Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақтан тыс жұмыс. Тақырыбы: "Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат"

Сабақтан тыс жұмыс. Тақырыбы: "Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат"

Скачать материал

Сыныптан тыс жұмыс

Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат

Мақсаты:

Оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу; Халқымыздың асыл - мұрасы халық ауыз әдебиеті жанрларын оқып үйренуге тәрбиелеу.

Түрі:               сайыс

Әдісі:              сұрақ – жауап, топтық , шығармашылық жұмыс

Көрнекілігі:    интерактивті тақта, флипчарт

Пәнаралық байланыс:         

                        Қазақ әдебиеті, музыка, этнография

Барысы:

            І. Ұйымдастыру

            Сынып оқушылары 2 топқа бөлініп, әр топ 5 оқушыдан құрылады.

            ІІ. Сайыстың  шарттары:

1-      кезең: «Салт-дәстүрді білесіз бе?»

2-      кезең: «Атадан қалған асыл сөз»

3-      кезең: «Мақал- сөздің мәйегі »

Сергіту сәті:      «Әуенді ойлан тап»

Жүргізуші:

            Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сыныбымызда өткізгелі отырған «Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат»     атты сайыс кешімізге қош келдіңіздер!

            Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды таныстырып өтелік.

1-топ «Жетіген»,     топ басшысы:

2-топ  «Дауылпаз»,   топ басшысы:

            Енді сайысымызды бастамас бұрын, топтарымызға әділ бағасын берер әділ қазылар алқасымен таныстырып өтелік:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Амандасу салтымыз,

            Есенбісіз жалпыңыз.

            Бағалыны артына,

            Қалдырған-ды халқымыз- дей отырып, «Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат» атты сайымызды бастаймыз.

 

Сайыс шарттары:

1-      кезең   «Салт-дәстүрді білесіз бе?»- бұл бөлімде сіздер ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап бересіздер.

2-      кезең   «Атадан қалған асыл сөз»- бұл кезеңде ертедегі шешен, билердің сөздері оқылып, авторын табу сұралады.

3-      кезең   «Мақал- сөздің мәйегі » - бұл кезеңде ұсынылған сөз бойынша көрсетілген уақыт аралығында мақал құрастыру қажет.

 

Мәнге толы қазағымның тірлігі,

Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.

Кеше ғана керексіз ғып тастаған,

Ғажап екен әдеті мен ғұрыпы- дей келе, сайымыздың 1-кезеңі «Салт-дәстүрді білесіз бе?». 

«Жетіген» тобы:

«Дауылпаз» тобы:

1.      Жеті санына байланысты салт-дәстүрді білесіз бе?

(жеті ата,жеті қазына, жеті нан, жеті күн)

2.      Балаға байланысты салт-дәстүрлерді атаңыз.

(бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндетке отырғызу)

3.      Батаның қандай түрлерін білесіз?

(Наурыз бата, жас отауға арналған бата, ас қайыру батасы т.б.)

4.      Ұлттық ойын түрлерін атаңыз.

(соқыр теке, шертпек, ақсүйек, орамал тастау, сақина салмақ т.б.)

5.      Мүшел жасты атаңыз.

(ер жете бастау, жігіттік шақ, ақыл тоқтау, орта жас, қарттық, кәрілік, қалжырау, шөпшек сүю, немене сүю)

6.      Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңыз.

(сәукеле, тұмақ, бөрік, кимешек, шапан, ішік, кәмзол, мәсі т.б.)

7.      Қазақ елінде ертеден келе жатқан мейрамдар бар?

(ораза айт, рамазан айт, наурыз тойы, соғым басы, сабан той т.б.)

Қырдан ескен самалы,

Салтымыз бар бағалы.

Ақ қағазға аталар,

Шешен сөздер жазады.

Сайысымыздың 2- кезеңі «Атадан қалған асыл сөз».

 

Жанды сұрақтар:

1.      Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма-

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өршіл болма-

Өскеніңді өшіресің.

Басына іс түскен пақырға,

Қастық қылма-

Қайғысы көшер басыңа.

Жанашыры жоқ жарлыға,

Жәрдемші бол асыға,

Қиын-қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңды басынба.         (Қазыбек би)

 

  1. Дау мұраты – біту,

Сауда мұраты – ұту,

Қыз мұраты – кету,

Жол мұраты – жету.          (Сырым шешен)

 

  1. Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ,

Құйрығы суда тұрса да,

Уақытысы жеткенде,

Қурамайтын құрақ жоқ.

Дүние деген пәни бұл,

Баласы жоқта мият жоқ.

Бәрінен де қиын сол екен,

Артында жанған шырақ жоқ...    (Әйтеке би)

 

  1. Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

Әйелің жақсы болса,Бірінші – иманың,Екінші- жиғаның,Үшінші – ырысыңның тұрағы                                                                         Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, онан басқа нәрселермен оздым ғой деген нәрселердің бәрі - ақымақшылдық.

(Абайдың 18 қара сөзінен)

 

Көрермендермен ойын:        «Әуенді ойлан тап».

Шарты:

Берілген аспаптарда жасырылған шығарма аты мен авторын табу .

Қылқобыз – Ықыластың күйі «Ерден».

Шертер – Төлеген Момбековтің күйі «Бозінген».

Домбыра – Халық әні «Ақдариға».

Қорытындылау:

сайыс нәтижесіне байланысты топтарды марапаттау.

 

            Біздің ата-бабаларымыз бүгінгі ұрпаққа кең байтақ даласын, қанатты сөздерін, адамгершілік қасиеттерін аманат етіп қалдырды. Біздің парымыз ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраны көздің қарашығындай сақтап, өзімізден кейінгі ұрпаққа тапсыру болу табылмақ.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтан тыс жұмыс. Тақырыбы: "Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 122 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2015 714
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Агайдарова Галя Тагауовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Агайдарова Галя Тагауовна
    Агайдарова Галя Тагауовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7214
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе