Инфоурок Начальные классы Конспекты2 сынып әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары"Қошақаны қойдың. Қой"

2 сынып әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары"Қошақаны қойдың. Қой"

Скачать материал

 

Пән: Әдебиеттік оқу

Мектеп: №48 орта мектеп

Күні: 25.02. 2019 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Назарбекова Ф.Қ.

Сынып: 2Ж

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Салт дәстүр және ауыз әдебиеті

Сабақтың тақырыбы

Қошақаны қойдың.  Қой

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.4.1  - мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау (оқылым)

2.3.3.1 шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет/ калиграмма/ аппликация/ фотосуреттер арқылы ұсыну; (жазылым)

2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу (оқылым, айтылым)

Сабақтың мақсаттары

 Оқушылардың барлығы: : - өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізуді  біледі. Төрт түлік жырларының халық ауыз әдебиетіне жататынын біледі.

Оқушылардың көбісі: - өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізуді  түсінеді. Қойдың пайдасы туралы әңгімелей алады.

Оқушылардың кейбіреуі:  сын тұрғысынан ойлай отырып өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізеді, дәлел келтіреді  мәліметтерді сызбаға түсіре алады.

Тілдік мақсат

Тілдік дағдылар :

 Тыңдалым ,айтылым : Жырды, мақал-мәтелді пайдаланып қой туралы әңгімелейді

Оқылым Жырды оқи отырып  жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.

Жазылым Төрт түлік суреттерін төлдерімен сәйкестендіреді.

Пәнге қатысты терминология:  Қой-овец, баран-sheep

Сөз тіркестері:

Қой  жүні, қой терісі , қой сүті, төр түлік иесі

Диалог:

-Төрт  түлікке нелер жатады?

-Қойдың пайдасы қандай?

Бағалау  критерийлері

Мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды

Шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет/ калиграмма/ аппликация/ фотосуреттер арқылы ұсынады;

Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізеді

Құндылықтарды дарыту

Ата бабамыздан ауыздан-ауызға жеткен асыл мұраларын дәріптеу

Алдыңғы меңгерілген білім

  Төрт түлікке не жататынын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин.

Қызығушылықты ояту. Оқушыларға психологиялық  ахуал туғызу. Сыныпты қалыпқа келтіру.

Үй тапсырмасын  оқушыларды 3 топқа бөлу  арқылы  сұрадым.

1-топ.Наурыз мерекесі.

2-топ Наурыздағы тілек.

3-топ Ұзынсары.

 

Сабақтың ортасы

30 мин

5мин.

Мағынаны ажырату. Ой қозғау. (М.К, Ұ,Ж,Қ ) «Кір жаю»  әдісі

Білу.  Тыңдалым, айтылым,

Төрт  түлікке нелер жатады?   Олардың  төлдері қалай аталады Оқушылар төрт түлікті  атайды. Иә жарайсыңдар, балалалар ! Олай болса  сендерге  суретті  қима қағаздар беріледі . Сендер соны  жапсырыңдар. Бұл суреттерден  төрт түлік және  төлдері  шығады. Қима  қағаздардан   төрт түлікті анықтап, бір –біріне біріктіреді.  Қима қағаздармен жұмыс жасаған жұп кір жаю жібіне  қыстырады. 1. Төрт түліктер  қыстырылады. (қой, ешкі ,сиыр, жылқы , түйе ). Сонан соң  төлдерімен сәйкестендіреді.

Картинки по запросу төрт түлік мал суретіКартинки по запросу төрт түлік мал суретіКартинки по запросу төрт түлік мал суретіКартинки по запросу төрт түлік мал суретіПохожее изображениеПохожее изображениеКартинки по запросу төрт түлік мал суретіКартинки по запросу төрт түлік мал суреті Картинки по запросу Қошақан суретіКартинки по запросу түйе төлі бота

  «Сұраққа жылдам жауап»  әдісі

 Ұжымдық  жұмыс жасату.  Ендеше , балалар  төрт  түлік  иелерін  айтайық.

Қой атасы-Шопан ата

Ешкі атасы-Сексек ата

Жылқы атасы-Қамбар ата

Түйе атасы-Ойсылқара

Сиыр иесі-Зеңгі баба

Дескриптор.

- суреттерді  дұрыс құрастырады,төрт  түлікті  атайды.

- төрт түлік  төлдерін анықтайды және  сәйкестендіреді.

-Төрт  түлік иесін  айта алады.

Критерий . «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалау.

https://lh5.googleusercontent.com/fSbKd-JA5dgC-rGIA-mUXlhGUVSXF0Ub_ir_rH2pJm1r0J7UoggEeC_K0no3N33GCoX9jlstRKU_9ETX14elygY3ujEplshdIWJevdLQgSkFNBV5v0DQOsXoPF99m-YOVfIhgVkZGys

 

(М.К, Ұ)Жұмбақты шешу арқылы  сабақ тақырыбын ашу.

Жұмбақты шешіп көр.

Кішкене  ғана  бойы бар ,

Айналдырып киген тоны бар.  (Қой)

Дескриптор.

Жұмбақты шешеді. Шешуі бойынша  сабақ тақырыбын ашады.

 

( М.К) Слайдтан  қой  малы жайында көрсету. Қой туралы түсінік беріп өту.

 

Картинки по запросу Қой түрлері

Тұжырым.

Қазақтың дәулеттің ұйытқысы қой екендігінде дау жоқ.  елдің ырысы да ,  байлықтың  кіндігі де осында . Қойдың  қи-тезегіне  дейін  береке , өзіне  төсеніш ,  жыртынды  жер  мен жайылымға  тыңайтқыш , малшы-шопандарға  қысқы-жазғы  отын. Бір сөзбен  айтқанда , қой тұнып тұрған қазына байлық.  Сондықтан да қазақ халқы  қойға деген жақсы көзқарасын ән-жырмен  білдіріп отырған.

Сабақтың мақсатымен таныстырып,  нәтижені  оқушылар мен бірге анықтау

 Ендеше , балалар  біз қой туралы, қошақан туралы әндер білеміз бе?  Балалар «Қошақаным» әнін орындайды.  Бұл ән сергіту сәті ретінде де  қолданылады.

Оқылым. «Оқы,ойла» әдісі

Мақал –мәтелдерді түсініп оқы.

 Мал өсірсең қой өсір.

Өнімі оның көл көсір.

                               Қойдың сүті қорғасын.

                               Қойды ұрған оңбасын.

. (М.К, Ұ,Т, Қ )Оқылым  «Ойлан –жұптас-бөліс» әдісі

  «Қой» өлеңі оқылады.

«Қой» өлеңіндегі жаңа  сөздермен  жұмыс.

Аңыраған- қой мен қозының  бөлінген  кезі.

Жамыраған-қой мен қозының  табысқан  кезі.

Дескриптор.

Қой өлеңін мәнерлеп оқиды.

Жаңа сөздерге байланысты  өз ойын айтады.

Қол шапалақтау арқылы бағалау.

 

Қолдану.

 (М.К, Т,Т,Қ )  «Бірге ойлаймыз» әдісі.

Тапсырма .  Өлеңді және  мақал-мәтел жұмбақты пайдаланып, қой туралы әңгімелету. 

Балалар қойдың  жүнінің  пайдасы өте көп екен. Ендеше  сендер   қой жүнінен не жасауға  болатынын  жазыңдар

 Дескриптор.

Өлеңді және  мақал-мәтел ,жұмбақты пайдаланып, қой туралы әңгімелейді

Топта талқылап,қой жүнінен нелер жасауға болатынын постерге түсіреді.

«Бағадаршам»  әдісі  арқылы бағалау.

 

(М.К, Ұ,Ө; Қ)

Ой толғау. Талдау. Жинақтау. Бағалау.

Кері байланыс.

 Білім  алушыларға  асықтар таратылып беріледі. Асықтардағы сұрақтар арқылы   оқушылар  бүгінгі сабақтан   алған білімдерін ортаға салады.

1.Қой қандай жануар?

2.Қой терісінен  жасалатын  заттар

3.Қой сүтінен әзірленетін  тағамдар

4. Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

5. Бүгін не білдіңіз?

6.Сіз үшін не жаңалық болды?

7. Сабақта қандай қиындықтар туындады?

8. Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

9. Қой атасы  кім екенін білдіңіз бе?

10. Қой туралы  қандай мақал  мәтел үйрендіңіз?

11. Төрт түлік мал туралы  қандай жұмбақтар  білдіңіз?

12. Қойдың  басқа жануарлардан ерекшелігі  қандай?

13.Төрт түлік жыры халық ауыз әдебиететіне жата ма?

Дескриптор:

Өз ойы мен  сезімін  тірек  сөздерді  пайдалана отырып жеткізе алады.

 Бағалау Жетістік критерийі  бойынша.

 

Жіп, кір қыстырғыш,

тақырыптық суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық  

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

А3 форматы,  маркер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Асықтар үлестірме материалдар

Үй тапсырмасы

Жырды жаттау.

 

Сабақтың соңы

5 мин

  Қалыптастырушы бағалау. Тапсырма

Суретке қара,төрт түлік иелерін (атасын) ретімен жазып шық

Картинки по запросу төрт түлік мал суреті

Қой атасы-

Ешкі атасы-

Жылқы атасы-

Түйе атасы-

Сиыр иесі-

Дескриптор:  Білім алушы:

Суретті  басшылыққа алады.

Тірек  сөздерді  пайдаланып, төрт  түлік иелерін анықтап жазады.

ҚБ парақшасы

Кері  байланыс

Ауызша кері байланыс жүргізу.

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзіндік жұмыс орындау барысында көмекті қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетемін. Өзіндік тапсырманы шапшаң орындаған оқушыларға қосымша тапсырманы ұсынамын.

Оқушыларды  жазушы сөзіне  ілесіп көркем сөйлеуге  баулыймын

Қалыптастырушы бағалау түрлері: Қол соғу , бас бармақ,  бағдаршам

Жетістік критерийлері арқылы бағалау..

Партада отыру  ережесін, сынып ішіндегі қауіпсіздік ережесін ескерту.

Сергіту сәтін өткізу

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "2 сынып әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары"Қошақаны қойдың. Қой""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

2 сыныптың әдебиеттік оқу пәнінен Қошақаны қойдың. Қой тақырыбында өткен сабақтың сабақ жоспары.Бұл жоспар жаңартылған білім мазмұны бойынша жасалған. Мақсаты мен бағалау критерийлеріне сай тапсырмалар алынып, дескрипторлар құрастырылған. 2 сынып мұғалімдері өз сабақтарына пайдаланса болады. Іс-тәжірибеден өткен.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 311 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2019 4406
    • DOCX 277.7 кбайт
    • 50 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Назарбекова Фарида Кыдыралиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 110597
    • Всего материалов: 29

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 493 человека

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Стратегии развития бизнеса: конкуренция, позиционирование и прогнозирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе