Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Сабақтың тақырыбы: Фариза ( 7 сынып)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Сабақтың тақырыбы: Фариза ( 7 сынып)




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов



Поэзия падишасы

(әдеби кеш)

Мақсаты:

1.Қазақстанның халық жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын таныстыру,өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру,тәрбиелік мәнін түсіндіру.

2.Ақынның өлеңдері арқылы оқушыларды халқын сүюге,туған жерін қадірлей білуге,ақкөңіл адал болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:ақын суреті,қабырға газеті,слайд,кітап көрмесі

Барысы:

1-жүргізуші

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі кешімізді жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Поэзия падишасы» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

2-Жүргізуші

Мезгіл бұршақ жаныңа салып таңба,

Қайратыңнан қайысып, налып қалма,

Сені іздейтін аға бар тарыққанда,

Інілер бар демберер жабыққанға.

Бір ақиқат – бәрібір жоғалмайсың,

Жоғалмайтын жоқтаушы халық барда, – дейді ақын өз жыр жолдарында. Дүниеде теңіз терең емес, адам жанының терең екендігін дәлелдеумен өткен осы бір заңғар алып тұлғаның өзгелерден қашанда оқ бойы озық тұруы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік саңлағына айналуы біздіңше табиғи заңдылық. Уақыт өтіп, замана көші үздіксіз алға жылжығанымен елімізде Фариза апамызды еске алып, мәңгілік мұрасын жаңғырту - бідің міндетіміз.

Көрініс
Ортада әйелі мен күйеуі отырады. Отағасы қолында домбыра, отанасы қолында кесте.

Әйелі: Отағасы, бүгін бір ғажап түс көрдім. Түсімде саялы бақтың ішінде қыдырып жүр екенбіз. Айналамызда албырап пісіп тұрған алма ағаштары. Мен сол алмаларға қызығып біреуін ағаштан үзіп алғым келді. Бір уақытта көзіме бір алма ағашы түсті. Ол ағашта алманың орнына том – том болып кітаптар ілініп тұр екен. Сол кітаптардың арасында қып – қызыл алма көздің жауын алатындай болып тұр екен. Мен қуанып кетіп, сол алманы алып, рахаттанып жеп жатқан жерімде оянып кеттім.
Отағасы (күліп): Ай, тәйірі – ай. Алла бұйыртса, екеуміз армандап жүрген қып – қызыл алмадай қызымыз дүниеге келеді екен. Қызымыз жай қыз емес, том – том кітаптарды жазып қалдыратын ақын ба, жазушы ма болатын сияқты.
Әйелі: Айтқаныңыз келсін, отағасы, айтқаныңыз келсін!
Кадрдан тыс дауыс: Қазақ даласына өзінің құнарлы жырымен сусындатқан қазақтың ерке, ақын қызы дүниеге келгенде анасы осылай түс көрген деседі.Фариза туған елін өз жырларына қосып, әр қазақтың жүрегіне салмақты ой сала білген, қайталанбас дарын иесі. Оның өлеңдері арқылы күш алып болашаққа нық сеніммен аттанған бүгінгі ұрпағымыз Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы алдында тағзым етеді.
2 - жүргізуші

Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 5- желтоқсанда қазіргі Атырау облысының Манаш ауылында дүниеге келген. Нарын құмының арасында, асып - тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық - жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі.Ақынның бірнеше өлеңдеріне арқау болған – аналар тақырыбы. «Анама», «Перзент сөзі» өлеңдері

1 - оқушы

«Анама» өлеңі
Кеудеңде мені тербеттің,
Жас шыбық енді көктеді.
Мінеки, мен де ержеттім,
Еңбегің бекер кетпеді.
2 - оқушы

«Перзент сөзі» өлеңі»
Әкем – менің тәңірім, пайғамбарым,
ұмтылатын биігім, сайран бағым.
Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,
біліп алған, япыр - ау, қайдан бәрін?!
Күшті де жоқ, дәл ондай жер бетінде,
сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде!

1-жүргізуші

Фариза Оңғарсынованың 1966 жылы «Сандуғаш» өлеңдер жинағы,1969жылы «Маңғыстау маржандары»,1972 жылы «Мазасыз шақ», 1973 жылы «Асау толқын», 1974 жылы «Көгершіндер» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.

Ақынның жырларында Жайықтың суындай жағаны соққан адуынды көңіл - күй сезіледі.Оның өлеңдері Кәспидің аққуларындай пәк,туған даласындай кең,күніндей ыстық,тауларыдай асқақ.

«Жұртқа жағар құлқым жоқ өзімнің де»,

«Мен жалындап өтемін» өлеңдері

Жұртқа жағар құлқым жоқ өзімнің де,

Құлақ аспай ақ ниет,көңілді үнге

Өз-өзімнен құдірет сезінердей,

Керек менің өзім де,сөзім кімге.....


2-жүргізуші

Қазақ поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы: махаббат,достық, замана, уақыт тынысы туралы болды.Ақын өз заманының ар-ұжданы.Ол болашақ үшін өмір сүрді.Әлденеден мұңайып жүрегі сыздаған кезде, кешегі досының бүгін теріс айналған көргенде Фаризаның досы,сенері, берер дәрі -дауасы - поэзия болды

«Мен саган ғашык емес ем» өлеңі

2-жүргізуші

Әркімнің туған жері,туған өлкесі бар.Туған жерге,туған елге деген махаббат әр адамның жүрегінен орын алады.Оған ақындар өлең жазса,сазгерлер ән арнаған.Сол сияқты Фариза да өзінің туған жерге деген ыстық ықыласын өз өлеңдері арқылы баре білді.

5-6 оқушы «Туған жер», «Туған ел»

1-жүргізуші

«Өмір» атты асау тұлпарды ауыздықтандырамын деп талай өлеңді қаламмен қамшылаған Фариза апамыз кез келген тақырыпта айырықша еркіндікпен жырлайды.

«Өмір» «Өлең», «О,менің өкініштерім» өлеңдері

2-жүргізуші

Ия,саналы ғұмырын қазақ поэзиясына сарқа жұмсаған аяулы апамыз Фаризаны өз өлеңіне қосып жырлаған ақиық ақын М.Мақатаев болды.


«Фариза қыз» әні

1-жүргізуші:

Фариза ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңді күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек, асырып айтқандық болар еді. Ал оның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсақ, әрине, қателеспейміз.

2-жүргізуші

Осындай жан дүниемізді байытатын , қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін поэзияның падишасы болып, халықтың сүйікті ақыны болып жүрген, өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемімен аты шыққан халық жазушысы Фариза апамызға арналған кешіміз де өз мәресіне жетті.Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-483363
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>