Инфоурок Информатика Другие методич. материалыПрезентация "Видеотека" деректер қоры

Презентация "Видеотека" деректер қоры

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: ««Видеотека» деректер қоры»

 

 

 

 

 

 

 

  Орындаған: 

                     ЗУИнф-305 тобының оқушысы

                     Қайыркенова Н.М.

                     Ғылыми жетекшісі: Базикова Қ.М.

                                

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2015

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ........................................................................................................

3

 

 

 

1

ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚҰРУ.......................................

  5

1.1

Техникалық тапсырысты және жүзеге асыруға                         мүмкіндік беретін тәсілдерді саралау........................................................

 

5

1.2

Пәндік аймақтың сипатталуы.....................................................................

10

1.3

Ақпараттық ағымның анализі.....................................................................

13

1.4

Модельдердің құрылуы...............................................................................

15

1.5

Техникалық құралдарды таңдау.................................................................

17

1.6

Деректер қорының құрылымының сызбасы   және кестелер қасиетінің сипатталуы....................................................................................................

 

18

 

 

 

2

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕДЕ ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ ИНТЕРФЕЙСТІҢ ҚҰРЫЛУЫ....................................................................................................

 

27

2.1

Пайдаланушылық мәзір...............................................................................

27

2.2

Деректер қорында мәліметтерді қосу, өшіру, қарау және өзгерту формалары....................................................................................................

 

30

2.3

Деректер қорында сұраныстың құрылуы..................................................

32

2.4

Есептердің құрылуы.....................................................................................

35

2.5

Анықтамалық жүйе......................................................................................

37

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................

39

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ..........................................

41

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

            

Қазіргі техника мен технологияның дамып, маңызы артқан XXI-ғасыр заманында мәліметтер қоры адамзат баласы өмірінің бір бөлшегіне айналып отыр. Ал мәліметтер қоры қазіргі таңда кез келген сферада қолданылып жүргені бәрімізге мәлім. Бұл туралы тұрақты анықтама жоқ, себебі бұл ұғымның қасиеттеріне байланысты аясы кең болып саналады. Мәліметтер қорын деректер қоры деп те айтады. Екеуінің мағынасы бір. Мәліметтер қорын құру және жұмысқа арналған қосымшалардың, олардың бағдарламалық қамтамасыз ету өңдеулері маңызды бөлімі болып келеді, себебі осы заманауи ақпараттық жүйелер үлкен көлемдермен және күрделі құрылымдармен жұмыс атқарады. Басқару құралдары базалармен  осылардың ақпараттық жүйелердің жалпы бөлімін ерекшелеуге рұқсат етеді, осы күрделі құрылымды басқаруға жауап береді.

Ғылыми-техникалық прогресс шарттарында компьютеризацияны ендіру процесі қоғам өндірісінің әр түрлі облыстарында еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда ЭЕМ-ді қолдануға дейін еңбек өнімділігінің өсуі тым баяу байқалатын облыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл, бірінші кезекте, адамның ой еңбегімен байланысты болып келетін облыстар, яғни өндірісті басқару, процестерді жобалау және зерттеу және т.б. Егер өндіріс саласында еңбек өнімділігі ХХІ ғасырдың басында 100 есе өскенін аңғаруға болатын болса, жобалау облыстарындағы бұл көрсеткіш тек 1,5-2 есе өскенін байқауға болады. Бұл жаңа объектілерді жобалауға кететін уақыт мерзімі тым жоғары болатынын білдіреді.

Кез-келген ұйымда ол үлкен не кіші болсын деректерді басқару ең тиімді жұмысты қанағаттандыратындай етіп ұйымдастыру мәселесі туындайды. Кейбір мекемелер ол үшін құжаттарды сақтайтын үлкен шкафтарды пайдаланады, ал көбісі ақпаратты тиімді сақтау және шығаруды, үлкен көлемдегі деректерді басқаруды қамтамасыз ететін компьютерлендірілген деректер қорын басқару жүйесін (ДҚБЖ) пайдаланады.

Деректер қоры пайда болғаннан бастап қажетті ақпаратты алу процессін жеделдетуге болады, себебі ақпратты беру процессімен көптеген қызметкерлер кездеседі де, көбіне тегін ғана ауыстырып бір ақпаратты көшіріп беру қажет болады. Деректер қорын құру көптеген деректерді сақтап, оңай өзгеру және жаңа деректерді еңгізіп, сонымен қатар компьютер экранына қажетті мөлшердегі ақпаратты шығаруға мүмкіндік береді.

Осы курстық жобаның мақсаты «Видеотека» қызметкерлерінің  жұмысын жетілдіру, ол өз кезегінде автоматизация деңгейін жоғарылатып, деректерді табыстау тәртібін оңайлатар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

1 ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚҰРУ

 

1.1 Техникалық тапсырысты және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді саралау

 

Курстық жұмыстың тапсырмасы «Видеотека» үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді құру. Деректер қорын құру үшін «Видеотека» қызметкері арқылы өтетін құжаттар мен деректер қажет. Деректер қоры көрнекті интерфейспен жабдықталу қажет, жаңа деректерді еңгізу және ескі деректері өзгерту мүмкіншілігі болу және қажетті деректі іздеу мүмкіншілігі болу міндетті. Жұмыстың нәтижесінде толық құрылған әрі бағдарламаланған деректер қоры пайда болады.

Деректері сақтаудың ескі тәсілдерін пайдалану берілген сұраныстар бойынша деректерді іздеу немесе деректерді сұрыптау және тікелей нәтиже беру мүмкіншілігін (деректердің өте көп болу салдарынан) туғыза алмайды.

Сонымен қатар қажетті ақпаратты іздеумен айналысатын қызметкерлердің үлкен құрамын ұстау қажет.

Деректері сақтаудың ескі тәсілдерін пайдалану кезінде деректерді орталықтандырып, сол деректерді алу мәселесі шешілмей қалады.

Сондай-ақ, бағдарламаның ыңғайлы әрі жарқын жүзді интерфейсі арқасында, жұмыс істеу қолайлырақ болады, соған сәйкес ЭЕМ операторының  еңбек өнімділігі артады.

Басты міндет – ақпаратты сақтау құрылымының (яғни деректер қорының құрылымы), ақпаратты еңгізу, оқу, түзету алгоритмінің дұрыс ұйымдастырылуы.  Ал жалпы бағдарлама видеотекадағы сатылым мен жаңа фильмдерді тіркеу жұмысын жеңілдететін, қолда бар фильмдер жайлы толық хабарды беретін анықтама жүйесі болады.

Бағдарламалық құралдардың көптеп дамуына байланысты дербес компьютерлерде пайдаланыла алатын өте ыңғайлы әрі сенімді деректер қорын құру қажет. Қазіргі уақытта деректер қорын құруға арналған бірнеше өте жақсы құралдар бар. Олардың барлығының өз артықшылықтар мен кемшіліктері бар. Келесі бөлімдерде дұрыс таңдау жасап, бізге лайықты деректер қорын құруға арналған құралды  таңдау ерекшеліктерін қарстырамыз.

Курстық жұмыстың техникалық тапсырмасынан түсінікті болғандай, бізге бағдарламалық қамтамасыз етуді құру қажет. Деректер қорын құрудағы бар білімімізге сүйене отырып, SQL технологиясы мен «клиент-сервер» архитектурасын пайдалану жөн деп шешілді. Ал бағдарлама интерфейсін, қазір өте кең тараған, әрі ыңғайлы, әрі сенімді жүйе болып қалыптасқан Borland Delphi-де жазу дұрыс деп ұйғарылды. Бұл құралдардың болашағы бар, бастысы қойылған тапсырманы, қойылған талаптарға сәйкес орындауға мүмкіндік береді.

SQL (көбіне қателестіріліп, «сиквэл» деп айтылады, негізгі Structured Query Language қысқартылған) Құрылымдық Сұраныстар Тілін қалыптастырады. SQL компьютерлік деректер қорында сақталған мәліметтерді оқып, өңдеуге арналған. Бұл тіл реляционды деректер қорын тиімді құрастырып, онымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Деректер қорының әлемі келе-келе көбірек біртұтас болып келеді, сондықтан алуан-түрлі компьютерлік орталарда қызмет ете алатын әмбебап әрі стандартты тілдің құрастырылуы қажет болды. Стандартты тіл бір түрлі пәрмендері (команда) білетін пайдаланушыларға жұмыс істеу ортасынан тәуелсіз (дербес компьютер, желілік жұмыс станциясы не әмбебап ЭЕМ болса да), ақпаратты құрып, іздеп, өзгертіп және тарата алатындай пайдалана алу мүмкіндігін береді. Қазіргі өте бір-бірімен байланысқан компьютерлік ортада осындай тілмен қамтылған пайдаланушы көптеген ақпарат дерекнамасын кқп түрлі тәсілмен алып, қоладнып қорытындылау тұрғысында үлкен артықшылыққа ие.

Атынан белгілі болып отырғандай, SQL пайдаланушыны деректер қорымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін қолданылатын бағдарламалау тілі болып табылады. Негізінде SQL реляционды түрдегі деректер қорымен ғана жұмыс істей алады. Сұлба 1– SQL-дің жұмыс істеу сұлбасы көрсетілген.

Сұлба 1. Деректер қорынан деректерді алу үшін SQL-ді пайдалану

 

Осы сұлбаға сүйене отырып, есептеуіш жүйесінде (ЕЖ) маңызды ақпарат сақталған деректер қоры бар екені көріп отырмыз. Егер ЕЖ бизнес саласына қатысты болса, онда деректер қорында материалды құндылықтар, сату және жалақы көлемі сияқты ақпарат сақталуы мүмкін. Дербес компьютердегі деректер қорында жазылған чектер, телефон номерлері, адрестер немесе әлдеқайда улкен ЕЖ-ден шағырылып алынған ақпарат сақталуы мүмкін.

Егер пайдаланушыға деректер қорынан қандайда бір мәліметті оқығысы келсе, ол SQL көмегімен оны ДҚБЖ-дан сұрастырады. ДҚБЖ сұранысты өңдеп, қажетті мәліметті тауып, пайдаланушыға жібереді. Мәліметтерді сұрау процессі және нәтижені алу деректер қорының сұранысы деп аталады: осыдан оныңғ атауы -  құрылымдық сұраныстар тілі.

SQL-ді пайдалану қолайлығын сипаттайтын басты көрсеткіштері:

-    Деректерді ұйымдастыру. SQL пайдаланушыға деректерді ұсынудың құрылымын өзгертуге, сонымен қатар ДҚ элементтерінің арасындақатынастарды құруға мүмкіндік береді;

-    Деректерді оқу. SQL пайдаланушыға немесе қосымша модульдерге ДҚ-да орналасқан мәліметтерді оқып, пайдалануға мүмкіндік береді;

-    Деректерді өңдеу. SQL пайдаланушыға немесе қосымша модульдерге ДҚ-ын өзгертуге, яғни оған жаңа мәліметтерді еңгізуге және онда бар ақпаратты жаңартып не өшіруге мүмкіндік береді;

-    Деректерді алуға рұқсат етуді басқару. SQL көмегімен пайдаланушыларға деректерді оқу, өзгертуге шектеу қоюға және ДҚ-ын рұқсат етілмеген енуден қорғауға мүмкіндік береді;

-    Деректермен ортақ пайдалану. SQL параллель жұмыс істеп отырған пайдаланушылардың бір-бірінен кедергі келтірмеуі үшін деректермен ортақ пайдалауын үйлестіреді;

-    Деректердің тұтастығы. SQL жүйенің әстен шығуы немесе келісілмеген өзгерістерден ДҚ-ның құртылуынан қорғап, деректер қорының тұтастығын қамтамасыз етеді.

Осыған орай, SQL ДҚБЖ-мен өзара қарым-қатынасып жұмыс істеу үшін мықты тіл болып табылады[11, 80 б].

Курстық жұмыс Delphi 7.0 бағдарламалау жүйесінде орындалып жатыр, себебі ол деректер қорының қосымша модульдерін жасаудың кең мүмкіндіктеріне ие. Ертеде шыққан түрлерінен бастап Delphi жүйесі деректер қорының белгілі үлгілерімен жұмыс істеуге, жергілікті дисктегі және алыстағы сервердегі ақпаратқа қол жеткізуге арналған ыңғайлы әрі дамыған тәсілдермен және қажетті драйверлермен қамтылған. Өнімнің базалық құрамында, орындалатын код пен пайдаланушы арасындағы ыңғайлы интерфейсті жасауға мүмкіндік беретін, экранда көрсетілетін терезелерді құрастыратын алуан-түрлі құрамдас бөліктерімен қамтылған.

Алуан-түрлі ұйымдардың әрекет етуі үшін деректер қорының пайдалануы өте маңызды. Деректер қорының қосымшаларын жасаушылар, осындай қосымшаларды жасайтын құралдарға үңілген көңіл бөледі.

Қосымшаларды құруға арналған көптеген бағдарламалау өнімдерінің ішінде Delphi құралы алдыңғы қатарлы өнім болып табылады. Delphi-ді әр-түрлі стажы бар, әдет-дағдылыры, кәсіби мүдделері бар әзірлеушілер пайдаланады. Delphi көмегімен өте көп бағдарламалар жасалған, көптеген фирмалар мен мыңдаған дербес бағдарламашылар Delphi үшін қосымша құрамдас бөліктерін жасалған[4, 57 б].

Delphi көпшілікте танылып, кең қолданысқа енуінің тағы бір факторы, жоғарыда аталып өткен барлық талаптарды орындауға мүмкіндіктің болуы. Шынында да, Delphi қосымшаларды жасау салыстырмалы түрде көп уақыт алмайды, сонымен қатар әзірлеушінің Delphi интерактивті ортасымен өзара іс-қимылдасуы ішкі ыңғайсыздықты туғызбайды, керісінше жайлылық сезімін қалдырады. Delphi-де жасалған қоымшалар әзірлеушінің анықталған қағидаларды ұстанған жағдайында тиімді болып келеді (және жиі – егер ұстанбаған жағдайында). Бұл қосымшалар сенімді және пайдалану кезінде алдын-ала болжағанындай әрекет етеді.

Delphi-дің бұл үлгісінің басты тіреуі - кодты максималды түрде қайта пайдалану. Бұл эзірлеушілерге алдын-ала даярланған объекттер көмегімен қосымшаларды тез құруға және Delphi ортасы үшін өзінің жеке объекттерін құруға мүмкіндік береді. Әзірлеушілерге өз объекттерін құруда ешқандай түрлеріне шектеулер жоқ. Шынында да, Delphi-дегі барлық заттар, соның өзінде жасалған, сондықтан әзірлеуші-пайдаланушылар осы бағдарламалау өнімім жасауға пайдаланылған құралдар мен объекттерге қол жеткізе алады. Нәтижесінде Borland компаниясының шығарған өнімі мен кез-келген басқа бағдарламалаушының жасаған объекттері арасында ешқандай айырмашылық жоқ. 

Delphi әзірлеушілерге ашық сәулетті ұсынады, онда жаңа құрамдас бөліктерді қосып, олармен кез-келген уақытта пайдалануға болады. Әзірлеушілер CASE-құралдарын, кодты генераторларды, авторлық help-терді (Delphi мәзірі арқылы пайдалануға болады) қоса алады.

 

 

1.2 Пәндік аймақтың сипатталуы

 

Құрылып отырған ақпараттық жүйе есепті автоматты түрде сақтауға және видеотекадағы жалға берілетін кассеттерге арналған. Бұл жүйе кассеталардың жалға беруге байланысты,  барлық операциялардың есебін басқаруымен  қоса  алдын ала ескеруді қамтамасыз етеді, сонымен қатар видеотеканың клиенттері жайлы ақпарат сақталады.

Видеотекада сақтаулы тұрған әр фильм келесідей параметрлерден тұрады:

    фильм коды;

    атаулары;

    шығарылу мерзімі;

    жанр коды;

    режиссер коды;

    мемлекет коды;

    фильмнің жалғасы;

    қысқаша мазмұны.

Фильмнің жанрлары туралы ақпарат келесідей мәліметтерден

тұрады:

    жанр коды;

    атаулары.

    Фильмнің режиссерлері туралы мәлімет келесідей:

    режиссер коды;

    аты-жөні, әкесінің аты.

Фильмнің қай мемлекетте өндірілгені жайлы ақпарат келесідей :

    мемлекет коды;

    атаулары.

Әр кассета бірнеше данадан тұруы мүмкін. Видеотекадағы кассеталар жайлы ақпарат келесідей параметрлерден тұрады:

    кассета номері;

    кепіл бағасы;

    бір күнге аренда құны;

    жалпы дана саны;

    қолда бар данасы.

Кассета жайлы мәлімет келесідей тізімнен тұрады:

    кассета номері;

    фильм коды.

Видеотекада клиенттер жайлы есеп жүргізіледі. Видеотека жүйесінде әр клиент жайлы ақпарат келесідей мәліметтерден тұрады:

    клиент коды;

    клиенттің аты-жөні;

    мекен-жайы;

    телефон.

Клиентке кассета данасын берген кезде видеотекада келесідей ақпараттар сақталуы қажет:

    кассета номері;

    клиент коды;

    берілген күні;

    кассета қай мерзімге дейін берілген;

    кепіл түрінің коды;

    қайтару мерзімі.

Кепіл түрі келесідей тізімнен тұрады:

    кепіл түрінің коды;

    атаулары.

Видеотека қызметінің клиенттерге төлемі қадағаланады және келесі мәліметтерден тұрады:

    клиент коды;

    кассета саны;

    төлем мерзімі;

    кепіл сомасы;

    қызмет сомасы;

    қосымша сомасы.

Жүйеде ақпараттың шектеуі міндетті түрде қаралуы келесідей:

     әрбір код уникалды болуы тиіс;

     клиенттің әкесінің атының болуы міндетті емес.

Ақпараттық жүйеде келесідей қолданушылық топтар жұмыс істеу қажет:

     видеотека қызметкерлері;

     клиенттер.

Бұл жүйеде видеотека қызметкерлері келесідей тапсырмаларды орындай алуы қажет:

     видеотекадағы ақпараттарды қарау;

     жаңа кассеталарды тіркеу және оларды өңдеу қажет;

     видеотекада фильмдерді жанрларға бөлу;

     видеотекадағы құртылған немесе клиентпен жоғалтылған кассеталар жайлы ақпараттарды өшіру;

    клиенттерге берілген кассета жайлы есеп жүргізу, бұл үшін екі режимде жұмыс атқарылады: клиентке берілген кассета және   видеотекаға қайтарылатын кассеталарды кері қабылдауды. Кассеталарды берген кезде клиенттің мәліметтері бойынша: берілген күні, кассета нөмері, кепіл түрінің коды және қайтарылу күні бақыланады. Кассетаны кері қайтарған кезде, клиент кассета берілген мерзімде бақылайды. Егер клиент кепілге берілген мерзімінен кассетаны кеш қайтарса, онда клиент қосымша төлем төлеуіне міндетті.

    егер клиент көп уақыт бойы  видеотека қызметімен қолданбағанда және қарыз болмаған жағдайда клиент туралы ақпарат өшіріледі.

    клиенттің сұрауы бойынша клиент таңдаған фильм туралы ақпаратты, яғни  режиссер, өндірген мемлекет жайлы, шығарылған жылы және қысқаша мазмұны жайлы айту.

    ағымдық айдағы ең әйгілі фильмдер жайлы ақпарат алуға.

    ағымдық күнге дейін кассетаны ұстаған клиенттер тізімі.

Клиент келесідей тапсырмаларды орындай алуы керек:

     видеотекада бар фильмдер тізімін қарауға;

     фильмнің жанрлар тізімін қарауға;.

     режиссерлер тізімін қарауға;

     фильмдерді өндірген мемлекеттер тізімін қарауға;

     кепіл түрін тізімін қарауға.

1.3 Ақпараттық ағымның анализі

 

Кіріс ақпараттарының сипаттамасы

Экономикалық ақпаратты өңдеудің ақпараттық жүйесінің және басқарудың ақпараттық жүйесін жасау және енгізу процестері басқарудың автоматтандырылған жүйесінің бірыңғай стандарттар жүйесіне сәйкес жүргізіледі.

Кіріс ақпараты бөлімі, енгізілетін мәліметтердің сипаттамасы мен тізімінен және оларға енетін ақпараттың құрылымдық бірлігінен тұрады. Әрбір ену мәліметі бойынша идентификатор, ұсыну формасы және есептеу орталығына келіп түсу жиілігі көрсетіледі. Ақпараттың әрбір құрылымдық бірлігінің сипаттамасында атауы, талап етілетін дәлдік, ақпарат көзі және ақпарат көзінің идентификаторы көрсетіледі. Кіріс ақпараты мекен-жайлы болуы керек, басқарудың берілген деңгейіне сәйкес болуы тиіс. Бұған қоса, деректерді өңдеу, жаңарту, сақтау, жинау процестері басқару процесінің өмірлік циклі процестерімен уақытымен сәйкес болуы қажет.

Кіріс ақпараты келесі мәліметтерден тұрады:

    Фильмнің жанры (жанр коды, атаулары);

    Фильм (фильм коды, атаулары, шығарылған мерзімі, жанр коды, режиссер коды, мемлекет коды, фильм ұзақтығы, қысқаша мазмұны);

    Кассет мазмұны (кассет номері, фильм коды);

    Мемлекет  (мемлекет коды, атаулары);

    Режиссер (режиссер коды, аты-жөні);

    Кепіл түрінің тізімі (кепіл түрінің коды, атаулары);

    Клиент (клиент коды, клиенттің аты-жөні, мекен - жайы, телефон).

Кіріс ақпаратының оперативті мәліметтері:

    Кассета (кассет номері, кепіл құны, бір күндік аренда құны, жалпы дана саны, қолда бар даналар);

    Әрекеттері (кассет номері, клиент коды, берілген күні, қай күнге дейін берілгені, кепіл түрінің коды, қайтару мерзімі);

    Төлем (клиент коды, кассета саны, төлем күні, кепіл сомасы, қызмет сомасы, қосымша сомасы).

Шығыс ақпараттары

Шығыс ақпаратты қалыптастыру үшін алдымен онда кездесетін кіріс ақпараттары қажет, себебі кіріс ақпараттар негізінде көптеген шығыс ақпараттар жиынтықтары құрастырылады.

Сұраныстар:

    Кассета тізімі, «i-нші» фильмі бар;

    Фильмдер тізімі, «…» сөзі бар;

    Клиенттер тізімі, кассета ұсталынған ағымдағы күн;

    Жалпы фильмдер саны, фильмотекада бар режиссерлер;

    Ағымды айдың фильмнің әйгілі жанрлар тізімі;

Есептер:

    «i-нші» айдағы кассета ағының есебі;

    «i» күнгі қаржылық есеп;

    «i-нші» режиссердің фильмдер тізімі.

Деректер базасының көлемі мен өсу жылдамдығы

Деректер базасының бастапқы көлемі 10 Мб мөлшерінде берілген, бұл алғашқы жүйені қолдануға жеткілікті. Деректер базасын енгізе отырып оны 10% ұлғайтылуы автоматты түрде орнатылған, деректер базасында шектеуді максималды мөлшерде алыптастауға және сол уақытта максималды түрде дискілік аймақты қолдануға мүмкіндік береді.

 

 

1.4 Модельдердің құрылуы

 

Инфологиялық моделдің құрылуы

Инфологиялық модельдің орталық компоненті болып пәндік аймақ объектілерінің сипаттамасы мен олардың арасындағы байланыс табылады. Ақпаратты-логикалық моделі (АЛМ) пәндік аймақты ақпараттық объектілер жиыны ретінде және олардың арасындағы құрылымдық байланыстары ретінде көрсетілуін айтады (ER – модель). Пәндік аймақтың сипаттамасы әр қашан қандай-да бір белгі жүйесінде көрсетіледі. Сол себепті АЛМ құру барысында синонимдік, изоморфизм және т.б. сияқты лингвистикалық деңгейлер (қатынастар) ескерілуі қажет.

АЛМ-де көрсеткіштер арасындағы алгоритмдік байланыстар да              көрсетілуі қажет. Көп жағдайда осы мақсаттар үшін көрсеткіштердің өзара байланыстары графтары қолданылады, олар басқаларын есептеу үшін шығыс болып табылатын көрсеткіштер. Есептік формулалар, сонымен қатар есептеу алгоритмдері АЛМ-де көрсетілуі қажет.

АЛМ келесі компоненті болып қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктерін сипаттау табылады. Осы мақсаттар үшін арнайы тілдік құралдар қолданылады. Олар сұраныс типтерін, көлемді-жиілікті сипаттамаларын, деректерді қолдану режимдерін және т.с.с көрсетуі қажет.

Пәндік аймақтың маңызды сипаттамасы болып бүтінділікті қамтамасыздандыру табылады.

АЛМ үшін сәйкес объектілерді қосымша сипаттайтын графикалық тәсілдер мен талдау тәсілдері қолданылуы мүмкін.

Графикалық көрініс болып қабылдау мен талдау үшін көріністік және қарапайымдылық табылады. Сондықтан кейінгі уақыттарда модельді «Объект-Қасиет-Қатынас» графикалық тәсілімен қолданамыз[10, 812 б].

Объекті мен оның қасиеті арасындағы байланыстың басқа сипаттамасы болып барлық сынып объектілерінде бар ма немесе кейбіреулерінде жок па екендігі табылады.

Инфологиялық (концептуалды) модельдеудің мақсаты – жасалатын мәліметтер базасында сақтауды пайымдайтын ақпараттарды жинақтау мен қалыптастыру әдістерінің адам үшін түсінікті, табиғи болып табылатынымен қамтамасыз ету. Сондықтан мәліметтердің инфологиялық моделін табиғи тілге ұқсастықпен құрастыруға тырысады (соңғысы текстер мен кез – келген табиғи тілдің бір мәнде болмағандығынан компьютерлік өңдеулердегі қиындықтарға байланысты таза күйінде пайдаланылмауы мүмкін).

Датологиялық модельдің құрылуы

Датологиялық модель деп ақпараттар элементтерінің арасындағы олардың мазмұны мен физикалық мекемелеріне қатыссыз логикалық өзара байланысын бейнелеуімен түсіндіріледі. Сонымен бірге уақыттық-логикалық модель ДҚБЖ-нің нақты жүзеге асыруын, сонымен қатар оның ақпараттық-логикалық моделінің негізіндегі нақты заттық спецификаны ескере отырып жасалынады.

Схеманың дұрыстығын талдаудың негізі болып ақпараттар базасының атрибуттары арасындағы функционалдық деп аталатын тәуелділіктер табылады.

Қатынастар атрибуттарының арасындағы кейбір тәуелділіктер жағымсыз қосымша әсерлердің салдары болып табылады. Ақпараттар базасының модификациясы үрдісінде жаңа мәліметтерді базаға енгізу немесе ақпараттар базасынан кейбір мәліметтерді жою, сонымен қатар кейбір атрибуттардың мәндерін жаңарту түсіндіріледі.

Жалпы бұл кезеңді орындау нәтижесінде келесі қорытындылаушы құжаттар болуы керек:

   деректер қорының (ДҚ) концептуалды схемасы ақпараттар базасын басқару жүйесінде (ДҚБЖ) таңдалған терминдерде бейнеленеді;

   таңдап алынған ДҚБЖ терминінде сыртқы модельдерді бейнелеу;

   ДҚ-ның тұтастығын қолдау ережелерін бейнелеу;

   ДҚ-ның семантикалық тұтастығын қолдау шараларын өңдеу.

 

 

1.5 Техникалық құралдарды таңдау       

 

Деректер қорымен жұмыс істегенде қатты дискіде келесідей физикалық жады болу қажет:

    Анықтамалақ ақпаратты сақтау үшін 20-30Мб дейін жады қажет;

    Деректер қоры шамамен 500 қызметкерге арналып жасалып отыр, сонымен бірге жұмыстан шығып жатқан және жаңадан қабылданып жатқан қызметкерлерді де ұмытпау қажет. Олардың әр-біреуі үшін 10-ға тақау бұйрықтар жасалып, MS Word сақталады, басқада есеп берулер бар. Сының барлығын санай келе қосымша қатты дискіде 2-2,5Гб жады қажет болуы мүмкін.

Бағдарламаның жұмыс істеуі үшін дербес компьютердің ұсынылатын конфигурациясы кесте 1 көрсетілген.

 

Кесте 1. Техникалық құралдар кешенінің құрылымы

Құрылым бөлігі

Үлгісі

Процессор

Intel Pentium Dual Core E6500, 2.93GHz/LGA-775

Аналық плата

Asus P5QPL-AM, S-775, iG41/1333Mhz,iG41/1333M,PCI-E16x,2DDR-II800,4SATA,6ch,2PCI,GLAN,mATX

Жедел жады

DDR-2 DIMM 1Gb/800MHz PC6400 Transcend JETRAM

Қатты диск (HDD)

HDD 320 Gb Seagate Barracuda (7200.11), 16Mb, 7200rpm, Serial  ATA II-300

Монитор

17" HP GS917AA L1710, Silver, 0.264mm, 1280x1024@75H

Видеокарта

Аналық платамен біріктірлген

Оптикалық привод

DVD+R/RW&CDRW Sony-NEC Optiarc 5240S, SATA

Желілік адаптер

Аналық платамен біріктірлген, 100Mбит/сек

Пернетақта

Genius Comfy KB-21E, PS/2

Тінтуір (тышқан)

Genius NetScroll 200, Laser, 1600dpi,  PS/2

Принтер

HP LaserJet P1005, A4, 14 ppm, 600x600dpi, 2Mb, USB, tray 150 page, 5000 стр/мес

 

 

        1.6 Деректер қорының құрылымының сызбасы және кестелер қасиетінің сипатталуы         

       

Деректердің құрылымы – бұл деректер құрудың сызбасы және олар осыған байланысты реттелген, сол белгіленген операцияларды орындауға және интерпритациялауға мүмкіндік береді.

«Видеотека» деректер қоры реляциялық болып табылады. Деректер қорын құра бастағанда келесідей кестелер құрыла бастады:

     Film (Фильм);

     Genres (Фильм жанры);

     Countries (Мемлекет);

     Director (Режиссер);

     Cassette (Кассета);

     Client (Клиент);

     Content_Cassetes (Кассета мазмұны);

     Movement (Әрекеті);

     List_TypePledge (Кепіл түрінің тізімі);

     Payment (Төлем).

Деректер қорында тағы ID_Type қолданушылық типі бар, smallint бастапқы базалық типінде құралған, ID_Rule ережесі, ал тағы сақтаулы процедуралары T-SQL тілінде құрылған.

ID_Rule ережесі кілт мәнін тексеру үшін құралған.

Деректер қорында келесідей сақтаулы процедуралар бар:

     Proc_Genres

     Proc_Film

     Proc_Movement

     Proc_Cassette

Деректер қорында кестелер қасиетінің сипатталуы   

Деректер қорындағы кестелер – бұл деректер қорының объектісі, қолданушының мәліметтерін сақтау үшін арналған.

«Видеотека» деректер қорында кестелер қасиетінің сипатталуы сурет 1 – 10 бейнеленген.

 

Сурет 1. Genres фильм жанры

 

Сурет 2. Director режиссер

 

 

Сурет 3. Countries мемлекет

 

Сурет 4. Film фильм

 

  

Сурет 5. List_TypePledge кепіл түрінің тізімі

 

Сурет 6. Content_Cassettes кассета мазмұны

 

 

Сурет 7. Client клиент

 

Сурет 8. Cassette кассета

 

 

Сурет 9. Movement әрекеттер

 

 

Сурет 10. Payment төлем

 

Сурет 11. «Видеотека» деректер базасының диаграммасы

Сақталатын процедуралардың сипатталуы

Сақталатын процедуруралар – бұл T-SQL операторларының жиынтығы, SQL Server жүйесіндегі бірлескен жоспардың орындалуы. Сақталатын процедуруралар T-SQL процедураға сәйкес бағдарламалық тілге де, олар кіріс параметрлеріне рұқсат береді және параметр түрінде шығыс мәнін қайтарады немесе хабарлайды. Барлық процедура операторлары процедура шақырылған кезде өңделеді. Бірдей тапсырмаларды және түрлі қосымшаларды орындау үшін кез – келген қолданушы қолдана алады.

Деректер қорында келесідей сақталатын процедуралар бар:

Сақталатын процедура 1 – Ісәрекет кестесінен мынадай жол талабын таңдау қажет: қайтару күні>берілген күні

CREATE PROCEDURE procMovement

AS

SELECT *

FROM Movement

WHERE Date_Return>Date_Issue

GO

exec procMovement

Сақталатын процедура 2 – Фильм кестесінен мынадай жол талабын таңдау қажет: фильмдер «i-нші» жанрлы (*жанр кодын параметр ретінде қою)

CREATE PROCEDURE procFilm @kod_genre ID_Type

AS

SELECT Film.Name_Film,Genres.ID_Genre,Genres.Name_Genre

FROM Film,Genres

WHERE Film.ID_Genre=@kod_genre AND

Film.ID_Genre=Genres.ID_Genre

GO

exec procFilm 1

Сақталатын процедура 3 – Фильм жанры кестесіне жаңа 3 жол кірістіру

CREATE PROCEDURE procGenres

AS

DECLARE @numstr smallint

SELECT @numstr=1

WHILE (@numstr<4)

BEGIN

INSERT

INTO Genres

VALUES ('новая строка'+CONVERT(VARCHAR,@numstr))

SELECT @numstr=@numstr+1

END

GO

exec procGenres

Сақталатын процедура 4 – Кассета кестесінде сақтаулы тұрған кассеталардың кепіл құнын есептеп шығару *кепіл құны, (*кассета кодын параметр ретінде қою)

CREATE PROCEDURE procCassette @kodcas ID_Type

AS

SELECT Pledge_Price, Presense_Copies,Pledge_Price*Presense_Copies AS

Pledge_Price_Cassette

FROM Cassette

WHERE Cassette.ID_Cassette=@kodcas

GO

exec procCassette 10

 

 

 

 

 

 

2 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕДЕ ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ ИНТЕРФЕЙСТІҢ ҚҰРЫЛУЫ

 

2.1 Пайдаланушылық мәзір

 

Ақпараттық қолданбалар – қолданбалы ақпараттық жүйе, жинақтауға, сақтауға, іздеуге және ақпараттарды өңдеуге арналған.

Бағдарламаның жұмысында деректер қоры сыртқы қосылуды қолданады. Сурет 12-де қосылған  сервер терезесінің сыртқы бейнесі көрсетілген

 

Сурет 12. «Видеотека» ДҚ бағдарламасына қосылған терезесі

 

Серверге қосылғаннан кейін авторизация терезесі пайда болады, онда өзіңнің тіркеу жазбасын таңдау қажет (Сурет 13).

 

Сурет 13. «Видеотека» бағдарламалық жүйесіне кіру терезесі

Клиент тіркеу жазбасын таңдаған соң, «Видеотека»  бағдарламасының бас терезесі ашылады(Сурет 14).

 

Сурет 14. Клиент тіркеу жазбасын таңдағандағы  «Видеотека» бағдарламасының Бас терезесі

 

«Видеотека» бағдарламасында пайдаланушылық мәзірі клиенттік режимінде келесідей тізімдерде:

      Іс - әрекет:

-      Пайдаланушылық ауысым;

-      Шығу.

      Кестелер:

-      Фильмдер;

-      Режиссерлер;

-      Фильм жанрлары;

-      Өңдіруші  мемлекеттер;

-      Кепіл түрі.

      Анықтама:

-      Көмек;

-      Бағдарлама туралы.

Қызметші тіркеу жазбасын таңдаған кезде , пароль еңгізуге қосымша өріс пайда болады. Егер пароль дұрыс еңгізілсе, онда «Видеотека» бағдарламасының  бас мәзірі пайда болады (Сурет 15).

 

Сурет 15. «Видеотека»   бағдарламасында Қызметші тіркеу жазбасын таңдағандағы Бас терезе

 

«Видеотека» бағдарламасында пайдаланушылық мәзірі қызметші режимінде келесідей тізімдерде:

Іс - әрекет:

-      Пайдаланушылық ауысым;

-      Шығу.

      Кестелер:

-      Фильмдер;

-      Режиссерлер;

-      Фильм жанрлары;

-      Мемлекеттер;

-      Кепіл түрінің тізімі;

-      Кассета;

-      Кассета мазмұны;

-      Клиент;

-      Әрекет ;

-      Төлем.

      Сұраныс;

Есеп;

Сақтаулы процедуралар;

Анықтама:

-      Көмек;

-      Бағдарлама туралы.

 

 

2.2 Деректер қорында мәліметтерді қосу, өшіру, қарау және өзгерту формалары

 

Жалпы жағдайда типтік бағдарламалық компоненттер ақпараттық қолданбалар келесідей: диалогты кіргізу - шығару, диалогтың логикасы,  мәліметтерді өңдеу логикасы, мәліметтерді басқару логикасы, мәліметтерді немесе деректер қорын басқару операциялары.

ДҚ кесте режимінде жұмыс істегенде Кесте пункті арқылы бағдарламаның бас мәзіріне кіруге болады. Мемлекеттер кестесін таңдағандағы бас мәзірдің сыртқы түрі бейнеленген (Сурет 16).

 

Сурет 16. Мемлекеттер кестесін таңдағандағы бас мәзірдің сыртқы түрі

 

Кесте бойынша мынадай батымалар арқылы ауыстыруға болады ß – алдыңғы тізім, және à – келесі жазба.

Қорға жаңа жазба еңгізу үшін Қосу батырмасын шерту қажет. Сосын кестеге жаңа мәліметтер еңгізу формасы пайда болады, онда біз қажетті мәліметті еңгіземіз. Егер мәліметтер дұрыс еңгізілсе, онда жазба қорға еңгізіледі.

Қордан жазбаны өшіру үшін Өшіру баттырмасын шерту қажет. Егер жазба бастапқы кілтті болса және басқа кестелерде қолданылса, онда бағдарлама өшірудің мүмкін еместігін хабарлайды.

 

 

2.3 Деректер қорында сұраныстың құрылуы

 

Сұраныстар режиміне ауысу үшін, бағдарламаның бас мәзіріндегі Сұраныстар пунктін таңдау қажет. Сурет 17-де сұраныстар терезесінің сыртқы түрі көрсетілген.

Сурет 17. «Видеотека»  бағдарламасында Сұраныстар Кіріс формасы

 

Сұраныстар терезесі келесідей элементтерден тұрады:

-    радиобатырмалар жиынтығы сұраныстарды таңдау үшін қызмет етеді

-    бас мәзір

-    сұранысты Жүктеу батырмасын

-    Артқа батырмасы бағдарламаның бас мәзіріне алып барады

-    Кестеге сұраныс нәтижесін шығару.

Бағдарлама келесідей сұраныстардан тұрады:

Сұраныс 1 – қандай кассетада «i-нші» фильм орналасқан

SELECT Film.Name_Fi''Фильм атаулары'',

Content_Cassettes.ID_Cassette ''Кассета номері''

FROM Film,Content_Cassettes

WHERE (Content_Cassettes.ID_Film=Film.ID_Film) AND

(Film.Name_Film='''+filmname+''')

Сұраныс 2 – барлық фильм, атауында «…» сөз бар

SELECT Film.Name_Film ''Фильм атаулары'', Film.Date_Issue ''Шығу күні'', Film.[Lasting(min)] ''Ұзақтылығы'',

Film.Short_Content '' Қысқаша мазмұны''

FROM Film

WHERE Film.Name_Film LIKE ''%'+s+'%''

Сұраныс 3 – клиенттер тізімі, кассетаны ағымдық күнге ұстаған

SELECT Client.FIO_Client ''Клиент аты-жөні'', Movement.ID_Cassette ''кассета №'',Movement.Date_Issue ''берілген күні'', Movement.Period ''жалға алу мерзімі'', Movement.Date_Return ''Қайтару күні'',

 CONVERT(VARCHAR,GETDATE(),4) AS ''Ағымдық күн''

FROM Movement,Client

WHERE (Movement.Date_Return<=Getdate()) AND

DATEDIFF(dayofyear,Movement.Date_Issue,Movement.Date_Return)<>

Movement.Period AND Movement.ID_Client=Client.ID_Client

Сұраныс 4 – фильмотекада бар әр режиссер фильмнің жалпы саны

SELECT Director.FIO_Director ''Режиссер'',COUNT(Film.ID_Director) ''Фильмдер саны''

FROM Film,Director

WHERE Film.ID_Director=Director.ID_Director

GROUP BY Director.FIO_Director

ORDER BY Director.FIO_Director

Сұраныс 5 – ағымдық айдағы қандай жанрлы фильм қолданушыларды қызықтырды

SELECT Genres.Name_Genre ''Фильм жанры'',

DATEPART(month,GETDATE()) ''Ағымдық ай'', COUNT(Film.ID_Genre)

 ''Фильмдер саны''

FROM Genres, Film, Content_Cassettes, Movement

WHERE

DATEPART(month,Movement.Date_Issue)=DATEPART(month,GETDAT)) AND

DATEPART(year,Movement.Date_Issue)=DATEPART(year,GETDATE()) AND Movement.ID_Cassette=Content_Cassettes.ID_Cassette AND

 Content_Cassettes.ID_Film=Film.ID_Film AND

'Film.ID_Genre=Genres.ID_Genre

GROUP BY Genres.Name_Genre

ORDER BY COUNT(Film.ID_Genre) DESC

Сұранысты құру үшін  оны таңдау қажет, параметрлерін еңгізіп және сұранысты Жүктеу батырмасын шертеміз. Кестеде сұранылған мәліметтер пайда болады. Сурет 18-де сұраныс 3 бойынша мысал келтірілген.

 

Сурет 18. Сұраныс 3 бойынша нәтижесі

 

 

2.4 Есептердің құрылуы

 

Есептер режиміне ауысу үшін, бағдарламаның бас мәзіріндегі Есептер пунктін таңдау қажет. Сурет 19-да есептер терезесінің сыртқы түрі келтірілген. Есептер терезесі келесідей элементтерден тұрады:

-    Радиобатырмалар жиынтығы есепті таңдау үшін қызмет етеді

-    Есепті ШЫҒАРУ батырмасы

-    Excel-ге ЭКСПОРТТАУ батырмасы

-    АРТҚА батырмасы бағдарламаның бас мәзіріне

-    Есепті кесте түрінде шығару

-    Бас мәзір

Бағдарламада келесідей есептің құрылуы қарастырылған:

Есеп 1 – «i-нші» айға кассета ағынының есебі

SELECT Movement.ID_Cassette ''кассета номері'', Client.FIO_Client ''клиент аты – жөні'', Movement.Date_Issue ''берілген

күні'',Movement.Date_Return ''қайтару күні''

FROM Movement,Client

WHERE

Movement.Date_Return<=Getdate() AND

DATEPART(year,Movement.Date_Issue)=DATEPART(year,GETDATE())

AND DATEPART(month,Movement.Date_Issue)='''+m+'''

AND Movement.ID_Client=Client.ID_Client

Есеп 2 – «I-і» күнгі қаржылық есебі

select SUM(Sum_Service+Sum_AddPayment) ''кіріс сомасы''

from Payment

where Payment.Date_Payment='''+s+'''

Есеп  3 – «I-і» режиссердің фильм саны

select FIO_Director ''режиссер аты – жөні'',Name_Film ''фильм атаулары'' from Film,Director

where Director.ID_Director = film.ID_Director AND

Director.FIO_Director='''+dirname+'''

Есепті құру үшін оны таңдау қажет, керекті параметрлерді еңгізіп, есепті Орындау батырмасын шертеміз. Бағдарлама қолданбалы форма терезесіне есепті шығарады. MS Excel – ге есепті экспорттау үшін, Excel – ге Экспорттау батырмасын шертеміз. Есеп құрылады да, MS Excel терезесінде ашылады. Келешекте оны сақтауға болады. Есептің құрылуы мысал ретінде сурет 2021 көрсетілген.

 

Сурет 20. Microsoft Excel қосымшасындағы экспортталған есеп

 

Сурет 21. Қосымшадағы есептің құрылуының нәтижесі

2.5 Анықтамалық жүйе

 

«Видеотека» бағдарламасы анықтамалық ақпараты құрылған (файл HELP.HLP). Анықтаманы шақыру Көмек пункті арқылы немесе  F1 батырмасын басу арқылы шақырылады.

Бағдарлама құрушы туралы ақпаратты Бас менюдегі Анықтама пунктіндегі Ішкі пункте Бағдарлама туралы арқылы аламыз. Сурет 22-де «Бағдарлама туралы» қосымшасы көрсетілген. Сурет 23-те бағдарламаның анықтамалық ақпарат терезесі көрсетілген.     

 

Сурет  22.  «Видеотека»  қосымшасындағы «Бағдарлама туралы» терезесі

 

Сурет 23. «Видеотека»  қосымшасындағы Анықтамалық терезесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Адамдар қызметінде түрлі мәселелерді ұйымдастырады – жұмысын немесе тапсырмасын аяқтау үшін, әрекеттерді көшіруді қысқарту немесе өшіру үшін, жауапкершілік орталығын құру үшін, тұрақтылықты қамтамасыздандыру үшін. Ақпараттық жүйелер осы мақсаттардан тұруы қажет. Ақпараттық жүйелер жүйе ішінде амалдарды автоматтандыра отырып және ұйымның нақты өнімін қоя отырып бәсекелестер алдында өзінің артықшылықтарын көрсетеді.

Бүгінгі таңда басқару жұмысын интегралданған шешімді тиімді пайдаланбай атқару мүмкін емес. Кез-келген шағын немесе үлкен мекемелерде тиімді жұмыспен қамтамасыз ететін, деректерді ұйымдастыру мәселелері туындайды. Сондықтан да, көптеген корпоративтік мекемелер, зауыттар, оқу орындары, медициналық мекемелер үлкен көлемді мәліметтерді басқаратын, сақтайтын, қажет ақпаратты беретін, автоматтандырудың компьютерлендірілген жүйесін тиімді қолданып отыр.

Жұмыс нәтижесінде «Видеотека» деректер қоры құрылды. Қойылған талаптар мен міндеттерді, бағдарлама түрінде орындау үшін, автоматтандырылған жұмыс орындарының принциптері, бағдарламалық қамсыздандырудың теориялық сұрақтары зерттелді.

Жасалған жұмыста қойылған тапсырмаға толығымен сай келеді және қызметкерлерге жұмыс үрдісін тездетуге, нарықтың әрдайым өсіп келе жатқан талаптарына иілгіш түрде әрекет етуге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыста келесілерді орындауға мүмкіндік береді:

    клиенттер мен «Видеотека» жайлы ақпаратты сақтау мен іздеуді жүйелендіру;

    классификаторлар жүргізу;

    қоймадағы фильмдер туралы есеп берулерді қалыптастыру.

Кешен интерфейсі қызметкерлерге оны жеңіл, әрі серіктік тарапынан қосымша ақша және уақыт шығынысыз меңгеруге мүмкіндік береді.

«Видеотека» деректер қоры ақпараттық жүйесін құру үшін SQL құрылымдық сұраныстар тілі және Delphi 7 объектке байлаулы бағдарламалау тілі пайдаланылды. Олар өз кезегінде көптеген техникалық артықшылықтарға ие бола отырып, жүйелік ресурстарға талаптары көп емес.

Ұсынылып отырған бағдарлама тез арада мәліметтерді еңгізуге, түзетуге, өшіруге, жаңартуға, сонымен бірге керекті мәліметтерді іздеуге, таңдауға, сұрыптауға, қажетті есеп-қисаптар, сұраныс жасауға және баспаға шығаруға мүмкіндік береді.

Барлық функциялар мұқият тексерілген, бағдарлама құрылу барысында толық тестіленген. Болашақта деректер қорына жаңа сұраныстар мен есеп берулерді қосып жаңартуға болады. Delphi-де жасалған интерфейсті өзгеру мүмкіндігі де қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ

 

1.     Гофман В., Хомоненко А. «Delphi- экспресс курс » - СПб БХВ-Петербург, 2005

2.     Фаронов В. «Система программирования Delphi» - СПб: БХВ-Петербург, 2005

3.     Фаронов В. «Программирование баз данных в Delphi 6» - СПб: Питер, 2002

4.     Культин Н.Б. «Delphi в задачах и примерах». – СПб БХВ-Петербург, 2003

5.     Архангельский А. Я. «Программирование  в Delphi

6.     Шпак Ю. А. «Delphi 7 в примерах»

7.     Бобровский С. И. «Delphi 7. Учебный курс»

8.     Баженов И. Ю. «Delphi 7. Самоучитель программиста»

9.     «Transact – SQL Help». – Microsoft, 2000.

10. Дьюсон Р. SQL Server 2000. Программирование. Пер. с англ. – М.:БИНОМ, 2002, - 812с., ил.

11.  Кириллов В.В. Структурированный язык запросов (SQL). – СПб.: ИТМО, 1994. – 80 с.;

12.  Джексон Г. Проектирование реляционных баз данных для использования с микроЭВМ. -М.: Мир, 1991;

13. Ларри Ульман, MySQL. - СПб.: «Питер», 2004;

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация "Видеотека" деректер қоры"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 378 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2017 2151
    • DOCX 1.5 мбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайыркенова Назерке Мейрамбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13359
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 582 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 721 человек

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая диагностика и коррекция

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе