- 19.05.2015
- 5504
- 8
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Гобелен Шығармашылық жоба
Кіріспе Қолөнердің әсем туындыларының енбек туындыларына рухани тіл болатын эстетикалық тағылыма қанағаттандыруда, сұлуда әсем, тиімді, ұстанымды ұлттық киімдер, үй жабдықтары, гобелендер жатады. «Қолөнер-мол өнер» дейді халық. Қазіргі жас шеберлерінің өздерінің жұмыстарына жана түр, жана ұғым туып, олардың идеялық мазмұндарын қайта жанғыртуда. Мұның өзі шеберлердің басым көпшілігі жан-жақты салауатты, білімді,өнердің түрлі салаларымен таныс адамдар екенін көрсетеді. Қолөнер деп тұрмысында жиі қлданылатын өру,тігу, мүсіндеу, тоқу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчествалық өнер жиынтығын айтады.Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жобаның көкейтестілігі: Гобелен ежелден қолданылып келе жатқан өнердің бір түрі.Гобелен өзінің құрылған композициялық бағыты мен әсем құндылығымен жылдар, ғасырлар бойы сақталып келеді. Қазіргі кезде гобелен біздің елімізге жаңашалап, жаңа бағытта жеткізіліп отыр.Қолданбалы өнердің ішінде тек гобеленде ғана сан-салалы тәсілдер қолданылады.Ұлттық қолөнер бұйымдарының маңызы, мәні сәндік қолөнері халық тұрмысынан берік орын алған. Қазақ гобелені де дәстүр сабақтастығына қызмет ете бермек.
Гобелен өзінің композициялық мазмұнымен көрікті және әдемілігімен ерекше.
II кезең (2013ж.) Гобелен тоқудың технологиялық тәсілі меңгеріліп, жаңа заман талабына сай өзгерту жолдарын қарастырып, панно тоқылды. III кезең (2014ж.) Гобелен тоқудың әдіс тәсілін жан-жақты меңгере отырып, көлемі жағынан үлкен шығармашылық тақырыпта панно тоқу. Гобелен өнерінің шығу тарихы. Гобелен тоқу өнері сияқты кілем тоқу өнері ерте кезден көшпенділер тұрмысымен қатар дамыды. Әсемдік денгейде көп тараған қолөнер шеберлерінің туындыларының бір бөлігін гобелендер құрайды.. Көрмелерде қолөнер сан-түрлі күйде паш етілген. «Гобелен» деген кілем немесе суретті кілем деген мағынаны береді. Кілем тоқу өнері өте ертедегі ежелгі Египет, Грек скифтері дәуірінен бастау алған. Орта ғасырда қабырғаларда тоқыма суреттері мен безендіру кең таралған. Суреттермен безендіру қазіргі біздің қолданып жүрген гобелен деген сөз XIII ғасырда шыққан. Гобелен өнерінің шығу тарихы XV ғасырдан басталады. Ең алдымен Франция,Италия және Германия елдерінде дамыды. Кейінен Балтық жағалауында Кавказ және Ресей елдерінде кең өріс алған. Гобелен өнерінің қазақ қол өнеріне қадам басуы, қарқындап дамуы 1970 жылдан басталды. Осы жылдары біздің елімізде тақырыптың терең философиялық мазмұндағы көркем туындылардың алғашқы бастамасы қалыптасты. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен тоғысты. Қазақ гобелені әрқашанда дәстүрмен сабақтас қызмет етуге тиіс. Гобелен – кілем сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірбиелі суретшілер қолға алып,жаңа өрнекпен тоқиды. Гобелен негізін көркем шығармашылық туынды болып табылады.Сондықтан гобелен өнерінің сәндік қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Гобелен өнерінің түрлері мен әдіс техникасы. Қолөнердің әсем туындыларының енбек туындыларына рухани тіл болатын эстетикалық тағылымға қанағаттандыруда, сұлуда әсем, тиімді, ұстанымды ұлттық киімдер, үй жабдықтары, гобелендер жатады. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, неше түрлі қолөнер мен тоғысты. Гобелен тоқылатын бұйымына, сапасына, бояуының түріне қарай әр алуан атауларға бөлінеді. Тоқыма өнерінің бір өзі неше түрге бөлінеді.Атап айтқанда: текеметтер, сырмақтар, киіз басу, гобелендер. Түк салу - жоғарыда аталған кілемдердің бәрі түкті кілемге жатады. ( әндіжан, бұхар, түркімен, парсы, араб.) Түкті кілемді тоқу асқан шеберлікті қажет етеді. Түстік сипаттама. Қоршаған табиғи орта өзінің асқан сұлулығымен, ғажайып көркемдігімен, сан құбылатын бояу нақышымен көз тартады. Түс ұлттық дәстүрмен де байланысты. Темпераменті күшті оңтүстіктегілер ашық, қуанышты білдіретін түстерді ұнатады, ал солтүстіктегілер, керісінше қаралау, қарапайымдыларын ұнатады. Түстер жан – дүниеге түрліше әсер етеді: сары түс қуанышты білдіріп, Осы түстердің барлығы мынау гобеленде көрсетілген. Уақыт талабына лайықты қабырғаға ілетін жылқы жылына арнап панно тоқыдым.Мен бұл жұмыстың тақырыбын «Тұлпар» деп атадым.Қазақтың кең даласы, жасыл жайлауда ақбозат шауып келе жатқаны бейнеленген . Жылқы малын қазақ халқы пір тұтқан. Жылқы – таза, кірпияз, судың тазасын ішіп, шөптің құнарлысын ғана жейтін жануар. Ең бастысы, жылқы өзіне басқаның үстемдік етуіне, тапап-талауына, аяқ асты етуіне жол бермейді. Жылқы – еркіндікті сүйетін, бостандықтың символы. Гобеленнің орындалу барысы. Ағаш рама(кергіш). Ағаш раманың размері гобеленнің размеріне байланысты. Рама мықты болуы керек. Рамка қозғалмас үшін бұрыштарына бұрыш жасайды . Гобеленде түрлі тоқыма жүн, мақта жіптер қолданылады. Тоқу барысында қателік кеткен кезде не істеу керек ? Көркем тоқымада қателіктер болуы мүмкін. Бірақ оларды түзетуге болады.Мына әдістер: 1.Жіптің қысқа болуы. Қателік жіпті тартып тоқығаннан болады не жіп инеге сәйкес келмей қалың болғанынан болады. Ондай қателік болмас үшін, бос тоқу керек не жіпті ауыстыру керек. 2.Егер түстік жағынан қате жіберілген болса, қате жіберген жерді тарқатып, қайта тоқимыз. Гобелен тоқу технологиясында, әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, эстетикалық талғаммен жұмыс істеуге тәрбиелеу мақсатында гобеленшілердің әдістерін қолдандым. Гобелен тоқуда қолданылатын талаптар төмендегідей: 1.Жобалық суреттің нақты шешімін табу. 2.Композициялық құрылымын анықтау 3.Бояу үндестігін үйлестіру. Гобелен тоқуда қажетті құралдар: кергіш немесе ағаш рама, түрлі түсті тоқыма жіп, кенеп мата, біз ине, қайшы қажет. Әр құрал ыңғайлы орында орналасуы қажет. Гобелен тоқу ол ұзақ ыждағатты, қол енбегін қажет етеді. Гобелен тоқуда бірден – бір қажет нәрсе – ой, қиял және де көздің майын тауысатын үлкен еңбек пен уақытты қажет етеді. Осы екеуі қосылса, іс нәтижелі болмақ Гобелен тоқу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
4. Бұйым мен тоқитын адамның көзінің арасындағы арақашықтығы 30-40см болуы, ал шынтақ сәл бүгілген бір деңгейде жатуы керек. 5.Барлық құрал жабдықтарды, құрылғыларды арнайы жәшікке жинау. Гобелен тоқудың технологиялық картасы Жылқы жылына арналған «Түлпар» гобелені.Мөлшері : 80Х80 см
Қолдан жасалған бұйым және базардағы бұйымның айырмашылығы
Экономикалық есеп
Экологиялық баға Мен өз жұмысымды ұқыптылықпен тексере отырып экологиялық баға бердім.Орындалған бұйымға жұмсалған заттар экологиялық таза заттардан жасалынды. Пайдаланған кенеп мақта мата,тоқыма (мақта, жүн ) жіптері ешқандай аллергиялық құбылыс бермейді. Иісі жоқ. Сондықтан панноны бөлмелерді безендіруге қолданған өте дұрыс деп ойлаймын. Жобаны, оқушы өзін- өзі және жетекшісінің, бағалау критерийлері:
Жоба жетекшісінің пікірі: 9 сынып оқушысы Оңласын Мадина өзінің шығармашылық жоба жұмысын ізденіспен, қызығушылықпен орындап жоғары баға жиынтығына ие болды. Жұмысы үлгі ретінде мектеп шеберханасына алынсын. Жоба жұмысының жетекшісі Берхеева Феруза. Қорытынды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1.Қасиманов.С. «Қазақ халқының қолөнері». Алматы: «Өнер», 1995ж.-24 бет 2.Ж.Дәуренбеков, «Қазақстан өнері» Алматы 1983 ж 3.Қ.Тыныбеков, «Қазақтың қолөнері» 4.Т.А.Лищенко, «Нетканный гобелен» 2005 ж 5. «Искусства Қазақстана» Алматы «өнер» 1982 6.И.Яреманың гобелені «Изобразильное искусства» 37-38бет 7.«Гобелен өнері» Егемен Қазақстан 2002 ж 6 бет 8.Мектептегі технология № 9 2008 ж 30-31 бет 9.Мектептегі технология № 10 2008 ж 6-7 бет 10. Шаңырақ энциклопедиясы |
ен шығармаш жұм.
6 665 129 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Берхеева Феруза Сафиуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
8 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.