Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Сыни тұрғыдан ойлаудың тиімді моделі-Блум таксономиясы" коучинг

"Сыни тұрғыдан ойлаудың тиімді моделі-Блум таксономиясы" коучинг

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін

Мектеп директоры:

Қ.Ж.Құрманбекова ______________

«12 » наурыз 2015ж

Коучинг жоспары

Күні:

12.03.2015 ж

Коучер:Сағынтайқызы Р

Коучинг тақырыбы:

Сыни тұрғыдан ойлаудың тиімді моделі-Блум таксономиясы


Мақсаты:

Блум таксономиясы туралы мағлұмат беру,іс-тәжірибеде қолдану,жеке тұлғаның оқуға деген ынтасын күшейту,белсенділігін арттыру,іздендіру,зерттеушілік жұмыстарына тарту,білімді өз беттерімен алуды қамтамасыз ету.

Түйінді идея:

Блум таксономиясы бойынша «пирамида арқауы»білімді қабылдау қабілеттерінің сатылары ретінде қарастыратынын анықтау,әр деңгейдің атқаратын қызметін түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:

Блум таксономиясы бойынша оқу тапсырмаларын дайындауды үйренеді.

Алты деңгейлі оқу тапсырмаларын түсінеді.

Күнделікті сабаққа Блум таксономиясы бойынша жоспар құруды үйренеді.

Топ арқылы бірлесе әрекет етудің тиімділігін түсінеді.

Сын тұрғысынан ойдаудың түрлі әдіс-тәсілдерін біліп және оларды оқу үрдісінде тиімді пайдаланады.

Оқушылардың белсенділігінің артатынына сенімділік пайда болады.

Дерек көздері:

І деңгей үлестірме,мұғалімдерге арналған нұсқаулық,интернет материалдары ақпаратқа сызбалық талдау.

Ресурстар:

І деңгей үлестірме, геометриялық фигуралар, Блум таксономиясы туралы мәлімет, плакат,А3,4 қағаздары,стикер, маркерлер, т.б.

Сабақтың барысы:

Уақыт(90 минут)

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Ой-сергек:













Топқа бөлу:

5 минут

Жағымды ахуал құру

Шеңбер бойында тұрып,бірі-біріне жағымды ахуал қалыптастыруда тілек сөздер айту










5 минут

Коучингке қатысушыларды геометриялық фигуралар бойынша топтарға бөлу (5 топ, 5 адамнан)

1.Коучингке қатысушыларды сабақ мақсатымен таныстырған соң, оларға топ ережесін жасауды және топтық жұмысқа қойылатын критерийлерді анықтап, талқылауды ұсынамын.



Топтарға бірігеді,топтың алтын ережесін еске түсіреді.








Проблеманы айқындау:

10 минут

«Миға шабуыл» әдісі

«Креативтілікті қалай сақтау керек?»бейнеролик көрсету

Тәлім алушылар бейнероликтегі көргенін,сыни ойлай отырып,ойларын, пікірлерін ортаға салады.Креатив деген сөздің мағынасын ашады,креативті идеялар мен кретивті ойлау үшін топтық, бірлескен жұмыстардың маңызы бар екенін түсінеді.

Проблеманы шешу:

15 минут

Берілген әдіс-тәсілдермен жұмыс.

Блум таксономиясы(теориялық білім)

Бұл жүйеде мұғалімнің іс-әрекеті-жеке тұлғаға қарай бағытталған тапсырмалар ұсынушы,нақты мақсат қоюшы,бағыт-бағдар беруші,кеңесші,ынталандырушы,

мақсаттарға жетелеуші. Оқушы іс-әрекеті-мақсатқа дербес өзінің іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект,өзін-өзі және бірін-бірі оқытушы,өз ізденісімен табысқа жетуші.

Тәлім алушылар топта әдіс-тәсілдерді талқылап, жұмыс тәжірибесінде қалай қолдану керектігін көрсетеді.


20 минут

Әдіс-тәсілдердің тиімділігін және қолданылу аясын талқылау

  • Бұл әдісті сіз қалай түрлендіріп қолданар едіңіз?

  • Блум таксономиясы бойынша оқу тапсырмаларының алты деңгейі бар. 1.«Білу»деңгейінде терминдерді, фактілерді,негізгі түсініктерді,ережелер мен принциптерді білу.

2. «Түсіну»деңгейі

3. «Қолдану»деңгейі

4. «Талдау» деңгейі

5. «Жинақтау» деңгейі

6. «Бағалау»деңгейі



Өз идеяларымен бөліседі.





Блум таксономиясы бойынша «пирамида арқауы»білімді қабылдау қабілеттерінің сатылары ретінде қарастыратынын түсінеді,әр деңгейдің атқаратын қызметін түсінеді, тұжырымдайды,ой елегінен өткізеді, дамытады,ажыратады,саралайды,зерделейді.






Проблеманың шешімін қолдану:

(рефлексия)

15 минут

Нақты тапсырма: Берілген сұрақтарды Блум таксономиясына салу.1. Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайдасы бар? 2. Алмамен тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін түсіндіріңіз. Сіздің сөздеріңізді айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз. 3. Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз. 4. Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт жасаңыз. Өзіңіз таңдап алған заттардың алғашқысынан пайдалырақ екенін дәлелдеңіз. 5. Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санайсыз ба? Неге – ия немесе неге – жоқ? 6. Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге?






5 минут



10 минут







Тапсырманы бірлесіп орындайды.









Берілген сұрақтарды Блум таксономиясына салып,реттік деңгей бойынша ажыратады, түсіндіреді, дамытады,тәжірибеден өткізеді.





Тапсырма бойынша постер жасап, қорғайды.

Кері байланыс:


5минут

Кері байланыс:

1.Бүгінгі коучинг сабағынан қандай әсер алдыңыз?

2.Бүгінгі сабақ тақырыбы сіз үшін өзекті ме?

3.Сіз үшін жаңа ақпарат байқалды ма?

4.Сізге қай жұмыс көбірек ұнады?

Мұғалімдер коучинг сабағынан алған әсерлерін,тиімді жақтарын,айтар ұсыныстарын жазып қалдырады.

Комментарий: Коучинг үдерісіне қатысқан тәлім алушыларыма Блум таксономиясы ұнады. Блум таксономиясы алты деңгейден тұратынын анықтап,оның алғашқы төрт деңгейі дәстүрлі сабағымызда орындап жүргенін,тек жинақтау, бағалау деңгейлері бойынша тақырыпты синтездеп,жинақтап,қорытындылау керектігі айтылды.Блум таксономиясының деңгейіне салып жасалынған сабақ жоспарлары үлгі ретінде көрсетіліп,сол бойынша жоспарды жасауға болатыны да ұсынылды.


Геометриялық фигуралар.







С. Делиингердің психогеометриялық тесті

Шаршы

Ұшбұрыш

Жағымды

Жағымсыз

Жағымды

Жағымсыз

Шаршамайтын еңбекқор, жұмысты соңына дейін апарады, төзімді, шыдамды, жүйені жақсы көреді, өз саласының эрудиті, барлығын ереже бойынша істейді, тәртіпті жақсы көреді, ұқыпты.

Жанжалға жақын,адамдармен қарым – қатынаста суық, есеппен жұмыс істейді.

Көшбасшы, жігерлі, өзіне сенімді, атаққұмар, тез шешім қабылдайды, қажырлы тұлға.

Шыдамсыз, тәуекелшіл, өзімшіл, өз мақсатына кез – келген жолмен жетуге ұмтылады.

Төртбұрыш

Шеңбер

Жағымды

Жағымсыз

Жағымды

Жағымсыз

Әуесқой, батыл, барлық құбылыстарға қызығушылық білдіреді.

Өз - өзіне көңілі толмайды, өзін төмен бағалайды, сенгіш.

Мейірімді, көпшілікпен тіл табыса алады, сезгіш, әділетті, тума психолог, жанашыр, тыныштықты қалайды.

Мінезі жұмсақ, жасқаншақ.

Қисық


Жағымды

Жағымсыз

Шығармашыл, қатал, жүйелі, өз ортасынан өзгеше ойлайды, идея үшін өмір сүреді, сұранбаса да көмек бергіш.

Бастаған істі соңы на дейін апармай -ды, тез көтеріледі, талапшыл емес, шы дамсыз,өз айт.қайт.













Сабақ жоспары №1



Тақырыбы:

Синонимдер

Пәні:

Қазақ тілі

Сыныбы:

Мұғалімі:

Сағынтайқызы Разия

Базалық оқулық:

Г.Қосымова,Ж.Дәулетбекова.

Сабақтың мақсаты:

Синоним сөздерді жаттығу жұмыстарын орындату арқылы меңгерту.

Құзырлылықтар каталогы:

1.Базалық құзырлылық:оқу іскерлігі

2.Құрамды құзырлылық:ақпаратқа сызбалық талдау беру

3.Топтастыру әдісі,пікір-болжам,бағалау

4.Жеке интеллектуалдық әлеуетті көрсету

5.Жеке құзыреттілікті қалыптастыру( М.Шахановтың «Төрт ана»өлеңі бойынша ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру)

Классификатор

Уақыты

Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Оқу тапсырмалары 45м.

Теориясы

«Білу»

(Кім?Не?Қашан?

Қайда?

Не істеді?)

Синоним сөздер дегеніміз не?

Сөздердің дыбысталуында өзгешіліктер бар ма?

Сөздер қандай ұғымды білдіреді?

Орны ауыстырылған сөздер қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?

III

5

Теориясы

«Түсіну»

(Неге?Неліктен?

Не үшін? )

Ас,тамақ,тағам.Қонақтарға арналған ас өте дәмді болды.Осы мысалды оқушыларға оқыта отырып,жаңа тақырып туралы мағлұмат беру.Ас сөзінің орнына тамақ,тағам сөзін қойсақ,бұлар қандай сұраққа жауап беріп,қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?Мағыналық жағынан жақындық бар ма?


6

Практикасы

«Қолдану»

( Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)

Кітаппен жұмыс.

61-62-жаттығу.

Синоним сөздерді тапқызып,астын сызғызу,оқушыны іздендіру жұмыстарына жетелеу.

Төмендегі сөздерге синонимдік қатар жасату:

Сұлу-көрікті,келбетті,әдемі,ажарлы.

Құпия-жасырын,жұмбақ,белгісіз,жабық.

II

6

Теориясы

«Талдау»

( Салыстыр,

Айырмашылығы

неде?)

Омоним және синоним сөздерді салыстыр.


8

Омоним

Ортақ қасиеті

Синоним

1.Дыбысталуы бірдей.

2.Әр түрлі сөз табына қатысты.

3.Әр түрлі сұраққа жауап беріп,басқа сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

1.Екеуі де лексика тарауына тән.

2.Сөз байлығын

дамытады.

1.Дыбысталуы өзгеше.

2.Бір сөз табынан.

3.Бір сұраққа жауап береді.

4.Бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады

Теориясы

«Жинақтау»

( Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау,жүйелеу)

Синоним сөздердің ерекшелігін атаңыз.

1.Сөздің дыбысталуында өзгешелік болуы керек

2.Сөздер бір ғана ұғым білдіруі керек.

3.Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы керек.

I

10

Практикасы

«Бағалау»

( Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?Өз ойыңыз?)

Синоним сөздер тілімізде не үшін қажет?

1.Сөздерді қайталаудан сақтайды.

2.Сөздерді орынды қолдану.

Белгілі бір синонимдік қатарды алғызып,оларды қанша сөзбен тіркесе алу мүмкіндігін анықтау.

Мысалы:Күшті,мықты,әлді.

Күшті адам,күшті ат,мықты адам,мықты ат,әлді адам.


10

Берілген сұрақтарды Блум таксономиясына салу.



1. Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайдасы бар?

2. Алмамен тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін түсіндіріңіз. Сіздің сөздеріңізді айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз.

3. Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз.

4. Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт жасаңыз. Өзіңіз таңдап алған заттардың алғашқысынан пайдалырақ екенін дәлелдеңіз.

5. Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санайсыз ба? Неге – ия немесе неге – жоқ?

6. Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге?





Блум таксономиясы

Блум таксономиясы бойынша оқу тапсырмаларының алты деңгейі бар:

1. «Білу»деңгейінде өтілген материалды нақты фактілерден бастап, тұтас теорияға дейін есте сақтау және қайталап айтып беру.Оқушылардың бұл деңгейді меңгергендігін терминдерді,фактілерді,негізгі түсініктерді,ережелер мен принциптерді білуі .

2. «Түсіну»деңгейінде факті,принцип,ережелерге мысалдар келтіру арқылы түсініктеме беру.

3. «Қолдану» деңгейінде теорияларды,заңдарды нақты практикалық жағдайда қолдану,яғни оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындату.

4. «Талдау» деңгейінде теориялық білімді еске түсіріп,айырмашылығын, ерекшелігін салыстыру.

5. «Жинақтау»деңгейінде мәселені шешудің сызбасын,әрекеттердің жоспарын жасайды,қорытындылайды,жүйелейді.

6. «Бағалау»деңгейінде сабақта алған білімді пайдалана отырып,берілген ситуацияны шешу.Алған білімнің өзіне қаншалықты керектігін,құндылығын анықтайды,бағалайды,талқылайды,өз пікірін айтады.













«Сыни тұрғыдан ойлаудың тиімді моделі-Блум таксономиясы»тақырыбында өткізілген коучинг үдерісінің рефлексиялық есебі


Қазіргі кезде педагогикада американдық психолог Бенджамин Блумның когнитивтік таксономиясы негізінде оқу тапсырмаларын әзірлеу әдістемесі кеңінен қолданылып жатыр.Оқу тапсырмаларын осы жүйе бойынша жіктеп,саралау ды қазақстандық ғалымдар да кеңінен пайдалануда.Айталық Ж.Қараевтың саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы осы жүйеге негізделген. Таксономия»грекше -орналасу,құрылым,тәртіп дегенді білдіреді. Блум таксономиясы бойынша әзірленген оқу тапсырмаларында рефлексті тыңдауға көп көңіл бөлінеді,яғни айтылып жатқан мәселе туралы оқушылардың пікірін сұрау,нақтылау,өз сөзімен қайталап айтқызу,ақпаратты сызба түрінде беру,нақты жағдайға өз көзқарасын білдіру,түйіндеме жасауы айтылған.Әрі сын тұрғысынан ойлаудың бір бөлігі екені белгілі.Осы мақсатта тәлім алушыларға 2015 жылдың 12 наурыз күні «Сыни тұрғыдан ойлаудың тиімді моделі-Блум таксономиясы» тақырыбында коучинг үдерісі болып өтті.Тәлім алушыларды геометриялық фигуралар бойынша топтарға біріктірілді. Жағымды ахуал туғызып алғаннан кейін, «Ой қозғау»мақсатында «Креативтілікті қалай сақтау керек?»бейнеролик көрсетілді. Тәлім алушылар бейнероликтегі көргенін,сыни ойлай отырып,ойларын, пікірлерін ортаға салады.Креатив деген сөздің мағынасын ашады,креативті идеялар мен кретивті ойлау үшін топтық, бірлескен жұмыстардың маңызы бар екенін түсінеді.Топтық жұмыстар қалай ұйымдастыру керектігі,саны,топтағы оқушылардың рөлдері жайлы ойларын ортаға салды. Тақырып мазмұны ашылғаннан кейін Блум таксономия негізін салған американдық психолог Бенджамин Блум туралы мәлімет бере отырып,таксономия»деген сөздің мағынасын түсіндіріп, Блум таксономиясы алты деңгейден тұратынын,олар «білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау,бағалау»деңгейлерінің атқаратын қызметін түсіндірдім.Блум таксономиясына салып жазылған қысқа мерзімді сабақ жоспары үлгі ретінде көрсетілді.Тақырып кеңірек түсінікті болу үшін нақты тапсырма берілді.Әр түрлі пән мұғалімдері болғандықтан,әрі көпшілік әйел қауымына жақын асхана тақырыбында «Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайдасы бар?» деген сауалнама бойынша берілген сұрақтарды Блум таксономиясына салып,ретімен жазу тапсырылды,әрі өзінің пайдалы рецептісін ұсынуды тапсырылды. Барлық топтар белсене постер жасап,сұрақтарды ретімен орналастыруға тырысты. Топтар «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісімен бағаланды. Блум таксономиясына салу арқылы тапсырманы оқушының білімді өз күшімен алуға, үйренуге,алған білімді жинақтап, қорытындылауға көмектеседі.Әр оқушы сабақ бойы жұмыс жасайды. Мұнда көптеген амалдарды орындауға болады-өзара тексеру,орындалған тапсырмалар саны оның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі.Коучинг соңында кері байланыс жасалынды.























Коучингті өту сәтінен



20150312_124535.jpg20150312_125601.jpg

20150312_132857.jpg20150312_133553.jpg

















Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 27.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров775
Номер материала ДВ-292032
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх