Инфоурок Классному руководителю КонспектыРазработка внеклассного занятия на тему: "Шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстан!" (9 класс)

Разработка внеклассного занятия на тему: "Шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстан!" (9 класс)

Скачать материал

                                                

Сыныбы:9 «В»

Тәрбие сағатының тақырыбы:     Шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстан!

Мақсаты: оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту, елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.

Формасы:  тәрбие сағаты

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты қанатты сөздер жазылған плакаттар, суреттер, слайдтар.

Тәрбие сағатының өткізілу барысы:

І. Кіріспе әңгіме

ІІ. Негізгі бөлім: 1.Өткен тарихқа шолу

                            2. Өткен жылдар жемісі

                            3. Мен мадақтаймын сені, менің Отаным, менің Қазақстаным!

                            4. Тәуелсіз Қазақстанымды әнге қосамын

ІІІ. Қорытынды

Мұғалім:

Қазақстан, Қазақстан алтын күн,
Жанымызды жарылқайтын жарқын күн.
Аталдың сен барлық әлем тілінде,
Атыменен қазақ деген халқыңның.

«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз.Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы

Халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық тарихы бар. Ерлік пен елдіктің талай үлгісін көрсете білген ата - бабаларымыздың табанды күресінің арқасында бірлігін сақтай отырып, «Қазақ» деген іргелі елдің шаңырағы көтерілді. Пешенесіне талайлы тағдыр батпаңдап қайғы мен қасірет жазған халқымыздың азаттық үшін туылған ақтық бұлқынысы желтоқсан жаңғырығына айналып, әлемді дүр сілкіндірді. Сол сілкіністен бастау алған азаттық күресі 1991 жылы Тәуелсіздік болып салтанат құрды. Бұл қазақ халқы үшін, Қазақстанды Отаным, елім, жұртым деп білетін әрбір қазақстандық үшін үлкен оқиға, зор қуаныш. Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан!

         Әрине, Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздік - кешегі қанға бөккен боздақтардың рухы. Әрісі күллі бабаларымыздың аңсар арманы, мақсат-мұраты еді. Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 21 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.

Тәуелсіз елдің тілегі - бейбітшілік, тыныштық, келешегі - білімді ұрпақ. Ал білімді ұрпақ әрине, өздерің емессіңдер ме?! Олай болса, сөз кезегін оқушыларға берейік.

1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар, оқушылар!

2-жүргізуші: «Шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!

1-жүргізуші:

Тәрбие сағатымыз мынадай бөлімдерден тұрады:

                            1.Өткен тарихқа шолу

                            2. Өткен жылдар жемісі

                            3.Мен мадақтаймын сені, менің Отаным, менің Қазақстаным!

                            тақырыбында оқушылардың ой -толғаныстары

                            4. Тәуелсіз Қазақстанымды әнге қосамын

Ендеше, Марат өткен тарихымызға шолу жасайық.

2-жүргізуші:

ХҮ ғасырда  қуатты қазақ хандығы құрылды. Алайда тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады.Ұлан- байтақ елімізге жан-жақты көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен- қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. ХҮ ғасыр басында дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды. Жұрт Алакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады.Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты.

1-жүргізуші: ХҮІІІ- ХІХ ғасырларда халқымыз  еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды.  Ұлан- ғайыр жеріміз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара бұлт серпілмеді. ХХ ғасырдың 16- жылы  маусым жарлығына жігіт бермейміз деп, қарсылық көрсеткендері оққа ұшырады, қаншасы өз жерінде қырғын көрді. Жаяу жалпы, үй- күйсіз Қытай жеріне жетті. Жаны ашитын жан жоқ. Балаларын бір шелек бидайға сата бастады.

2-жүргізуші: Біздің 1917 жылы  бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде  өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. 1923- 1933 жылдарда  болған адам айтса нанғысыз ашаршылыққа 9 миллиондай халықтың 2,2 миллионы опат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім. Әл жоқ, дымы құрыған қазақтар, елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінде атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 578 мың.

1-жүргізуші: 1941- 1945 жылдар аралығында  адамзат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті.

1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін  аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін  әлемге паш етті.

Ұлттық намысымызды оятып, салт-санамызға қозғау салған тәуелсіздігімізді біртабан жақындатқан қуанышты да, қайғылы күн – «желтоқсан оқиғасы»

Осы желтоқсан оқиғасына байланысты 8515 адам ұсталып, прокуратура 5324, мемлекттік қауіпсіздік комитеті 550 адамды тергеді. Түрлі дәрежедегі жарақат алған 1283 адам қаланың медицина мекемелеріне барды. Олай болса,көрініске назар аударайық!

«Қайрат тағдыры» сахналық көрініс

2- жүргізуші:

Бұл күн ешқашан ұмытылмақ емес, ешқашан ұмытылмайды да. Тәуелсіздігімізді біртабан жақындатқан аға, апаларымызды 1 минут үнсіздікпен есе алайық!

1-жүргізуші: Рақмет! « Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Осындай ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүниежүзіне танылуда. Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті.

Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі маңыраған, өндірісі өркендеген  мекенде өмір сүруші әрбір адам өз  Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

1-жүргізуші:

 Отаным- алтын бесігім. Әлдилейді, тербетеді. Әлемде менің елімдей ел         жоқ деп айқайлап айтқым келеді. Мұның сыры туған жерге деген ыстық махаббат та сияқты.       Қасиетті Отаным- бесіктен бастап аялы алақанына салып ,ер жетіп есейгенде біздің азаматтығымызға баға беретін ұлы анамыз.

Ендеше «Алтын бесік» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын Сая

ІІ.  Өткен жылдар жемісі

 1991жылы 1 желтоқсанда ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сайланды,ал қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1992 жылы 2 наурызда ҚР БҰҰ мүше болып қабылданды, сонымен қатар

 4 маусымда ҚР Жоғары Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.

1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді, ол еліміз өміріндегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды.

1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.

 1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік, және 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды.

 1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

 1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді. Осы жыл « Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белгіленді

1988 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты және «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды.

1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.

2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды.

2001 жыл - ҚР Тәуелсіздігіне  - 10 жыл.

2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді.

2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды.

2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.

2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды.  Бұл жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды. Сонымен қатар қаңтардың 6-да әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.

2007 жыл – қазақ тілін қорғау жылы.

2008 жыл – Астана – Елбасы ерлігі жылы. 1-6 шілдеде Астана қаласының 10- жылдығы және осы жыл  Германиядағы Қазақстан жылы болды.

2010 жыл – 28 маусымда Астанада Назарбаев университеті ашылды.

2011 жыл – ҚР Тәуелсіздігіне -  20 жыл.

2012 жыл – 1 желтоқсанда тұңғыш Президент күні болып белгіленді.

 

Гүлдана

Менің елім – Қазақстан, Отаным,

Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.

Мәңгілікке қымбаттысың, туған ел,

Арта берсін абыройың, атағың.

Мырзадаулет

Менің елім – Қазақстан жүрегім,

Тек өзіңсің, Отан- Ана тірегім.

Аман болсын елім, жерім, ұрпақтар,

Тәңірден осы менің тілерім.

Серік

Мен қазақпын, казағым деп күйемін,

Отанымды, ел-жұртымды сүйемін.

Қазағым деп, алашым деп әрқашан,

Отанымның алдында бас иемін.

Нұрбек

Мен қазақпын, қарапайым балаңмын,

Еркін өскен мынау жазық даланың.

Отанымның болашағын ойлайтын,

Қазағымның ертеңіне алаңмын.

Лаура

Туған елдің жырын жырлап ғарыштан,

Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.

Келешегі кең өрісті, кемелді,

Жайна мәңгі, Қазақстан-Гүлстан.

Мұратжан

Қазақстан, менің асыл аймағым,

Қуантады күнге құшақ жайғаның.

Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап.

Жамал

Жаса елім, жаса достық, бірлікпен,

Көштен қалма, қалма және тірліктен.

Елім менің – Қазақстан, Отаным,

Алға өрле үшінші бір жылдықпен.

Диана

Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім – Қазақстан, Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі.

 

1-жүргізуші:

 Күніндегі гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық- нық басып.
Биімен көрерменді тәнті ететін,
Бишілер келді міне толқып, тасып.

 «Тойға шашу » биін қабыл алыңыздар!

1 -жүргізуші:«Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» деп ұрандатқан бүгінгінің Бауыржандары – қарулы күш сарбаздары. Олар – ел қорғандары. «Қиядан қиқу төгілсе, аттың басын тартпаған, қисапсыз қол көрінсе, қорқып жаудан қайтпаған» ержүрек елдің ұрпақтары бүгінде Отан алдындағы борышын адал өтеуде. Қарулы күштер сарбаздары өздерінің ісімен де, күшімен де қыран қазағымның қанаты қырқылмағанын, қайта көкке қарай өрлегенін, ұлттық  рухы өлмегенін, халқының қанында, ұрпағының жадында жүргенін дәлелдеді.

2-жүргізуші:  Иә,олар «Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмыла қызмет ет» деген Бауыржан Момышұлының өсиетін бұлжытпай орындап келеді. Елім деп белін бекем буған, ұлтын сүйген ұландар «Көл бар жерде сүйрік болып,  құс бар жерде қанат болып, күш бар жерде қуат болып», тәуелсіз елімізде тыныштық ордасын орнатты. «Бізде азамат сыны - ерлік» деп, М.Әуезов айтқандай-ақ, отбасынан алыста жүрсе де, ел қорғаған сарбаздар әрдайым Отанымен бірге болып, ел тыныштығын сақтап келеді

 

«Сарбаздар» әні орындайтындар Сая мен Азамат

 

ІІІ. « Мен мадақтаймын сені, менің Отаным, менің Қазақстаным!» тақырыбында оқушылардың ой толғанысына кезек берейік.

 

           Гүлия:   : Әр адамға сүйікті Отанынан, туған елінен қымбат ешнәрсе жоқ. Мен де Қазақстанымды адал, сәби бала жүрегіммен мақтан етемін. Елім менің! Бұл өз үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз, шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары,

осының бәрі – туған елдің бір бөлшегі.

           Сая:          Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Балғын балалық шақ! Сәуірде бүршік атқан, қылтиып күн көзіне көрінген балауса көк шөп. Күннің қызғылт шапағына бөленген үйлер, осының бәрі тұтас туған ел!

 Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей күйге жүрегімді бөледің.

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім, -

деп, Қасым ақын толғанған қасиетті мекеніміз – Қазақстан егемен ел болып, өркендей түсуде. Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында.

           Лаура:  «Отан» деген сөз әуелде көшпелі өмір сүрген ата-бабамыздың от жағып, тіршілік еткен ұясы деген ұғымнан шықса керек. Отан үшін от пен оққа кеудесін тосқан Бауыржан ата: «Отан үшін отқа түс, қүймейсің,» - деп аманат қалдырған. Осындай Отанын сүйген және одан да қуат алған, ел қорғаны болған қазақ перзенттерінің есімі мәңгілік есімізде қалады.

Жанел: Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз. Сол қазынамызды ардақтай білу үшін әрқайсымыз алдымен өз тілімізде сөйлеуіміз керек. Бірақ өзіміздің қаракөздеріміздің көпшілігі әлі ескергісі келмейтін сияқты. Әр қазақ қазағымен өз ана тілімізде сөйлесейік дегім келеді. Себебі, ана тіліміздің тағдыры - қазақтың әрбір отбасында. Қазақ тілін біле тұрып, ол тілде сөйлескісі келмеу де намыссыздықтың ашық көрінісі. Еліміздің тәуелсіздігін танытатын туған тіл болашақта толық күшіне енетініне сенімдімін.

          Айгүл:  Күн сайын елімнің дархан даласында арайлап таң атып, көк аспанда құстар сайрап, қызарып кеш батады. Табиғаттағы тіршілік салтанаты халықтың бірлік-берекесі, тыныштығымен жымдасқан. Қазақ халқы кең даласында бейбітшілік бесігінде тыныш тербеліп жатыр. Осы әрбір таңымыздың арайлап атуы - еліміздің шекарасын қорғап  тұрған әскерлеріміздің маңдай тері. “Өзін-өзі қорғай алған елдер ғана өсіп-өркндейді”, - дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Құралай: Ата-бабаларымыз сыйға тартқан бақытты өмірімізді қорғау әрбір саналы азаматтың борышы. Қан мен тер, мерт еткен өмір арқылы келген бостандық – тарихи  шындық.  Ата-бабамыз, әже-апаларымыз салып кеткен дәстүрді берік ұстап, ел азаматы болу бүгінгі ұрпақтың қастерлі де бұлжымас абыройлы міндеті. Әрбір саналы азамат өзінің елі мен жерін қастерлеп, оны шексіз сүюі үшін аянбай еңбек етіп, өзінің бойындағы қасиеттерінің бәрін соған арнайды, қорғайды. Ел-жұртын құрмет еткен азамат – халықтың ұлы, оның нағыз перзенті.

          Бақыт:  Біз сияқты әр жастың жүрегі соққан сайын Отаным, елім, халқым деп соғуы керек. Сонда ғана сен өз халқыңның, Отаныңның бұрынғысы мен бүгінгісін ой елегінен өткізе жүріп, оның өзіңе қалай қымбат екенін сезінесің.Бірақ, осы заманды, бейбіт, тыныш өмірді өткізе жүріп қасық қаны қалғанша жер-ана үшін, Отан үшін, халқы үшін жанын шүберекке түйіп Отан үшін жан пида деп, отқа оранған, оққа боранған майдан даласындағы, ерлерімізді, батырларымызды қалайша ұмытамыз?!

  Наргиз: Балдан да тәтті, құлаққа ерекше естілер сөз, қадірлі-қасиетті ұғым – тәуелсіздік. Мен «рухы – өр, тәні – бекем, қайсар халықтың» ұрпағымын, азат елдің ашық аспанын көріп өскен бақытты ұрпақпын! Тәуелсіздіктің ата-бабалар арманы болғанын, тәуелсіздіктің ақ таңы көзден шыққан ыстық жас пен көкіректен шыққан ыстық қанға боялып келгенін білемін. Тәуелсіздік, бүгінгі күні көк аспанға шаттана қаратқызған, еңсемізді биік ұстатқан тәуелсіздік, арман – тәуелсіздік!

Азамат:  Қазақстан – тәуелсіз, егеменді, байтақ ел! Тәуелсіздік – кім-кімнің де жүрегіне жағымды, жайлы сөз. Қалай тебіренбессің?! Қалай толқымассың?! Нағыз елсүйгіштіктің арқауы осы сөздерде жатқан жоқ па? Егер дөңгеленген дүниенің дүрсілдеп тұрған жүрегі оның егемендігі десек, сол жүректі соқтыратын қаны – жас ұрпақтың ертеңгі таңы арайлап ату үшін атқарылып жатқан адал еңбек.

         Аида:  Азияның жүрегі – Қазақстан болса, Қазақстанның дүрсілдеп тұрған жүрегі – Астана. Жаңа Астана – тәуелсіз Қазақстан үшін келешектің нышаны, тәуелсіздіктің шашуы. Міне, бүгінгі таңда қазақтың дархан даласында азаттықтың алып қоңырауы соғылып, халқымыз бостандықтың жаңбырына жуынды. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі  - еркіндік!  Еліміздің еркін өмірдегі бүгінгі табыстарының бәрі де – тәуелсіздіктің жемісі.

Ұлпан:

                                             Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан,

 

-деп, Абай атамыз айтқандай, білімнің шалқар теңізінде ғылымды кеме етіп, өмірдегі лайықты орнымызды табуға, сегіз қырлы бір сырлы болып, өз ана тілімізді, өзге тілдерді де меңгеріп, ұлтын сүйген жас ұлан болып жетілуге еңселі ақ ордамыз тәрбиелейді.

         Жансұлтан:  «Отан отбасынан басталса», менің мектебім – Қазақстан деп аталатын Отанымның бір бөлшегі. Ендеше мектепті сүйген әрбір қызғалдақ Отанын да берік сүйеді.

Отан  – әрбір адамның қорғауға міндетті қастерлі мекені. Отанын сүйетін әрбір азамат атадан балаға қанмен тараған ерлікті біліммен толықтырса, төңірегіне нұр шашып тұратын қуатты күшке ие болмай ма? Отаншылдық деген сөзді Абай атамыз: «Атаның баласы болма, адамның баласы бол»  деген бір ауыз сөзі тұжырымдайды.

1-жүргізуші:

                              Қазақ жігіттері!

                               Сендерге артар міндет көп.

                                   Көтер биік Отаныңды құрметтеп

                               Ақтай білсең ата-баба үмітін

                               Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп-дегендей қазіргі орындалатын ән«Алға, қазақ жігіттері!» әні орындайтын Азамат

1-жүргізуші: 
         
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

2-жүргізуші: 
         Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

          Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!

1-жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иеміз ата баба рухына.

Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

                         Өткеніңді еске алсаң,

                         Өскеніңнің белгісі.

                         Өткеніңді ұмытсаң,

                         Өшкеніңнің белгісі,

- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

 

1-жүргізуші: Шарықтап шыңға ұмтыла бер, туған елім- Қазақстан

 

Хор «Менің Қазақстаным»

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка внеклассного занятия на тему: "Шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстан!" (9 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 830 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.01.2017 667
    • DOCX 77 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожагулова Гульнар Кылышбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4448
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 97 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 123 человека

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 779 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 003 человека

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 113 человек

Мини-курс

Управление бизнес-процессами и инновациями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе