Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Сабақ жоспары:Жаяу тәртіппен әрекет ету кезіндегі сарбаздың қозғалу тәсілдері, ядролық жарылыс кезіндегі әрекет

Сабақ жоспары:Жаяу тәртіппен әрекет ету кезіндегі сарбаздың қозғалу тәсілдері, ядролық жарылыс кезіндегі әрекет


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:




hello_html_m21a7811d.png




10 сыныпқа арналған алғашқы әскери даярлық

пәнінің сабақ жоспары






Сабақ тақырыбы: Жаяу тәртіппен әрекет ету кезіндегі сарбаздың

қозғалу тәсілдері, ядролық жарылыс кезіндегі әрекет



АӘД пәні оқытушы-ұйыдастырушысы: А.Ы.Молдабеков















D:\Мои рисунки\Новая папка\1321631857_m0q6sf4wtb1uza5.jpeg











2015-2016 оқу жылы

«Бекітемін» Мектеп-гимназиясы директоры

__________Ө.Р.Табынчаев

«_____»____________2016жыл


Алғашқы әскери дайындық пәні

САБАҚ ЖОСПАРЫ №28



Сабақтың тақырыбы: Жаяу тәртіппен әрекет ету кезіндегі сарбаздың

қозғалу тәсілдері, ядролық жарылыс кезіндегі әрекет

Сабақтың мақсаты: Сарбаздың іс – әрекеті жайлы және ілгерілеу әдістері

туралы жалпы мағлұмат беру.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: БӘД кабинеті

Өткізілетін күні: 10 «А» сыныбы _____________ 2016жыл

Көрнекілік құралдар: Плакаттар, АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз не ?

  • Жарылмайтын бөгеттердің түрлерін ата?

  • Инженерлік бөгеттердің түрлерін ата?

  • Миналар қаншаға бөлінеді ?

  • Танкіге қарсы миналар қаншаға бөлінеді?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Ұрысты жеңіске жету жеке жауынгердің, бөлімшелердің танк және машиналар экипаждарының, зеңбіректер мен минаатқыштар есептобының және т.б. табысты қимылына байланысты болады.

Жауды жеңу үшін әрбір жауынгер өз қаруы мен ұрыс техникасын жетік біліп, оларды ұрыста шеберлікпен қолданып, қарсыластың тірі күші мен ұрыс машинасын неғұрлым көп жоюы керек.

Жауынгер ұрыста қатардан шығып қалған жолдасының орнын ауыстыру үшін аралас әскери мамандықты игеріп, взводтың, бөлімшенің жауынгерлік міндетін және өз міндетін, ұрыста бақылау жүргізуді білуге, қарсылас танкілерін, басқа да сауытталған машиналары мен танкіге қарсы құралдарының жауынгерлік мүмкіндіктерін, олардың әлсіз және күшті тұстарын жақсы білуге тиіс.

Жауынгер ұрыста командирді қорғауға және күзетуге, командирдің рұқсатынсыз өз орнын тастап кетпеуге, қарсыласты қолда бар құралдармен жоюға, жолдасына көмек көрсетуге, санитарлық өңдеу жүргізуге, әуе қарсыласын тануға, тапқырлық, батылдық және бастамшылдық көрсетуге, жеке қорғаныс құралдарын қолдана білуге, оқпаналар мен бойтасаларды тез жабдықтай алуға міндетті.

Жауынгер жаяу ретпен қимылдаған уақытта жеделдетілген адым, жүгіре өту немесе жер бауырлай қозғалу әдісімен жылжйды.

Жауынгер, қарсыластың бақылауынан таса және оның атысы жетпейтін жерлерден жедел адымдап немесе жүгіріп өтеді. Бұл кезде ол қаруын ата бастау жағдайында, яғни дүмді бүйірге қысып ұстайды.

Жатып ату жағдайынан жүгіре өту үшін, жауынгер әуелі 20-40м-ге дейінгі аралықтағы қозғалыс жолын және демалатын жерін бағдарлап алады. Одан соң тез тұрып, белгіленген орынға дереу жүгіре отырып жетуі тиіс. Бұндай жүгіре өту кезінде қарсылас дәлдеп оқ ата алмайды. Командир белгілеген шепке жеткеннен кейін, сарбаз атысқа дайындалады да, басқа жауынгерлердің жүгіріп өтуін атыспен қорғайды.

Ұрыс алаңында қарсыласқа жақындап, оған кенеттен шабуылдау қажеттілігі туған кезде жер бауырлай жылжу әдісі қолданылады. Жауынгер ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтын жасырын таса жерді белгілеп алуы тиіс.

Жер бауырлап жылжу үшін, ең әуелі, жерге жатып, оң қолымен қарудың жоғарғы бауының тұсынан ұстап, оны оң қолдың білегіне қоюы керек. Оң аяқты өзіне тартып және бір мезгілде сол қолды мүмкіндігінше алыс созып, содан кейін бүгілген аяқ серпілісімен денені алға тастап, келесі аяқты өзіне тартып, келесі қолды созып, осылай жылжуды жалғастыру керек.

Жартылай төрт тағандап жылжу үшін жауынгер тізерлей отырып, қол білектеріне салмақ салуы керек, содан кейін бүгілген оң (сол) аяқты өзінің кеудесіне тартып, бір мезгілде сол (оң) қолды алға созу керек, сөйтіп денені алға қарай оң (сол) аяқ толық созылғанша тастау қажет.

Бүйірлей жер бауырлап жүру үшін сол бүйірге жатып, содан кейін тізеден бүгілген сол аяқты алға тартып, сол қолдың білегіне салмақ салып, оң аяқтың табанын жерге тіреп, мүмкіндігінше өзіне жақын ұстау керек; оң аяқты бүге отырып, сол аяқтың қалпын бұзбай, денені алға жылжыту қажет, осылай қозғалысты жалғастыра беру керек.

Бөгеттерден (өзен, жыра, батпақ және т.б.) ұрыс барысында тоқтаусыз шабуыл екпінін немесе қозғалыс жылдамдығын төмендетпей қарсылас күтпеген жерлерден өту аса маңызды. Бұл кезде жоғары қырағылық көрсету қажет, өйткені бөгеттер миналанған немесе қарсыластың оғымен тасалануы мүмкін.

Өзендер мен басқа да су бөгеттерінен тұрақты немесе арнайы жүргізілген көпірлермен, әр түрлі қолда бар құралдармен кешіп немесе жүзіп өтуге тура келеді.

Кешіп өту кезінде жаунгерлер бір немесе екі лек бойынша кешіп өтеді. Кешіп өту үшін ағынның жылдамдығ 1м/сек-ке дейін, тереңдігі 1м болуы керек.

Жүзіп өту өткелі су бөгетінің ені аз болғанда жүзеге асырылады. Бұл кезде жеке өткел құралдары (жүзу киімдері мен құтқарушы жилеттер), және әр түрлі қолда бар құралдар қолданылуы мүмкін.

Миналарды және фугастарды бүркенішті ашу белгілері бойынша немесе қармағыштар мен мина іздеушілер көмегімен табуға болады. Созылмалы әсер ететін миналарда қазықшалар және жер үстінен тартылған бау немесе сым болады. Қойылған миналардың бүркенішін ашу белгілері: бұзылған топырақ; топырақ төгіндісі; тартылған кендір жіп; топырақ үйіндісі (төбешік); жер үстіне шығып тұрған мұртшалар; минаның ашық көрінуі; миналық тралдармен мина бөлігінің көрініп тұруы; мина қондыру көрсеткіштері.

Минаға барлау жүргізген кезде мейлінше ұқыпты болып, әрбір күмәнді жерлерді тексеру қажет, табылған бау немесе сымды тартып қалмау керек.

Қазіргі кезде әр түрлі инженерлік бөгеттер, әсіресе миналанған алаңдар, сымды бөгеттер және т.б. қолданылады. Ұрыста жауынгерлік міндеттерді тез және табысты орындау үшін жауынгер инженерлік бөгеттерді тауып, олардан өтуді шебер меңгеруі тиіс.

Миналы – жарғыш бөгеттердегі өтпелерден өту жарғыш тәсілмен немесе миналық тралмен жабдықталған танктер арқылы жүзеге асады. Сымды бөгеттерден өту тәсілдері: сырт киімін төсеніш ретінде пайдалану; тиімді заттармен сымды көтеру арқылы; сымды қайшымен немесе сүңгі пышақпен қию арқылы. Электрлі бөгеттерден өтуді тек саперлар ғана жүзеге асырады.

Радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымданған жергілікті жер аумағынан өту әдістері ұрыс қимылдары сипатына, жер және ауа жағдайларына байланысты болады. Құрғақ ауа райында жаяу ретпен қимылдайтын жауынгерлер радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымдалған жер аймақтарынан өту үшін – газтұмылдырық, қорғаныш плащтары, жамылғылыр, шұлықтар мен қолғаптар пайдаланады. Жабық БТР-дағы жауынгерлер тек газтұмылдырық киеді, ал ЖҰМ-дағы жауынгерлер жаппай жою қаруларынан қорғану жүйесін іске қосады. Ылғалды ауа райында радиоактивті заттармен зақымдалған жер аймақтарынан өту үшін теріні қорғау құралдары (қорғаныш плащтары, шұлық, қолғап) қана киіледі. Ашық зақымданған жер аймағынан өту ұзақ және тез жүгіре өту тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Тоқтау үшін шөптері аласа жер таңдалып алынады. Зақымдалған аймақтардан өткеннен кейін жауынгерлер командир пәрмені бойынша киім-кешектердің шаңын қаға отырып, қорғаныш құралдарын шешеді.

Шабуыл барысында басып алынған шепті ұстап тұру, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалу, қорғанысқа көшу және ұрыс жағдайының басқа да шарттарына байланысты жауынгерге өз оқпанасын қазуға және жабдықтауға тура келеді.

в) Қорытынды бөлім – 12 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • ұрыстағы жеңіс кімге байланысты?

  • жауынгердің ұрыстағы міндеттері.

  • жауынгерге өз міндетін орындау үшін не қажет?

  • жауынгер жаяу ретпен қимылдау кезінде қандай қозғалыс тәсілдерін қолданады?


Алғашқы әскери дайындық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: А.Молдабеков








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров134
Номер материала ДВ-448456
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх