Инфоурок Социальному педагогу Другие методич. материалыСеминар сабақ "Тәртіпке бағынған құл болмайды"

Семинар сабақ "Тәртіпке бағынған құл болмайды"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Тәртіпке бағынған құл болмайды

Мақсаты: Оқушыларға құқықтық тәрбие туралы түсінік бере отырып, жасөспірімдер арасындағы белең алып отырған қылмыс пен құқық бұзушылыққа тоқталу, себептерін іздеу. Адамгершілік пен құқықтық сауаттылыққа тәрбиелей отырып, өз ойларын нақты әрі еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту.

Түрі: семинар-сабақ

Көрнекілігі: видеоролик, ватман, маркер, заң кітаптары

Барысы: Қош келдіңіздер, кұрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар. Біз бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – құқықтық тәрбие туралы сөз етпекшіміз. Жалпы құқық дегеніміз не, адам құқықтарын кім қорғайды, неліктен қазіргі таңда жастар арасында құқық бұзушылық көбейіп кетті – міне осылар туралы сөз қозғайтын боламыз. Бүгін біздің семинар сабағымызға  аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, ұстаздар  мен аудандық ішкі істер инспекторлары қатысып отыр.

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да болады. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын алады. Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Ал құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі, ережелер жинағы.

Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады.

Сонымен қатар, Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан:

1.     Қазақстан Республикасының Конститутциясы

2.     Бала құқықтары туралы Конвенция

3.     Бала құқықтары туралы Декларация

4.     Неке және отбасы туралы заң

5.     Бала құқықтары туралы заң

6.     Азаматтық кодекс

«Заңсыз арал» жаттығуы

Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек не болар еді?

Қорытынды. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды. Ал тәртіп пен заң біздің қалыпты өмір сүруіміз үшін қажет.

«Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?»

1.     Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі сатылады.

2.     Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр

3.     Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді. Ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтып бермеді

4.     Химиялық зауыт өзінің зиянды өнімін өзенге тастады

5.     Мектеп оқушылары жүзім ұрлады

6.     Бір оқушы сыныптасына «Ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетеді

7.     Сыныптағы бір бала екінші баланың кітабын сызып тастады (оқушылар түсінік бергенен кейін, заң қызметкерлері заңға сүйене отырып пікірі айтады)

Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)

Жұмбақ шешу

Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,

Ондайлар Отаныма өте керек.

Тәуке хан жазған екен заң жинағын,

Тапсаңдар болғандарың асқан зерек

(Жеті жарғы)

Мерекең құтты болсын ұстаздарым,

Оқушы, сыныптасым, бар достарым

Тәуелсіздік заңының қабылданған

Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық

(1991жыл)

Еліме білім керек, ғылым керек,

Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.

Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,

Жазған екен болашаққа көзін тігіп.       

(Қазақстан – 2050)

Жақсы ел шығарып заң игілікті,

Депутат заң шығарып билік қыпты.

Парламент палатасы нешеу екен,

Таба алсаң бұл жауапты игі екен.               

(Екі)

Пікірталас

Құқықбұзушылыққа адамның (жасөспірімнің) әлеуметтік жағдайы әсер етеді ме?

Иә, бұл жағдайда біз дөп басып баланың құқықты бұзуына әлемметтік жағдайы әсер етеді деп айта алмаймыз. Бұл жерде адамның сана-сезімі, қабылдауы, ойлауы, яғни өзіне және ортасына да байланысты.

Бейнекөрініс «Құқықбұзушылықтың алдын алу»

Ойлан тап. (Интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс жауабын табу.)
1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы.

2. Конститутция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы

3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым

4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік

5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі

6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган

7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу

8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны

Дұрыс жауабы:

1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г

 «Менің қандай құқықтарым мен міндеттерім бар?» постер қорғау

Мен міндеттімін:

1)    білім алуға

2)    тәртіпті болуға

3)    мектеп мүлкін сақтауға

4)    үлкендерді сыйлауға

5)    ана тілдің тазалығын сақтауға

6)    әрдайым таза, ұқыпты болуға

7)    темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге

Сауалнама : «Мен және менің құқығым»

Қатысты: 34 оқушы. Сауалнамада 6 сұрақ берілді. Нәтижесі мынадай:

«Құқық туралы не білесіз?» деген сұраққа  50% ештеңе білмеймін, 38% әр адамның өз құқығы бар(білім алу, өмір сүруге), біз құқыққа бағынуымыз керек - 3%, құқық бұзған адамдар заң бұзушылар 3%, құқық бақытты болу үшін қажет 3%, көп мағлұмат білемін 3%

«Сіз неге құқылысыз?»: білім алуға, өмір сүруге т.б. 65%, көшеде еркін жүруге - 3%, бүкіл нәрсеге 3%, білмеймін 18%, Отан қорғау 3%, заңдарды бұзбау 8%

«Құқық бұзушы кімдер?»: қылмыскер, бұзақы, елін сатқандар - 68%, адамдар 12%, білмеймін - 20%

«Құқық бұзылмау үшін не істеу керек?»: білмеймін - 23%, ештеңе - 6%, ешкімге тиіспеу - 3%, айтқанды тыңдау, құқық бұзбау, ережені сақтау - 26%, тәртіпке салу, тәртіпті болу - 15%, заңды білу, оған бағыну - 12%, өз құқығыңды білу керек - 3%, ескерту, ақыл-кеңес айту - 6%, оқу керек - 3%, бәрін тиянақты жасау - 3%

«Біреудің тарапынан құқығыңыздың (ата – ана, мұғалім, құрбы –дос, туыс, т.б.)  бұзылғаны болды ма? (болса жазыңыз)»: жоқ - 91%, достарымның тарапынан - 6%, болды - 3%

«Құқық бұзбауға қосар үлесіңіз қандай?»: ереже сақтау - 3%, заңды бұзбау - 17%, ешқандай - 50%, тәртіпті болу - 6%, іс-шаралар өткізу - 3%, сабақ оқу, ата-анама көмектесу - 6%, адам өз-өзіне жауап беру керек - 3%, ешкімнің жеке меншігіне тимей, оны бұзбау - 3%, құқық бұзған адамдарды түзету - 3%, өз құқығыңды білу - 3%, айыппұл төлету - 3%.

Қорытындылай келе, оқушылардың құқық туралы көзқарасы қалыптасқан, қоғамға қосар үлесі де бар. Ұсыныс: құқық туралы білімдерін тереңдете түсу.

Қорытынды
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Құқық бұзушылықтың орын алмауы үшін оқушылар ең алдымен тәртіпке бағынып, құқықтарымызды біліп, оны қорғауымыз қажет.

“Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Б.Момышұлының сөзін естен шығармайық.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Семинар сабақ "Тәртіпке бағынған құл болмайды""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 542 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.04.2016 7114
    • DOCX 18.6 кбайт
    • 146 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Туребаева Алия Жумабеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Туребаева Алия Жумабеккызы
    Туребаева Алия Жумабеккызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36255
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Методика и содержание деятельности социального педагога в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 212 человек

Курс повышения квалификации

Эмоциональное выгорание социальных работников. Профилактика и методы борьбы

36 ч. — 144 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация социально-педагогической деятельности в условиях реализации ФГОС

Социальный педагог

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 876 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 904 человека

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Воспитание будущего поколения: от педагогики до игровых технологий

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек