Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шараның сценарийі

ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шараның сценарийі

Скачать материал

    «Қазақстан - кеше,бүгін,ертең» атты сыныптан тыс  іс-шараның  дайындамасы

Мақсаты: жастарды  болашаққа сеніммен қадам басуға,отаншылдыққа,адамгершілікке,елжандылыққа,Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі : интерактивті тақта,кітап көрмесі,слайдтар.

                                          Барысы :

1 жүргізуші :Қазақстан –әлем назарына бейбіт бастамасымен ,батыл қадамымен,қарқынды дамуымен іліккен  ХХI ғасырдағы жаңашыл,өркениетті мемлекет.

1-оқушы:

Қазақ жері-қонақ жай төрдің жері:

Қазақ жері-қас сақтай елдің жері.

Елі кедей болмаған,жері байтақ

Едігедей,Бабырдай ердің жері.

Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ елі өнерлі,өсиетті.

Египпетті билеген Бейбарыстың

Елі текті,киелі,қасиетті!

 

2 жүргізуші :Қайран қазақ елі! Басынан нелер келіп ,нелер өтпеді?!Халқымыз не көрмеді?Сонау «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» заманынан қынадай қырылған 1930-1933 ел тізгінін азаматтардан түк қалдырмаған 1938 жылдарына дейінгі аралықты   халқымыздың осынау кең жаһпн далада өмір сүруі,не тарих бетінен ұлт болып жойылып кету қауіпі төніп тұрған еді.

1 жүргізуші : Қазақ тарихында азаматтық үшін күрескендер аз болған жоқ.Батыс өңірінің өзінде кешегі Сырым,Исатай мен Махамбет,Есет...бұлар Тәуелсіздік үшін,әділет үшін күресті.

 

Басталыпты алғаш дәуір тастаны,

Бабалар жазған бәрін дастан етіп ,

Қазақтың бұрынғысын бір қайталап,

Ақтарайық тарихты әуел бастан.

2 жүргізуші :

Жауапкершілік заманда халқымыздың арын ойлап,жери дауын,ел дауын әділ шешіп,қара қылды қақ жарған елге тек бірлік,береке тыныштық тілеген айбындыда ардақты Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би ел тағдырына қатысты жайларға белсене  қатысып,бәтуәлі істер тындырған.

1 оқушы:Жалғанның жартысындай қазақ елі

Алғандай көздің жауын сұлу жері

Ақ пейіл,дархан көңіл халқымыз бар,

Болғанда бірі сері,бірі батыр.

Өз бабам,азаттықты ансап өткен,

Ел үшін талай саңлақ шахид өткен.

Солардың құдіретті ой-арманы,

Таңы боп Тәуелсіздік бізге жетті!

1 жүргізуші : 

   Қазақ «мың өліп,мың тірілседе» қазақ болып қала береді,әр ұрпақ өзінен кейінгілерге Тәуелсіздікті арман етіп,ұлттық мақсат ретінде аманат етті.

№47 топ оқушысы Уразов Әуесхан:

«Мен қазақпын»

 Республика!Ерлікті ел-Қазақстан!

Келді ақыры,көп күткен жаз алыстан.

Келді алыстан аңсатып,армандатып,

Торды бұзған мен де бір арыстан.

 

№51 топ оқушысы:Нариманова Гаухар

Мен қазақпын,биіктігі,байтақ елімін,

Қайта келдім,өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді,айта бергім.

2  жүргізуші :Абай атамыздың «Қалың елім,қазағым»,Қадыр мырза әлінің «Атамекен»,Жүмекен Нәжімеденовтің «Менің елім» сияқты жүздеген,тіпті мыңдағкан шығармалары ұрпақтың санасына азаматтықты,ел болуды,ту көтереді,бірлікке ұмтылуды,ұлт ретінде сақталып қалуды,тптілікпен қырағылықты,батырлықпен қайраткерлікті насихаттап отырды.

Ән «Атамекен» орындайтын №41 топ оқушысы Мендібаев Махамбет.

1 жүргізуші : Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылдың ішінде дамыған нарықтық экономикаға өтіп үлгерді,өзіндік даму  жолына таңдау жасады.Елдің әлуметтік саясы,экономикалық дамуындағы табыстары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.Елбасы ел басқаруда бірден-бір дұрыс статегиялық бағытта таңдап ала білді.

№ 51 топ оқушысы Амангелдиева Эльмира.

«Білім-өмір шырағы».Қазіргі заман-білім мен ғылым заманы.Ақыл мен сананың,білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры.Біз осы заман түлектеріміз.Ертеңін ойлайтын,болашаққа үмітпен қарайтын ел болғандықтан Елбасымыз шәкірт біліміне ерекшк көңіл бөліп отыр.Ертеңгі күннің бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән.Еліміздің келешегі біздер болғандықтан алдымызда үлкен жауапкершілік түр.Ұлтымыздың тарихын оқып,салт дәстүрін,мәдениетін үйрену міндетіміз.

№41 топ оқушысы Жонисова Айкумис;

Менің алдағы өмірлік мақсатым-өзімнің таңдаған мамандығымның иесі болу.

Бүгінгі тағдағы төзім мен сабыр,ертеңге жетелеген үміт пен сенім,

бойымыздағы  кісілік пен біліктілік осы Тәуелсіздікке қалай қызмет еткеніне орай өлшенбекші.

№51 топ оқушысы Сисенбекова Арайлым:

   Асқақтаған астанасы бар қарыштаған  Қазақстан қазіргі кезеңде тек бірлік пен болашаққа сенімді қадамдармен адымдап барады.

Мың жаса,Тәуелсіз Қазақ елі!

Хор: «Қазақ елі»

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шараның сценарийі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 097 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2017 576
    • DOCX 14.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мушагалиева Клара Есенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мушагалиева Клара Есенбаевна
    Мушагалиева Клара Есенбаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2858
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой