Инфоурок Русский язык Конспекты"Рефлексивный отчет по одному уроку из запланированной серии последовательных уроков"

"Рефлексивный отчет по одному уроку из запланированной серии последовательных уроков"

Скачать материал

 

Бір сабаққа жазылған   рефлексивтік есеп

 

1-топ.(№163 орта мектеп, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы) Оспанова Жанар.

 

  «Күніне,  болмаса жұмасына , оған да                  

      уақыт таппасаң айына өз-өзіңе есеп бер »

                                                                                             Абай Құнанбаев

 

              Заман талабына сай  оқыту мен тәрбиенің  соңғы түрлерін  жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы.Елбасымыз              Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында қазіргі білім берудегі басты мәселе білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екенін атап айтылды. Оқушылардың білімін шыңдап, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін білім беруде жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалану қажет.

Адамзат баласы шыр етіп өмірге келгеннен кейін, ол белгілі бір ортаға бейімделіп, өмір сүру қалпын жалғастыратыны сөзсіз. Осындай балаларды зерттеп, танып – білуде, олардың сана – сезімін көтеріп, өмірге, қоғамға бейімдеуде мұғалімнің алатын орны ерекше. Кәсіби тұрғыдан маманданған мұғалім озық педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, баланы өзгермелі өмірге дайындайды, сол арқылы өзі де үнемі өзгеріс, кәсіби даму үстінде болады.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде баланы сыни тұрғысынан ойлауға үйрету, сол арқылы шығармашылық қабілетін дамытуға, баланың ойына серпіліс ендіруді мақсат етіп қойдым. Осы мақсат үдерісінен шығу үшін сабақта баланың сөздік қорының көп болуына, өзіне керекті сөздерді дұрыс қолдана білуіне, сауатты да мәдениетті сөйлеулеріне мән бердім.

Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез – келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету – сындарлы оқытудың мақсаты. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған.  (МАН – 4 бет)

         «Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік -  Сын тұрғысынан ойлау. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді».                      (МАН – 43 бет)

 

          Мен 10 «а» сыныпта орыс тілі пәнінен сабақ жүргізген болатынмын.  Тақырыбым:  «Морфология. Имя существительное ». Мұндағы мақсатым – Зат есім туралы бұрынғы алған  білімдерін қайталау, толықтыра білу, жаңа тақырыпқа сай мысалдарды оқушылардың өзіне айтқыза білу ақпаратты өз бетінше меңгеруге үйрену, топта бірлесе жұмыс жасай білу, сыни ойлауға үйрену, мәселенің шешімін таба білу, зерттеушілік әңгімеге қатысып, өз пікірін көркем жеткізе білу, АКТ қолдану арқылы ақпаратты таңдай білу.
Осыдан күтілетін нәтиже: топта сыныптастастарымен пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады; өз ойларын еркін жеткізуді үйренеді; сындарлы сөйлей білуге ынталанады; ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады; өз жұмысын сыныптастастарының жазғанымен салыстырып, өзін - өзі реттеуге үйренеді.

 Осы орайда мен сaбaғымды бaстaр aлдындa сыныптa «Мен сені көргеніме қуаныштымын» тренингiн өткiздiм.Тренингтi өткiзудегi мaқсaтым сaбaқтың aлдындa сыныптa ынтaлaндыру aтмосферaсын құру, жaғымды ортa орнaту, оқушылардың бір-біріне деген сенімдерін арттыру, жақындастыру. Оқушылaрдың бiлiмге деген тиiмдi көзқaрaсын дұрыс бaғыттaуғa aпaрaтын бiрден –бiр жол. Қaзiргi кезеңде психология ғылымы бойыншa психологиялық процестер әрекет aрқылы дaмиды деп сaнaлaды. Бұл көзқaрaсты aлғaшқы ұсынғaн психолог Л.С Выготский. Сонымен қaтaр Выготский когнитивтi дaмудың, оқушылaр өзiнiң «Жaқын aрaдaғы дaму aймaғындa» жұмыс iстесе жaқсaрaтындығын aтaп көрсеткен.  «ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды». (МАН-38 бет)

Оқушылардың теориялық білімін тексеру мақсатында мен  үй тапсырмасын сұрау кезеңінде «Желпеуіш» әдісін пайдаландым. Мұнда оқушылар ақ парақты бүктеп желпеуіш жасайды. Бір жағына өздері сұрақтар жазып көрші отырған оқушыға береді. Ал келесі оқушы сол сұрақтарға жауап жазады.

«Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп оны жақсарта және кеңейте алады».(МАН- 41бет) 
 Оқушылар төмен дәрежелі сұрақтарды қойған екен. Мысалы, «Что такое морфология?» немесе «Что такое имя существительное?» деген сияқты. «Төмен дәрежелі сұрақтардеп  жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланатын сұрақтар». (МАН- 40 бет) 

Өткен тақырыпты еске түсіруде оқушыларға өздеріне сұрақтар қойғызып, өздеріне жауап айтқызуды ойластырған болатынмын.  Ойымдағыдай болып шықты деп ойлаймын. Себебі оқушылардың  қызығушылығы, ойлауы, сұрақтарды еркін қойып, сол сұрақтарға жауап берулері. Оқушылар арасында сұрақ – жауап кезінде кері байланыс орнатылды.

Келесі кезеңде  әр оқушыға тақырып бойынша  «мағлұмат карточкалары» таратылды.  Оқушы өзі мағлұматпен танысып кейін қасында отырған оқушыға соны түсіндіреді. Содан соң сол мағлұматпен бүкіл сыныпты аралап түсіндіріп,  әр оқушының мағлұматымен танысып шығады. Танысып болғаннан кейін, мен оларды «пазлы» арқылы екі топқа бөлдім. Мұнда оқушылар сурет қиындыларын құрастырып әр топ өз топ атауларын анықтайды. 1-топ «Умники», 2 – топ «Знатоки» болып бөлінеді. (сурет 1)

    (сурет 1)

 

Келесі кезеңде оқушылар алған мағлұматтарын флипчартқа түсіреді. Флипчартқа түсірмес бұрын оқушылар талқылап, ойларын жинақтап ортақ шешімге келеді. «Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасында байланыс бар екені анықталады. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады, идеялармен пікір алмасып, бір – бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Былайша айтқанда, оқушылар бірге ойланады».  (МАН- 39 бет) 

Менің осы кезеңде байқағаным сабақта көп сөйлемейтін М. есімді және Б. есімді оқушыларым да белсенділік танытып, өздеріне берілген тапсырманы жақсы орындап отырды. Бір айта кетейін дегенім бұрын мен ашық сабақ өтетін кезімде міндетті түрде осы оқушыларға қандай тапсырмалар берілетінін алдын ала айтып қоятын едім. Ал  бұл  сабақта  өзім тәжірибе жүргізіп жатқандықтан тосын тапсырмаларды қалай орындайтынын  байқағым келді. Нәтижесі жаман емес, қайта оқушылардың қызығушылығы арта түсетін сияқты. (сурет 2)

 

             (сурет 2)

Тапсырманы орындау барысында сын тұрғысынан ойлауды дамытудың бес элементінің бірі диалог те жүріп отырды.

Берілген уақытта оқушылар өз жұмыстарын аяқтап, содан соң әр топ жұмыстарын қорғауға шықты.Байқағаным, ойларын ашық, еркін сөйлеп, оқу нәтижелері тиянақты болып көрінді. (сурет 3 - 5)

 

           (сурет 3)                                                            (сурет 4)

                 

 

                             (сурет 5)                                                            

Жалпы топтық жұмыс барысында  әрбір оқушының жұмыс жасап жатқанына қарап көшбасшы деп атауға болмайды.  Себебі көшбасшы деген жігерлі өз-өзіне деген сенімділігі мен өз ойын еркін жеткізіп басқаларына нұсқау беріп көмек қолын соза алатын оқушыны айтуға болады. Әрбір талантты және дарынды оқушы көшбасшы емес  олар тек жақсы озат оқушы болуы мүмкін. Менің сабағымда  тапсырма бойынша әрбір оқушының  көшбасшылық қабілеті  барма деген көзқараспен оқушыларды зерттеу барысында менің көре алғаным үш - төрт оқушы ғана болды.  Олар әруақта топтарындағы оқушыларға көмектесіп, өздерінің білгенін айтып жұмыс істеу барысында жұмыстың істелу барысын қадағалап, топ мүшелерін жұмыс істеуге тарта білді. Сабақты кезекпен айтқызып  өздері толықтырып кері байланыс жасап отырды.

         Сабақта әрдайым оқушыларды оқыту үшін бағалауда (смайликтер, мадақтау, шапалақтау) жүріп отырды. Тақырыпта не ұққандарын, не түсінгендерін кемшіліктері мен айырмашылықтарын көруге нәтижелерін бағалауға мүмкіндік бердім.

Келесі кезеңде ИНСЕРТ кестесін толтыру болды.

V

Уже знал

+

Новое для меня

-

Думал иначе

?

Нужны объяснения

 

 

 

 

 

Мұнда оқушылар бірінші қатарға өздерінің бұл тақырып бойынша бұрын білетін ақпараттарын жазды. Екінші  қатарға өздеріне жаңалық болып табылған ақпаратты жазды. Үшінші қатарға «Мен басқаша ойлап едім» деген пікірлерін жазды. Төртінші қатарға сұрақтар немесе түсініктемелер қажет ететін ақпараттар жазды. (сурет 6,7)       

 

              (сурет 6)                                                             (сурет 7)                                                                                                               

 
                                                                

 

 
                   

 

 

 

 

 

 

           Бағалау маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға сөйлеуге мүмкіндік береді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шектелуіне және жай ғана бақылауына мүмкіндік береді. Оқушылардың бағалауға ынтасын арттыру үшін оны қызықты етіп жасауға тырыстым.Сабақта мен оқушыларға өзін- өзі бағалауды ұсындым.Оқушылар барлығы дерлік жақсы деген бағалалар қойыпты.Сондықтан мен келесі сабақтарымда арнайы өлшемдермен бағалау түрін дайындау керек екенін түсіндім.    Одан түйгенім, бағалаудың қызметі бұрын өзім қолданып жүрген  оқушылардың білім деңгейін тексерудің және анықтаудың көрсеткіші деген ұғымнан әлдеқайда кең мағынада екендігі. Оқушылардың сабақты жақсы түсінгенін рефлексия кезінде  байқадым.

Сабақты қорыта келе рефлексия кезеңінде мен оқушыларға «Дерево успеха» дегенді пайдаландым. Бұл «табыс» немесе  «жетістік» ағашы деп аталады. Мұнда тақтаға талдың суретін ілдім. Сол талдға әр оқушы сабақтан алған әсерін, көңіл – күйін түстер арқылы жабыстырады. Мысалы:  жасыл түс – барлығын дұрыс жасадым, сары – кедергілер кездесті, қызыл – көп қателестім,  қызғылт сары – өзгергім келеді дегенді білдірді. (сурет 8,9)                                                                                                                

 

       

  (сурет 8)                                                            (сурет 9)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

                                          

Мені таңқалдырған жайт ол А. есімді оқушым сабақ барысында өте белсенді болғанына қарамастан қызыл түсті таңдағаны. Өзінен сұрағанымда ол бүгін сабақта қобалжып көп қателескен жерлері болғанын айтты. Бірақ біз олай ойламадық, өйткені А. өте алғыр, орыс тіліне деген қызығушылығы мол. Бірақ бұл оның пікірі және біз оның  пікірімен санасуымыз керек. Ал керісінше, М. есімді оқушым қызғылт сары түсті таңдады. Ол оқушым өте баяу, көп сөйлемейтін. Ал осы сабақ соңында өзгергісі келетіндігі қуантты. Өзінің жауабы: «Тілді жақсы меңгергісі келетіндігі» жайлы айтты.

Мен бұл сабақтан түйгенім топтық бірлескен жұмыстың оқушылардың оқуына қаншалықты пайдалы екендігін байқадым. Олар өз бетінше әрекет етіп, шешім қабылдай алады.  

Сабақ  қорытындысында  байқағаным сабақты ұйымдастыруда білім беру мен білім алудағы жаңа әдістердің тиімдісін  таңдай алу мұғалім мен оқушы үшін жүйелі жұмыс қорытындысы болары анық. Оқушылар өздігінен алған білімін өмірмен байланыстырады,оның қолданысына, тиімділігіне тоқталады , мысалдар  келтіре  алды.  Сондықтан   өздігінен алынған білімнің қарапайым әрі нақты екендігі оқушылардың өздеріне деген сенімін орнатады, білімге деген құлшынысын арттырады.

Осы сабағымда бағдарламаның жеті модуль идеясын  әдіс-тәсілдер арқылы кіріктіруге тырыстым. Дегенмен де әлі жұмыс жасайтын, шыңдайтын жерлерім бар.  

Қорытындай келе, осы бір сабақ аясында алған тәжірибем маған үлкен баға жетпес байлық қазына десем артық болмайтын шығар деп ойлаймын. Өйткені, мен сабақ үдерісіне, балаларға, олардың сабақтағы өздерін ұстауына, білім алу жолдарына өзгеше қарай бастадым. «Оқушылардың пікірлерімен санасу, пікірлесу (“Оқушы үні”), олардың ойлауына кедергі болмай, шектеу жасамай еркіндік беру керектігін түсіндім. Өйткені біз балаларға сондай қарым-қатынас жасау арқылы олардың мектеп, мұғалім мен оқуға қатысты жағымды да жақсы көзқарасының туындауына ықпал етеміз». (МАН- 36 бет)   Оқушыларда аз ғана дәрежеде болса да өзгеріс болғанымен, олардың сабақ барысында жайлы сезінетіні, өз ойын еркін жеткізуге тырысатыны байқалды. Бұған себеп олардың тапсырмаларды жұп не топ болып жасағанда өздерін сабақ үдерісінің айырылмас бөлшегі ретінде сезінуі. Сабаққа қатты қызығушылығы жоқ оқушылардың өздері шамалы болса да қызығушылық таныта бастады. Бұл мен үшін үлкен жетістік.

 

           Сабақ өту  барысында мынадай кедергілерге  кезіктім:

1.                 Тапсырмаларды  орындау барысында топтық қызметтерді бөліскеніне қарамастан  үлгерімі төмен оқушылардың жауабын ескермей  қабілеті жоғары оқушылар өз жауаптарын бұрын беріп, өздерін көрсетуге тырысты. Бұдан шығатын қорытынды  бұл 1-ші сабағымда топпен жұмыс жасауды балалар әлі де болса дұрыс игермеген.

2.                 Оқушылар өз ойларын жүйелі айтуға әлі  дағдыланбаған.

3.                 Меніңше оқушылар тапсырмаларды қорғау барысында аздап қобалжыған сияқты.

4.                 Бағалау барысында  оқушылар өз деңгейінен жоғары бағалар қойып отырған.

5.                 Орыс тілі пәні болғандықтан  оқушылардың тіл байлығы аз болды, бірақ соған қарамастан өз ойларын жеткізуге тырысып жатырды.

6.                 СМАРТ қа салмағаным үлкен қателік болды, өйткені оқылым, айтылым, тыңдалым дағдылары болғанымен жаттығу жазуға уақыт жетпей қалды. Бірақ  жазу дағдысы мүлдем болған жоқ деуге болмайды. Өйткені, оқушылар флипчартқа жазды, ИНСЕРТ кестесін толтырды.

 

 Сабағымда қол жеткізген нәтижем:

1.Сабақ жоспарын оқушылардың қызығушылығын ескере отырып жасадым.

 2.Сабақ барысында басты рөлді оқушыларға тапсырып, өзім режиссер

 ретінде тек бағыт-бағдар беріп отырдым.

3. Оқушылардың сыни ойлауына арналған тапсырмаларды жоспарға

 енгіздім;

4.  Әрбір оқушының ойын ашық жеткізуіне жағдай жасау, жауабы дұрыс болмаса да ақырына дейін  тыңдау, “дұрыс емес”деген сөзді пайдаланбауды ұстандым;

5.  Оқушылардың өзін еркін сезінуіне жағдай жасап, ынтымақтастық көңіл-күй орнатуға тырыстым.

6.Сабақ барысында ойларын ортаға салды,пікірлесті,ортақ шешім шығарып, оны дәлелдеуге тырысты, яғни өзара диалог орнатып тақырып мазмұнын ашты;

7. Оқушылар топпен бірлесе жұмыс жасауды, бір-бірінің ойын тыңдауды  үйренді;

8. Сыни ойлауға үйренді

9.Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты;

10.Үлгерімі нашар оқушылар топтағы қабілетті оқушыларға қарап өзін-өзі реттей бастады;

11. Өздеріне деген сенім пайда болды.

12.Оқушылар бірін-бірі және өзін-өзі бағалауды үйренді;

 

Келесі сабақтарымда мыналарды ескеруім қажет деп ойлаймын:

1.                 Оқушылардың топпен бірлесе жүмыс жасауының тиімділігін ұғындыру. Ол үшін топтарды бір-бірін бағалату,  «Бәріміз- біріміз үшін, біріміз- бәріміз үшін »  деген сияқты ортақ топтық ұран әзірлету.

2.                 Пікірлерін анық, нақты дәлелдермен жеткізуді және «Біздің топтың шешімі бойынша», «Біздің ойымызша» деген сияқты топ атынан сөйлеуге үйрету.

3.                 Бағалаудың тиімді жақтарын анықтау.

4.                 Уақытты тиыды пайдалану.

 

        Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.У.А. Жанпейс.Ш.Т.Кожакеева. Русский язык 10- сынып оқулығы

 

2. Мұғалімдерге арналған  НҰСҚАУЛЫҚ(2016) «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. Педагогикалық шеберлік орталығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Рефлексивный отчет по одному уроку из запланированной серии последовательных уроков""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 139 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.04.2017 1165
    • DOCX 5.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оспанова Жанар Алибековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оспанова Жанар Алибековна
    Оспанова Жанар Алибековна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4850
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания родного (русского) языка и родной литературы в образовательной организации

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 148 человек

Курс профессиональной переподготовки

Родной (русский) язык и родная литература: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель родного языка (русского языка) и родной литературы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания русского языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 479 человек

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 160 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 145 человек

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов