары алдында да әдістемесі жоғары үйлестіруші ,ұйымдастырушы бола алады.Мен осы уақытқа дейінгі өз ізденіс,әдістемелік қолданыстарымдағы трненинг турлерін көп білгісі келетін ,тренингті көп қолданатін әріптестеріме ұсынамын. 
Тренингтің түрлері көп.Олардың әр түрлі аудиторияға арналатыны бар .Мен жалпы «үш одаққа» арналған трненингтарды жинақтадым. Мектеп мұғалімдеріне арналған тренинг олардың бойындағы маңызды сапаларды: кәсіби іс-әрекеттердің эффективті индивидуалды стилін қалыптастыру; оқушылармен, олардың ата-аналарымен, мектеп басшылығымен, әріптестерімен сонымен қатар өз отбасы мүшелерімен ойдағыдай қарым-қатынас жасай алуын қалыптастырып, дамыту үшін қажет. Тренинг балаға позитивті қарым-қатынас, олармен тілдесудің коммуникативті амалдарын дамыту, өзін-өзі регуляциялаудың эффективті тәсілдерін қалыптастыруға көмек береді. Мұғалімнің іс-әркетіндегі кәсіптік стилінің индивидуалдық тәсілін іздеуге байланысты сұрақтар талқыланады. Айта кететін жай, тренингтер мектепте енді жұмыс жасай бастаған жас мамандар арасында ғана актуалды емес. Көп жылдар бойы мектепте қызмет етіп, дағдылары қалыптасқан, жұмыс істеуі автоматтандырылған мұғалімдер арасында да қажет. Олар өздерінің кәсіби шаралар арсеналын кеңейтіп, жанарту үшін маңызды. 
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты. 
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің маңызы орасан зор.
Психогигиена өмір талабы. Қазіргі тұрмыс-тіршілігімңзде , әсіресе тұрмыстық 
жағдайда, эмоциялық дауылдар мен кездейсоқ кереғарлықтар тым көбейіп отыр. Бүгінгі таңдағы ұрпақ тәрбиесін қиындатып отырған негізгі себептердің бірегейі деуімізге әбден болады. Оның үстіне әлеуметтік және педагогикалық кереғарлықтар да аз еме. Осыдан келіп, баланың психикалық зардап шегушілігіне ұшыраудамыз.Мұндай жұлын-жүйкенің тозуы мен дүниенің жарақаттануы сияқты жаңа ұғымдарды ескермесе болар емес. Ол үшін, ең әуелі үлкендердің де, кішілердің де өзара қарым-қатынастарындағы үндестікке ұмтылып, оны сауықтыру мен тәрбиелеу жолдарының пәрменді тәсілдерін қарастыру ауадай қажет болып отыр. Сабақта қолданылған тренингтік жұмыстар оқушының өзін-өзі тануына зор ықпалын тигізеді: Сол негізде трененинг әдістемесі басты әдістеме деп атап айтқым келеді. 





«Тауып көр»
Белсенді ,интеллектісі жоғары 4-5 адамнан топ құрып, сол топ бір адамды ауа райы анықтамаларын қолдана отырып, сипаттауы тиіс. Көрермендер сол адамды табуы тиіс. 3-4 рет қайталанады. 
Қорытынды; Жеклеген адамдардың жеке бас ерекшелігі танылады,кейбір адамдар өзін танып ,мінез – құлқын өзгертуге талпыныс жасайды,жолдастық әзілді қабылдауға қалыптасады.
«Портрет»
5 мин ішінде қатысушылар бірнеше адамдардың психологиялық портретін жасаулары тиіс. Әсіресе ішкі сипаттарына мән беру керек. Ал, адам танитын сыртқы келбет т.б. сипаттарын айтуға болмайды. «Психологиялық портретте», кем дегенде осы адамды сипаттайтын 10-12 мінез сипаттары, әдет, ерекшеліктері суреттелуі тиіс. Әрбір қалаған адам топтың алдына шығып, жазғанын оқиды, қалғандары сол адамды табулары тиіс.
Қорытынды; Бұл тренингте тіпті тұйық,шет балалар да белсенділік танытып ортаға өз ойларын салуға қалыптасады, жеклеген қатысушыларды басқа қырынан тануға мүмкіндік болады.

«Мен лайықпын ба?» жаттығуы
Ол үшін арнайы аналитикалық кесте толтырады. Онда адам өзінің тұлға ретіндегі мықты және осал жақтарын көрсетулері тиіс. 
Аналитикалық кесте
Менің жетістіктерім Менің кемшіліктерім

Аудиторияға байланысты тақырыпты бейімдеп алуға болады.Мысалы; мқғалімдер ортасында «Мен қала әкімі болуға лайықпын ба?» «Мен депутат болуға лайықпын ба?», оқушылар ортасында «Мен класс старостасы болуға лайықпын ба?», «Мен ұйымдастырушы болуға лайықпын ба?»
Қорытынды; қатысушылардың бойында өзімшілдік мінез-құлықты тануға және жекелеген қатысушылардың «мен» ішкі бостандығын қалыптастыруға болады. 

«Музыка суреті»
Ыңғайланып отырып, музыканы тыңдаңдыңды.жүргізуші белгісі бойынша бейнелер, символдар, нені сезінеді , соны сурет етіп салулары қажет. Музыка 3 минут ойнайды. Содан соң, суреттер жиналып алынып, көрме болады, сол суреттерге қарап қытсушылар сурет авторын танып-атаулары тиіс. Көрмеден соң , шеңбер құра отырп, не әсер алдық, қалай авторды таптық, кімді таба аламадық, неліктен? Сурет соншалық еркеше ме? Т.б. сұрақтар төңірегнде әңгіме шертіледі.
Қорытынды; қатысушылардың қабылдау, бейнелеу танымдары танылады, тіпті жеклеген қатысушылардың қиялының ерекшелігі байқалып оған деген кері көзқарастардың өзгеруі мүмкін. 
«Автобиография»
Қатысушылар 5 минут ішінде өз өмірбаянын жазулары тиіс. Алдымен аты-жөні, тегінен бастау керек және қайда оқығаны, қанша жаста, бойы қанша т.б. жайлар бар соның бәрін жазуы тиіс.Бірақ әңгіме емес автобиография жазу стилі сақталуы тиіс.
Содан соң қатысушылар үлкен шеңбер құрып, кезекпен топ алдында өмірбаянды айтады. Қатысушылар өзгелердің өміріндегі қызықты сәттеріді еске сақтап қалуға тырысуы керек.Нәтижесін талдауда мен көп сақтай алдым деген 3 қатысушы ортаға шығып, өзгені баяндайды.
Қорытынды; қатысушылардың есте сақтау қабілеттерін,ауызша баяндау ,өз ойын жеткізе білу дағдыларын танытып ,ортада сөз сөйлеу қабілеті қалыптасады. (бұл тренингті оқушылармен өткізгенде орташа қабілетті ,тұйық оқушылармен өткізуді қайталап отырса олардың да қалыптасуына психологиялық та көмек болады)


«Біз бір топтамыз»
Өз еркімен әркім парқшаны таңдайды. Ол парақшада қолтырауын, құс, бауырымен жорғалаушы т.б. болады. Парақша таңдағандар 2 минут осы жануар болып, сонын түрін келтіріп, қозғалып, сол сияқты дауыс шығару керек. Тренинг бөлмесі оның территориясы болады. Бірнеше адам бір түрдегі жануарды таңдалады. Өз таңдауын алдын ала айтпау керек. Бөлме де сол жануарды келтіріп, өзгелермен спонтанды әрекеттер жасау керек. Оған секіруге, жүгіруге, ұшуға болады. Осындай әрекеттермен олар бір топ болады.
Қорытынды: рөлдік ойын формасы арқылы шығармашылық әрекет көрінеді,топтық жұмыс алдында еркін түрде топ құрылады.

«Кірпі»
Топтың бір мүшесі кірпіні бейнелейді. Ол орындыққа отырады да, «оралып » алады. Мысалы. Басын тізесіне тығып, көздерін жұмады, өзін құшақтап алады, осылайша топпен сөйлескісі келмейтін бейнені келтіреді. Әрі ол психологиялық тұрғыдан «өзімен-өзі» терңге кетеді.
Қалған мүшелері кезекпен оралған кірпіні ашуға тырысады. Түрлі әдістер қолданылады яғни құлаққа сыбырлаудан бастап түрлі әрекетерге дейін. Кірпіні жазушылар барлық әдіс-тәсілдерді қолданады, бірақ кірпі солай жазылмаған күйінде қалса, онда сол қатысушылар қарым-қатынаста өзге адамның күйін нәзік сезе қоймайды. (Мүмкін, кірпіні ойнаған адаммен кері байланысты тудыру үшін әңгімелескеніңіз дұрыс)
Қорытынды; негізгі мақсаты қатысушылар арасында коммуникативті сезімталдық қалыптастыру ,нәтижені барлық қатысушылармен талдау.


Көпір »
Жаттығудың мақсаты. Қатысушылар дөңгелек бойынша отырады, жүргізуші ортадағы линияны бормен сызады. Ойынынң шартын былай түсіндіреді.«Елестетіңдер,бұл линия – көпір. Астында өзен ағып жатыр. Көпірдің бір адам ғана жүріп өте алады. Ойынның мақсаты, екі адам қарама-қарсы бағытта осы көпірден жүріп өтуі керек. Кім кәне, жүріп өткісі келеді. »Топтан екі адам шығады. Қатысушылар сол сәтте көпір бойына бір-біріне қарама –қарсы бағытта жүріп өтеді. Олар бұл жолда аз сөйлеп, келіссөз жүргізуге тек бір минуттан уақыт кем болмау керек.
Қорытынды;Бұл жұмыстан кейін мынадай мәселені талқылау керек: ойын барысында бір-біріңізге көмектесуге тырыстыңыздар ма, жоқ әлде тек өзіңнің мақсатыңыздың жүзеге асуын қаладыңыз ба? Бұл тренингті тиімділігі біріккен ұжымды қалыптастыру, адамдардың бір-бірін қолдау, көмек беру қасиеттерін дамыту. 

«Кезек»
Топтан сегіз адам алынады, жеті адам бір-бірінің артына кезек бойынша тұрады, ал сегізінші адам дүкеннің басына кезексіз бару керек. Ол әр кезектегі адаммен әңгімелесе отырып, өзінің мақсатына жету керек. Ал кезектегі адамдар ол адамды жібере ме жоқпа өздері біледі. 
Қорытынды; тренингтің коммуникативті мазмұнын талдай отырып: кім кезексіз өзінің кезегін берді, ал кім берген жоқ, қандай амалдар қолданылды (өтініш, қорқыту, шантаж т.б.) деген сұрауларға жауаптар қарастырылды. Бұл тренингті тиімділігі қатысушылардың бойында коммуникативті мінез-құлықты дамытуға және сол сәтте ойынды құрастыра алатын, ішкі бостандығын қалыптастыруға көмектеседі. 
«Аквариум»
Топ мүшелері екі топқа бөлінеді, біреуі-ортада отырады, ал екіншісі- сол шеңбердің жанына орналасады. Сонда екі шеңбер пайда болады- ішкі және сыртқы, яғни аквариум секілді. Ішкі топта отырған топ мүшелеріне жүргізуші пікір-талас (дискуссия) болатын тақырып береді. Яғни ол тақырыптар шынайы өмірден және мектеп өмірімен байланысты болуы керек: оқушы сабақ оқығысы келмейді т.б. бұл тақырыптар «осында және қазір» деген принцип бойынша талқыланады. Сыртқы топтың мүшелері ештеңе айтпайды. Әрқайсысының мақсаты- ішкі шеңбердің қатысушыларды бақылау. Олар қандай коммуникативтік тәсілдерді қолданып жатыр, бір-біріне қарым-қатынаста қолдау көрсете ме белсенді ме, енжар ма, лидерлікке таласуда ма? 
Бір шамалы 7-10 минуттан кейін қатысушылар орын ауысады. Егер де мазмұнды пікірталас пайда болып жатса, жүргізуші жаңа тақырыпты бастауына болады. 
Қорытынды; Жалпы талқылауда барлық топ мүшелері шеңбер бойынша орналасып қатысушылардың мінез-құлқын талдайды, ең негізгі коммуникация құралдарын айқындайды. Бұл тренингтің тиімділігі топ мүшелерін сәтті коммуникативті мінез-құлқына жаттықтыру. 

«Менің ең қиын жеткіншегім»
Бір топ мұғалімдер шеңбер бойынша отырады.Өзінің қалауы бойынша 10-15 минут уақыт арасында әрқайсысы шығып өзінің педагогикалық қарым-қатынасында ең қиын жеткіншек жайлы айтады. Ол топ мүшелерін өзіне қарата отырып, не істегенін қандай сезімде болғанын, қандай нәтиже көрсеткені жайлы әңгіме айтады. Негізінен 4-5 мұғалім тыңдауға мүмкіншілік болады.
Ұжымдық талқылауда мынадай мақсаттар көзделеді: мұғалім-әңгімелесуші топтан қолдау алады: қатысушылар өздерінің қиын баламен жұмыс істеудегі проблемаларын айта отырып, тәжірбие алмасады. Бұл тренингке мектеп директорын немесе тәжірибелі маман психологті қатыстырып,сол мәселені шешуде нақты қандай амалдарды қолдану керектігін сқрауға болады.: қалай сөйлесу керек, не істеу керек, қандай орынды алу керек. 
Қорытынды ; Бұл тренингтің тиімділігі сыныптағы тәртіп бұзғандардың тиімді амал-тәсілдерін іздеу арқылы тәжірбе алмасу.жалпы класс жетекшілерге тиімді.Әр пән мұғалімдерін тыңдау арқылы кластағы жалпы қиын оқушыны тауып,оны тәрбиелеу жолдары қарастырылады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по биологии на тему "Сүтқоректілер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 349 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2016 584
    • DOCX 19.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куатбаева Клара Рахманқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куатбаева Клара Рахманқызы
    Куатбаева Клара Рахманқызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5208
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов биологии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 216 человек

Курс повышения квалификации

Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личностный рост и развитие: инструменты для достижения успеха

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе