Инфоурок Биология Другие методич. материалыСабақ жоспары "Дарындылар додасы" сайыс

Сабақ жоспары "Дарындылар додасы" сайыс

Скачать материал

Сайыстың тақырыбы: . Дарындылар додасы

Сайыстың мақсаты:

-Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, Саттар Ерубаев шығармашылығын кеңінен насихаттау, озық ойлы алғыр және тапқыр оқушыны анықтау.

-Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау қабілетін арттыру.

- Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта/ слайд-презентация/, түрлі-түсті қалам, плакат.

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Сайыс кезеңдері:

1 кезең. Таныстыру.

2 кезең. Тұлғаны таны

3 кезең. Білім минуты

4 кезең. Зерттеушілік жоба

5 кезең. «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»

6 кезең  Кім жылдам?

III. Қорытындылау.

Сайыстың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

     Құрметті ұстаздар, оқушылар! Химия – биология әдістеме бірлестігінің  «Саттар-дана, Саттар-дара қазақта » атты он күндік іс-шара жоспарына сай өткелі отырған «Дарындылар додасы» сайысына қош келдіңіздер.

     Бүгінгі жастар-еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, таным қызығушылықтарын дамытатын, шығармашылыққа шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын сайысымызды бастаймыз.

Сайысқа қатысқалы отырған екі тобымызды ортаға шақырайық.

8 «А» сынып оқушыларынан құралған «Жасуша» тобы

8 «В» сынып оқушыларынан құралған «Жүрек» тобы

 

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ-бағасын беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:

1. ________________________________________________________________

2. _______________________________________________________________

3. ________________________________________________________________

 

Сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастайық.

І кезең -  «ТАНЫСТЫРУ»

Жоғары ұпай 10 ұпай

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін- деп, кезекті таныстыруға береміз.

 

ІI кезең –  «ТҰЛҒАНЫ ТАНЫ»

Алаштың ардақты ұлы,

Бола білген арының құлы.

Жаны жайсаң елім деген

Жандардың болады жүзі жылы, -дей келе бұл кезеңімізді қазақ тарихында табиғаттың өзі түлеткен талант иесі- Саттар Ерубаевтың    103 жылдығына арнаймыз.  Екі топ та Саттар Ерубаевтың шығармалары жайлы айтады.

 ІІI кезең – «БІЛІМ МИНУТЫ»

     Білім минуты деп аталады. Бұл кезеңде 10, 20, 30, 40 ұпайдан тұратын ұяшықтар жасырылады, әр ұяшықта сұрақтар жасырылған. Дұрыс жауапқа 10, 20, 30, 40 ұпай. Егер сайыскер өзіне берілген уақыт ішінде жауап бере алмаса, кезек келесі ойыншыға беріледі. Жауап беруге 30 секунд.

 Ғалымдар бөлімі бойынша сұрақтар:

10.1.      Хемосинтез процесін ашқан ғалым: Вернадский

20.1. Алғаш рет жасуша теориясының негізін қалаушылар:Т. Шванн және      М.Шлейден

20.2. “Анализатор” терминін ұсынған ғалым: И.П. Павлов

30.1. Мәдени өсімдіктердің шығу орталығын анықтады: Вавилов

30.2. Атом және молекула ілімін ғылымға енгізген орыс ғалымы: М.В. Ломоносов

     30.3.Химиялық элементті ең алғаш енгізген ағылшын ғалымы: Р.Бойль

     40.1. Әрбір  элементтің  өзіндік химиялық таңбасы бар деп айтқан швед ғалымы: И.Берцелиус

     40.2. 6,02*10 23 молекула санын қай ғалымның құрметіне аталған: Авогадро

40.3. Өсімдіктер мен жануарларды ашқан ғалым: К.Линней

40.4. XIX ғасырдың басында химиялық элемент ұғымын заттың атомдық құрамымен байланыстырған ғалым: Д. Дальтон

 

Анатомия бөлімі бойынша сұрақтар:

     10.1.  Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық: гормондар

     20.1.  Ядроның ішінде орналасқан жіп, таяқша тәрізді тұқымқуалау қасиетін сақтайтын түзіліс: хромосома

     20.2. Адамдарда қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспегенде пайда болатын ауру: микседема

     30.1. Адамның кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұратын без: айырша без

     30.2. Жүйке ұлпасының негізін құрайтын жүйке ұлпалары: нейрондар

     30.3. Тұрақты құрылымға ие және белгілі бір қызметтер атқаратын жасушаның бөлігі: органоидтар

     40.1. Нақты пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі: мүше

     40.2. Пішіні домалақша, салмағы 0,2 г болатын без: Эпифиз

     40.3. Қарапайым нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон: инсулин

     40.4. Жасушалары сүт, тер, жас, сілекей, құлық бөлетін эпителий ұлпасы: безді эпителий 

 

Химия бөлімі бойынша сұрақтар:

     10.1. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі: атом

     20.1. Заттың құрамын химиялық элемент таңбаларын өрнектеу: химиялық элемент

     20.2. Химиялық элементтер үлкен екі топқа бөлінеді: металдар, бейметалдар

     30.1. Тұрақты ІІ валенттілікті көрсететін элементтер: О, Ве, Са,Мg, Zn

     30.2. Жай көзбенде, микроскоппенде көргенде, көрінбейтін қоспа түрі: біртекті

     30.3. Тұрақты ІІI валенттілікті көрсететін элементтер: Al, B

     40.1. Қоспа нешеге бөлінеді ?  2

     40.2. Химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілетін көрсетеді: валенттілік

     40.3. ІІІ және V валенттілікті көрсететін бейметалл: Р

     40.4. ІІ, ІV және VII валенттілікті көрсететін метал: Мn

 

Экология бөлімі бойынша сұрақтар:

     10.1. Су құрамына кіретін элементтер: сутек, оттек

     20.1.Табиғатта қанша химиялық элемент түрі кездеседі: 89

     20.2. Электр шамының қыздыру сымдарының жарық шығаруы қандай құбылыс: Физикалық

     30.1. Шегенің таттануы қандай құбылыс: химиялық

     30.2. Экология сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді: «оikos»    — үй – жай, «logos» ғылым

30.3. Су құрамына кіретін элементтер: сутек, оттек

     40.1. Әктің құрамында кездесетін металл: Са

     40.2. Экология терминін ең алғаш ғылымға енгізген ғалым: Эрнест  Геккель

     40.3. Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері: литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфера.

     40.4. Қазақстанда қанша қорық бар және оларды ата: 9 қорық (Алматы, Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын, Наурызым, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл мемлекеттік қорықтары)

 

 

4 кезең – «ЗЕРТТЕУШІЛІК ЖОБА»

Топтар бейнематериалда көрсетілген  химиялық және физикалық құбылыстарды тәжірбиеге қарап, ажыратады

 

5 кезең – «СЕНЕСІЗ БЕ, СЕНБЕЙСІЗ БЕ?»

 

6  кезең «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?» кезеңінде әр оқушыға 1 сұрақ оқылады. Сайыскерлер оқылған сұраққа сенемін немесе сенбеймін деп жауап береді. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.

1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе саңырауқұлақты зерттейтін ғылымды микология деп атайды.
2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе паразитті саңырауқұлақпен нан ашытуға болады.
3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе дүниедегі ең биік ағаш – шырша
4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе жануар жасушасында пластидтер кездеседі.
5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе бақаның ескерткіші Франция мен Жапония елдерінде қойылған.
1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе қазақстанда 12 қорық бар
2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе тағамдарды бүлдіретін саңырауқұлақтарға мукорды жатқызады.
3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе адам бүйректің салмағы 150, жүректікі 250 - 300 г.
4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе ағаштар 300 - 500 жыл жасайды.
5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе картоптың отаны –Қазақстан

 

Бүгінгі білімділер сайысы өз мәресіне жетті.

Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз 
Білім мен тәрбиені егіз дейміз 
Әдемі мен тәлімі үндесетін 
Жастарды болашаққа жетелейміз. 
Жеңістер мен жеңілістен тұратын 
Өмір күрес, жеткіземе мұратың 
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің, 
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын – дей келе жеңімпазды және ойынға қатысушы сайыскерлерімізді құттықтау үшін сөзді әділ-қазыларға береміз.

Тәуелсіз елдің таңында ұлыларды ұлықтау парыз. Өмірден жас кетсе де  өшпестей мұра қалдырған, Саттардай ұлт арысы халықпен бірге мәңгі жасай берсін!

Бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше қош сау болыңыздар!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

 

Кезеңі

«Жасуша» тобы

 

«Жүрек» тобы

Таныстыру.

 

 

 

Тұлғаны таны

 

 

 

Білім минуты

 

 

 

Зерттеушілік жоба

 

 

 

«Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Дарындылар додасы" сайыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 100 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

  • 19.02.2018
  • 1457
  • 5
«Биология», Драгомилов А.Г., Маш Р.Д.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.04.2018 1285
    • DOCX 41.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уринтаева Динара Таниртаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Уринтаева Динара Таниртаевна
    Уринтаева Динара Таниртаевна
    • На сайте: 6 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72688
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 49 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс повышения квалификации

Методика подготовки к ЕГЭ по биологии в соответствии с новой структурой и содержанием КИМ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 142 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 397 человек

Мини-курс

Подготовка и проведение тренинга

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 163 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 104 человека

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе