Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыСабақ жоспары "Мұқағали Мақатаев"

Сабақ жоспары "Мұқағали Мақатаев"

Скачать материал

57-58 САБАҚ

Күні:                                     

Сабақтың тақырыбы:  Мұқағали Мақатаев.

Сабақтың мақсаты: Мұқағали өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, қазақ поэзиясына, шығармашылығына құрмет, мақтаныш сезімдерін ояту.

Білімдік: тақырыпты және оның өзіндік ерекшеліктерін таныту;

Тәрбиелік: туған жерінің, Отанының әсем табиғатын қорғауға, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Дамытушылық: тіл үйренушілерге шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдістері: ой қозғау, сұрақ – жауап.

Көрнекілік: интерактивті тақта, Мұқағали  суреті, Мұқағалиға қатысты кітаптар, бүктемелер.

Жаңа сабақ.

Сын есім тудырушы жұрнақтар

      Сын есім заттың түр-түсін, сын-сипатын, сапасын, салмағын білдіретін сөз табы.

Сұрақтары: қандай?қай?

Әкем жігерлі адам. Менің жаздық киімім көп.

Есім сөзден туынды сын есім жасайтын жұрнақтар:

 

 

 

 

Зат есім+

Лы,лі,ды,ді,ты,ті

орманды

Сыз,сіз

сусыз

Ғы,гі.қы,кі

Жазғы,күзгі

Лық,лік,дық,дік,тық,тік

балалық

Шыл,шіл

кекшіл

Шаң,шең

бойшаң

Дай,дей,тай,тей

Тастай,таудай

Қор,паз,кер,гер

өнерпаз

И,ы,і

Тарихи,қазақы

ЖАЗЫЛЫМ

1.Кестеде берілген қосымшаны қажетті орынға қойыңыз.

1.шыдам......

2.ақыл......

3.күш.....

4.әл.......

5.қайырым.......

6.жауап......

7.күз......

8.талант.....

9.қыс......

10.көңіл....

11.мейірім....

12.ұйқы......

13.жігер.....

 

2. Сөздерді мағынасымен сәйкестендіріңіз. Қазақ тілі В1 118-бет, 3-тапсырма.

 

3.Берілген сөздерді қолданып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Көңілді,жағымпаз,еріншек,дарынды,оқымысты,қысғаншақ,

бойшаң,жауапты,жігерлі,шыдамсыз,көпшіл,сөзшең,көпшіл

1.Жанат өте .................. адам. Жұмысқа уақытында келіп, барлық жұмысын өз уақытымен аяқтайды.

2.Менің әкем бір нәрсе сұраса, тез жауап беруің керек. Асықпай жауап бергеніңді күте алмайды. Ол ............... адам.

3.Әсемнің сіңлісі .................. Үйінде ештеңе істемейді.

4.Асқардың баласы ................. Үнемі қолынан кітап түспейді.

5.Аружан өте .............. қыз. Қашан көрсең,әрқашан  күліп жүреді.

6.Қызыңыз .................... екен. Домбырады тамаша ойнайды ғой.

7.Бақыт тым  ................. адам. Бір нәрсесін сұрасаң, ештеңесін бермейді.

8.Ләйлә бастыққа үнемі сыйлықтар беріп, жағдайын сұрап жүреді. Ол ..................... адам.

 

ТЫҢДАЛЫМ

4.Тіл құрал В1 16 бет, №5 диалог.

 

ОҚЫЛЫМ

5. Тіл құрал В1, 163-164 бет.

 

 

Мұқағали Мақатаев

         Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.

Хронологиялық кесте

·                    1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;

·                    1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;

·                    1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;

·                    1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;

·                    1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;

·                    1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;

·                    1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;

·                    1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;

·                    1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;

Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.

Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.

 

 Қорытынды. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Фариза» әнін орындату.Видео Роза Әлқожаның орындауындағы ән көрсетіледі.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Мұқағали Мақатаев""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 357 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.05.2017 1323
    • DOCX 357.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ақбанова Перизат Куанышпаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ақбанова Перизат Куанышпаевна
    Ақбанова Перизат Куанышпаевна
    • На сайте: 7 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28736
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Способы формирования познавательной мотивации у детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Курс повышения квалификации

Особенности работы с детьми после кохлеарной имплантации в условиях дошкольного учреждения

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инструменты и операции на финансовом рынке

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Спортивная подготовка: теория и практика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе