Сыныбы:
3
Сабақтың тақырыбы: Сын
есім
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға сөйлем ішінен сын
есімдерді табуға, олардың сұрақтарын дәл қоя білуге, сын есімнің сөзбен
байланысын анықтауға үйрету.
Дамытушылығы: сөздік қорын молайту,тілін
дамыту. Есте сақтау қабілетін арттыру.Шығармашылыққа баулу., өз ойын ашық
айтуға үйрету.
Тәрбиелігі: оқушыларды адамгершілікке,
мейірімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді
тақта,электронды оқулық.
Түрі:аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Қазақ тілім – өз тлім, ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызы мәңгі сені,
Балалығым , бақытым, қазақ тілім.
2.Үй жұмысын тексеру. 360-жаттығу.
Жұмбақты көшіріп,шешуін тап.
Етістіктердің астын сыз.
Көзге көрінбейді, Қолға ілінбейді.
Кейде сипап өтер,
Кейде ұйпап өтер. (жел)
3. «Ой шақыру » стратегиясы.
Зат есім
Етістік Сын есім Сан есім
Кім? НЕ? Не Істеді? Не
қылды ? Қандай? Қанша?
Қайтті? Қай? Неше? Нешінші?
5. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту. (Сыныпқа келген жаңа
оқушы туралы.)
Балалар назар қойып тыңдаңдар! Бүгін
сыныбымызға жаңадан өздеріңдей әдемі, ақылды, білімді, көрікті, ұзын шашты ,ұзын
бойлы оқушы келмекші. Ол баланы да өздеріңмен дос санап, бір-бірлеріңді сыйлап
тату болыңдар.
(тыңдап болғаннан кейін тақтадан бала
кескініне сызба жұмыс жүргізі)
Әдемі
ақылды
Көрікті
ұзын шашты
ұзын
бойлы
- Балалар осы сөздерге сұрақ қойып
көрейікші (қандай?)д еген сұраққа жауап беріп тұр.
-Сонымен балалар, сын есім дегеніміз не?
-Сұрақтарын кім айтады?
Сын есім дегеніміз – заттың сынын, сапасын
білдіретін сөз табы.
Сұрақтары:қандай? Қай?
Сын есім заттың : түсін, көлемін, сапасын,
дәмін, пішінін білдіреді.
5.Дәптермен жұмыс.
(тақтаға күннің жады, жаңа сабақтың
тақырыбы жазылады)
А) Сабақтың мақсатымен таныстыру:
Оқушыларға сөйлем ішінен сын есімді тауып,олардың
сұрақтарын дәл қоя білуге, сын есімнің басқа сөз табымен байланысын анықтауға
үйрету.
Ә) Көркем жазу сәті.
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
-Осы жазған мақалымызда сын есім бар ма?
Атаңдар.
--Оларды қандай сын есімдер дейміз?
6. Оқулықпен жұмыс.
363-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Мың құбылды
қырдағы, Әнші аспанда қалқып тұр,
Әуеледі шалқып
жыр. Әннің әсем ырғағы.
Күміс қанат
бозторғай , Жусанды кең даланың,
Күнді мақтап жырлады.
Жұпар иісі аңқып тұр.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.
Олардың қай сөз табы екенін айт.
7.Сергіту сәті:
364-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті сын
есімдерді қойып, көшіріп жаз.
....мақта, ....алма, .....айран,
.....дала , ......тау, ...көл.
Керекті сөздер:қою, кең, терең, ақ, тәтті,
биік.
Заттың түсін,дәмін білдіретін тағы қандай
сөздер білесіңдер? (оқушылар айтады). Осы сөздерге сөйлем құрау.
8.Жаңа материалдар бойынша түсінгендерін
зерттеу кезеңі.
-Балалар , бүгін сабақтан қандай білім
жинақтадыңдар, қандай сөз табымен таныстыңдар, не үйрендіңдер? Білгенімізді
семантикалық картаға толтырамыз,топтастыру әдісін жүргіземіз және сұрақ – жауап
әдісін пайдаланамыз.
Семантикалық карта
Сөздер
|
Парта
|
Айжан
|
Ұшқыштар
|
қаламдар
|
ақылды
|
жаман
|
ағынды
|
Сұрағы
|
Кімдер?
|
|
|
|
|
|
|
|
Нелер?
|
|
|
|
|
|
|
|
Кім?
|
|
|
|
|
|
|
|
Не?
|
|
|
|
|
|
|
|
Қандай?
|
|
|
|
|
|
|
|
Қай?
|
|
|
|
|
|
|
|
Сурет
бойынша сұрақ қойып топтастыру.
9. Қорытынды
Білетінім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім
келеді
|
Зат есім
|
Сын есім
|
Сын
есімнің түрлері
|
10. Үйге тапсырма. 366-жаттығу,ережені
жатқа айту.
11.Бағалау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.