Инфоурок Дошкольное образование Статьи"Өрт кезінде не істеу керек" іс шарасы

"Өрт кезінде не істеу керек" іс шарасы

Скачать материал

 

 

Тәрбиеші : Смағұлова Гүлбақыт Шоқанқызы

Ақтөбе қалалық білім бөлімі

№25 «Ерке» мектепке дейінгі ұйымы

 

 Балалармен «Өрт кезінде не істеу керек» туралы әңгімелесудің болжалды мәтіні

 

         Педагог: Өрттің не екенін бәрі біледі, балалар, өрттің неден болатынын кім айтып береді?

         Балалар:

1. Сіріңкемен абай болмау.

2. Электраспаптарын қараусыз қалдырудан.

3. Сөндірілмеген алаудан.

4. Құрғақ шөпті, терек мамығын өртеуден.

         Тәрбиеші: Бәрі дұрыс! Ағылшындар «Менің үйім  - менің қамалым» деп айтады.  Алайда үй барлық уақытта қамал бола алмайды. Бұның себептері көп. Біреулері электр тогынан, басқалары тұрмыстық газдан немесе тұрмыстық химиядан уланудан, ал енді бірі өртте қаза табады.

         От тек күйіктермен қауіпті емес. Кинода және теледидарда отты ғана көрсетеді. Адамдарда тек өрт қауіпті деген ұғым қалыптасқан. Бірақ өртте түтіннен де келетін қауіп одан аз емес. Заттар жанғанда  көп мөлшерде қауіпті заттар бөлінеді. Егер адам  түтінге оранған үй-жайда ұзақ уақыт болса, бұл өліммен аяқталуы мүмкін.

           Ересектер де, балалар да өртте дұрыс іс-әрекет жасамайды. Егер өрт болғанда не істеу керек екендігін талқылайық. ( Балалармен талқылау)

         Сонымен, өрт кезіндегі негізгі әрекет жасау ережелерін есте сақтайық.

 

         Өрт кезіндегі әрекет жасау ережелері

 

         1-қағида: үрей туғызбаңыз. «101» телефоны бойынша өрт сөндіруші-құтқарушыларды шақырыңыз. Диспетчерге үйдің көшесін, нөмірін, кіреберісін, қабатын, және пәтердің  нөмірін нақты айтыңыз, сондай-ақ не, қайда және қалай ұзақ жанғандығы туралы қысқаша айтыңыз. Өрт туралы ересектерге: ата-анаға, көршілерге, жүргіншілерге... хабарлаңыз.

          Егер өрт шағын болса, оны дереу су құйып, гүл құмырасындағы топырақпен  көміп, отқа қалың сулы матаны (көрпе, жамылғы) жауып сөндіріп көріңіз. Алайда желіге қосылған электр аспаптарын сумен сөндіруге болмайтынын есте сақтаңыз.

2-қағида: Егер от бірден сөнбесе, онда үйден дер кезінде қауіпсіз жерге кету керек. Оттың пәтерге жайылып кетпес үшін жанып жатқан бөлменің есігін міндетті түрде жабу керек.

 (балалармен «101» телефоны бойынша құтқарушыларды шақыру ойнатылады)

 

         Әр азамат біледі

          осы  «101» нөмірді.

         Сізге қауіп төнсе егер

          Қоңырау шалыңыз осында.

          Пәтерде телефон болмаса,

          Жүргінші адамға қол бұлға.

        

        

Біз бұрын айтқанымыздай өртте түтін өте қауіпті. Әсіресе түтіннен адамдар көбі қаза табады. Егер пәтер қою түтінге оранса, тыныс алу қиындаса, онда еңбектеп, жер бауырлап шығуға тырысу керек, өйткені еңбектеген кезде төменде түтін азырақ болады.

        

Өртте адам көбінесе түтіннен көз жұматынын-

Ересектер мен балалар есіне сақтау керек!

 

         Педагог: Өрт тағы қай жерде шығуы мүмкін?

         Балалар:  орманда.

         Педагог: Дұрыс. Өрт - ормандағы ең үлкен қауіптілік. Орманда отпен ойнауға, ересектерсіз алау жағуға болмайды. Құрғақ, ыстық күні орманның жанып кетуіне бір тал сіріңке немесе алаудың ұшқыны жетіп жатыр.

 

         Бала ойнаса шырпымен -

         Оның арты өрт болар.

          Ағаш жанар түбімен

Ал ұясыз құс қалар!

        

Егер өрт басталса, орманнан дереу шық. Өрт туралы міндетті түрде ересектерге хабарла.

 

         Өрт көлікте болса не істеу керек?

         Балалар: Егер автобус, троллейбус немесе трамвайдың ішінде өрт болса, есіктің авариялық ашу кнопкасы арқылы тез арада ашу керек. Егер есік ашылмаса немесе онда кептеліс болса, қапталдағы терезелерді сындырып, тез арада сыртқа шығу қажет. Орамал немесе шарф арқылы тыныс алу керек.

          Педагог: Сабағымыздың қорытындысын жасайық (балаларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қою, егер түсініксіз болса, оны түсіндіру ).

 

Балалармен әңгімелесу (өрттердің пайда болу себептері, отпен абай болу дағдылары, өрт пайда болған кездегі іс-әрекет)

 

Жабдықтар: бейнеопроектор, өрт қауіпсіздігі бойынша  плакаттар, балалар суреттерінің көрмесі.

 

           Оттың арқасында суық пен аштықтан құтқаруды, өз баспаналарын жабайы аңдардан қорғауды үйренген адамдар, бұл құдіретті апаттың алдында қорғансыз. Кейде от шамның ұшында көбелек сияқты желпілдейді  немесе ауыл пешінде тыныш жанады. Мұндай сәттерде біз отқа сенімділік білдіре отырып және тыныштық күйінде ұзақ қарай аламыз. Бірақ от адамның бақылауынан кеткен кезден бастап әзірейіл секілді жолында тұрғандардың бәрін жалмауға дайын.

         Бүгін біз өртте өзін дұрыс ұстауы мен іс-әрекет жасауы туралы айтамыз, оттың құрбаны болмау үшін қандай қауіпсіздік шаралар қолдануды қараймыз.

         Балалар от біздің өмірімізде қай жерде қолданылады?

Балалардың нұсқалары

         150 жыл бұрын жоғары өрт бақылайтын мұнара табылған (өрт бақылайтын мұнараның суретін көрсету).

 

         Өрт сөндіру бөлімінде екі қабат болды. Екінші қабатта өрт сөндірушілер отбасыларымен бірге тұрған. Бірінші қабатта сатыларымен арбалар, ілгекті бақан, су толтырылған бөшкелер тұрған. Осында ең бастысы- жылқылар, ең жақсысы, ең жүрдек (бөшкелер мен жылқылар суреттерін көрсету).

         Ол уақыттарда өртке атпен барған. Алдында жүйрік атта сырнайшы келе жатады (суретте сырнайшының суреті), ол өртке үлкен жылдамдықпен келе жатқан өрт сөндірушілер туралы жүргіншілерді ескертетін қатты дыбыстар шығарады. «Өртке бара жатқандай» ұғым осыдан пайда болған.

         Ал енді, балалар, өрт қауіпсіздігі ережелерін еске алайық (Балалар жауап береді).

         Балалар ас бөлмеде сіріңкемен ойнауды

         дағдыға айналдырса, онда

         қауіпсіз заттар мүмкін болмайды

         Екеуі де, үшеуі де өртті жеңе алмайды.

 

         Сіріңкемен ойнауға бола ма? Неліктен?

Неліктен балалар газ плитаны қоспаулары тиіс?

Қосылып тұрған теледидарды қалдыруға бола ма?

Неліктен үйден шыққанда электр құралдарын сөндіру керек?

Балалардың көбісі өрттен аман қалу үшін не істеу керек екенін білмейді. Осындай жағдайларда олар керуеттің, көрпенің астында, шкафтардың ішінде, бөлменің оңаша бұрыштарында тығылады, олар есік ашық болса да шығуға тырыспайды. Естеріңізге сақтаңыз, түтінге оранған үй-жайларда балаларды табу қиын болады.

 

         Аңға, құсқа, шөпке, балаларға..

          ауа керек бәріне.

         Сол тізімде от та бар.

          Өртті тоқтату үшін

           Отқа тыныс бермеңдер.

 

         Егер сіздің үйіңізде үтік, теледидар немесе басқа қандай да бір электр құралы жанып жатқанын көрсеңіз, отты ауыздықтауға болатының біліңіз!  Ашаны розеткадан айырып, жанып жатқан отты қалың матамен бүркеу қажет (плед, жамылғы, көрпе).

           Газдың жайылуы уланудан басқа ауамен қосылып жарылыс қауіпті қоспа пайда болуы мүмкін. Егер үйде газдің иісі болса, онда тез арада конфорканы сөндіріп, газ шүмегін жауып және үй-жайды желдету керек. Газдың өзіндік иіс сезсеңіз, сіріңке жағуға, электр аспаптарын, шамды қосуға немесе сөндіруге болмайды. Бұның бәрі ұшқын шашып жарылысқа әкеп соғуы мүмкін.

 

         Балалар,  электр  күйік дегеніміздің не екенін кім айтады?

 (Балалар жауап береді)

         Электр аспаптарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған адамдарда электр күйігі болуы мүмкін. Мысалы: су қолмен қосылып тұрған электр аспаптарын, ашық тоқ сымдарын ұстауға  және т.б. болмайды. Егер сіз тұрмыстық аспатарында тоқ сымдарының балқығанын немесе сымның жалаңаштауын байқасаңыз, тез арада ата-анаңызға айтыңыз! Ақаулы электр сымы өрттің шығуының себебі болуы мүмкін. Сондықтан үтік, қысқа толқынды пеш, теледидар, фен, электр шәйнегі сияқты және т.б. электр құралдарын қараусыз тоққа қосылған күйде қалдыруға болмайды. Олар өрттің шығуының себебі болуы мүмкін.

         Ал жаңа жылда сізді қандай қауіптіліктер күтуі мүмкін? (Балалар жауап береді).

 

          

Жаңа жылда шыршалар

           Жабылса егер мақтамен

           Жарқырайтын шыраққа

 Орын болмас бұл жақта

           От дегенің мақтамен

          Жауласады ежелден,

           Шыршадан түсіп еденге

          Жалмайды бәрін бір демде

           Сонда болмай мереке

          Кетеді үйден береке !

 

         Өкінішке орай, тек шам емес, отшашпа да, петарды да, ракета да, бенгал оты да қауіпті. Әсіресе, осылар дұрыс қолданбаған жағдайда қолайсыздықтардың себебі болуы мүмкін (қолын, бетін зақымдауы мүмкін, тіпті егер оларды дұрыс қолданбаса өрттің себебі болуы мүмкін) .

         Балалар, оттың біздің өмірімізде маңызды рөл атқаратынын өздеріңіз көріп тұрсыз. Қазіргі таңда өз өмірімізді отсыз елестете алмаймыз. От адамға тек тамақ пісіруде, үйді жылыту мен жарықтандыруда ғана емес, металл балқытуда, түрлі заттарды жасауда көмектеседі.  Бұдан басқа адамдар Отан қорғаушылардың батырлығы мен ерлігінің символы ретінде отқа табынады. Бұл отты мәңгілік деп атайды, ол соғыс батырларына арналған мемориалдар мен ескерткіштерде жанып тұрады. Байқаусыз қалған от көп жағдайда жаман зілзалаға айналады. От үйлерді, жануарларды жояды, адамның денсаулығына зиян келтіріп кейде адам өліміне әкеп соғады.

          Біздің әрқайсысымызбен төтенше жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан сіздер өздеріңізді және жақындарыңызды қорғауға әрқашан дайын болуларыңыз керек. Егер бір жағдай болса, онда үрей туғызбаңыз, сабыр сақтап, жағдайды бағалап ең дұрыс шешім табуға тырысыңыз.

          

 


 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Өрт кезінде не істеу керек" іс шарасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 054 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2017 4415
    • DOCX 20.8 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смағұлова Гүлбақыт Шоқанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Смағұлова Гүлбақыт Шоқанқызы
    Смағұлова Гүлбақыт Шоқанқызы
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10317
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Индивидуализация психического развития ребенка дошкольного возраста в контексте системного подхода

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 147 человек

Курс повышения квалификации

Воспитательная система образовательной организации в современных условиях

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 872 человека

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе