Инфоурок Другое Другие методич. материалыСценарий "1 сентября День знаний" общешкольный

Сценарий "1 сентября День знаний" общешкольный

Скачать материал

СӘЛЕМ САҒАН, МЕКТЕБІМ!

Мақсаты: Білім күніне арналған жиынды ұйымдастыра отырып, ҚР-ның 2016 жылғы мерейлі белестер, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тоқталу,білімге деген құштарлығын арттыру, елімізідң білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым!

2-жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар!

1-жүргізуші Оқушылар, сендер арайлы жаздың үш  айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен қыркүйек айының алғашқы күні алтын ұя  мектептеріңізге қайта оралып, алғаш  рет мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысқалы отырсыздар.

2-жүргізуші: Бүгінгі алғашқы қоңырау иелері - егеменді елдің білімді ұрпақтары. Мектеп табалдырығын аттайтын жас бүлдіршіндер, салтанатты жиынымыз сіздерге арналады.

1-жүргізуші: Білім күні қуанышты мерекемізге арнайы келген қадірменді қонақтарымызды таныстырып өтейік:

1. Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Кудесова Гүлдира Мақсұтқызы

2. Рудный дауысы телерадио компаниясының бас редакторы Мурзабекова Кенжеш Оразгалиқызы

3. Менталды арифметиканың жаттықтырушысы Қанешова Шолпан Қайсарқызы

2-жүргізуші: Оқушылар, қалай ойлайсыздар біздің бүгінгі мерекемізге кімдер жетіспей тұр?

(Жауап: Әрине, 1 сынып оқушылары)

1-жүргізуші:

Қош келдің, 1 сынып бүлдіршіні,

Оқушының сөмкесі иығыңа енді ілінді.

Қол соғып мерекеге қарсы алайық,

Сіздерге арналады мереке қошеметі.

2-жүргізуші: Қарсы алыңыздар, 1 «А» сыныбы, сынып жетекшісі -  Айтпенова Светлана Садырбайқызы

1-жүргізуші: Қарсы алыңыздар, 1 «Ә» сыныбы, сынып жетекшісі -  Нұрмакова Айымкүл Асбергенқызы.

2-жүргізуші: Қарсы алыңыздар, 1 «Б» сыныбы, сынып жетекшісі -  Бектенова Гаухар Сүйментайқызы

1-жүргізуші: Қарсы алыңыздар, 1 «В» сыныбы, сынып жетекшісі -  Нүсіпбекова Гүлбақыт Шаяхметқызы.

(1-сыныптар толық шығып болған соң, орындарына тұрып болған соң жалғастыру)

2-жүргізуші:Білім күніне арналған «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

1-жүргізуші: Туым - теңдігім, Елтаңбам - елдігім, Әнұраным - айбыным! Тәуелсіз еліміздің көк байрағын, елтаңбасын, әнұранын асқақтатып қадірлей білейік,  ағайын!

2-жүргізуші: Дайындалыңыздар! ҚР-ның Мемлекеттік Туы кіргізілсін!

(Ту кіргізіледі)

 

 

1-жүргізуші:

Таусылмасын жүректе асқақ әнім,

Тез биікте самғатам жыр қыранын.

Азатпыз,Тәуелсізбіз, Еркінбіз деп

Шырқайық ұлы Отан Әнұранын!

(ҚР-ның Әнұраны ойнайды)

2-жүргізуші:

2016 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы.

1-жүргізуші: Биыл Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Еліміздің Тәуелсіздігі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып,                 25 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін жыл.

Әбсаткаров Лескен мен Измаханов Нүркен «Астана» әнін орындайды. (хабарланбайды)

2- жүргізуші:  

Шын жүректен арналар сөзіміз де,

Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

Сөз кезегін салтанатты жиынымыздың қадірменді қонақтары Гүлдира Мақсұтқызы, Кенжеш Оразгалиқызы мен Шолпан Қайсарқызына сөз беріледі.

(Гүл шоқтары тапсырылады)

1-жүргізуші: Біздің мектебімізде талантты да мейірімді оқушылар мен ең білімді шығармашыл ұстаздары біздің мақтаныштарымыз!

2-жүргізуші: (Музыкалық номер) Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршініміз Сардарбекова Жанельдің орындауында «Үйретеді» әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді  аналық қамқорлығым деп түсінген мектебіміздің директоры Бірманова Қымбат Исланбекқызына сөз кезегін беріледі.                        (Директор сөйлейді, гүл шоғын тапсыру).

2-жүргізуші:Сөз кезегі 1-сынып оқушыларына беріледі (тақпақтарын оқиды).

1-жүргізуші:

Абзал жандар, биік тұлға байсалды.

Құшақ жайып шәкірттерін қарсы алды.

Өздеріңе жүрек жарды сөз айтып,

Құттықтайды 11-сынып баршаңды.

СУЛЛИЕВА ЖАНСАЯ:

Оқыған әпке, ағамыз,

Қадірлі мектеп - бұл мектеп.

Сендердей біз де болғанбыз.

Есейдік, міне, қараңыз.

Құт болып алғаш қадамың

Жағарсың білім шырағын.

Биылғы жыл ерекше

Ұғарсың оның шын мәнін

Құттықтап білім күнімен

Сыйланар сізге тірек сызба

Бар білімнің бастауы

Оқып үйрен, тек сызба.

Мектебімізге алғаш қадам басқан 1-сынып оқушыларына 11 сынып оқушылары естелік сыйлықтарын тарту етеді.

(Музыка әуенімен 11- сынып оқушылары 1- сыныптарға сыйлықтарын тапсырады.)

2-жүргізуші: Әуелетіп ән салған әншіміз Қарсақбай Аружанның орындауындағы «Мектебім» әні  - бүгінгі салтанатты мерекенің сәні!

1-жүргізуші:   Қағылмақ міне әуенге бөлеп,                                            

                          Қағылмақ алғаш қоңырау,

                          Нұр толқып жүзін, гүл толып құшақ,

                          Шаттыққа толсын омырау.

2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу құрметі 11- сынып оқушысы Үсенов Қайрат пен мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-сынып оқушысы Жұмажан Адинаға беріледі.(Оқушы қоңырау соғады).

1-жүргізуші: «Дайындалыңыздар! ҚР-ның Мемлекеттік Туы шығарылсын!» (Туды алып кеткен  соң жалғастыру) 

2-жүргізуші:   Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет  көп,

                          Көтеріндер мектептің атын құрметтеп.

                          Білімнің көзін аша берсең құрметтеп,

                          Жетелейді армандарға бұл – мектеп, - дей отырып, 1-сынып оқушыларын «Мен – өз Отанымның патриотымын»  атты алғашқы сынып сағатына қошеметтеп шығарып салайық. (Музыка ойнап тұрады)   

(1 сынып кіріп кеткенше кезекпен кезек оқу)

1-жүргізуші: Құтты болсын қарағым,

Білімге қадам басқаның.

Сөмке артып арқаңа,

Айналайын, дарын бол!

2-жүргізуші: Жақсы оқып, ержетіп,

Оқу оқып, ғалым бол.

Тәуелсіз елдің ұрпағы,

Жанған оттай жалын бол!

1-жүргізуші:  Бүгінгі «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім» атты салтанатты жиынымызды аяқтай отырып, барша мектеп оқушыларын «Мен – өз Отанымның патриотымын» атты сынып сағатына шақырамыз!                                                                                         

2-жүргізуші:  Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз. Әрқашан да Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий "1 сентября День знаний" общешкольный"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 129 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.09.2016 572
    • DOCX 24.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балапашева Гулмира Бидоллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6709
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой