Инфоурок Информатика Другие методич. материалыРефлексивный отчет по информатике на тему: "Қарапайым графикалық редакторы. Редактор интерфейсі"

Рефлексивный отчет по информатике на тему: "Қарапайым графикалық редакторы. Редактор интерфейсі"

Скачать материал

Информатика сабағы бойынша рефлексивті есеп

Сыныбы: 5 «А»

Күні: 19.01.2015

Мұғалімі: Турарова А.Н.

 

Сабақтың тақырыбы:. Қарапайым графикалық редакторы. Редактор интерфейсі.

Сабақтың мақсаты:

Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәлімет беру, құжаттың  құрылымы мен редактордың  терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа  дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға және сақтауға  үйрету. Логикалық ойлауын, таңымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру. Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.

Оқыту нәтижелері:

А оқушы:

-          Қарапайым мәтіндік редактор туралы біледі, құжаттың  құрылымы мен редактордың  терезесі туралы түсінік алады, мәтінмен жұмыс істеуді үйренеді, құжаттарды құру, ашу, сақтау операцияларын орындай алады.

В оқушы:

-          Қарапайым мәтіндік редактор туралы біледі, құжаттың  құрылымы мен редактордың  терезесі туралы түсінік алады, құжаттарды құру, ашу, сақтау операцияларын мұғалімнің көмегімен орындайды

С оқушы:

-          Қарапайым мәтіндік редактор туралы біледі, практикада білімдерін қолдана кезде қателеседі

 

Мен информатика пәні бойынша жеті модульді қамту арқылы бағдарламаның жеті модулін кіріктіре отырып, 19 қаңтар күні 5а сыныбына сабақ өттім. Жалпы саны: 25 оқушы, сынып 2 топқа бөлініп оқытылады. Бұл тақырып «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» тарауынан алынған, бастапқы тақырыптары. Тақырыпты меңгеру үшін түрлі әдістер қолданылды.

Сабақты бірінші ұйымдастыру кезеңінен бастадым және оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендедім, оқушылардың жағдайын сұрай отырып, сыныпқа жылы ахуал қалыптастырып алдым. Сыныпты «1-2 әдісі» арқылы екі топқа бөлдім. Әр топқа бағалау парақтары таратылды, топтың мүшелерін (бағалаушы, спикер) анықталды. Оқушылармен бірге бағалау критерийлерді анықтап алдық.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Кім тапқыр» ойыны ойнатылып, әр-бір дұрыс жауапқа белгілі ұпай беріледі. Осы кезеңде балалардың үй жұмысына толығымен дайындалмайтыны білінді, жауап беру кезіңде шатасып кете берді. Сұрақтар ақпарат және компьютер, графикалық редактор Paintпен жұмыс істеу тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында қойылды. 5 сыныптарда информатика бірінші жыл өткізіліп жатқандықтан, осы кезде жаңа сабақты  өзіме түсіндіруге тура келді. Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, балаларға «мәтіндік редактор» деген сөзді қалай түсінесіздер деген сұрақ қойылды. Балалар бірден бұл мәтінмен жұмыс істейтін программа деп жауап берді. Келесі кезеңде тақырып слайд бойынша түсіндірілді. Интерактивті тақтамен бірден көрсетіп тұрдым, WordPad бағдарламасының терезесінің құрылымын, негізгі элементтерімен таныстырдым. Келесі кезеңде практикалық жұмысты орындауды ұсындым. Практикалық жұмысқа алдын ала А4 форматында дайындалған деңгейлік тапсырмалары бар қағаздар үлестірілді. Тапсырмалар шарты бойынша берілген мәтінді  WordPad мәтіндік редакторында теріп, мәтіннің күйін өзгертулері қажет. Оқушыларға әр-бір тапсырмаларды орындағаны сайын бағалаушы  бағаларды бағалау параққа қойып отырды. Менің байқағаным осын сыныптың оқушыларына жылдамдық жетіспейді. Практикалық жұмысқа өкінішке орай үлгермедік. Себебін сыныптың жыдамдығы өте төмен.. Слайдпен «Футбол» ойыны жүргізілді, жаңа сабақ бойынша бекіту сұрақтары берілді. Бекіту кезеңі өте сәтті өтті. «Не түсіңдім? Не үйрендім?» кестесі толтырылды. Соңғы кезеңде Оқушыларға «Венн» диаграммасын сызу ұсынылды, Paint және WordPad бағдарламаларының ұқсастықтарын жазу тапсырылды. Сызбаны толтырып, екі оқушыдан тақтаға шығып қорғады. Топтар бір-біріне рефлексия ретінде стикерлерді толтырды. Бұл сыныпта жалпы С деңгейдегі оқушылар бар. Топтар бір-бірінен қалыспай тапсырмалардың бәрін орындады. Тапсырмаларды орындау барысында кейбір оқушылар белсене қатыспады, оларға жылдамдық жетпеді. Практикалық жұмыс орындалу кезінде сыныптағы белсенді А-деңгейлі оқушылар өз тапсырмаларын тексертіп, қалған көмек керек оқушыларға тапсырманы орындауға көмектесті. Әр кезең бойынша топтағы бақылаушы бағаларын қойып отырды.

Жеті модульдің сабаққа кіріктірілгені келесі кестеде көрсетілген:

Модуль

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқу және оқытуда жаңа тәсілдер

Сұрақтар қойды.

Өз бетінше практикалық жұмыс.

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап берді (сұрақтардың бәріне толығымен жауап бергендер болды).

 

Сыни тұрғыдан ойлау

Деңгейлік тапсырмалар

 

толық орындағандар бар

Бағалау

Формативті  бағалады:өте тамаша,жақсы , жарайсың,сенің қолыңнан келді,

Қорытынды бағалады (бағалау парағы)

Бір-бірін бағалады:

Өз-өзін бағалады:

АКТ

презентация көрсетті

практикалық жұмысты берді

Өз ойларын әңгімеледі

Компьютерде Паскаль бағдарламасында программа құрды

Талантты және дарынды оқушыны оқыту

Жеке тапсырма берді:

 Күрделі тапсырма берді: практикалық жұмыс

Тапсырмаларды жылдам  орындады: Бақдаулет, Алишер, Ақбота, Дания, Малика

Жас   ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Әрбір оқушының білім дәрежесіне сәйкес сұрақтар  берді:

Сынып деңгейіне сәйкес  тапсырмалар берді

Өз білімдерін еркін жеткізді:

Өз ойларын еркін айта білді:

Көшбасшылық

Сабақтың негізгі мағынасын ашуда бағыт -бағдар берді:

Жұпта ортақ шешімді шығарды

Рефклесивті есеп

Бағалау критерийлерінде тақырыптың негізгі мағынасын ашуда нақтылай сұрақтардың көрсетулері оқушының анық жауап  табуларына мүмкіндік беруде.

Келесі сабаққа анық бағыт берді

Сабақ жүргізу барысында  тапсырмалар бір-бірімен жүйелі байланыстырылды. Оқушылар жауап беруге тырысты, қамтылды, бағаланды. Бұл сыныпта жауап беруге, өз ойын айтуға қорқыныш танытатын балалар бар.

Мұғалім мен оқушылар арасында қарым-қатынас, түсінушілік жақсы орныққан деп есептеймін. Оқушылардың белсенділігі орташа. Оқушылар тақырыпты меңгерді, бірақ  өз белсенділіктерін көрсете алмады деп ойлаймын. Бұл сабағымның оқушылар мүмкіндігінің артуына, белсенділікпен жұмыс істеуіне, өз көзқарастары мен пікірлерінің негізге алынатына қуандым. Сабақта болған сәтсіз тұстары да бар: оқушылар өзінара бағалауында қателесті, уақытты дұрыс пайдалана алмауы, жұппен жұмыс жасауды үйренбегендері. Қорытындалау кезеңінде сұрақтарға жауап бере алмады, «Венн» диаграммасын тек менің көмегіммен орындай алды. Алдағы уақытта өзгертетінім оқушылардың өздігінен ізденіп, бір бірімен жиі диалогтық сөйлесулерін, өзінара бағалауды үйретуді жалғастыру және бекіту кезеңдеріне ерекше көңіл бөлу.

                                                           

 

20150119_103327.jpg20150119_102129.jpg

 

 

 

 

Өткен тақырыпты қайталау                                                 Постер жасау

 

20150119_103336.jpg          20150119_103457.jpg

«Венн» диаграммасын құру (WordPad пен Pant бағдарламаларының бір-бірінен айырмашылығы және ұқсастығы)

20150119_104506.jpg             20150119_104808.jpg 

Қорытындылау кезеңі (постерді қорғау)

20150119_112334.jpg               20150119_112412.jpg

20150119_113528.jpg                    20150119_113729.jpg

Қорытындылау кезеңі (постерді қорғау)

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Рефлексивный отчет по информатике на тему: "Қарапайым графикалық редакторы. Редактор интерфейсі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:. Қарапайым графикалық редакторы. Редактор интерфейсі.

Сабақтың мақсаты:

Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәлімет беру, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға және сақтауға үйрету. Логикалық ойлауын, таңымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру. Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.

Оқыту нәтижелері:

А оқушы:

-Қарапайым мәтіндік редактор туралы біледі, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік алады, мәтінмен жұмыс істеуді үйренеді, құжаттарды құру, ашу, сақтау операцияларын орындай алады.

В оқушы:

-Қарапайым мәтіндік редактор туралы біледі, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік алады, құжаттарды құру, ашу, сақтау операцияларын мұғалімнің көмегімен орындайды

С оқушы:

  • -Қарапайым мәтіндік редактор туралы біледі, практикада білімдерін қолдана кезде қателеседі

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 117 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2015 958
    • DOCX 559.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турарова Айгуль Нурлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Турарова Айгуль Нурлановна
    Турарова Айгуль Нурлановна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8273
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе