Инфоурок Информатика КонспектыСабақ тақырыбы, "Әлемнің ақпаратттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар."

Сабақ тақырыбы, "Әлемнің ақпаратттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар."

Скачать материал

Күні:

Сынып: 10

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпаратттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар.

Сабақтың мақсаты:

-          Жаңа тақырыпты түсіндіру, әлемнің ақпараттық бейнесіне, ақпараттық үдерістеріне, ақпарат жүйелері мен ресурстарына, білім беру ақпараттық ресурстарына түсінік беру.

-          Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

-          Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тұсаукесер.

Сабақтың әдістері:түсіндіру, көрнекілік қолдану, сөйлеу, сұрақ – жауап, тәжірибелік әдіс.

Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды ұйымдастыру, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі.

            Ақпарат – адамнан да ерте туған құбылыс. Табиғат өзінің даму барысында жұмбақталған ақпаратты өсімдіктер мен тірі ағзалар арқылы беріп отырған. Ақпарат ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада қолданылатын көп мағыналы ұғым. Латын тілінен information – түсіндіру, мазмұндау деген мағынаны білдіреді.  Жалпы алғанда, бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білім, мағына, бейнелеу, сезіну ұғымдарынамен тығыз байланысты. Қазіргі кезде бұл жайында Білім дәуірі немесе Ақпарат дәуірі деп аталып, «ақпаратты қоғам», «ақпараттық технологиялар» сияқты терминдер жиі айтылатын болды. Сонымен, ақпарат деп қоршаған орта мен онда болып жатқан әртүрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығын айтамыз. Ақпарат таңба және сигналдар түрінде берілсе, оны әртүрлі тәсілдермен аламыз. Кітап, газет, журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата –анамен,  достармен әңгімелескенде ақпарат алынады. Ақпарат, ақпарат жеткізушіден оны үш сүзгісінен өткен нәрсе. Мұндай анықтама ақпаратты  үш  деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, семантикалық, кибернетикалық.

-          Синтаксистік деңгейде, ақпаратты бір қабылдап алған кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынас қарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді. Бұл ақпараттың сандық сипаты.

-          Семантикалық деңгей  (тезаурус)  мәлімдеменің мазмұнын меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменің мазмұны белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.

-          Кибернетикалық деңгейде ақпарат, нысанның жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай – ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен одарды қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге кез келген нысанның жағдайы туралы деректер, мағлұматтар жатады. Есептеу техникасы тұрғысынан ақпарат ұғымы – оның жадында сақталып, қажеттілігіне байланысты өнделетін  және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.

Негізгі кезең

Ақпараттандыру (Информатика) – ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттей жаңа ғылыми пән. Ақпаратты оқыудың маыздылығына бұл ғылымның тек ЭЕМ – дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпараттты кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктерін береді. Ақпараттандырудың негізгі нысаны ақпарат болып саналады. Сондықтан, «ақпарат» ұғымы ақпараттандыру мен ЭЕМ –де жұмыс істеудің ең  түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі. XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогінің пайда  болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адам ойын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады. ХІХ-ХХ ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы ақпаратты кез келген қашықтыққа жылдам жеткізуге мүмкіндік береді.

ХХ ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеуіш машина мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін берді. ЭЕМ-дер бастапқы кезде есеп – қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылды. Кейіннен олардағы мәліметтерді магниттік тасталарға жазып, қағазға басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды. Қазіргі кездегі  жаңа ЭЕМ – дер күнде пайда болып отырғндықтан, олардың даму үдерісі ғылыми – техникалық прогреске айналды. Керекті ақпаратты ғаламтор  арқылы серверлерге жүктесек болғаны, санаулы минуттарда сол ақпаратты бүкіл әлем қарайтын болады.

Ақпарат алу – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір – біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.

Ақпараттық жүйелер – ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі мәліметтер жасауға және оны енгізуді қамтамассыз етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, есеп жасаушы жүйелер.

Ақпараттық жүйенің жобасы – нақты бір программалық техникалық ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалық шешімдердің сипаттамасы бар жобалық – конструкторлық және технологиялық құжаттаманы айтамыз.

Ақпараттық жүйе – белгілі бір нысанды басқаруға қажетті қойылған қоғамдық мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық нысандардың бірігуін қамтитын белгілі бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді. Ақпарат жүйесін жіктеуде оны мынадай ішкі кластарға бөлуге болады:

-          Ақпараттық – анықтамалық жүйелер

-          Ақпараттық кеңес беретін жүйелер.

-          Ақпараттық қадағалаушы жүйелер.

Ақпараттық – анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды. Ақпараттық кеңес беретін жүйелер нысанның күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады. Ақпараттық қадағалаушы жүйелерде мәліметтер адамның қатысуынсыз ендіріліп, басқарылатын нысандағы үдеріс автоматты түрде реттеледі. Ақпараттық жүйелер термині автоматтандырылған жүйелер ақпаратты өңдеу үдерісінде адамның да, техникалық құралдардың да қатысуын қамтамассыз етеді. Мұнда компьютер маңызды болып саналады.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ) – ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпараттардың экономикалық және математикалық әдіс модельдерінің техникалық, программалық, технологиялық құралдардың және мамандардың жиынтығы.

Ақпараттық жүйелер құрылымын бағыныңқы жүйелер деп аталатын, оның жекеленген бөліктерінің жиынтығын құрайды. Бағыныңқы жүйе – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі. Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымы ретінде қолдану саласынан басқа бағыныңқы жүйелерді  қарастыруға болады. Мұны қамтамасыз ететін бағыныңқы жүйелердің классификациясының құрамдық бөліктері туралы қарастырамыз. Оларды кез келген ақпараттық жүйенің құрылымын қамтамассыз ететін бағыныңқы жүйелердің жиынтығы түрінде ұсынамыз.

Ақпаратты қамтамассыз етудің бағыныңңқы жүйесі басқару шешімдерін қабылдау үшін уақытында қалыптастырудан және нақты ақпаратты беруден тұрады.

1.      Ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз – ақпараттық жүйе және ақпараттық технологияға шешімін сипаттайтын ақпаратты  бейнелеу. Құжаттамалардың бірыңғайланған жүйесі мемлекеттік, ремпубликалық, салалық және аймақтық деңгейде құрылады. Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі міндеті – қоғамдық өндірістің әртүрлі ортадағы басқарылатын нысанды сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру. Осындай бірыңғайланған жүйелерге қойылатын талаптар стандарттар әзірленеді. Ақпараттық ағымдар сызбасы ақпараттың қорғаушы маршрутын және алғашқы ақпараттың пайда болуы мен нәтижелілік ақпаратта қолданылатынм орнын бейнелейді.

2.      Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйенің жұмыс жасауына арналған техникалық жабдықтар кешені. Техникалық құралдар кешенін кез келген модельдегі компьютерлер, ақпаратты жинау, өңдеу, беру, шығару құрылғылары, мәліметтерді беру құрылғылары және байланыс желілері, ақпараттың автоматты түрде алыну құрылғылары, эксплуатациялық материалдар және т.б құрайды.

3.      Математикалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйенің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер, программалар жиынтығы, сонымен қатар ол техникалық құралдар кешенінің қалыпты қызметіне жағдай жасайды. Математикалық қамтамасз ету құралдарына:

-          Басқару үдерістерін модельдеу құралдары;

-          Басқарудың типтік есептері;

-          Математикалық программалау, математикалық статистика, массалық қызмет көрсету теориялары және т.б. жатады.

4.      Программалық қамтамасыз ету – есептеу техникасын қолдану арқылы ақпарат жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын программалар жиыны. Жалпы жүйелік программалық қамтамасыз етуге ақпаратты өңдеудің типтік есептерін шешуге арналған және қолданушыға бағытталған программалар кешені жатады. Олар  ақпаратты өңдеудің үдерістерін басқару және бақылау, компьютердің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған.

Оқу, тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы ақпарат алынатындықтан оның т.б түсініктемелері болуы керек. Қалай болғанда да  деректерді өңдеу, реттеу және оларды қабылдаушыға жаңа білім болатындай ұйымдастыру оның нәтижесі болып табылады. Ақпараттық технологиялар қазіргі қоғамда білімнің ақпараттық ресурсқа (АР) айналуы, тиімді қолданудың жаңа құралы, дамытушы факторы болып табылады. Ақпараттық ресурс адамзаттың негізгі ресурсына, қазіргі замандағы өркениеттің басты құндылығына айналды. Сонымен қатар АР рөлі, өмір сүру  механизмдері, қолданудың әлеуметтік салдарына күрделі мәселелер туды.

Жалпы ақпараттық ресурстарға берілетін анықтаманың бірнеше түрі бар:

-          Мекеме үшін құнды болып есептелетін және материалдық ресурс ретінде қабылданатын мәліметтер жиынтығы (оған сыртқы жадта сақталатын негізгі және қосалқы мәліметтер жиымы мен кіріс құжаттары жатады);

-          Кітапналарда, мағлұматтарда, қорларда, мәліметтер банктерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде  жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғарланған мағлұматтар жиынтығы.

IV. Бекіту кезеңі.

Тапсырма: өз ойыңнана ақпарат ойластыр. Оны ғаламторда басқа қолданушыға жібер немесе мектеп сайтына орналастыр. Суретіңді сканерле.

V. Қорытынды кезең.

1. Бүгін сабақта не білдік?

2. Не үйрендік?

            VI. бағалау кезеңі.

Сабақта тапсырманы орындағанына, қаншалықты меңгергеніне байланысты бағалаймыз.

            VII. үйге тапсырма.

1.      Тақырып оқу

2.      Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ тақырыбы, "Әлемнің ақпаратттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 003 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.01.2016 985
    • DOCX 20.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамеджанова Гульдана Уразалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13462
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 298 человек

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 718 человек

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе