Инфоурок География КонспектыСабақ жоспары. Жанартаулар мен гейзерлер.6-сынып География.

Сабақ жоспары. Жанартаулар мен гейзерлер.6-сынып География.

Скачать материал

Физикалық география. 6-сынып. Пән мұғлімі: Магметов Болат Рахметұлы.

II тарау. Жер қабықтары. Литосфера және Жер қыртысы.

 

     «Жанартаулар мен гейзерлер» - бұл 6-сыныптағы өте қызықты тақырыптардың бірі болып есептеледі.

 

 Сабақтың тақырыбы: Жанартаулар мен гейзерлер.

Мақсаты:

Білімділік: «Жанартау» және «гейзер» ұғымдарын қалыптастыру. Оқушыларға жанартау үрдісінің  жер қойнауынан магманың шығуымен байланыстылығын және жанартау әрекетінің жер қабықтарының  қалыптасуына әсері туралы білім беру.

Дамытушылық: жанартауларды картадан көрсету арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, суреттер: «Жанартау құрылысы»,  «Жанартау атқылауы», тектоникалық карта, 6-сыныпқа арналған атлас картасы, минералдар мен тау жыныстарының коллекциясы.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Негізгі ұғымдар:  жанартау, лава, кратер, жанартаулық конус,  магма ошағы, жанартау күлі, гейзер, литосфералық тақталар ұғымы, тау жыныстары.

Сабақтың кезеңдері:

1.     Ұйымдастыру кезеңі   

2. Жаңа тақырыпқа көшуге дайындық кезеңі                            

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі      

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5.Сабақты қорытындылау кезеңі

6.Бағалау кезеңі

 7. Үйге тапсырма беру кезеңі.

Географиялық объектілер:

Жанартаулар : Ключи шоқысы, Везувий, Этна, Гекла, Фудзияма, Кракатау, Камерун, Орисаба, Котопахи, Килиманджаро, Эльбрус.

Гейзер аудандары: Камчатка, Жаңа Зеландия, Исландия, АҚШ.

 

                                                         Сабақтың жоспары:

1.     Ежелгі жанартаулар туралы әңгімелеу.

2.     Жанартаулар қалай пайда болады.

3.     Жанартаудың ішкі және сыртқы құрылысы.

4.     Жанартау атқылауының нәтижесі.

5.     Ғаламшардағы ең  биік жанартаулар.

6.     Вулканолог – ең қауіпті мамандық.

7.     Жанартау атқылауының типтері, түрлері.

8.     Гейзерлер және ыстық бұлақтар.

                                                         Сабақтың барысы:

IҰйымдастыру кезеңі.

  Бүгінгі сабағымыз өте қызықты әрі пайдалы болады деп ойлаймын. Сондықтан бірлесіп жұмыс жасайық.  

 

II.  Білімдерін тексеру (фронтальді тексеру).

Фактілер мен ұғымдарды тексеруге арналған тапсырмалар.

1.Жер сілкінісі деген не және оның пайда болу себептерін атаңдар? (Жер сілкіну, жер сілкінісі — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі. Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.

2.Терминдерді түсіндір:  эпицентр, жер сілкінісінің күші.

3. Сейсмограф құралы туралы не білесіңдер.

1.Білімдерін тексеру ге арналған тапсырмалар:

1.     Біздің өлкеде жер сілкінісі болуы мүмкін бе?

2.     Жер сілкінісі неліктен сейсмикалық аймақтарда болады?

3.     Жер сілкінісін алдын-ала қалай білуге болады?

4.     Сейсмикалық қауіпті аймақтарда  ғимараттарды салуда қандай талаптар қойылады?

2.Білімдерін тексеру ге арналған тапсырмалар:

1.     Тектоникалық картадан жер сілкінісі болатын аймақтарды көрсетіңдер.

2.     Жер сілкінісі болған жағдайда сіздің әрекетіңіз қандай болады

 (егер сіз ғимараттың ішінде болсаңыз, егер сіз көшеде болсаңыз)?

 

III. Жаңа материалды оқу.

( Жанартаудың атқылауын көрсететін слайд арқылы)

Көмейінен ыстық отты жалынын ол шашады,

     Жер астынан  шыққан кезде бәрі одан қашады.

Жолдағыны басып, жайпап, жер бетіне

Күл аралас сел сияқты жер бетіне ағады.

-Бұл не? (жанартау).

- Жанартау туралы не білесіндер?

 

Төбесінде шұңқырға ұқсас кратері не ойысы бар, көбінесе конус немесе күмбез тәріздес болып келетін геологиялық түзілім қалай аталады? (жанартау).

- Біз бүгін қандай табиғи құбылыс туралы өтеміз? (жанартаулар туралы)

- Жанартаулар мен гейзерлер  қалай пайда болады,  тағы да осы тақырыпқа байланысты көптеген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

- Дәптерге тақырыпты жазу.

                                         Жанартаулар мен   гейзерлер.

- Сендерде «жанартау»  немесе орысша  «вулкан» деген кезде ойларыңа  не түседі? (балалар  «от шашатын тау» деп жауап береді).

Жанартау, латынша  vulcanus – «от», «жалын» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз Ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от құдайы ұғымынан шыққан.

 

- Тауды көре тұра біз оның жанартау екенін қайдан білеміз? (жанартауда  конус және  кратер бар).

 Ежелгі Рим мифологиясында Вулкан – от құдайы. Жанартау атқылауы – күрделі, қауіпті әрі қорқынышты табиғат құбылысы. Тастар мен күлді 15-20 метрге,  кейде 45 метрге  дейін биіктікке атқылайды. Жыл сайын 15-20 км 3 – магма- литосфераға шығады, ауаға әртүрлі газдар тарайды. Жанартау атқылауы – реттелмейтін, қауіпті, кездейсоқ жағдай. 24 тамыз 79 жылы адамзат тарихында ең күшті қорқыныш пен үрейге толы – жанартау атқылауы болды. Ол Италияда Неаполитон шығанағының жағалауында.(Везувии). Түтін бұлттары Күннің көзін басты, кенеттен жер астынан гуіл естіліп, ошақтан тас пен тозаң атқылай бастады. Басында жанартаудан шығатын түтін мен буға ешкім көңіл бөлмеді. Адамдар қатты абыржыды. Кейбірі ақыр заман туды деп ойлады. Қаланы түтіннен қараңғылық басты. Адамдар барынша қашты, бірақ тым кеш болды. Кейбірі үйлерінде қалды- бірақ түтіннен тұншығып өлді. Аспаннан тас түсе бастады. Қала көшелерінде жанартаудың күлі басып қалды. Тек аздаған адамдар ғана теңізге қашып құтылды. Міне, солардың айтуы бойынша «Помпейдің соңғы күні» суреті салынды.

 

К.П.Брюллов. 1830-1833 жылдар.

 

- «Помпеидің соңғы күні» картинасын көргенде ойларыңа не түседі?

 

- Жанартау қалай пайда болады? Оқулықтың 64 бетінен  табыңдар.

- Жанартаудың құрылысының сызбасын салу (тапсырма 1)

- Көмей мен кратердің анықтамасын айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жанартаудың көмейі – магма көтерілетін канал.

Кратер , грекше тостаған–жанартау атқылағаннан кейін төбесінде пайда болатын ұңғы.

Конус жанартаулық тау.

 

- Сонымен «жанартау» деген не?   

 

 

                                         «Жанартау атқылауы».

 


  лава                күл           жанартау бомбасы               газдар               су буы

                                            (тастар)

 

- Лава ағысы – бұл магманың жоғарғы бөлігі, онда температура  + 1250 С-қа дейін жетеді, ағыстың жылдамдығы сағатына  50 шақырым. Егер лава жол бойында өзендер мен көлдерге кездессе,  лава жылдам суынады да, жанартаулық шыны-обсидианға айналады.  

Обсидиа́н — магмалық тау жынысы, жанартаулық шыныдан тұрады.  

- Жанартаулық күл- қарапайым күлге ұқсайды, бірақ микроскоппен қараған кезде жанартаулық шыныларды көруге болады.

- Жанартаулық бомбалар.

 

- Аталған терминдердің бір заттан екінші затқа айналуын көрсетіңдер: магма, мантия және  лава.(тапсырма 3)

 

    Мантия                                    Магма                                    Лава

 

- Мантия қандай күйде болатыныны еске түсірейік? (қоймалжың).

- Температурасы жоғары болса, неліктен қоймалжың болады? (оған жоғары қысым әсер етеді).

- Сендердің ойларың бойынша қай жерде ол сұйық болады? Неліктен? (Жарылған жерде қысым төмендейді).

-Сонымен  мантия сұйық күйде магма болады, жоғары, яғни сыртқа шыққан кезде ол қандай күйде болады? (лава).

 

- Енді жұппен жұмыс жасаймыз: бір-бірлеріңе мантия, магма, лава деген терминдерге анықтама беріңдер.

 

- Жанартаулар сөнген және сөнбеген және ұйықтап жатқан болып үшке бөлінеді.

 

Сөнген жанартау сөнбеген жанартаудан қандай айырмашылығы болады? (оқулық,  64 бет).Ұйықтап жатқан жанартауға сипаттама беріп көріңдер.

 

 

 

Инструктивті картадағы  схеманы тотырыңдар. (тапсырма 4).

- Қалай ойлайсыңдар, жанартаулар мұхит түбінде көп пе, әлде материкте көп бола ма? Неліктен? (Мұхит түбінде, себебі жер қыртысы онда жұқалау болады).

 

    Жанартау мұхит түбінде пайда болғанда, оның өсу нәтижесінде жанартаулық аралдар пайда болады.

 

- Жанартаулардың биіктіктері әртүрлі болады. Дүние жүзінің физикалық картасынан  дүниедегі ең биік жанартауларды табыңдар.

      1. Мануа-Лоа (Жер шарының ең ірі жанартауы, оның биіктігі Тынық мұхитының түбінен есептегенде 10000 метр).

      2. Котопахи.

      3. Мексиканың  ең ірі алыбы-

          Ол бұл елде өте биік жанартауы.

                                                                        Орисаба

 

4.Бұл жанартау  өміршең, жасы ұзақ

Етегінде сылдырлап ағады  ыстық бұлақ.

                                                                Ключи Шоқысы.

 

5.     Камерун.

6.     Ертеден мойындау керек бұл жанартауды

Жапондықтар үшін қасиетті тау болып саналады.

                                                                       Фудзияма

 

7.     Сендер оны кез келген картадан табарсыңдар

      Себебі Еуропада ең биік жанартау боп саналады.

                                                                          Этна

 

8.     Қызықты жанартау саналады,

Басына киіп алыпты жамылғыны.

                                                                             Гекла

      9. Килауэа

      10. Кракатау.

 

-Жанартаудың атқылауының бірнеше  типі ерекшеленеді. Оның ішінде ең кең тарағандары:

1. Гавайлік тип – кратер, лавамен толыққан отты көлге ұқсас.                

(видео көру)

2. Пелейлік тип – қоймалжың лава жанартаудың көмейінде тұрып газды буларды шығармай тастайды. Соның салдарынан өте қатты жарылыс болады.

 

3.     Везувилік тип –жанартаудың үстінен газ бен күлден жаратылған бұлттар  пайда болады.( Помпеидің өлімі).

 

Мұғалім әр типке слайд арқылы анықтама береді.

( тапсырма 5).

 

-Сендердің ойларың бойынша жанартаулар ғаламшардың қай жерлерінде кездеседі? (қозғалмалы белдеулерде-жердің сейсмикалық  зоналарында)

- Неліктен адамдар сөнбеген жанартауларды зерттейді?

 

Вулканологтержанартаумен айналысатын адамдар.

 

- Вулканолог мамандығы туралы оқушыларға түсініктеме беру.

 

-Жанартауларәр түрлі минералдардың тасымалдаушысы(жанартаулық туф, обсидиан, пемза, кислота, базальт және тағы басқалары.)

 

- Жанартаудың географиялық орны  мына жоспар бойынша анықталады ( жоспар оқушыларға инструктивті картада беріледі, тапсырма 6).

- Жоспар бойынша мына жанартаулардың географиялық орнын табыңдар: Ключи Шоқысы (мұғаліммен бірге), Орисаба (өздігінен).

 

-Вулканизмнің әр түрлі көрініс беретіні, ол сулы-булы жанартаулар- гейзерлер. Олардың атқылауы өте қызықты.

 

- Оқулықтан  «гейзер» терминіне анықтама беріңдер.( бет 66).

    Ең алдымен гейзердің көмейінен бу, содан кейін ыстық ағынды су атықылайды. Гейзерлер  фонтан секілді әр түрлі уақытта атқылайды. Бір минуттан бастап 10 минутқа дейінгі аралықта атықылайды. Осы кезде қатты гүріл естіледі.Мөлшері бойынша әртүрлі болады.

Гейзердің атқылауы туралы  видео көрсетіледі.

 

- Гейзерлер неліктен жанартаулар болатын жерде кездеседі? ( магма беткі қабатқа жақындап келеді, жер асытындағы суларды қыздыраған кезде олар жоғарыға фонтан түрінде  атқылай бастайды).

 

Бекіту. Ендеше мына сұрақтарды қарастырайық.

 1. Жанартау қалай пайда болады?

2. Жанартаудың құрылысын сипаттап беріңдер.

3. Жанартауды не үшін зерттеу керек?

4. Жер бетін қалыптастырудағы жанартаудың ролі қандай?

5. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер қандай жағдайда пайда болады?

 

Рефлексия:

1.     Бүгін маған сабақта

2.     Мені ерекше қызықтырып таңдандырғаны ол

3.     Сабақ басталмас бұрын мен солай  ойлағанмын, енді мен ........білемін.

4.     Жақсы болар еді егерде

5.     Маған ұнады

 

Үй тапсырмасы: Оқулық.

 Параграф 22

.Кескін картаға жер сілкінудің жиі қайталап тұратын аймақтарын және жанартаулардың таралуын көрсетіңдер. Жасаған карталарыңды физикалық картамен салыстырып, сейсмикалық және жанартаулы аймақтар орналасуының жер бедерімен байланысын анықтаңдар. Бұрын жанартау атқылаған жерге тап болдың дейік. Оның сөнген жанартау екендігін қандай белгілері бойынша дәлелдер едің?

7. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

 

 Ғаламшардағы ең биік жанартаулар:

Котопахи –Оңтүстік Америка – 5897 м

Орисаба – Солтүстік Америка – 5700м

Ключи Шоқысы – Евразия – 4750м

Камерун – Африка – 4070м

Фудзияма – Азия – 3776м

Этна – Европа – 3340м

Гекла – Европа – 1491м

Килауэа – Гавай аралдары – 1247м

Кракатау – Азия – 813м

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары. Жанартаулар мен гейзерлер.6-сынып География."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 355 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 7193
    • DOCX 1.1 мбайт
    • 31 скачивание
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Магметов Болат Рахметович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Магметов Болат Рахметович
    Магметов Болат Рахметович
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19516
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 208 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания географии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 245 человек

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека