Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыРазроботка урока по казахскому языку на тему "Асханадағы ас мәзірі" (9 класс)

Разроботка урока по казахскому языку на тему "Асханадағы ас мәзірі" (9 класс)

Скачать материал



Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9 «Д» сынып Мерзімі:


Сабақ тақырыбы: Асханадағы ас мәзірі. Еліктеу сөздер

Сабақтың мақсаты: Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен сөз тіркестерімен таныстыра отырып, еліктеу сөздер жөнінде білім беру.

Міндеттері: 1. Сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады, алған білімдерін нақтылайды;

2. Ынтымақтастықта жұмыс жасайды, өз ойын айтады және қорғай біледі, ізденімпаздық қасиеттері дамиды.

3. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты: бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығаруға дағдыланады.

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Әдіс-тәсілдер: «Кім жылдам?», «Адасқан сөздер» ойыны.

Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, маркер, А1 форматты қағаз.

Көрнекіліктер: слайдты көрсетілімдер, қима қағаздар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология.

Күтілетін нәтиже: Тапсырмалар мен жаттығуларды дұрыс орындайды, тақырыпқа байланысты сөздермен сөйлемдер құрайды, еліктеу сөздерді біліп шығады, ізденімпаздық қасиеттері дамып, алған білімді күнделікті қарым-қатынаста қолданады.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу;

ә) «Тілек шоғы» тренингі.

Оқушылар шеңбер құрайды. Оқушылар бір-біріне тілектер тілейді.

б) оқушыларды топқа бөлу. «Асхана» және «Ас мәзірі» сөздерін «Мозайка» әдісімен жинап, топқа бөлінеді


ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Қазақ халқының қонақжайлылығына байланысты жиі қолданылатын сөз оралымдарын жазып келу. (Төрге шығыңыз, шай ішіңіз, төрлетіңіз, жоғарылатыңыз, қош келдіңіз, астан алып отырыңыз.)


ІІІ Өткен сабақты пысықтау.

«Кім жылдам?» ойыны. Топтарға сұрақтар беріледі. Ұсынылған әріптерден басталатын сөздермен жауап береді. Қ, м, е. Ш, қ, б.

  1. Қазақтың қандай халық? (қонақжай)

  2. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата. (қуырдақ, қазы, мәнті)

  3. Үстеудің түрлері. (мезгіл, мекен)

1. Қазақ дастарқанының сәні не? (Бауырсақ)

2. Қазақтың ұлттық сусындары. (шұбат, қымыз)

3. Мезгіл үстеуіне мысал келтіріңіз. (биыл, бүгін, қазір)




ІҮ Жаңа сабаққа кірігу.

1. Ой шақыру.

-Балалар, топтарыңның аты қандай, қандай сөздер құрадыңыздар?

-Асхана

- Ас мәзірі

-Дұрыс. Демек, біздің сабағымыз не туралы болмақ?

- Асханадағы ас мәзірі туралы.

2. Лексикалық минимум.

Кіреберіс, ас мәзірі, сұйық, біріншіге, сорпа, палау, тұшпара, дүнген кеспесі, сүт, шай, даяшы.

Ү Сөздік жұмысы.

  • Кіреберіс – вход

  • Ас мәзірі – меню

  • Сұйық – жидкое

  • Біріншіге – на первое

  • Еш нәрсе – ничего

  • Сорпа – бульон, суп

  • Палау – плов

  • Тұшпара – пельмени

  • Дүнген кеспесі – дунганская лапша

  • Сүт қатқан шай – чай с молоком

  • Даяшы – официант

  • Әркім өзіне-өзі қызмет етеді – самообслуживание

Тапсырма

  • 1-топ. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.

  • 2-топ. Жаңа сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастыру.



ҮІ Жаңа сабақ.

  1. Лексикалық тақырыпты меңгерту. Мәтінмен жұмыс

А) Тыңдалым.

Асханадағы ас мәзірі

Біз мектепте үзілісте асханаға барып тамақ ішеміз. Біздің асханамыз бірінші қабатта. Асхана кең, тап-таза, жарық, әдемі гүлдер өсірілген. Асхананың кіреберісінде ас мәзірі ілулі тұрады. Ас мәзірінде қою тағамдар, сұйық тағамдар, салат түрлері, тәттілер жазылып қойылған.

Бүгінгі ас мәзірінде қандай тағамдар бар екен? Түскі асқа біріншіге сорпа, кеспе көже, борщ бар екен. Екіншіге: палау, қуырдақ, қуырылған картоп, дүнген кеспесі, мәнті, тұшпара. Әрине, қалауың бойынша сүт қатқан шай, кофе, сусындар алуға болады.

Біз не аламыз? Мен біріншіге еш нәрсе алмаймын. Екіншіге мәнті аламын. Ол өте дәмді. Сосын сүт қатқан бір кесе шай алайын, өйткені мен шайды жақсы көремін. Достарым да өздеріне ұнайтын тағамдарын алады. Біздің асханамызда даяшы жоқ, біз өзіміз кезекке тұрып, керек тағамдарымызды аламыз. Тамақтанып болған соң, өзіміз жинап кетеміз. Әркім өзіне-өзі қызмет етеді.


Ә) Оқылым. Мәтінді тізбектеп оқып шығыңыз.

Б) Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

В) Тілдесім. Жұптық жұмыс. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.


  1. Грамматикалық тақырыпты меңгерту.

Берілген синонимдік қатардағы артық сөзді табыңыз. 1-тапсырма

  1. Ас, тамақ, тағам, дәм, сарт.

  2. Дайындау, әзірлеу, жарқ-жұрқ, даярлау.

  3. Дәмдес, дастарқандас, жалт-жұлт.

  4. Дәмді, тәтті, тарс-тұрс.

ЕРЕЖЕ. Еліктеу сөздер (подражательные слова)- айналадағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден пайда болған сөздер.

(Слова, которые передают различные звуки живой и неживой природы: человека, животных и предметов.)

Еліктеу сөздер

Еліктеуіш сөздер

Звукоподража-

тельные слова

Сыбдыр-сыбдыр

Сылдыр-сылдыр

Сықыр-сықыр

Қарқ-қарқ

Тарс-тарс

Тық-тық

Сақ-сақ

Шуршание камыша

Журчание ручья

Скрип-скрип

Кар-кар

Стук-стук

Тук-тук

Подражание смеху

Бейнелеуіш сөздер

Образоподража-тельные слова

Қаз-қаз

Шошаң-шошаң

Жалт-жұлт

Ағараң-ағараң

Қараң-қараң

Неуклюжая походка

Быть вертлявым

Выражающее блеск

О белеющем вдали предмете

О мелькании силуэта в темноте


Г) Жазылым. 2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

1) Біз мектепте үзілісте ... барып тамақ ішеміз.

2) Асхананың кіреберісінде ... ілулі тұрады.

3) Мен ...... еш нәрсе аламаймын.

4) Әркім өзіне-өзі ...

Қажетті сөздер: асханаға, ас мәзірі, біріншіге, қызмет етеді.


Д) Постермен жұмыс. Топтық жұмыс.

1. Тамақты жер алдында нені ұмытпау керек?

2. Бүгін мектеп асханасының ас мәзірі қандай?

3. Асхана қабырғасында ілініп тұруы тиіс сөздер.

Асхана қабырғасында ілініп тұруы тиіс сөздер:

Темекі шегуге болмайды!

Ас дәмді болсын!

Тәбетіңіз ашылсын!

Бізде өзіне-өзі қызмет көрсетеді!




ҮІІ Сабақты бекіту.
1. Сөйлесім. Үлгі бойынша диалог құрастырыңыз.

Үлгі:

  • Сәлеметсіз бе, аспаз!

  • Сәлеметсің бе, балақай!

  • Екінші тағамнан не бар?

  • Мәнті, палау бар.

  • - Маған палау мен шай беріңізші!

  • Міне, ала ғой.

  • Рақмет!

  • Ас болсын!

hello_html_m490b992f.jpg

hello_html_2cc3c6ba.jpg







  1. Алтын сандық ашыл!

Тағам дәмі – тұз.

Дүниеде тас қатты, тасты еріткен ас тәтті.

  1. Білгенге – маржан.

Орташа есеппен алғанда, адам өз ғұмырында 6-7 жыл тамақ ішеді екен. Өмірінің 1 жыл 195 күні ас дайындауға кетсе, шамамен 40 тонна ас ішеді екен.


ҮІІІ Үйге тапсырма беру.

  • Ас, тағамға байланысты 5 мақал-мәтел жазып келу.

  • Ережелерді қайталау.


ІХ Бағалау.

Фишкалар арқылы бағалау.

Мадақтау.


Х Кері байланыс. Стикерлерге дастарқан батасын жазғызу.

Дастарқаның мол болсын! Көбейе берсін мал басың!

Қазан-ошағың май болсын! Өсе берсін жан басың!

Төрт түлігің сай болсын! Үйіңе құт қонып,

Бала-шағаң бай болсын! Бақ-береке орнасын!

Отбасыңыз мерекелі болсын! Еш жамандық болмасын!

Дастарқаныңыз берекелі болсын!








39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясы















Қазақ тілі


Асханадағы ас мәзірі.

Еліктеу сөздер


9 «Д» сынып










Пән мұғалімі: Әбдікерім Д.Ә.











2015-2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разроботка урока по казахскому языку на тему "Асханадағы ас мәзірі" (9 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 296 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2016 901
    • DOCX 457 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әбдікерім Дана Әлімбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Әбдікерім Дана Әлімбекқызы
    Әбдікерім Дана Әлімбекқызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4413
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 272 человека из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 054 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по английскому языку в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 298 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 831 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания китайского языка с учетом требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 107 человек

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек