Инфоурок Другое СтатьиШығарма. "Менің болашақтағы мамандығым"

Шығарма. "Менің болашақтағы мамандығым"

Скачать материал

Мектеп бітіргеннен кейінгі менің жоспарларым

Бағбан жемісті ағашын айтар,

Мұрап суының сағасын айтар,

Шопан өсірген қойын айтар,

Өлеңші өлең айтқан тойын айтар,

Ұста соққан тамын айтар,

Дихан шығымды еңбегінің бабын айтар.

Халық даналығы

         Шынымен де, қай кәсіппен айналыссаң да еңбегіңнің жемісін көріп жатсаң, көз қуанышың, өз мәртебең. Кез-келген кәсібіңді дөңгелету үшін білікті де білімді маман болуың шарт.

         Мен биыл алтын ұя мектебіммен қоштасқалы отырған түлекпін. Мамыр айында күміс қоңырау біздің сынып оқушылары үшін соңғы рет сыңғырламақ. Алдымызда үлкен сын, ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр. Тестілеуді ойдағыдай тапсыруға мектебімізде барлық жағдай жасалынған. Сол үшін де бұл сыннан сүрінбей өтеміз деген үмітіміз бар. Десек те, мектеп бiтірген әр түлектiң алдында тағы бiр маңызды қадам күтiп тұр. Ол – мaмандық тaңдау. Мамандық таңдау – болашақты таңдау деп бекерге айтылмаса керек. Сондықтан болашағымызды  «бүгінгі күнде қай мамандыққа сұраныс жоғары» деген сауалға жауап іздеу арқылы жоспарлауымыз қажет. Өйткені болашақ бүгіннен басталады, яғни келешектегі жетістіктеріңнің негізі бүгінгі күні қаланады.

         Мен сіздермен мектеп бітіргеннен кейінгі жоспарларыммен бөліскім келеді. Әрине біз сыныптастарымызбен, достарымызбен болашақ туралы түрлі жоспар құрастырдық. Қазір ақпарат дамыған заманда теледидар мен ғаламтордан әлемнің әр түкпірінде тұрақсыздық болып жатқанынан хабардармыз. Сондықтан да мен өз болашағымды тұрақтылық пен ынтымағы нығайған тәуелсіз Отаныммен байланыстырамын. Ал болашақта осы елдің азаматы ретінде мен қандай қызмет атқарамын?  Отан отбасынан басталады демекші, менің отбасымда барлығы айтарлықтай тұрақты. Әкем кен өндіретін зауытта аппаратшы болып жұмыс істейді. Ал анам үйде отбасының ұйытқысы. Ата-анам үйдің кенжесі болғандықтан менен қай жағынан болсын көмектерін аямай келеді. Олар менің оқу және басқа да қосымша қызығушылықтарымды қолдап отырады. Мектепте оқу екпінділері қатарындамын. Қалалық, облыстық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындардан да құр алақан емеспін. Шетел тілінен үстіміздегі жылы Көкшетау қаласында өткен облыстық пән олимпиадаларынан үшінші орынға ие болып келдім. Мені сонымен қатар физика, информатика пәндері қатты қызықтырады. Сондықтан ұлттық бірыңғай тестілеуде физика пәнін таңдадым. Дайындықты мұғаліммен жетінші сыныптан – ақ бастап кеттік. Қазір таңдау пәнін байқау тестілеуінде төртке тапсырып жүрмін. Барлығы ойымнан шығып жатса, болашақта ақпараттық технолог болғым келеді. Өйткені елімізде, сарапшы мамандардың пiкірінше,  маркетолог, web-дизайнер, химик, ақпараттық технолог, өнеркәсiп саласы мамандары жетіспейдi екен.  Бұл мамандықты таңдауымның себебі ел экономикасын көтеру мақсатында мемлекетіміз шағын және орта бизнестің дамуына көп көңіл бөліп жатыр. Мамандыққа оқып шығысымен, өзімнің жеке сервис орталығымды ашсам деп армандаймын. Жоғары білікті маман болу үшін арнайы кәсіптік және техникалық мамандар дайындайтын оқу орындары да жетерлік. 

         Заманауи технологиялардың сан түрi күннен-күнге жаңарып шығарылып жатыр. Қазiр кезiнде Ыбырай атамыз жырлап кеткен «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алу да» таңсық емес. Компьютер өміріміздің барлық саласымен тығыз байланысты, бірақ компьютерлік құрылғымыз істен шығып жатса, міндетті түрде ақпаратты технолог маманының көмегіне жүгінеміз. Сол себепті де мен Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университеттің «Ақпараттық технолог» факультетіне түскім келеді. Ондағы оқу базасы жақсы жабдықталған. Біздің мектептен де аталған оқу орнында оқитын шәкірттер бар.

         Ақпараттық технологиялар шәкірттерден үлкен шығармашылықты талап етеді. Қазір телефондар мен компьютерлердің бір-біріне ұқсамайтын бағдарламалары өте көп. Олардың басқару командалары да өз алдына өзгеше. Сондықтан еліміздегі үлкен-үлкен жоғары оқу орындарында дарынды студенттерді қолдау мақсатында түрлі инновациялық байқаулар өткізіліп жатады. Мен де сондай байқауларға қатыссам деп армандаймын, өзімнің жаңа бағдарламаларымды шығарып, бағымды сынып көремін. Бағым жанып жатса, сол бағдарламаларымды тұтынушылардың қолдануына ұсынатын боламын. Қолыма диплом алған соң, туған қалам Степногорскке қайтып оралмақшы ойым бар. Өйткені бұл қала облысымыздағы өндірісі кең тыныс алған қала. Өндірісі өміршең өлкеде бірнеше ұжымдар мен ұйымдар болатыны белгілі. Ал ол кәсіпорындарды күннен-күнге дамып, жаңарып отыратын ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Мен сол ақпараттық технологияларды тізгіндейтін маман боламын. Сондықтан менің жоспарым бойынша болашағым айқын болатынына сенімім мол. Өйткені елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бүгінгідей жаһандану заманында мемлекет пен адам озық, бәсекеге сай болуы үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет. Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады» дегендей, менің қолымда мені қызықтырған мамандық иесін куәландыратын дипломым болады.  Ал білімді де, білікті жастар туған жеріне адал қызмет ету үшін оралып жатса, мемлекеттен қолдау табатынына сенімдімін.      

Ақмола облысы

Степногорск қаласы

Ю.А.Гагарин атындағы №7 орта мектептің

11 «А» сынып оқушысы

Жетпиисов Рустем Кафизович

Туған жылы: 15.12.98 ж

Мекенжайы:  9-43-72

Үй телефоны: 2-24-17

 

 

Мұғалімі: Г.Т.Шайрестанова

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шығарма. "Менің болашақтағы мамандығым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 215 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2016 6331
    • DOCX 35 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекишева Гульсим Каязкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекишева Гульсим Каязкызы
    Бекишева Гульсим Каязкызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15334
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 113 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек