Инфоурок Доп. образование КонспектыСабақ жоспары" Ұлттықұ тағамдар".6 сынып

Сабақ жоспары" Ұлттықұ тағамдар".6 сынып

Скачать материал

Сабақтың  тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары.

Сабақтың эпиграфы: «Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды» Ғ.Мұстафин

Сабақтың мақсаты: СТО технологиясын қолданудың тиімділігін көрсету.

білімділік: салт-дәстүрге, ұлттық тағам атауларына байланысты жаңа сөздер арқылы тыңдаушылардың тіл байлығын арттыру,

дамытушылық: тыңдаушылардың сөйлеу мәдениетіне, өзінше ойын білдіруге, біреудің пікірін тыңдай білуге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету,

тәрбиелік: тыңдаушылардың бойына ұлттық сезімді қалыптастыру, қазақ халқының табақ тарту мәдениетін үйрету .

Сабақтың техникалық құралдары: мультимедиялық кабинеттің қондырғылары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен сабаққа шолу ( Қазақ халқының салт –дәстүрлеріне  байланысты лексиканы еске түсіру. Шағын әңгімелерін оқыту, тексеру)

ІІІ. Evocation. Миға шабуыл.

  1. Аудиожазба тыңдау.
    •  не туралы тыңдадыңыздар?
    • сұхбатта кімдер сөйлесіп жатыр?
    • аудиомәтінде не туралы айтылады?
    • ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?
  2.  Экранда сабақтың тақырыбы мен эпиграфы беріледі.

ІҮ. Realization of  Meaning. Жаңа сабақ материалын түсіндіру.

Асыл сөз.

Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған. «Ас- адамның арқауы» деген сөзді әрбір қазақ жақсы біледі. Қазақ халқы адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойғанАсты құрметтеу  мен бағалаудың жолын да, оны дәмді етіп дайындауды да жақсы білген

1. Мәтінді абзацқа бөлу, топтарға беруЖигсо әдісі

-топтарға бөлу

- шағын топ мүшелеріне нөмірлер беру

- топтарға мәтін мен эксперттік парақтар беру

- Белгі (команд) бойынша топ мүшелері №1-№1ге, №2-№2,№3-№3 ке барып тапсырманы орындайды. Мақсат:Тақырыпты оқып,түсіну және өз тобына келіп басқаны үйрету.

Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақ-өте қонақжай халық, ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас –адамның арқауы», «Жаман ауру-жақсы ас», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады»-деп халық тегін айтпаған. Асқа байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар: соғымбасы, қонақасы, табақ тарту, сарқыт, сәлемдеме, түстену, асату, дәмеу, асар, ауыз ашар тағы басқалар. Дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына көбінесе ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды.

Қазақ халқы еттен түрлі тағамдар жасаған. Ет тағамдары: шұжық, түйемеш,шыж-мыж, бұжы, сырбаз, сірне, қуырдақ, сүр ет т.б

Ұлт тағамдарының негізі –сүт тағамдары. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүт тағамдарының қоректік қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы. Сүттен қымыз, шұбат, қатық,май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран,уыз сияқты тағамдар жасаған.

Қазақ халқы «Дәнді шашпа, нанды баспа», «Жерде жатқан бидай дәнін көрсең, түйенің үстінен еңкей де теріп ал»- деп нанды аса құрметтеген. Ұннан жасалатын тағамдар : бауырсақ, шелпек,құймақ,таба нан,жайма, күлше т.б Бұл тағамдардың барлығын ысырап етпей пайдалана білген жөн.

2. Лексикалық қоржынмен жұмыс

3. Эксперттік парақтардағы сұрақтар бойынша ой бөлісу

4. Жеке жұмыс .INSERT әдісі

«Ү»- білемін

«-»- білмеймін

«+»-мен үшін жаңа

«?»- көп білгім келеді

5. Грамматикалық минимум. Слайд арқылы сызба көрсету.

http://kazcenter.kz/wp-content/uploads/2011/11/soilem.gif

Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен  айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады. М: Қазақ халқы еттен түрлі тағамдар жасаған.

Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралып,күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейді. М: Қазақ өте қонақжай халық,ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда.

1-тапсырма. Топтық жұмыс. Мәтіннен бірінші топ жай сөйлемді, екінші топ  құрмалас сөйлемді белгілейді, үшінші топ сарапшылар.

2-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлем құрау.

Ыстық тағам………………………………………………………..

Ас мәзірі……………………………………………………………..

Сұйық тағам………………………………………………………..

Қою тағам……………………………………………………………

Ұлттық тағам………………………………………………………

Дастарқан батасы………………………………………………..

3-тапсырма. Мақал-мәтелдердің сәйкесін көрсету.

Досыңның үйінде, су берсе де ішіп кет

Где пища водится, там болезнь не заводится.

Ынтымақты үйдің асы тәтті

Не шагай через блюдо с едой.

Ат –адамның қанаты, ас-адамның қуаты

Пример хозяина за столом вкус еде прибавляет

Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.

В гостях у друга и воду подадут – пей.

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Конь –крылья человека, а в хлебе-его сила

Ас- иесімен тәтті

Ячмень и пшеница –пища, золото и серебро-металл

Алтын,күміс -тас екен, арпа, бидай-ас екен.

Когда в семье лад, все вкусно подряд.

4-тапсырма.Аудиомәтін тыңдау.

Біздің халқымыздың құрметті қонақтарына ұсынатын басты тағамы-қазақша ет. Қазақтар сыйлы қонаққа малдың басын тартады. Табақ тарту-үлкен өнер, елдікке сын. Қонақтың дәрежесі мен жасына, туыстық жолына  қарай табақ тарту- бас табақ, сый табақ, орта табақ, аяқ табақ, күйеу табақ, келін табақ т.б болып аталады. Аталған табақтарға сай жілік (ет) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Табақ тартуға қазақтар ерекше көңіл бөліп отырған.

Тыңдалым бойынша тест тапсырмалары:

1. Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.

А) Қазақтың басты тағамы-қазақша ет.
В) Сыйлы қонаққа бас тартады.
С) Қымыз –денсаулыққа пайдалы сусын.
Д) Табақ тарту-үлкен өнер

2. Мәтінге сай сөйлемді аяқтаңыз.

Қазақтар сыйлы қонаққа малдың басын… .

А) қояды
В) береді
С) тартады
Д) алады

3. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А) Қазақтар қонақ күтпей ме?
В) Қандай ет сізге ұнайды?
С) Бүгін бесбармақ дайындадың ба?
Д) Қазақ халқы қонаққа қалай табақ тартады?

Ү. Reflection. Жаңа сабақты бекіту.

1. Раундробин әдісі (петиция пущенная по кругу)

Әр топтан сабақтан алған ақпарат бойынша пікір айтылады, жалғастырылады т.б

Мыс: Қазақ халқының ұлттық тағамдары әр түрлі екен. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған. «Ас –адамның арқауы» дегенді балаларына айтқан.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

  • Топтардың жұмыстарын марапаттау.
  • Үйге тапсырма . Жазба жұмысы. Бесбармақты қалай дайындайды?

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары" Ұлттықұ тағамдар".6 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 827 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.01.2018 670
    • DOCX 55 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турсинбекова Айнаш Орманбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25005
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Функциональная грамотность в системе дополнительного образования детей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 398 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики дополнительного образования детей

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Курс профессиональной переподготовки

Методическое обеспечение деятельности организаций дополнительного образования физкультурно-спортивной направленности

Специалист по инструкторской и методической работе в области физической культуры и спорта

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе