Инфоурок Начальные классы ПрезентацииПрезентация өзін-өзі тану1 класс

Презентация өзін-өзі тану1 класс

Скачать материал

Пәні: Өзін- өзі тану

Күні: 12 ақпан  2016жыл

Сабақтың тақырыбы:  Қамқор болып өсемін.

Сабақтың мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының  адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Сабақтың міндеттері:

-          Қамқорлық туралы түсінік беру;

-          Адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;

-          Қамқор, қайрымды, мейрімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал: бейнетаспа.

Шаттық шеңбері:

-          Балалар, өткен сабақта біз қамқорлық шуағын жүрегімізбен сезінгенбіз. Өлең жолдарын бәріміз бірге қайталайық:

Қайрымды жүрекпен,

Мейрімді тілекпен,

Ізгілікті ниетпен

Қамқор болып өсемін.

-          Балалар, біз бүгінгі сабақта қамқорлық туралы әңгімемізді жалғастырамыз.

Мультфильм көру. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

Балаларға «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі көрсетіледі.

Көрсетіліп болған соң мультфильм бойынша сұрақтар қойылады.

● Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?

●Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық  жасады?

Балалар сұрақтарға жауап беріп, қорытындылайды:

-          Осы мультфильм арқылы адамның құстарға, құстардың адамдарға қамқорлық жасай алатынын білдік. Қамқорлық- адамға, табиғатқа, жан- жануарларға жаңашырлықпен қарау, көмектесу.

Сергіту сәті: «Көлеңке»

Оқушылар көлеңке рөлінде, ал мұғалім ортада жүргізуші болады.

Мұғалім:

-          Көлбең- көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көленкем.

Құмырсқа қалай жүреді?

Көрсетші, менің көлеңкем.

Оқушылар қимылмен құмырсқаның жүрісін көрсетеді.

Мұғалім:

-          Көлбең- көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көленкем.

Құстар қалай  ұшады?

Көрсетші, менің көлеңкем.

Оқушылар қимылмен құстардың ұшуын көрсетеді (басқа да жан- жануар, жәндіктерді қосу мұғалімге байланысты).

Мәтінмен жұмыс:

            Оқушылардың қамқорлық жайлы түсініктерін тереңдету мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға мәтінді оқып береді. Сосын балалар өздері оқып шығады. Мазмұнын түсінген соң балалар сұрақтарға жауап береді.

Балапан мен мысық        Д. Мамырова

Наурыз айы келді. Балалар қараторғайларға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады.

Бір күні ұяда үш балапан пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде балапандардың  біреуі жерге  құлап түсті.

Оны көріп ала мысық балапанға жақындай  түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдай ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Асан балапанды құтқармақ  болып  мысыққа ұмтылғанда, мысық қаша жөнелді. Асан жерде жатқан балапанды апарып ұясына салды. Қараторғайлар шат- шадыман  болып әсем әуенге басты.

● Асан құстарға қандай қамқорлық жасады?

Шығармашылық жұмыс.

Сабақта шығармашылық жұмыс бойынша оқулықта берілген  суреттерге қарап, оларға қандай қамқорлық жасау керектігін  айту тапсырылады. Оқушылар бұл  жұмысты жекелей немесе топпен орындалуларына болады. Балалар жұмыс нәтижесін  сынып алдында жария етеді.

Жаңа ақпарат:

            Мұғалім оқушыларды оқу ақпаратымен  таныстырады. Оқу ақпаратында «Адамның жақсы өасиеті өзгелерге қамқорлық жасай білуінен көрінеді» деп айтылған. Оқушылар ақпаратпен танысып, мұғалімнің басшылығымен өз ойларын қосып түйіндейді.

Ойын:

Балалардың белсенділіктерін арттыру үшін «Ұядағы балапандар»  ойыны өткізіледі.

Оқушылар «балапан», «қарақұс», «ұя»  сөздерін айта отырып үш топқа бөлінеді. «Ұя» тобы шеңбер  жасап дөңгелене  тұрады. Шеңбер ортасына «Балапан» тобы жайғасады. «Қарақұс» тобы қапысын тауып  ортадағы  балапандарды  шеңберден шығарып алуға тырысады. Оларды «ұя» тобы қорғайды. Егер «қарақұс» тобынан бір бала шеңбер ішіне қалып қойса, онда ол «балапан» тобына қосылады. Ал олар «балапан» тобының бір оқушысын шеңбер ішінен шығарып алса, ол оқушы «қарақұс» тобына қосылады. Осылайша ойын жалғаса береді.  Саны көбейген топ ойынның жеңімпазы аталады.

Назар аударыңдар:

Мұғалім Алпамыс пен  Махаббаттың ақыл сөздерін оқып береді. Оқушылар осы сөздердің мағынасын ұғыпғ естеріне сақтайды:

Қамқорлық жасауды үйрен!

Шамаң келсе көмектес!

Қорытындылау

Мұғалім  сабақты  қорытындылайды:

-          Қамқорлық – адамның адамға, адамның табиғатқа, жан-  жануарларға жақсылық  жасауы. Біз бүгінгі сабақта қамқорлықты риясыз, яғни қайтарымсыз жасау керектігін  түсіндік.

Дәптермен жұмыс:

Мұғалім «Қандай үй жануарларына қамқорлық жасағыларың келеді? Солардың (күшік, мысық, тоты құс, қоян, лақ, қозы, т.б.) суретін салындар»- деген тапсырма ұсынады.

Жүректен жүрекке:

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. Балалар оң қолдарымен жүрек түсын ұстап, мұғаліммен бірге мына өлең жолдарын қайталайды:

Күн нұрындай көңілім,

Даламдай кең пейілім.

Бәріне ортақ шуағым,

Қайрымды боламын.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация өзін-өзі тану1 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 639 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2016 685
    • DOCX 15.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шакибаева Салтанат Абубакировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1174
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 120 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 849 человек из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 413 человек

Мини-курс

Постановка базовых звуков раннего онтогенеза

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе