Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақ жоспары "тәуелсіз мемлекет ұрпақтары"

Сабақ жоспары "тәуелсіз мемлекет ұрпақтары"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:

 

Тәуелсіз мемлекет ұрпақтары

 

Сабақтың мақсаты:

I. Білімділік: Егеменді Қазақстан еліміз туралы, Республикамыздың  мемлекеттік рәміздері туралы түсініктерін толықтыру.

II.  Тәрбиелік: Оқушыларды халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу, табиғи  ортаны қорғауға баулу.

III. Дамытушылық: Оқушылардың өздерін іздендіру арқылы ойлау  қабілетін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.

 

Сабақтың түрі: Топпен жұмыс

Сабақтың әдісі: Сұрақ  жауап, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты кітапхана көрмесі, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығы мен оқушыларын тыныштығын қадағалау.

2. Оқушыларды сабақ барысымен таныстыру.

Кезеңдер:

Мұғалімдердің кіріспе сөздерімен ашылады.

1-жүргізуші:

Қазақстан- қасиетті мекенім,

Өзіңді жырлап мәңгілікке өтермін.

Елім үшін, жерім үшін жан пида,

Республикам, Отаным, Атамекенім.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік  11 әріп құралған,

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман,

Талай дара, даналардың көз жасы,

Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек жан тәніңмен ұғып біл,

Он бір әріп не мағына береді,

Ал талдайын жеткенінше қызыл тіл - дей келе он бір әріптен құралған ТӘУЕЛСІЗДІК сөзінің кең мағынасын ашып көрелік.

 

2-жүргізуші: Міне, 2 жарым ғасыр бойы күресіп, қан төгіп 200-ден астам рет бас көтеріп, көтеріліс жасап, бостандыққа жетіп отырған қазақ халқы үшін «Тәуелсіздік» сөзінің мәні ерекше. Асқақ, әрі құдіретті.

Осы қасиетті ұғымды мемлкеттік рәміздер тілімен сөйлетер болсақ, ол сөз елдің өзіндік өмір салтын, арманын, ерекшелігін білдіреді екен. Қазақ халқы тәуелсіздікке оңай жеткен жоқ..

1-жүргізуші:Олай болса туған жерімізге деген, Отанымызға деген, атамекенімізге деген сүйіспеншілігімізді әр қырымызбен таныта алуға тиіспіз. Демек, І кезеңімізге кезек берсек. Қане, қай топ қаншалықты Ұлылардан қалған ұлағатымызды н.асихаттай алады екен. Яғни, мақал мәтелдерден сайыс ұйымдастырып көрелік.

  1. «Ұлылардан ұлағат» \мақал –мәтелдер сайысы\

 

2-жүргізуші: «Өнерлі өрге жүзер» деп бекер айтылмаса керек. Қазағымыздың бар болмысын насихаттайтын қандай қазақтың халық әндерін орындай аламыз қане.

  1. «Өнерлі өрге жүзер» \қазағымыздың болмысын білдіретін халық әндерінің  мағынасын ашу\

 

1-жүргізуші:

Желбірейді шалықтап, Қазақстан жалауы,

Көкте қыран қалықтап, қанат қағып барады.

Көк аспанда нұрлы Күн, күлімдейді далама,

Бақыт тілеп тұр бүгін, ол барлық пәк балаға.

Ұлттық өнер мұрамыз, адастырмас мұраттай.

Нық көтеріп тұрамыз, Жалауды біз құлатпай. дей келе келесі кезеңіміздің шарты мынадай болмақ. Әр топқа табличка беріледі сол табличкалардағы тапсырмаларды бірінші орындаған топқа баға беріледі.

  1. «Рәміздерім  - мақтанышым» \елдігімізді танытатын рәміздеріміз туралы пікірлесу\

2-жүргізуші: «Егер де мен...» ой толғау кезеңіне көшелік. Әр топқа берілген ситуациялық сұрақтар бойынша ой толғау жүргізіледі.

    • Егер де мен «Алтын белгі» иегері болсам ...
    • Егер де мен мектебіміздің оқушылар ұйымының президенті болсам .. . .
    • Егер де мен Президент болсам . . .

 1-жүргізуші:

Ақмолам-Арқадағы арман қала,

Бақытты жұлдыз болып жанған қала,

Арманы бабалардың орындалып,

Сыңсытып талай ғасыр салған қала. «Сиқырлы сандар не дер екен?» кезеңі Астана қаласының құрылу тарихын оқытатын болады. Қане, зер салып, тақтадағы тапсырмаларды орындалық.

  1. «Сиқырлы сандар не дер екен?» \Астана қаласының құрылуы туралы даталармен жұмыс\

  2-жүргізуші: «Шаттық шеңбері» жүректен - жүрекке.

Қорытынды сөз: Атамекен жеріміздің тәуелсіз екенін, құдіретін, байлығын, бірлігін, мақсат- мұратын, сыйлау, асқақтата дәріптеу, Қазақстанда туып өскен және оны мекендейтін әрбір азаматтың ең қымбатты борышы екендігін естен шығармайық.

Жаңа оқу жылында сапалы білім алған саналы оқушылардың қатарынан табылуларыңа шын жүректен, ұстаздық ниетпен тілек білдіреміз!

 

Айтбаева Дарина Үлітхановна

12 санатты физика пәнінің мұғалімі

Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы

№2 орта мектебі

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "тәуелсіз мемлекет ұрпақтары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 158 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2016 674
    • DOCX 34 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтбаева Дарина Улютхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айтбаева Дарина Улютхановна
    Айтбаева Дарина Улютхановна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5244
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой