Сабақтың тақырыбы:XIV-XV ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің дамуы

Предпросмотр материала:

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №5 орта мектеп тарих пәні

мұғалімі Князова Б.Б.

 

XIV-XV ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің дамуы

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: 14-15ғасырлардағы Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетімен, діни-наным сенімдерімен, даму ерекшелігімен таныстыру.

 

Дамытушылық : Орта ғасырлардағы Қазақстанның жер аумағында өмір сүрген халықтардың мәдениетімен таныстыра отырып, қазіргі кездегі дәстүрлеріміздің тарихи сабақтастығына баса назар аудару

 

Тәрбиелік: Мәдениетпен бірге оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, өнерге, сұлулыққа деген құштарлығын ояту,  салт дәстүрлерімізді құрметтеуге, елін, жерін сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Еске түсіру, пікір алысу, түсіндіру

Көрнекілігі: ҚР-ның саяси картасы, бейнетаспа,  слайдтар,тірек-сызбалар

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа даярлығын бақылау

                                        2) Оқушыларды топқа бөлу

«Хан Тәңірі»  және «Алаш» тобы

                                        3) Тапсырманы орындағаны үшін жоғары «5» баллмен бағаланады

Үй тапсырамсын тексеру:

Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі

Жоспары :

1.     Қазақ халқының қалыптасуы

2. «Қазақ» атауының шығуы

3. «Алаш» атауы мен жүздердің пайда болуы

 

1.     Халық және Қазақ халқының қалыптасуы

Халықтың халық болып қалыптасуының бірнеше шарттары бар :

1.Антропологиялық  бет  пішінінің  қалыптасуы

2.Өзіне тән мәдениетінің қалыптасуы

3.Халық мекендеген аумағының қалыптасу

4.Ортақ атауының қалыптасуы

5.Тілінің қалыптасуы

6.Өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік халықтық сананың орнауы

 

2. «Қазақ» атауының шығу тарихы

Қазғақ оғлұм, мықты, берік, алып, еркін адамдар, бостандық сүйгіш, ханына,қожасына, Рузбихан

Осы сөздерді қатыстырып, тапсырманы орындау

3. «Алаш» атауының шығуы, Алаша хан туралы аңыз

4. Жүздердің құрылуы туралы

 

 

 

Жаңа сабақ: XIV-XV ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің дамуы

 

 

Сабағымыздың мақсаты – осы 14-15 ғасырдағы Қазақ халқының мәдени даму деңгейімен, олардың тұрмыс тіршілігіндегі, салт-дәстүрлеріндегі ерекшеліктерімен танысу. «Мәдениет» сөзіне анықтама беріп топтастырып көрейік

 

Мәдениетті екі топқа бөлеміз, Олар : Рухани және материалдық

Кез келген халықтың мәдениеті, сол халықтың шаруашылығына байланысты болады. 14-15 ғасырлардағы Қазақстандағы халық шаруашылығының басым түрі – мал шаруашылығы. Сондықтан, материалдық игіліктер мал шаруашылығынан алынатын шикізат көзіне байланысты жасалып отырды.

 

Көшпелілердің материалдық мәдениетінің тамаша ескерткіші – киіз үй.

Сұрақ – жауап:

Киіз үйге байланысты сұрақ.

Егіншілікпен айналысатын отырықшы аудандағы халықтардың үйлері, қоныстары қандай болған?

Жауабы: Жеркепелермен саз балшықтан тұрғызылған жер үйлер(Отырар, Сығанақ, Сауран)

 

Киім-кешекке байланысты сұрақ: Қазақстан халқының киім-кешектері негізінен мал өнімдері жүн мен теріден жасалған. Теріден әр-түрлі сырт киімдер тіккен, жүннен жылы киімдер дайындаған. Осыған басты дәлел не болып табылады?

Жауабы: Қыстақ кенттерден жүргізілген археологиялық жұмыстар кезінде қой қырқатын қырықтық, біз, ұршық бастарының табылуы.

 

Киім-кешекке байланысты сұрақ: Археологиялық зертеулерге қарағанда әйел адамдардың киімдері түрлі матадан тігілгенін көрсетеді. Оған басты дәлел не?

Жауабы: Ұлы Жібек жолындағы т ұрғындар өз өнімдері Батыспен Шығыстың түрлі маталарына, айырбас сауда жасады.

 

Ұлттық тағамдар: Ерте кезден қолданысқа еніп кележатқаны мал өнімдерін пайдалануда сүт өнімдері. Мысалы: 13 ғасырда Қазақстанда болған Еуропа саяхатшылары қыпшақтардың сүттен Қалай май алатынын, құртты, қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазған. Қай тарихшы Қыпшақтардың сусындары туралы жазған :

Жауабы: Рубрук – ол шөлдеп келе жатып Қыпшақтардың сиыр сүтінен жасаған қышқыл сусын бергенін, оны «Айран» деп атағаны туралы жазған.

Рухани мәдениет – белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың, жан-дүниесінің көрінісі. 14-15ғасырлардағы Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды, ғылымда оны Фольклор деп атайды.

 

Сабақты бекіту:

Бағалау:

Үйге тапсырма : «Мәдени сабақтастық» тақырыбына ой-толғау жазу

§ 33 Оқып келу

 

Краткое описание материала

Сабақтың тақырыбы:XIV-XV ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің дамуы

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Рахимова Мая Садыковна

учитель русского языка и литературы

  • На сайте: 11 лет и 2 месяца
  • Всего просмотров: 48030
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 31
  • 48030
    просмотров
  • 31
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Рахимова Мая Садыковна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~100

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: