Инфоурок Музыка КонспектыРазработка урока музыки на тему "Ой толгау" 6класс

Разработка урока музыки на тему "Ой толгау" 6класс

Скачать материал

                                                                                      Мектепова Жайнагул Ермековна

                                                                               №50 орта мектеп

Музыка пәні мұғалімі

                                                             Ақтөбе қаласы

Музыка сабағы               6 класс

Сабақтың тақырыбы: Ой толғау.

Сабақтың мақсаты: Өнердегі жанр түрлерімен таныстыру.

Білімділік: Музыка мен бейнелеу өнеріндегі жанрлар жайлы әңгімелеу. Суретшілер мен композиторлар туралы мәлімет бере отырып, шығармаларының мазмұнын ашу.

Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру, танымдық белсенділігін арттыру, тіл байлығын, музыка сауаттын дамыту.

Тәрбиелік: Композитор мен суретшілердің  шығармалары арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу,  өнер адамдары  көтерген тағылымды дүниелерден үлгі – өнеге алуға шақыру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Венн диаграммасы, шығармашылық ізденіс жұмыстары, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,  суретшілер  шығармашылығына арналған слайдтар, ақ қағаздар

Пәнаралық байланыс:  Әдебиет, бейнелеу

Сабақ барысы:

І.Қызығушылығын ояту.

1.Әндетіп амандасу.

2.Психологиялық тренинг

3. Ой қозғау.  Үй тапсырмасын сұрау

-  Табиғатты бейнелейтін күйлер мен әндерді ата?

-  Қастеев кім, қандай шығармалары бар?

-  Ә.Қастеевтің «Қарлы Алатау» суретінің мазмұнын қалай түсіндіресің?

-  Суретші жазғы жайлауды қалай бейнелейді?

-  Пейзаж дегеніміз не?

ІІ. Мағынаны тану. Ой толғау.

1. Музыка мен бейнелеу өнеріндегі жанрлар жайлы әңгімелеу.

Композиторлар мен суретшілер әр түрлі музыка шығарып, көптеген суреттер салады. Кейбір суреттер белгілі бір адамдарға арналса, келесі бірі табиғатты кескіндейді. Үшіншісі адамдардың  күнделікті өмір тіршілігін бейнелейді. Музыкалық шығармалар мен көркемдік суреттердің үлкен  жиынтығы мазмұны жағынан түрлі жанрларға бөлінеді.

Өнердегі жанр – шығармалар жиынтығы. Олар образдық мазмұны мен көңіл-күйіне және

көркемдеуші құралы мен орындау техникасына байланысты ерекшеленеді. Түрлі жанрлар әр түрлі  тарихи кезеңдерде қалыптасып, дамып отырған. Кейде олар өзгеріске ұшырап, жаңа жанрларға ауысып  тіпті ұмытылып та кетеді.  Әрбір халықта өздеріне тән жанрлық ерекшелігі бар. Қазақ мәдениетінде сондай ерекше жанрлардың  бірі – күй. Күй – адамның терең сезімі мен ой толғауын жеткізе алатын музыкалық шығарма. «Той бастар» атауымен аталған күйлер мен әндер мерекелік көңіл-күйді көрсетсе, «Ақжелең» жанрындағы  күйлер тобы әйел образындағы лириканы бейнелейді. Ал, «Қосбасар» атты күйлер мұң мен шерді  толғайды. «Қайран, өттің дүние!» - адамның өмірмен қоштасуы немесе өткінші дүниеге арналған күйлер.  «Толғау» күйлер - ежелгі аспаптық музыкамыздағы өмір жайлы фәлсафалық ой қозғайтын  жанрлардың бірі. Қобыз аспабында орындалатын Ықластың «Кертолғау» атты күйі қас-қағым өмірдің  ағымын бейнелейді. Қазақ халқы «Қамшының сабындай қысқа ғұмыр» немесе «Бес күндік өмір» деп  теңеу айтқан. Бұл күйде көзді ашып жұмғандай өте шығатын өмірді елестеткендей әсер қалдырады.  Созылмалы мұңды әуен, салмақты да сабырлы ырғақ, қарт қобыздың қоңыр дыбысы адамның қайғы- шерінен тіл қатқандай.

Күйдегі «Толғау» жанры көптеген күйші-композиторлардың шығармашылығынан орын алған.  Себебі, кез-келген адам өмірді сүре келе ой толғауы заңды құбылыс. Адам өз өміріндегі жақсы мен  жаманын, дұрысы мен бұрысын сараптайтын кезеңге жетеді. Сондықтан болар, «Толғау» жанры бүгінгі  күндегі композиторлар мен суретшілердің шығармашылығында да өз жалғасын тапты.  Қазақ мәдениетінде сурет өнері ХХ ғасырдың басында пайда болды. Сол себепті, дәстүрлі музыка  көптеген суретшілердің шығармашылығына арқау болды.

 2. Әлібай және С.Бапановтардың «Ойға шому», «Тылсым дүние» гобелені туралы мағлумат беру             

  Әлібай және С.Бапановтардың «Ойға шому» гобеленінде табиғаттың тынысын бейнелегендей:  аспанға керіле ұмтылған ағаштар, аспан мен суға шағылысқан қызыл-сары, жасыл түсті жапырақтар  арасынан елес болып көрінген сәукелелі қыз бейнесі. Бұл суреттен адамның ішкі әлемін, оның ой- арманын, көңіл толқынысы мен ой-толғауын көруге болады. Бұл суретке зейін салып қарасаң, сурет  әуендетіп тұрғандай әсер қалдырады.

3. Музыка тыңдау.

Ғазиза Жұбанованың «Прелюдия» атты шағармасын тыңдайық.

Ғазиза Жұбанованың «Прелюдия» атты шығармасын «Толғау» жанрына жатқызуға болады.  Прелюдияда дыбыстар тылсым тыныштықтан туындап жатқандай: әуелі – бір дыбыс, онан соң екінші,  үшінші. Бірте-бірте әуен пайда болып, өте жәй екпінде, минорлы ладта дыбыстала бастайды.  Ғ.Жұбанованың «Прелюдиясы» өмірге қайта келген күй іспетті. Ғасырлар керуені көшіп өтті. Ал,  фортепианоға арналған бұл «Толғау» қазіргі заманның тыныс-тіршілігін толғап жатқандай!  Қазақ мәдениетінің терең тамырына бойлай білген композиторлар мен суретшілер қарт заманнан  үлгі алып, ғасырлдар бойы жалғасқан арман мен қиялдың шексіздігін танытқандай!

4. Шығармашылық жұмыс.

Ғазиза Жұбанованың «Прелюдия» атты шағармасын тыңдай отырып өз ойларын сурет арқылы бейнелеу.

5. Біліп ал! Топтастыру стратегиясы

Ғазиза Жұбанова (1927-1993) – қазақтың әйгілі композиторы.  Қазақстан халық әртісі. Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге  келген. Ғазиза Жұбанованың шығармашылығына әкесі Ахмет  Жұбанов ықпал еткен. Ол «Еңлік Кебек», «Жиырма сегіз» және  «Құрманғазы» опералары, «Аққұс туралы аңыз», «Хиросима»,  «Қарагоз» атты балеттері, «Жігер», «Ақсақ құлан» атты  симфониялық поэмаларын жазды. Көптеген фортепиано мен  скрипкаға арналған шығармалар, поэмалар мен квартеттер,

фантазиялар мен әндер т.б. музыкалық туындылардың авторы.

6.Түсініп ал!

Жанр – музыка, әдебиет және сурет өнеріндегі шығарма. Мазмұны мен көркемдеуші құралдары  жағынан ортақ туынды.

Күйдегі жанрлар: Той бастар, Ақжелең, Қосбасар, Толғау.

Пейзаж – сурет өнеріндегі жанр, табиғатты бейнелеу.

Прелюдия – фортепиано музыкасындағы жанр. Бір көңіл-күйдегі қысқа шығарма.

7.Дауыс жаттығулары

Ма, мэ, ми, мо, му

Бра, брэ, бри, бро,бру

8.Ән айту.

- Т.Базарбаев «Ауылым» әнін жатқа орындау

- С.Сейфуллин «Тау ішінде» әнін қайталау.

 

 

ІІІ. Ой толғаныс.

Сұрақтар:

1. «Өнердегі жанр» деген ұғымды қалай түсінесің?

2. Күй өнеріндегі жанрларды ата?

3. «Толғау» жанрындағы күйлер нені баяндайды?

4. «Толғау» жанрындағы суретшілер мен композиторлар нені толғайды?

ІҮ. Бағалау.  Оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Ү. Үйге тапсырма:

1. «Ой толғау» тақырыбын оқып келу.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока музыки на тему "Ой толгау" 6класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.10.2015 963
    • DOCX 38.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мектепова Жайнагул Ермековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мектепова Жайнагул Ермековна
    Мектепова Жайнагул Ермековна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14009
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении эстрадному вокалу

Преподаватель эстрадного вокала

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 267 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания музыки в общеобразовательной организации

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 249 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на гитаре

Преподаватель игры на гитаре

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 215 человек

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 180 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек