Инфоурок Русский язык СтатьиШығармалар үлгілері. Туған өлкемнің бүгіні және ертеңі

Шығармалар үлгілері. Туған өлкемнің бүгіні және ертеңі

Скачать материал

Абай Оралхан Жамбылқызы

№1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары санатты мұғалімі

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

С.Шапағатов ауылы

 

Шығармалар үлгілері

Туған өлкемнің бүгіні және ертеңі

  Аяулы алтын бесігім: самал желімен тербеп, ыстығымен терлеткен, кіндік қаным тамған, қасиетті - Маңғыстауым! Өзің жайлы толғаған өршіл ақын  С. Адайдың мына өлең жолдары сенің бар болмысыңды көз алдыма келтіреді:

Көк күмбез зерең - аспаның,

Көгілдір мәрмәр тастарың

Көңілде жүрген дастаным,

Маңғыстау – Жұмақ мекенім,

Маңғыстау - мәңгі дастаным.

  Туған жер – өз үйің ғана тұрған жер емес, өз халқыңның кіндік қаны тамған , ата – бабаңның салты қалыптасқан , тірлік қарекетін бастаған жер.

 Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

деп Қасым ақын жырға қосқан даланыңкешесі, бүгіні, ертеңі туралы біз білуіміз керек қой.Сондықтан алтын бесік Маңғыстау туралы сыр шертейін.

  Маңғыстаудың Қаройын мекендеп жатқан үш жүз алпыс екi әулиенiң аруағы  бұл өлкедегі қай істе де қолдап тұрған секiлдi. Уәйiстей ақын аға:

…Бастан кешкен жортуыл,  жорықты көп

Айта алмаймын “Ер халық қорықты” деп.

Халық аңыз қылады “Маңғыстауда

Үш жүз алпыс әулие болыпты” , –

деп неге толғанып, толқыды дейсiң?!

   Менің туған өлкем  туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Маңғыстау тұрғындарына көп адамдар өмірінде тым құрығында бір рет барып көруді армандайтындай жерде тұру бақыты бұйырған», – деген болатын.

   Маңғыстау – жеті жұртқа қоныс болған мекен. Бүгінде сан алуан ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, көгілдір Каспий жағасындағы атаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада,  төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген жерде өмір сүруші әрбір адам өз өлкесін жанындай сүйіп, оның мәртебесін көкке көтеруді мақтаныш тұтады!

   Әркім де өзінің туған өлкесінің бүгініне көз жүгірткенде, кешегісімен салыстырады.Еліміз Егемендік алған  жылдардан кейін менің өлкемде көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Маңғыстау экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан іргелі облыстардың қатарына қосылды. Ақтау ,Жаңаөзен сынды жаңа қалалар бой көтеріп, зауанауи архитектураның келбетін танытты. Облыс орталығы бұрынғы Шевченко,қазіргі Ақтау қаласы Патрик Амберкромби атындағы алтын медальмен, Архитекторлардың Халықаралық ассоциациясының ең жоғарғы құрмет белгісімен, марапатталды.

    Мен өзім гүлденген Маңғыстауымның  жас буын өкілімін. Мен егемен елімнің ертеңі болар ұрпақпын. Бұл – айрықша жауапкершілік. Себебі біз өз таңдауымызбен еліміздің келешегін анықтаймыз. Бұл – біз үшін алғашқы маңызды қадам. Осы уақыттан бастап меніңөлкемнің болашағын қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері жалғасын таба береді. Қазақстан бүгінде қырандай биікте қалықтаған елге айналса, оның бір бөлшегі менің Маңғыстауым да өндірісі өркендеген, мәдени де, рухани келбеті де өскен өлкеге айналды.Бүгінгі кең даламыздағы өріс толған төрт түлігіміз – береке мен байлықтың көрінісі ғой! Тулаған толқынды Каспийім де балығымен елді байытуда. Мал шаруашылығын, балық аулау мен  өсіруді  дамытуды қолға алған еңбексүйер қауымның бар ынтасы мен жігері ел болашағына бүгіннен көрсетілген қамқорлықты танытып тұрған  жоқ па?!Менің жерімде қай шаруашылықтың саласы да дами береді. Көп салалы шаруашылығы бар елге айналамыз деп сенемін.

    Маңғыстаудың мұнайы мен газы да бүгінгі ел байлығының қайнар көзі болып отыр.Болашақта да бұл қазынамызды өзіміз игеріп, жүз пайыз пайдалана алар ел боламыз.Менің Маңғыстауымда мұнай мен газды өндіруші ғана емес, өңдеп , ел қажетін , әлем қажетін қанағаттандыратын ошақтар жүзеге асатынына сенім кәміл.

     Маңғыстау даласы – қымсынбай көрсетіп, ұялмай айтуға тұратын мұралар мекені, теңіз жағасындағы сары алтын құмы, жайлы жағалауы бар демалуға қолайлы өңір. Бұл елімізде туризмнің дамуына мүмкіндік бар екендігін аңғартады. Бұл салада бізді үлкен жұмыстар, тың бастамалар күтіп тұр. Көгілдір Каспий, Тамшалы мен Кендірлім, Маната мен Қаратауым әлем тамашалар орындарға айналары сөзсіз.

    Мен де  кешегі ел қорғаған батырлардың, кеудесінде ән мен күй күмбірлеген  өнерпаздардың  ұрпағымын,еркін елдің ертеңі болар білімге ұмтылған ұрпақтың бірімін. Болашаққа үлкен сеніммен қараймын. Өз тілім мен салт пен дәстүрімді құрметтеймін. Болашақта туған жерімнің көркеюіне өз үлесімді қосу үшін білім алудамын. Болашақ жастардың қолында.Елбасының : «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдiтөгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесiекенiңдi ұмытпа»,- деген сөзі әрқайсымыздың көңілге тоқып, ұстанар бағытымыз болмақ. Менің елім, менің Маңғыстауым кешегі аға буынның жасаған істерін жалғастырушы бүгінгі ұрпақтың, ертеңгі ел ертеңінің жаңа жобаларының игілікті бастау алған мекені болмақ. Жаса, Қазақ елі, жаңғыра бер , туған өлкем!

 

 

Шығарма

Мен – қазақстандықпын

 

Жоспар

«Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»

Халық даналығы

 

І Мен - Қазақстан деген байтақ елдің ұланымын

ІІ Менің  Отаным –Қазақстан

ІІІ Мен елімнің патриотымын

 

   Мен - қазақпын. Мен - Қазақстан деген байтақ елдің ұланымын.

   Қазақстан  жері ұлан - байтақ. Біздің жерімізге тек біз иеміз, себебі ата - бабаларымыз жанымен, қанымен  қорғаған. Бізге елімізді, жерімізді атадан балаға аманат етіп  тапсырып келеді. Біз бүгін кішкентай  жүрегімізбен сол бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның  ұшымен қорғап келген ұлан байтақ жерін дәл солай қорғай біліп, қандай қиындыққа төзе білетін батыл да батыр, қаһарман, ержүрек  халықтың ұрпағы екендігімізді түсінеміз. Өйткені біз елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Ұлы дала ұланымыз,    

   Қазақстан - өжет елдің мекені, себебі өзін әлемдік деңгейде көрсете білген, орнын ойып алған өркениетті ел. Бүгінде Азия мен Еуразияны мойындата білген өжет елдің ұланымыз».

   Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Бірлік,  ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын  тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Адамзат баласының татулығына ұмтылуы әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған.  Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

    Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады  деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным!

Сен барсың менің жанымда,

                                                      Көктемнің гүлі ашылған!

                                                      Балалық шағым қасыңда,

Тағдырым сенсің, Қазақстан!

 

    Мен үшін Отан – құндылықтарды, материалды тасымалдаушы емес. Бұл - жан сезімі! Сенің әрқашан оймен болса да оралғың келетін Жердің рухани бұрышы.

   Менің жылдарым күндермен өлшенеді. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын.

    Қазақстан  - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты әр түрлі болса да әдемі.

    «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өтсе де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан -  біз үшін оттан да ыстық.

   Менің ойымша, Отанды сүю дегеніміз – өз еліңе, өз халқыңа, өз жеріңе деген зор құрмет! Егер де әрбір қазақстандық өз Отанын шынайы ниетімен қадірлеп, оның қуанышына сүйініп, кемшілігіне күйінетін болса, жер бетіндегі басқа халықтардың да бізге деген құрметі, көзқарасы өзгереді. Нағыз патриоттық осыдан басталуы керек . Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ана тілімізді құрметтеу, мемлекеттік тілде өзіңнің ой-пікіріңді жасқанбай айта білу де – патриоттықтың бір белгісі. Отаншылдық пен ана тілімізге деген зор құрметті біріктіре білген әр азаматтың сүйеіспеншілік сезімі жоғары болады деп ойлаймын. Бұған қосып тағы айтарым, әр азаматтың отансүйгіштігі – адамдарға деген адамгершілігі, өз ісіне деген адалдығы, өз бойындағы кемшілігін мойындап қана қоймай, соны жою үшін әрекет етуі. Сонымен қатар, патриоттық дегеніміз – қазақтың өз-өзіне деген құрметі! Мысалға айтсақ, өз еліне деген құрмет – бұл мемлекеттегі саяси тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық татулықты нығайту. Сондай-ақ, бүгінгі таңда елімізде болып жатқан жаңару мен өркендеуден тыс қалмаған адам – нағыз патриот! Қазақстандық жаңғыруға қатысты әрқашан өз көзқарасын ашық айтып отыру – әр азаматтың борышы болуы керек.

   Әр адамның өз Отанына деген сүйіспеншілігі өз мемлекетінің тұғырлы тәуелсіздігін нығайтуға деген үлесі болмақ. Менің ұғымымда азат ойлы, рухани кемелденген әр адамның жүрегінде Отанға деген кіршіксіз құрмет сезімі болуы керек. Сондай-ақ, әрбір жас қазақстандық қыз-жігіттердің ой-санасында: «Мен қазақстандықпын! Мен елімнің патриотымын! Өзімнің бар білімімді, еңбегімді, тәжірибемді осы мемлекеттің бүгіні мен болашағына арнауым керек!» деген ой болуы керек. Әрбір қазақтың жан-жүрегінде: «Қазақ елін жаудан қорғайтын да, әрі қарай дамытатын да менмін!» дейтін ұлттық мүддені көздейтін көзқарас болуы керек. Әрине, қоғам болған соң, кейбір жастардың әлеуметтік жағдайы өз деңгейінде болмауы мүмкін. Бірақ оның барлығы да уақытша нәрсе. Уақытша болмайтын бір-ақ нәрсе бар, ол – өз Отаныңа деген үлкен сүйіспеншілік.

    Қазақ халқы әрі қайсар, әрі еңбекқор, әрі білімге құштар, жаңашылдыққа жақын ұлт. Біріншіден,қайсарлығының арқасында талай биіктерді бағындырды. Екіншіден,әділдігінің арқасында қоғамда барлық этностар тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болды. Үшіншіден, қазақтың білімге, еңбекке деген ерекше құштарлығы басқа халықтарда кездесе бермейді. Төртіншіден, қазақ жастарының жаңашылдыққа жақындығы біздің ешбір ұлттан кем емес екендігімізді көрсетеді. Осындай тамаша қасиеттерді бір бойына жинақтаған қазақстандықтар әрқашан өз мемлекетін қорғай да, қолдай да алады.

   Қазіргі кезде қазақстандықтар әлемнің қай қиырына барып, білім алғысы келсе – барлық мүмкіндіктер бар. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ» бағдарламасымен қаншама мыңдаған жастарымыз шетелдердің ең үздік деген жоғары оқуы орындарында оқып жатыр. Осыдан кейін: «Елім маған осынша көмек көрсетті. Ал өзім Еліме не беремін?» деп ойлануы керек. Яғни, өз елінің мүддесіне аянбай қызмет ететін жастар – шынайы патриоттар.Сондықтан да мен де өзімнің отандастарым сияқты бізге,қазақстандықтарға берілген барлық мүмкіндіктерді ынтамен жігерлі түрде пайдалана отырып, елімнің ертеңгі жарқын болашағына кірпіш болатынымды сеніммен айта аламын.Жаса,Қазақстаным!



-- 
Оралхан Абай

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шығармалар үлгілері. Туған өлкемнің бүгіні және ертеңі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 711 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2016 1937
    • DOCX 19.5 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абай Оралхан Жамбылқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абай Оралхан Жамбылқызы
    Абай Оралхан Жамбылқызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10804
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы преподавания родного (русского) языка и родной литературы в образовательной организации

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 237 человек

Курс профессиональной переподготовки

Родной (русский) язык и родная литература: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель родного языка (русского языка) и родной литературы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания учебного предмета «Родной (русский) язык» в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 1 199 человек

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 160 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 145 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе