Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСабақ "Табиғатты құштарлық"(1 сынып)

Сабақ "Табиғатты құштарлық"(1 сынып)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштарлық  

Құндылық: Қиянат жасамау                         

Қасиеттер Мейірімділік, қайырымдылық, адалдық.

Класс 1                       

Сабақтың мақсаты: оқушыларды табиғатты аялауға баули отырып, қиянат жасамау құндылық түсінігін кеңейту.

 –  табиғат ұғымын түсіндіру, табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

 –  табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, аялы қарым -қатынастарын дамыту;

        – табиғатты қорғауға, аялауға, сүюге   тәрбиелеу

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу.

-         Менің халім тамаша,

      Сіздікі де тамаша!

      Сенің халің жақсы ма,

      Оның халі жақсы ма?

      Барлығы да тамаша!

Тыныштық сәті

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көзімізді жұмып, ауаны терең жұтып, еркін тыныс аламыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқандарыңды елестетіңдер. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалардың шуылына құлақ түріңдер.Жалаң аяқтарыңмен құмды сезіңдер. Шалғайдан қара нүкте көрінеді: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңдер. Ол сендерді теңіз түбіне ару үшін келді. Дельфиннің арқасына отырыңдар, мықтап ұстап, жолға шығыңдар.дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жақтарыңа қараңдаршы: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған қаншама әсем балықтар. Суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңдаршы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңдаршы ... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сендер бір нәрсені байқадыңдар ма? Мұнда неткен тұңғиқ, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңдар.

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындаламыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңдар және тыныштыққа құлақ түріңдер. Осындай тыныштық сендерге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сендер су бетіне шығып, жағаға жақындадыңдар. Дельфиннің арқасынан түсіңдер, оны сипап, ризашылықтарыңды білдіріңдер.

Сыныпқа оралыңдар және өз орындарыңа келіңдер. Бірнеше секундтан соң көздеріңді ашыңдар, осы түйсінген тыныштықты өз бойларыңда сақтауға тырысыңдар.

 

Үй жұмысын тексеру. М.Әбдрашеваның «Орманшының баласы» әңгімесі.

Сұрақтарға жауап беру:

-         Орманшының баласы орманға не үшін келді?

-         Баланың алғашқы ойы неліктен өзгерді?

-         Табиғатты сақтау үшін сендер қандай үлес қосар едіңдер?

 

ІІ Дәйексөз. Мұғалім оқып береді. Оқушылар 2-3 рет қайталап, мағынасын ашады.

 

Жүрегі таза адам  қиянатқа бармайды.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

(Адамның ең асылы – қиянатсыз, ақ пейіл адам).

-      Қандай адамдар қиянат жасамайды?

-      Ал жүрегі таза деп қандай адамдарды айтамыз?

 

 

ІІІ Әңгімелеу. Толымбек Әбдірайымның «Қайынның көз жасы» әңгімесі.

 

Қайынның көз жасы

Тамыз айы. Тал түс. Күн күйіп тұр.

Бес жасар Қапан есік алдына шығып, аз-кем ойланып тұрды. Сонау ауыл шетіндегі көл маңы үпір- шүпір балаларға толы. Асыр салып, суға шомылып жүр. Қапан шолақ шалбарының ышқырын бір көтеріп, үй айналды. Көлге жаяу барғысы келмей, көкке өрлеп жасыл жапырақтары жайқала өсіп тұрған бала қайынның жалқы бұтағын сындырып алды. Дереу «атқа» мінді де, ауыл жетіне қарай «шаба» жөнелді. Бұл оқиғаны көрші қарт көріп отырған.

Қапан кешке бұтағы сындырылған бала қайыңнан су тамшылап тұрғанын байқады. Қайта-қайта қарап таң-тамаша. Осы сәтте Күркебай қарт таяп келді. Қапан:

- Ата, айтыңызшы. Неге су ағып тұр? – деді қайыңның діңін нұсқап.

- Су емес… Қайыңның көз жасы ол. Біреу бұтағын сындырған. Жаны жараланып жылап тұр соған. Тілі жоқ айтатын. Қайтсің, байғұс! Табиғат перзенті тал-терек ағаштың да жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы алақан, күтім тілейді! Ал олардың жасайтыны осы…

Қапан ұялды. Қарттың уәжді сөздері зердесіне жеткендей басы салбырап, қозғалмастан тұрып қалды. «Енді сындырмаймын, ата!» деген сөзді іштей қайталай берді.

 

Сұрақтарға жауап беру, талқылау.

- Балалар әңгіме сендерге ұнады ма?

- Кім туралы  екен?

- Қапан не үшін ағаш бұтағын сындырды?

- Қалай ойлайсыңдар, ол дұрыс істеді ме? Неге?

- Сен оның орныңда болсаң не істер едің?

- Сен оның досы болсаң,  оған не айтар едің?

 

Сергіту сәті:Күнге қарап қолымды

                       Бір, екі, үш деп соғайын (қолды соғу)

                       Қарап тұрған көршіме

                       Мен қолымды бұлғайын (бір-біріне қол бұлғау)

                       Жылы-жылы жүзбенен

                       Маңдайынан сипайын (сипау)

                       Жылы-жылы сөзбенен

                       Жүрегімді сыйлайын

                              Ыстық алақыныммен

                              Қолыңды бер, қысайын (қолды қысу).

 

ІV Шығармашылық жұмыс. «Бізге қиянат жасама» (сөйлемдерді аяқтау).

       «Егер мен гүл болсам, ......»

       «Егер мен өзен болсам, ......» (шалғын, ағаш, көбелек, т.б.)

      

V Топпен мәнерлеп оқу.

Армысың, алтын Күн!                                    Бас ием тауларға,

Көгілдір көк аспан!                                         Жамылған қарларға.

Бармысың, құстарым!                                     Жайқалған даланы,

Қанатты достарым!                                         Табиғат – Ананы

Суларым таза ма?                                            Көруге сағынып,

Талдарым аман ба?                                         Келген біз балаңыз!

            - «Табиғат – Ана»  деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Қорытындылау)

VІ Үйге тапсырма беру. «Біз және табиғат» сурет салу. Өлеңді оқу 109б.

VІІ Соңғы тыныштық сәті

       Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Жақсылық ойлау, жақсылық жасау біздің қолымыздан келеді. Бүгінгі сабақта алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді жайлап көздеріңді ашсаңыздар болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сендерге көп рахмет!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ "Табиғатты құштарлық"(1 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 871 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2016 1587
    • DOCX 20.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жунусова Жанара Кабылкаковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жунусова Жанара Кабылкаковна
    Жунусова Жанара Кабылкаковна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13888
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 675 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 384 человека