Инфоурок Биология Другие методич. материалыРазработка по биологии на тему "Омыртқалы жануарлардың тынысалу мүшелері" (6 класс)

Разработка по биологии на тему "Омыртқалы жануарлардың тынысалу мүшелері" (6 класс)

Скачать материал

№ 36 мектеп-гимназиясы

 

 

 

АШЫҚ САБАҚ

 

 

Тақырыбы:   Омыртқалы жануарлардың   

                 тынысалу жүйесінің құрылысы

 

 

 

Сыныбы: 6

 

Пән мұғалімі:   Демеубаева Г.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: § 39. Омыртқалы жануарлардың

               тынысалу жүйесінің құрылысы.

 

Сабақтың типі:                 Жаңа ұғымды меңгерту

 

Сабақтың мақсаты:        Тынысалу жүйесінің жануарлардың даму деңгейімен, тіршілік ететін ортасымен байланыстылығы туралы оқушының түсінік ұғымдарын тереңдету; жекелеген мүшелер, мүшелер жүйесінің құрылысы мен қызметінің біртіндеп күрделенуін меңгерте отырып, түсінігін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:                Оқушыларға омыртқалы жануарлардың тынысалу мүшелері мен ондағы жетекші роль атқаратын өкпенің біртіндеп дамып жетілетінін түсіндіру.  

Тәрбиелік:                 Мәселені талқылаудың, ой өрбітудің тәсілдерін үйрету, баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын жетілдіріп, танымдық қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:        аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:       интерактивті тақта арқылы түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:   интерактивті тақта, жануарлардың ішкі құрылысы бейнеленген плакат

Пәнаралық байланыс:   география, математика, қазақ тілі

 

Сабақтың барысы: І.    Ұйымдастыру

ІІ.    Білімдерін тексеру

ІІІ.  Жаңа ұғымды меңгертуге әзірлік

IV.  Жаңа ұғымды меңгерту

V.   Жаңа ұғымды алғашқы ұғынуын бақылау

VI.  Шығармашылық тапсырма беру

VII. Қорытындылау

VIII.Үйге тапсырма

IX.   Бағалау

 

 

І.    Ұйымдастыру

         Оқушылардың сабаққа қатысын, оқу құралдарын тексеру, сабаққа назарын аудару.

 

ІІ.    Білімдерін тексеру

Сырыққа шығу – «Әркімнің өзі шығар биігі бар»

 

1-тапсырма: «Миға шабуыл»

А) Балықтың ішкі құрылысы мен сандар берілген. Әр санға балықтың ішкі құрылысының атауын жаз. (ауыз қуысы, жұтқыншақ, қарын, бауыр,  ішек)

Ә) Тынысалу мүшесі жоқ. Суда еріген оттегін бүкіл денесімен сіңіреді. Көмірқышқыл газы дене жабындысы арқылы сыртқа шығарылады. Газалмасу денесінің әр жасушасында өтеді.  Бұл қай жануар туралы айтылады?  (ішекқуысты – гидра)

 

2-тапсырма: «Артығын тап»

Алдарыңда үш жануар берілген, солардың ішінде біреуі артық, айтып дәлелде. (артығы – инелік, себебі омыртқасыз жануар)

 

3-тапсырма: «Сөйлемді толықтыр»

Гидра жемді ............. арқылы аузына апарады және жұтады. Жер жартылай ........ ........... қорытындылады, ас одан әрі ........... қорытылады. Қорытылмаған қалдық заттар ........ арқылы сыртқа шығарылады. (қармалауыштары, ішек қуысында, вакуольде, ауызы)

 

4-тапсырма: «Жануарларды тауып көр»

1.     Қанаты бар тышқан,

Жасырынып күндіз,

Қараңғыда ұшқан. (жарқанат)

2.     Басында ағаш өседі,

Құс бірақ ұя салмайды.

Денсаулық үшін пайдалы,

Мүйізі жерде қалмайды. (бұғы)

3.     Көп-көп ине, көп ине,

Бір сабағы жоқ ине,

Іс тікпейді, әрине. (кірпі)

4.     Түрі – мысық бейнесі,

Жолақ-жолақ жейдесі. (жолбарыс)

5.     Ештеңе мінгізбейді арқасына,

Баласын салып алар қалтасына. (кенгуру)

 

 

ІІІ.  Жаңа ұғымды меңгертуге әзірлік

Алтын қабақ ату – «Өнер ағып тұрған бұлақ,ілім жанып тұрған шырақ»

1.     Жануарларды қандай  топтарға жіктейміз?

2.     Жануарларда қандай мүшелер жүйесі кездеседі?

3.     Шұбалшаң қандай ағза және қалай тыныс алады?

4.     Шаршылы өрмекшінің тыныс алу мүшесі қай жерде орналасқан?

5.     Қоңыздардың тыныс алу мүшесі қалай аталады?

 

IV.  Жаңа ұғымды меңгерту

Тал отырғызу – «Әдепсіз өскен баладан тәртіппен өскен тал жақсы»

 

Сабақтың мақсаты: Тынысалу жүйесінің жануарлардың даму деңгейімен, тіршілік ететін ортасымен байланыстылығы туралы оқушының түсінік, ұғымдарын тереңдету. Жекелеген мүшелер, мүшелер жүйесінің құрылысы мен қызметінің біртіндеп күрделенуін меңгерте отырып, түсінігін кеңейту.

 

Тынысалу мүшелері мен мүшелер жүйесінің негізгі ерекшелігі жануарлардың даму деңгейімен, тіршілік ететін ортасына тікелей байланысты. Мысалы, суда тіршілік ететін жануарлардың көпшілігінде тынысалу жүйесінің негізгі мүшесі – желбезек.

Балық желбезегі 3-4 желбезек доғаларынан құралады. Әр доғаның бір жағында желбезек жапырақшалары,  екінші жағында желбезек талшықтары болады. Оны сыртынан желбезек қақпашасы жабады. Балық суды толассыз жұтады. Су ауыз қуысынан желбезек жапырақшаларына барып, сол арқылы суда еріген оттегін қанға сіңіреді. Денедегі көмірқышқыл газы суға қосылып, желбезек қақпашасы арқылы сыртқа шығады.

Судағы еріген оттегімен суда тіршілік ететін кейбір жануарлардың дернәсілдері балық сияқты тыныс алады.

Хордалылардың тынысалу жүйесінің тыныс жолына сәйкес келетін мүшелерінің реті: танау тесігі – көмекей – кеңірдек – өкпе. Бұл жүйедегі газ алмасатын негізгі мүше – өкпе. Қалған мүшелер өкпеге ауа жеткізу қызметін атқарады.

Қосмекенділердің көпшілігі өкпемен тыныс алады. Тыныс алуға тері де қатысады, себебі, олардың өкпесі нашар дамыған. Сондықтан қосымша газ алмасу – тері арқылы жүреді. Қосмекенділердің жұп өкпесі сопақша пішінді, ұяшықтары бар, қылтамырлармен торланған. Қосмекенділердің алқымы төмен түскенде ауыз қуысы кеңіп, танау тесігі арқылы ауа енеді. Алқымы көтеріліп, тандаймен жанасқанда, танау тесіктері жабылады, ауа жұтқыншақ арқылы өкпеге өтіп, газ алмасады.

Жорғалаушылардың терісі мүйізді қабыршақпен қапталған. Оларда тері бездері болмайтындықтан құрғақ. Сондықтан олар тері арқылы тыныс алмайды. Өкпесінің пішіні мен құрылысы қосмекенділерге ұқсас болса да, көлемі мен жанасу беті аумақты әрі көп ұяшықты.

Құстардың өкпесі жақсы дамыған, тығыз ұяшықты, ішіне ауатамыр тарамдалған, алдыңғы және артқы ауа қапшықтарынан тұрады. Құстың тынысалы қанат қағысымен байланысты. Қанат көтерілгенде кұстың көкірек қуысы кеңейіп, ауақапшықтары созылады. Ауа өкпеден алдыңғы ауа қапшықтарына өтеді. Өкпе және артқы ауа қапшықтары сырттан келген ауамен толады. Қанаты төмен түскенде көкірек қуысы кішірейеді, артқы ауа қапшықтарындағы ауа өкпеге сығылып келеді. Өкпедегі көмірқышқыл газы сыртқа шығарылады. Сөйтіп қан оттегімен екі рет қанығады. Алғашында көкірек қуысы кеңігенде сырттан келсе, екінші мәрте көкірек қуысы тарылғанда артқы ауа қапшықтарынан келеді. Құстардағы бұл құбылысты қосарлы тынысалу дейді.

Сүтқоректілердің өкпесінде ауа тамырлар таралып, оның төменгі ұштары өкпе көпіршіктерімен аяқталады. Өкпе қылтамырлары жиі тор түзеді.осыдан сүтқоректілердің өкпесі қанды оттегімен қамтамасыз етеді. Тынысалуды өыбырға арасындағы бұлшықеттер мен көкірек, құрсақ бөлімдерін бөліп тұратын көкеттің жиырылып, босаңсуы қамтамасыз етеді. Сүтқоректілердің көмекейінде дыбыс сіңірлері жақсы дамыған, сондықтан олар әр түрлі дыбыс шығарып, өз туыстарына, үйірлеріне қай жерде екенін, қауіп-қатер туралы хабар беріп, білдіреді.

Тыныс алудың мәні – ағза оттегімен үздіксіз қамтамасыз етіліп, көмірқышқыл газын үздіксіз шығарылуы, яғни газ алмасып отырады.

Бүгінгі сабағымыздың мазмұны осындай.

 

V.   Жаңа ұғымды алғашқы ұғынуын бақылау

Күш сынасу – «Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады»

 

1-тапсырма. «Сауалнама»

1.     Тынысалу жүйесінің негізгі мүшесі – желбезек:

Ø бақа дернісілінде, балықта

Ø балықта, өзен шаянында

Ø балықта, тасбақада

2.     Қосарлы тынысалу қай жануарлар класына тән?

Ø сүтқоректілерге

Ø жорғалаушыларға

Ø құстарға

3.     Тері арқылы тыныс алады:

Ø қолтырауын

Ø балық

Ø бақа

4.     Құрлық омыртқалылардың тыныс алу мүшесі?

Ø желбезек

Ø өкпе

Ø тері жабыны

      5. Газ алмасатын ең негізгі мүше:

Ø көмекей

Ø кеңірдек

Ø өкпе

6. Құстардың өкпесіндегі ауа қапшықтары-ның көлемі өкпенің жалпы көлемінен неше есе артық?

Ø 10

Ø 20

Ø 30

 

2-тапсырма: «Сызықты диктант»

Сендерге 10 сөйлем оқимын. Егер ұғым дұрыс болса « ˄ », қате болса «  ̶  » белгілерін қоюларың керек.

1)    Балық желбезегі 3-4 желбезек доғаларынан тұрады (˄)

2)    Қосымша газ алмасу желбезек арқылы жүреді ( - )

3)    Қосмекенділердің жұп өкпесі сопақша пішінді (˄)

4)    Қосарлы тынысалу тек сүтқоректілерге тән ( - )

5)    Жорғалаушыларда ауа өкпеден алдыңғы ауа қақпашасына өтеді ( - )

6)    Бақа суда да, құрлықта да тері арқылы тыныс алады (˄)

7)    Сүтқоректілердің көмекейінде дыбыс сіңірлері жақсы дамыған (˄)

8)    Ауа қапшықтарының көлемі өкпенің жалпы көлемінен 20 есе артық ( - )

9)    Қосмекенділердің терісі – жұмсақ, жұқа (˄)

10)Құс қанаты төмен түскенде көкірек қуысы кеңейеді ( - )

VI.  Шығармашылық тапсырма беру

Арқан тартыс – «Асу бермес асқар жоқ»

 

1-тапсырма: «Биологиялық эстафета»

Сұрақтың дұрыс жауабы бастапқы сөз болады, сол сөздің соңғы әрпінен әрі қарай жануарларға қатысты сөздер жазу керек

Мысалы, негізгі мүшесі желбезек болып табылатын жануар? – балық:

Балық – құс – сүтқоректі – ішек – көз – зәршығару

 

Сұрақ: құрлық омыртқалылардың тынысалу мүшесі? – өкпе:

 Өкпе – есек – кенгуру – уылдырық – құс – сазан т.б.

 

2- тапсырма: «Адасқан әріптер»

Сендерге әріптер алмасқан сөздер берілді, қандай жануар екенін табу керек.

3-тапсырма: «Сәйкесін тап»

Алдарыңда суреттер мен тынысалу мүшелері берілді, өзара байланысын көрсету  керек.

 

 

Өкпе, тері – бақа;  Желбезек – балық, бақа дернәсілі

Өкпе – құс, піл, қолтырауын.

 

VII. Қорытындылау

Той тарқар – “Білімнің басы бейнет, түбі зейнет”

 

Бүгінгі сабағымызды «Сан тылсымын шешу» арқылы бір сөйлеммен қорытындылағым келіп отыр. Ол үшін жасырын сөйлемді мына сандарды шешу арқылы таба аламыз. (Тыныс алу – тіршіліктің шарты)

30 – 2, 30 – 3, 10 – 2, 30 – 3, 5 – 3 / 6 – 1, 50 – 2, 50 – 3  ---

4 – 1, 2 – 3, 40 – 3, 3 – 2, 2 – 3, 50 – 2, 2 – 3, 2 – 2, 30 – 2, 2 – 3, 1000 – 3 /     

 3 – 2, 6 – 1, 40 – 3, 4 – 1, 40 – 2

 

VIII.Үйге тапсырма

§ 39 тақырыпты оқу.

1.     Омыртқалы жануарлардың біреуіне «Сан тылсымын шешу» тапсырмасын орындау.

2.     Құс өкпесінің құрылысының суретін салу (90-сурет)

 

IX.   Бағалау

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка по биологии на тему "Омыртқалы жануарлардың тынысалу мүшелері" (6 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 187 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 1147
    • DOCX 346.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Демеубаева Гульбану Сембековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22495
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Методика подготовки к ЕГЭ по биологии в соответствии с новой структурой и содержанием КИМ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 142 человека

Курс повышения квалификации

Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 329 человек

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 22 регионов