Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Реферат на тему: Оқушыларды олимпиадалық тапсырмаларды орындауға үйрету арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

Реферат на тему: Оқушыларды олимпиадалық тапсырмаларды орындауға үйрету арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту

библиотека
материалов

Оқушыларды олимпиадалық тапсырмаларды орындауға

үйрету арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту


Туечиева Ивагүл Қадірқызы


Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы "Шұбарсу" жалпы орта мектебінің

география пәні мұғалімі


Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізгі мектептегі инновациялық жұмысты жандандыруда дер едім. Қайсыбір білім беру жүйесіндегі іс-қағаздарды алмайақ, қоғамның дамуы оқу жүйесінің дамуымен сабақтасып жататындығымен көрсетеді.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімдердің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

 Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады. Сондықтан түрлі оқыту технологияларын- оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Жас ұрпаққа білім беру мен тәлім берудің сан жолы, көп қыры бар. Мына ғаламдық ғарышты даму дәуірінде, шәкірттерге ұстаздықпен берілер білім күн өткен сайын күрделене, жаңара түсуде.

«Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік , дене бітімі және рухани азаматын қалыптастыру, тез өзгерген әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру,еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту» деген мақсат қойылды. Орта білім берудің мақсаты – алған білімінің негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларын еркін бағдарлай алатын, білімін өмірде қолданып, өз мүмкіндіктерін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өзбетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген.

Педогогика ғылымында баланың жеке тұлға ретінде дамуы үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану, баланың ойын барынша еңбек етуге шақыратын логикалық есептерді пәнмен байланыстырып, карта, масштаб, ауа температурасы, қысымы мен және обьектінің географиялық координатасын анықтау, жел өрнегін жасау, жер шары өлшемдерінің алынуымен байланыстыру, қазіргі кездегі олимпиада тапсырмаларын, Қазақстанның интернет олимпиадасының тапсырмаларын, қашықтықтан өткізілетін халықаралық олимпиадалардың тапсырмаларын, ТІМSS және PІSА тесттеріне ұқсас тапсырмаларды т. б. күнделікті география сабақтарында қолданып отыру қажет. Оқушы өзінің теориялық алған білімдерін өз бетінше іске асыруға дағдыланады. Оны өмірде қолдана білуге дағдылfнады. Әрбір географиялық ұғымды, өлшемдерді жаттап қана қоймай, оның пайда болуына үңіле қарап, үнемі ізденіс үстінде болады. Ең негізгісі қазіргі кезде "Грант" жоқ деп, оқушылардың онша көңіл бөлебермейтін пәні болуға аяқ таяп тұрған география пәнінің ең негізгі пәндердің бірі екендігін дәлелдеуге септігін тигізеді. Оқушылардың көзқарасы кеңейіп, айналадағы құбылыстарға көңіл бөліп, әлемге қызығушылығы арта түседі.

География сабақтарында сарамандық жұмыстарға көп көңіл бөлу оқушылардың ойы мен белсенділігін дамытуда ерекше орын алады. Сарамандық жұмыстарға әр тараудан кейін бір сабақ және күнделікті сабақтарда 5-7 минут уақыт бөлген жөн деп есептеймін. Қазіргі кезде неше түрлі пән олимпиадалары болып жатыр. Қазақ тілінде және орыс тілінде қашықтық олимпиадаларына оқушыларды қатыстырып, пәнге деген қызығушылық арта түскенін байқадым. Өзбетінше ізденіп, жүйелі түрде қашықтық олимпиадаларға қатысып, бір жыл ішінде біраз жетістіктерге жеткен оқушыларым аз емес. айта кететін жайт, Қазақстан интернет олимпиадасының тапсырмаларында Қазақстанның географиясына тиесілі тапсырмалар өте жақсы берілген. Ендеше оқушылардың қатысқан олимпидаларының тапсырмаларының біразын әріптестеріме ұсынып отырмын.

Оқушының қызығушылығын қалыптастыратын бастапқы олимпиадалық тапсымалар.

1-тапсырма . Мына әріптермен ауа райының құбылыстары мен элементтері берілген:

А.Атмосфералық қысым. Ә.Ауа температурасы Б.Ылғалдық

В.Жел Г.Қар Д.Жауын – шашын.

Тапсырма Келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

1)Ауа райын бақылауға арналған құрал-жабдықтарды тап.Жауапты төмендегі кестеге жаз.

С1.Флюгер

С2.Шаш гигрометрі

С3.Жауын-шашын өлшеуіш

С4.Барометр.

С5.Термометр

С6.Сырық.

2)Құрал жабдықтардың өлшем бірліктерін анықтап,төмендегі кестеге жазыңдар.

К1.Сантиметр

К2.Грам/м 3

К3.Метр/сек

К4.Миллиметр

К5. Милиметр сынап бағанасы

К6.Градус . С

Жауаптарды толтыруға арналған кесте.

Ауа райының

жай-күйі

А

Ә

Б

В

Г

Д

Өлшейтін құрал


С5





Өлшем бірлігі

К5















2-тапсырма.Экватордың ұзындығы белгілі.(40055 шақырым).Жердің экваторлық радиусын есептеп шығарыңдар?

Жауабы: С=2πR шеңбердің ұзындығын табу формуласымен радиусты есептеп шығарамыз.

R =С/2π =40055/2х3,14=6378 шақырым.

Экваторлық радиус ұзындығы: 6378 шақырым.

Ескерту: Грек әрібі π (пи)-3,14 тең.Бұл шеңбердің оның диаметрінен неше есе ұзындығын көрсететін шама.

3-тапсырма. Меридиан бойынша 1 градус доғасының ұзындығын есептеп шығар?

Меридианның орташа ұзындығы 40009 шақырым.

Шешуі: 360°----40009 шақырым

1 °-----Х шақырым.Х=40009/360=111,1 шақырым.

1 градус меридиан доғасының ұзындығы 111,1 шақырым.

Ескерту: Ең алғаш меридиан ұзындығын бұдан 2 мың жыл бұрын ежелгі грек ғалымы Эратосфен есептеп шығарды.

4-тапсырма.1 минут меридиан доғасының ұзындығы қанша шақырым?

Шешуі:1 градус меридиан доғасының ұзындығы 111,1 шақырымға тең.

1 минут =1/60 градусқа тең.111,1/60=1,85.Демек 1 минут доғасының ұзындығы 1,85 шақырымға тең. 5-тапсырма.Егер-де екі нүктенің аралығы бірі-бірінен 45 минут айырмашылық жасаса, онда бұл екі нүктенің арақашықтығы қанша?

Жауабы:1 минут доғасының ұзындығы 1,85 шақырымға тең.

45х1,85=83,25 шақырым.

6-тапсырма.Жер шары шеңберінің орташа ұзындығы белгілі (40009 шақырым) .Жер шарының орташа радиусын табыңыз.

Жауабы: С=2πR формуласымен табамыз.

R =С/2π=40009/6,28=6370,8≈6371 шақырым.

Ескерту:Жер шарының ең нақты өлшемдерін алған орыс геодезия ғалымы Ф.Н Крассовский(1873-1948 жж)болды.Оның деректерінде экваторлық радиуспен полярлық радиустың ұзындығы тең емес. Rэк-6378,2 шақырым

Rполюстік-6356,8 шақырым. R экваторлық R пол-дан 21,4 шақырым ұзын.

7-тапсырма. Жер шарының орташа радиусы белгілі, жер шары бетінің ауданын есептеп шығар.

Жауабы: Грек ғалымы Архимедтің ғылымға енгізген шар бетінің ауданын табу формуласы бар.

S=4 π

S=4 πR²=4х3,14х6371²=509 805891≈510 млн шақырым шаршы.

8-тапсырма. Сәйкестігін табыңыздар:

1.Бурабай а) Қорық

2.Қаратау ә)Табиғат ескерткіші

3.Ертіс орманы б) Қорықша

4.Жыл құстары в)Резерваттар

5.Бетпақдала г)Ұлттық саябақ

9-тапсырма.Теңіз - арал сәйкестігін табыңыздар:

1.Қара теңіз а) Искья

2.Тиррен теңізі ә) Гельголанд

3.Солтүстік теңізі б)Жыланды

4.Араб теңізі в) Крк

5.Адрият теңізі г) Сокотра Жауабы:1-б , 2- а, 3-ә, 4 -г, 5-в

10-тапсырма. Солтүстік теңіз елдерімен порттарының сәйкесін табыңдар:

1.Ұлыбритания а)Харлем

2.Бельгия ә)Брюгге

3.Германия б)Берген

4.Нидерландия в)Гулль

5.Норвегия г)Вильгельмсхафен . Жауабы: 1-в, 2-ә, 3-г, 4-а, 5-б

11-тапсырма.Сәйкесін табыңыз: мұнай өнімдерін шығаратын трансұлттық корпорация және оның штаб-пәтері орналасқан ел:

1) «Эксон Мобил» (Exxon Mobil) а)Франция
2) «ЭНИ» (ENI) ә)Ұлыбритания, Нидерланды
3) «Тоталь» (Total S.A.) ) б) Италия
4) «Петробраз» (Petrobras) в)Бразилия
5) «Ройял Датч Шелл» (Royal Dutch Shell) г)АҚШ

Жауабы: 1- г, 2-б, 3-а, 4-в, 5-ә

12-тапсырма. Қазақстанның ірі мұнайлы кен орындарын ұлғаю ретімен орналастырыңыз:

Жаңа жол, Теңіз, Өзен, Прорва, Қашаған, Жетібай

Жауабы: 1. Прорва

2. Жетібай

3. Жаңа жол

4. Өзен

5. Теңіз

6. Қашаған

13-тапсырма.Әлемнің ірі СЭС-терін елдерін кішірею реті бойынша орналастырыңдар:

Гранд - Кули, Красноярск, Үш Шатқал, Тарбела, Гури, Итайпу

Жауабы:

1. Үш Шатқал

2. Итайпу

3.Гури

4. Гранд - Кули

5. Красноярск

6. Тарбела

14-тапсырма.Тақтатас пен фосфорит өндіріліп, өңделетін , радио және электротехникалық машина жасау саласы дамыған,ауыл шаруашылығында -етті-сүтті бағытындағы мал шаруашылығы және балық шаруашылығы бар Ресейдің батысындағы көрші елін атаңдар. Осы елдің бұрында Дерпт және Юрьев деп аталған, халық саны жөнінен екінші орын алатын қаласын табыңдар.

Жауабы: Эстония елі, қаласы Тарту.




15-тапсырма.Геолог В. Докучаев бір сөзінде былай дейді: «Кешірім өтінем, көп ойланып мынаған тоқтадым, ...? Мен мұны мұнай, көмір, алтын, темір барлығынанда бағалы, ең қымбат қазына деп бағалаймын. Мұны Ресейдің өмірлік сарқылмайтын байлығы деп білемін» депті.

Ол нені көздеді екен?

Жауабы :Қарашірік

16-тапсырма. Географиялық обьекттерді мазмұнына және материгіне қарай топтастырыңдар?

Триполи, Муррей, Калахари, Ұлы шөл, Замбези, Парана, Атакама, Рубь-Эль-Хали, Өлім аңғары, Мехико, Лима, Юкон, Сидней, Токио, Қарақия.

Жауабы:

Мазмұнына қарай

қала

шөлдер

өзендер

1.Триполи

2.Мехико

3.Лима

4.Сидней

5.Токио

1.Калахари

2.Ұлы шөл

3.Атакама

4.Рубь-Эль-Хали

5.Өлім аңғары

1.Муррей

2.Замбези

3.Парана

4.Юкон


17-тапсырма. Бұл мемлекет өз материгінде солтүстігіде орналасқан мемлекеттен кейін ауданы жөнінен екінші орынды алады,ал көрші елдерінің саны бойынша бұл елге материкте бір ел бәсекелес бола алмайды. Егер-де 40 шақырым жағалауын теңіз шайып жатпаған болса, оны ішкі құрлықтық мемлекет деп атауға болар еді. Астанасы- 4 миллиондық қала.

Жер аумағының көп бөлігін ойпаттар алып жатыр. Жер бетінің қалыптасуына те қана Амозонка өзенінен қалыс қалатын мол сулы негізгі өзені әсерін тигізіпті.Суының молдығына қарамастан бұл өзеннің тек қана орта ағысы су көлігіне ыңғайлы.Мұның себебі өзенде ұлы саяхатшы атымен аталған сарқыраманың болуы.

Мемлекеттің шығыс жағалауы жоғары сейсмикалығымен ерекшеленеді..Мұнда үлкен таулы қатпарлықта биік көлдер тізбегі өткен, олардың бірі материктің ең терең көлі болып табылады.Ел аумағының жартысынан көбін керіктің «Жақын туысы» және ең үлкен адам тәрізді маймылдар мекендейтін орман зонасы алып жатыр.

Орманда өзгеше ұлт өкілдері өмір сүреді: олардың бойы небәрі 140-150 см-бұлар жер шарының ең аласа бойлы адамдары. Тұрғындарының көпшілігі егіншілікпен айналысады.Мал шаруашылығын дамытуға бір жәндік кері әсерін тигізуде.

Төмені сызылған географиялық обьекттерді анықтап кестеге түсіріңдер:

Жауабы:

Сұрақ

Жауап

Ұпай

Мемлекет

Конго Демократиялық республикасы

2

Астанасы

Киншаса

1

Көрші елдерінің саны

9

1

Көрші елдерінің аты

Конго,ОАР,О Судан,

Уганда,Руанда,Бурунди,Танзания,Замбия,Ангола

2

Негізгі өзені

Конго

2

Сарқырамалары

Стэнли,Ливингистон

1

Қатапрлық атауы

Ұлы Шығыс Африка қыраты

1

Ең терең көлі

Таньганика

2

Табиғат зонасы

Ылғалды экваторлық орман,ылғалды тропиктік орман

1

Жирафтың туысы

Окапи

1

Ең ірі адам тәрізді маймыл

горилла

1

Ұлт

Пигмеилер

1

Жәндік

Цеце шыбыны

1

Материктің ең үлкен елі

Алжир

2


18-тапсырма. Елдегі ең үлкен қаласы. Терең шұңғымада орналасқан, 2000 жыл бұрын жылы минералды көздің жанында қалыптасқан. Алғашында бұл жерде фракия тайпаларының бірі – сердтер қоныстанды, олардың кенті Сердико деп аталған. Кент Батыс және Шығыс аралығындағы сауда жолдарында орналасқан және Рим империясы кезінде маңызды сауда орталығы болған. Түріктерден азат болғаннан кейін бұл кент оның астанасы болып жарияланды. Қаланың таңбасында «Өсуде, бірақ қартаймайды» сөйлемі жазылған. Сұрақ: Осы елді және астанасын атаңыз.

Жауабы: Болгария. Астанасы- София қаласы

19-тапсырма. Бұл шағын елді "Су басу апаты елі" деп атайды.10 жылда бір рет аумағының жартысына жуығын су басып, халқының көп бөлігі баспанасыз қалады, жүзмыңдаған адам қаза табады. Халық саны Ресей халқының санымен сәйкес келеді. Әлемдегі ең ірі өзен атырауында орналасып, бұл ел су толысуынан, мусондық жаңбырлардан, цунамиден, құйыннан зардап шегеді. Жылдық жауын-шашынның 80 % -ы мамыр мен қыркүйек айларында жауады. Бұл кезде таулардағы қарлар еріп, сел жаңбырлар жиі кездеседі.Бұл қай ел? Қандай өзендер алабында орналасқан? Бұл өзендер қайсы таулардан бастау алады?

Жауабы: Бангладеш, Ганг пен Брахмапутра өзендері, бастауын Гималай тауынан алады.

20-тапсырма. Картада кейбір көрсеткіштерді белгілейтін қисық сызықтардың 9 кем емес түрін атаңыздар. Олармен нені көрсетеді?

Жауабы:

Изобара «Қысымы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»

Изобат «Тереңдіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»

Изогипс «Биіктігі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»

Изотаха «Желдің жылдамдығы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»

Изохора «Көлемі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»

Изогиета «Жауын-шашын түсуі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»

Изокванта «Өнім өндіруі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»

Изопахита «Таужыныстарының  қалыңдығының бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»

Изотерма  «Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық» т.б.


Тәуелсіздік талаптарының мақсат – мұраттары да, табиғаты мен тағылымы да бөлек. Осы ретпен келгенде , оқу- білімді ұйымдастыру мен жетілдірудің инновациялық бағыттарын басшылыққа алу, оны өмір тұрмыста, еңбекте жүзеге асырудың мән маңызы айрықша болып табылады.Бұл шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады.

Оқу білімді ұйымдастыру мен жетілдіру ісін ойға алған тұста әрине бәрін басынан бастап, бұрынғыны жоққа шығару талаптарды басшылыққа алу, ұлттық мұраттқа негізделген байыпты бағдарламаға, тарихымыз бен танымымызға сан келетін үлгі-өрнектерге табан тіреп, сосын ғана әлемдік үрдістерге бет бұру қажет-ақ.

Бәсекеге қабілеттілік-білім нәрімен , ғылым күшімен өлшенеді. Білім беру мен ғылымды дамытудың жаһандық үлгілері хәм инновациялық дамуға-ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар мен энергияны үнемдеу сынды кешенді салалар жатады.

Демек заманауи бағыттарды жіті бағалап, уақыт тынысын дұрыс сезініп, содан лайықты қорытынды жасаудың берері көп. Олимпиадалық тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын артыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыны өзіне тарта, баули түседі. 
логикалық ойлауын да дамытаты. Оқу процесіндегі осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын шығармашыл жеке тұлға қалыптасады.

Әдебиеттер:

1.Н.Ә Назарбаевтың әр жылдардағы жолдауы.

2.Д. Рахымбек. Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы. РКБ,

1998ж.

3."Қазақстан мектебі" №11-12, 2008 жыл

4."Географиядан Республикалық атаулы мектеп хабаршысы"-журнал №1 қаңтар- наурыз.

5. Интернет сайттары


Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров270
Номер материала ДВ-335450
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх