Инфоурок Начальные классы КонспектыРефлексивті есеп 2000 сөз

Рефлексивті есеп 2000 сөз

Скачать материал

«Тәжірибедегі рефлексия» бағдарлама бойынша Бастауыш сынып мұғалімі А.Б.Тастенованың рефлексиялық есеп

 

         Кембридж университеті" мен "Назарбаев зияткерлік мектебінің" бірлесе отырып жасаған бағдарламасы негізінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында жүргізген жаңаша әдіс-тәсілдер бойынша жаңа жобаны меңгере отырып, мен өзімді де, өзгені де өзгерте алдым деп ойлаймын. Бұл жобаның жаңа әдіс-тәсілі жетістікке жетелейтін жеті модуль болып отыр.

Курстың  бірінші  «бетпе-бет» кезеңіндегі  алған  теориялық  білімімді  жүзеге  асыру  мақсатында  екінші кезең мектептегі тәжірибеде алға қойған  мақсатым: оқушыларға қалай оқу керектігін үйрете отырып, сабағыма жаңа әдіс-тісілдерді қолдану арқылы жетістікке жетелейтін сабақтар ұйымдастырып, табысты оқуға қол жеткізетін құзіретті мұғалім болу.     Мектептегі тәжірибе кезінде ең алғашқы өзгеріс енгізген іс-әрекетім -  тізбектелген сабақтар топтамасын өткізуде жеті модуль аясындағы жаңа әдіс-тәсілдерді  енгізе отырып,  дәстүрлі сабақ жоспарын қысқа мерзімді сабақ жоспарына алмастыру.

Оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп қабылдайды. Ендеше ХХІ –ғасыр мұғалімі өз біліктілігін арттыра отырып , заман талабына сай өзгеруі керек деп ойлаймын.

Осы курс бағдарламасын оқи отырып, күтілетін нәтижеге оқушылардың топпен бірлесе отырып, бірнеше тапсырмаларды орындайтындарын байқадым. Сабақ барысында жабық сұрақтармен шектеліп отырғанымды өзіміз де байқамағандаймыз.

Осы бағдарлама барысында оқушы өзі бағалап, өз бағасына сыни тұрғыдан  көзқарастарын  қалыптастыра бастады. Дәстүрлі сабақ кезінде формативті бағалау болған. Мектептегі іс-тәжірибе өту кезінде әр сабақ соңында  оқушылармен  кері байланыс жасалынып отырды. Ондағы мақсат оқушылардың сабақтан алған білімдерін өздерінің бағалай алулары және тапсырманы қаншалықты түсінулері еді. Оқушылардың кері байланысын тыңдай отырып, келесі сабаққа сол кері байланысқа жауап әзірлейсің, түсініксіз болған тақырыпты, терең ашыла алмаған тапсырманы өздерімен бірлесе  сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, қайталап түсіндіре отырып  бекітемін.

Менің жеті модуль бағдарламасынан үйренген жаңа тәсілдерді практикада қолдану мақсатында өзім жетекшілік етіп жүрген 3 «А» сыныбында сабақтар өткіздім. Нені өзгерткім келді? Тәжирибе барысында оқушыларды ынтымақтаса оқу әрекетін ұйымдастыруға жетеледім, сөз қорларының жақсаруына, бір біріне деген көзқарастың өзгергендігін байқағым келді. Менің  осы уақытқа дейін мазалап жүрген ой - үлгерімі төмен оқушының сабақ үлгерімі еді. Осы уақытқа дейін ол оқушымен жеке жұмыс атқарған едім. Енді ол оқушымен  топпен жұмыс жасау арқылы, тапсырмаларды бірлесе атқару кезінде ол оқушым да өзінің жауапкершілігін танытып топқа  тартылды. Яғни, оқушыда өзіндік реттелу болды.

Менің іс-тәжірибемде  математика пәнінен тізбектелген төрт сабақ беру кезінде сабақтың өту барысын қалай басқардым десем, мен әр сабағымда бағалау әдісін негізге алдым. Әр күтілетін нәтижеге жету мақсатында жұмыс атқардым. Бағдарламаның жеті модулін сабақтарыма қамтуға тырыстым. Менің сәтті болған өзгерісім- ол ынтымақтаса отырып, тапсырмаларды орындаулары. Бастауыш сынып оқушыларының қызыға да, қуана әр тапсырманы орындаулары. Олар әр сабақ сайын бір қызықтай өзгерісті күтіп отыратын сияқты .Сондықтан келесі сабаққа ізденіп тағы да қандай қызықты да тартымды тапсырма берсем екен деп ойлайтынмын. Менің алғашқыда сәтсіз болған өзгерістерім, ол оқушылардың ұяңдықтары және тіл байлықтарының жоқтығы. Осы кедергілер арқылы біраз оқушым ашылып сабаққа тартылып кеткен жоқ, тіптен үлгерімі төмен, аса ашылып сұраққа жауап бере қоймайтын оқушылардың тартылулары біраз кедергі болды. Топпен бөліну кезінде әр қайсысы өз досымен отырғысы келген, сондай-ақ сынып белсенділері бөлініп отырмақ болған, тәжірибе соңына қарай бірте-бірте  бірлесіп отырып топпен ынтымақпен тапсырмаларды орындап кетті.

-Мен бұл кедергілерден қалай өттім? Топқа бөлуді түрделендіріп отырдым.

Бірінші сабағымда математика пәнінен «Жазбаша көбейту және бөлу. 178∙4 және 712:4» тақырыбында «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша кембридж технологияларын қолдана отырып сабақ өткіздім. Бағалау кезінде әр топқа сабақ барысында берілген ақылдар (жэтон) санына қарай санап бағаладым. Топтар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалады.

Орта мерзімді жоспарды құру барысында мен модульдердің әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана алуды үйрендім және Блум таксономиясының негіздеріне сүйене отырып әр кезеңде , әр тапсырма барысында да нәтижеге қол жеткізе алуды көздедім. Яғни әр оқушы тапсырманы орындау барысында аз да болса жауап берсе екен, топпен тапсырма орындау кезінде қамтылса екен  деп жоспарлауды үйрендім. Ал, қысқа мерзімді жоспарды алғашқы сабағымда жазғанда Блум таксаномиясының негіздеріне сүйенген кезде жүйелік болмағаны рас. Болашақта  қысқа мерзімді жоспарды жүйелі түрде Блум таксономиясының негіздеріне сүйене отырып жазуды және оқушылардың белсенділіктерін арттырумен қатар, сабаққа деген ынталарын арттыруды басты  мақсат етіп аламын.

 Оқушылармен топпен жұмыс жасау барысында   топты басқаруда аса қиыншылықтар болған жоқ. Себебі, бастауыш сынып оқушылары ойын түрінде , ертегі түрінде өтілген сабақтарға жаттыққан . Бірақ мен осы уақытқа дейін  топпен жұмыс жасауды сайыс түрінде деп ойлап  келдім. Топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға деген ынталары арта түскендей. Топпық жұмыстарды мен тақырыпты ашу және тапсырмаларды   орындау кезеңдерінде қолдандым. Ал, жұптық жұмыстарды  мәтінмен жұмыс жасағанда, яғни мәтінді оқып, көршісі екеуі бір-бірлеріне сұрақтар қоя отырып талдады. Тапсырманы орындау барысында барлық бала жұмыс жасауға талпынады. Біреуі сурет салады, біреуі жазады, біреуі өз ойын ортаға салады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы жүйелі, тартымды, қызықты орындауға үйренді. Төртінші сабағымды өткен кезде топ ішінде топ басшысын сайлап, тобындағы хатшысы, қорғаушы, тайм кипер рөлдерді бөліп сабақты қызықты етіп өтуге тырыстым. Бірлескен оқуда оқушылар ұйымшылдықпен ынтымақтастықта  бірлесіп жұмыс жасайды. Бір -бірін тыңдауды, сыйлауды, қолдауды үйренді. Топ көшбасшылары өз құрдастарын оқытуды, өз тобын алға тартуды үйренді. Оқушылардың бірлесе жұмыс жасау мүмкіндігі олардың ұтымды түрде оқуына және есте сақтауына, сол алған білімді қолдана білуіне аса қажет. Бұл бірлесіп жұмыс жасау жүйесінде қалай адамдармен әлеуметтік қатынаста болу (сөйлеу,сұрақ қою т.б.) және тез арада жаттығып білу мүмкіндігін де үйренді. Оқушыларға тапсырма берген кезде олар ең бірінші идеялар тастайды. Содан кейін оны қалай суреттеуді ,яғни мазмұндауды ойластырды. Тапсырманы орындау кезінде топ мүшелері берілген тапсырманы бірлесе оқи отырып, содан кейін ойын қағаз бетіне түсіруі, олардың сыни тұрғысынан ойлауын дамытуды көздейді. Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топтарға жұптаса отырып тапсырма бергенде, жұптасқан топ тапсырманы бірге оқиды,  тапсырманы үйренудің ұтымды жолдарын бірге жоспарлайды. Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара іс- әрекеттер оқуда маңызды рөл атқарады. «Мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым- қатынас түсінікті дамыту мен мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды. Тәжірибе жүргізген кезде сыныпта   тәртіп ережелері  мен  нормалары  барынша  сақталды деп ойлаймын.

Мен тәжірибе кезінде өткізген сабақтарымның барлығына да сұрақ қоюды әртүрлі әдіс- тәсілдер арқылы қолдандым. Ең алғашқы сабағымда өткен тақырыптарды еске түсіру үшін  «Кім шапшаң? » ойыны арқылы  түрткі болу техникасын қолдандым.   Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету үшін сабағымда тақырыпқа сай әртүрлі сұрақтар қоюды жөн көрдім және әр сабағыма кіріспес бұрын балалардың көңіл күйін,жағдайларын сұрап отырдым.Сабақ соңында бүгін біз сендермен не үйрендік және келесі сабақта не білгілерін келеді деген ұсыныстарды жиі қолдандым.

Бас бармақпен бағалау барысында оқушылар достықты ескере отырып, бір-біріне жақсы, керемет деген белгі бергісі келді. Әрине, өйткені олар әлі сол бағалаудың қаншалықты маңызды екенін сезінген жоқ. Формативті бағалау, яғни «ақылдар» жэтондар беру арқылы бағалағанда мен топтық жұмыс нәтижесін қорытындылап отырдым. Бірақ, сол топтарда жұмысқа мүлдем қатыспаған оқушылар бар. Оларды білім деңгейлері бойынша өзім бағаладым. Бастауыш сынып оқушылары өте ашық, сезімтал. Сондықтан әділ бағалау болғанын қалайды.

Оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету арқылы өзім де келесі күні сабаққа  қандай қызықты тапсырма ойластырсам екен дейтін болдым. Үйге тапсырма берген кезде қандай қосымша тапсырма берсем екен деп дайындалып келемін.Тек қана оқулықпен шектеліп қана қоймай қосымша интернет желісі арқылы  тест, қосымша қызықты деректер тауып келемін. Мен дәстүрлі сабағымды тек сыныпта ғана өтетінмін. Тек ашық сабақтар берген кезде ғана интербелсенді тақтамен өтетінмін. Мектепте іс-тәжірибе өту барысында интер белсенді тақтаны жиі пайдаландым. Оқушылар интер белсенді тақтаны пайдалануды жақсы меңгерген. Сабақтар барысында слайд арқылы таныстырылым, «таймер», ұялы телефон арқылы аудиожазбалар, сергіту сәттерінде «видео» қолданылды.

Курс бойынша өткізілген математика пәні бойынша сабақтарымда математикалық әңгімелеу әдісін қолданып көрдім. Жас ерекшеліктеріне байланысты математика пәнінде бұл әдіс ауыр екеніне көзім жетті.   

 Курс бағдарламасын меңгеру барысында АКТ-ның тиімділін жақсы түсіндім.

 

   Диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы өте зор. Оқушыларға сұрақ қою арқылы тіл байлықтары жетіліп сөйлеуге ашылды. Әсіресе тұйық, ұяң оқушылар сөйлеуге ынталанды. Оқуға деген қызығушылықтары артып, шеткері қалып қойған оқушылардың сезімдерін оятады. Енді сыни тұрғыдан ойлауға, бір- бірінен үйренуге, басқа оқушылардың ойымен бөлісуге, пікір айтуға, әңгімелесу арқылы ойын жинақтауға көмек беретін болады. Білім алудағы қиындықтармен бөлісіп бірлесе топпен жұмыс атқаруға дайын. Мен енді алдағы сабақтарымда 7 модульді, соның ішінде СТО-дан миға шабуыл, ой шақыру сияқты стратегиясын қолданамын. Осыдан шығаратын қорытынды ойым сабақ барысында оқушыларға мазмұнды  сұрақ қоя білуіміз керек деген тұжырымға келдім. Балалардың ойлауын жоғарырақ деңгейде дамыту  мақсатында сұрақтарды түрлендіріп отыру керек екендігін түсіндім. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.

 Дарынды және талантты балаларды оқыту барлық кезеңде де өзекті мәселе болып табылған.  Барлық мұғалімдер балаларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы ортаны жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етедi. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтау, оқушының қабілетті болып дүниеге келуі және өз қабілеттерін жүре дамыта алуы әлі күнге дейін ғалымдардың ыстық талқылауына ие сұрақтардың бірі. Қосымша материалдарды зерделеу арқылы мына көзқарастарды айқындадым: дарынды балалар ретінде білімнің барлық саласынан бірдей дәрежеде көріне алатын балаларды қарастыратын болсақ, талантты бала ретінде тек бір салада даму деңгейі жоғары оқушыларды атауға болады.

Дарынды бала тумысынан маңдайына жазылған дарындылық пен қабілеттілік белгісі бір бағытқа байланысты, ол тынышсыз, шыдамсыз, кейде көп сөйлемейтін болады. Баланың дарын қабілеттілігі мұғалімнің жетелеуімен ашылуы мүмкін.

Дарынды,ерекше қабілетті оқушылардың ойлау ерекшеліктері:

·         Пайымдай білу;

·         Болжам жасай білу;

·         Ойлау сыншылдығының болуы;

·         Мәліметтерді талдай, жинақтай, салыстыра, жалпылай, саралай білу;

·         Қорытындылай білу;

Кембридж әдісімен өткізілген әр сабақта қызығушылығын ояту, сабаққа деген ынтасын арттыру, дарындылық қасиеттерін анықтау мақсатында нақты үш оқушыны бақылап отырдым. Олар: үлгерімі өте жақсы-Мэлс Мәлике, оқуы орташа- Ұлықбек Мариям, оқу үлгерімі төмен – Нестерюк Андрей. Мариям топқа бөліну барысында белсенділік танытпай, қай топқа бөлінсе отыра беретін. Бірақ, әдейі бағыттап «Сен қалай ойлайсың? Сенің ойыңша бұл дұрыс па?» тсс сұрақтарға жауап беруге тарттым. Мінезінің ұяңдығынан сөз байлығы аз, бірақ құлшыныс пен талпынысы бар екенінде күмән болған жоқ.  Сабақтардың көңілді өтіп жатқанға қуанып, күлімдей бастады. Өз ойын топқа айта алатын болды. Андрей топтық жұмыста жеңіл рөлді қалайды, үнемі уақыт реттеуші болғысы келеді. Бірақ шарт бойынша рөлдер үнемі ауысып отырғандықтан, ойнай отырып сабаққа белсенді қатыса бастады. Қолданылған әр әдіс-тәсіл тиімді болып, өз нәтижесін берді. Жоғарыда айтылған ерекшеліктерді ескере отыра мектептегі тәжірибе кезінде дарынды  және талантты балаларды анықтау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Талантты оқушым Мәлике біраз ашылды. Сабаққа ынталы қатысатын болды. Өз еркімен сұрақтарға жауап беріп қызығушылығы артты. Бір сатыға көтеріліп қалды.

Мектебімізде 2 деңгейді оқыған 1 санатты ұстаз мені өзіне «менти» ретінде таңдап алғандықтан, мен математика пәні емес, енді әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәндерінен кембридж әдістерін қолданып сабақ өткізуге қызықтым. Әдебиеттік оқу пәнінен бағдарлама бойынша «Малсақ бала» тақырыбын таңдап алып, барлық кезеңдерінде 7 модульді толығымен болмаса да, қамтуға тырыстым. Топқа бөліп, миға шабуыл, СТО әдісі INSERT, әңгімелеу, дауыстап оқу әдісі, Блум таксаномиясын, үш тілділікті полиглот ретінде қолдандым. Деңгейлеп үй тапсырмасын беріп, рефлексия кезеңінде смайликтер қолдандым. Жалпы осы сабақ балаларға өте қатты ұнады. Бұрын төрт түлік туралы білгендерін толықтыра түстік. Қазақ тілі пәнінен «Сан есім» тақырыбы бойынша сабағымды әр пәнге шолу жасау арқылы топтық жұмыс, жұптық жұмыстар қолдандым. Слайд арқылы таныстырылым жасап, үш тілде санап қайталады, «Білемін. Білдім. Білгім келеді» кестиесін толтырып, үйге деңгей бойынша тапсырмалар берілді. Оқушылар өздерін «Бас бармақ» арқылы бағаласа, мен оларды түсті жолақтар арқылы суммативті бағаладым.

Әріптестерімнің ішінде сабағыма қатысып, тиімді жағын ашып айта алған мұғалімдер болды. Бұл курс бағдарламасының тиімсіз жақтарын дәлелдей түскен, яғни өз ойларын айтқан мұғалімдер де болды. Атап айтар болсам, «үлгерімі төмен, бағдарламаны  меңгермей артта қалған оқушылар бағдарламаға  ілесе алмай қалады»- деді.  Мектептегі іс-тәжірибе өткізу кезеңінде әлі де сабағыма қатыса алмаған әріптестеріме болашақта топпен жұмыс жасаудың тиімділігін айғақтайтын қызықты да тартымды сабақ үлгілерін көрсетемін деп уәде бердім.

          Курс жаңалықтарын таныстыру мақсатында әдістемелік кеңесте «Бастауыш сыныптарының сабақтарында интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында баяндама оқыдым. Интерактивті оқытудың әдістері мен түрлерімен таныстырып, өз тәжірибемен бөлістім.

  Бақылау барысындағы  нәтижелі сәттер:

          Дәстүрлі сабақтар мен жаңа жобамен жүргізілген  сабақтардың айырмашылығы бар екендігін оқушыларымның және өзімнің өзгерісімнен анықтай алғандығым.

         Жаңа жобаның негізіндегі теориялық білімді  тәжірибе кезінде қолдана білгендігім.

         Қысқа мерзімді сабақ жоспарларыма жеті модульдің идеяларын пайдалана отырып сабақ жоспарларын құра алғандығым.

         Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын, яғни жағымды көңіл-күй қалыптастыру  балаларды бір-біріне жақындастырады, мейрімділікке, рухани адамгершілікке, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге үйренгені.

         Топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенгеннің тиімділігі.

          Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің  әдіс-тәсілдерін пайдалану  оқушылардың еркін сөйлеуіне, бір-біріне деген сезімдерін еркін жеткізуіне,  құрметтеуге, топта ұйымшыл болуына, сабақты жақсы қабылдауына  және сыни   тұрғыдан  ойлау  дағдыларының алға жылжуына өте ыңғайлы екенін байқадым.

         Бағалау әдісінің қарапайым формативтік, жиынтық түрлерін сабақта қолдану ыңғайлылығы.

  Сәтсіз тұстары:

         Оқушылар бойында  ұялшақтық сынды әрекеттердің басымдығының  көрінуі.

         Ойларын қысқа, нақты жеткізіп айта алмаушылықтары байқалды.

         Топпен жұмыс жасағанда  оқушылардың тіл байлықтарының жоқтығы.

         Формативті бағалау кезіндегі асыра бағалау байқалды.

         Бастауыш сыныптарда критериалды бағалауды 4-ші сыныптан бастап қолдану керектігіне көзім жетті.

Мен болашақта нені, қалай өзгерткім келеді:

         Ең алдымен жеті модульдің әдіс-тәсілдерін өз сабақтарымда мүмкіндігінше толық   қамти отырып, тиімді пайдалану.

         Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын, яғни жағымды көңіл-күй қалыптастыруды түрлендіріп отыру.

         Ұжымдық жұмысқа дағдыландыра отырып, топтық жұмысты жандандыру, дамыту.

         Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрететін сұрақтарды нақты, дұрыс қоя білу қажеттілігін басты назарда ұстау.

         Еркін, өзіндік дәлелді жеткізе білетін, ынталы оқушы тәрбиелеу.

         Қоғамдық желі құру,тәжірибемді бөлісу.

          әріптестеріме тиімді әдіс-тәсілдерді өз тәжірибелеріне енгізулерін ұсынамын.

            Мектептегі тәжірибе кезеңінде тізбектелген  сабақтар  топтамасын өткізу  барысындағы іс-әрекетіме осы әдістемені   енгізе отырып сабақ жүргізудегі бағытымды өзгерте алдым.

     Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.

Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.

Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық, нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді. Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында».

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.     3-сынып математика оқулығы 2- бөлім. Т.Қ.Оспанов, тб. Атамұра, 2014.

2.     Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

3.     Интернет желісі:http://45minut.kz.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Рефлексивті есеп 2000 сөз"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 040 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.05.2017 47628
    • DOCX 315.6 кбайт
    • 159 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тастенова Алия Бейбитжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тастенова Алия Бейбитжановна
    Тастенова Алия Бейбитжановна
    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 102176
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 388 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 221 человек

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе