Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс іс-шара "Жүрегіңнің түбіне терең бойла"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сыныптан тыс іс-шара "Жүрегіңнің түбіне терең бойла"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Жүрегіңнің түбіне терең бойла...»

Мақсаты: халқымыздың озық ойлы білімдары,дара туған дана перзенті Абай шығармашылығымен таныстыра отырып оның жұмбақ жан екенін көрсету, ақынға деген сүйіспеншілігін арттыру; ата-баба мұраларын, салт-дәстүрлерін зерттеуге талпындыру; мәдениетті сөйлей білуге үйрету.

Көрнекілігі:Абай туралы ақын жазушылар жазған сөздер,ақынның өзі айтқан нақыл сөздері жазылған плакаттар,кітап көрмесі,интерактивті тақта.

Барысы.

(Сахнада жарық сөніп,сахна сыртында 1-жүргізуші өлең жолдарын оқиды.)


Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!


Дәл осы уақытта «Желсіз түнде жарық ай» әні хормен шырқала бастайды.Ән басталғанда жарық жанады.

1-жүргізуші: Қазақ жерінің ақыны,данышпаны көп болмағанымен Абай біреу.Абайы бар халық кез-келген халықпен терезе теңестіре алады.Абайдай қазақтың ұлы ақынына арналған кешке 1-2-жүргізуші: Қош келіпсіздер!!!

2-жүргізуші:Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті.

1-жүргізуші:Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды.

2-жүргізуші:Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті.

1-жүргізуші: Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.

2-жүргізуші:

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,

Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып,ойланып,ер жеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім,

Құба жон,құбақан құм,құла қырды

Өлеңнің бесігіне тербеткен кім?

1-2-жүргізуші: Әрине Абай!!!

1-жүргізуші:

Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім?

Өзендей құйған барып көк теңізге,

Лермонтов,Пушкиндермен табысқан кім?

1-2-жүргізуші: Әрине Абай!!!

(Сахнада баяу,әсерлі әуен ойнап тұрады.)

1-оқушы:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.


Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем,өстер ме едім?

Адамның бір қызығы-бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім.


Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік бір адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.


2-оқушы:

Өлең-сөздің патшасы,сөз-сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.


Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол -ақынның білімсіз бейшарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.


Ынсап,ұят,ар,намыс,сабыр,талап-

Бұларды керек қылмас ешкім қалап.

Терең ой,терең ғылым іздемейді,

Өтірік пен өсекті жүндей сабап.


3-оқушы:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді,тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас,талапты ұғар,

Көңіліңнің көзі ашық,сергек үшін.


Мақсатым -тіл ұстартып,өнер шашпақ,

Наданның көңілін қойып,көзін ашпақ,

Үлгі алсын деймін жас жігіттер,

Думан-сауық ойда жоқ ,әуел баста-ақ!

2-жүргізуші:Кең дала табиғат құшағында өскен қазақ халқының музыка өнерінен азықтанған Абай, өзінің лирикалық өлеңдеріне сәйкес мелодиялар, әндер шығарды. Абай өлеңдерінің халыққа тез тарауында, Абайдың өзі жаңа музыкалық сыр мен үн беріп шығарған әндері көп себеп болғанға ұқсайды.

1-жүргізуші:Абай мелодиялары бұрын естілмеген ырғағы, тактысымен тыңдаушысын еріксіз өзіне тартып, ұйытып әкетті. Мысалы, Абайдың: «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қаламқас», «Қор болды жаным» тағы басқа да отыз шамалы әні Абайдың көзі тірісінде қазақ даласында шырқалып айтылды.

Құлақтан кіріп,бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

8 «Б» сынып оқушыларының орындауында «Көзімнің қарасы» әні.

Көзімнің қарасы,

Көңлімнің санасы,

Бітпейді іштегі

Ғашықтың жарасы.


Жылайын,жырлайын

Ағызып сөз майын.

Айтуға келгенде

Қалқама сөз дайын.


Қазақтың данасы,

Жасы үлкен ағасы

Бар демес сендей бір

Адамның баласы.


Жүректен қозғайын,

Әдептен озбайын,

Өзі де білмей ме,

Көп сөйлеп созбайын.


2-жүргізуші:Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.

1-жүргізуші:Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді.

2-жүргізуші: Назарларыңызда театрланған көрініс «Абай жолы» романынан үзінді.

(Сахнада баяу ән «Бір бала» ойнап тұрады)

Үш атты келе жатыр.

Артта-Байтас пен Жұмабай.Алда-Абай.

Байтас:

-Мына баланың ауылға асығуын-ай!

Жұмабай:

-Сорлы бала қыстай іш құста болып қалған-ау.

Байтас:

-Енді бізден ұзап кетпе.Анау Есенбайдың жырасында білесің ғой!... ұры жатады…

Жұмабай:

-«Құнанбайдың бөлтірігі» неме-бала деген қорқар болар еді,мына бала өзі қорқуды білмейді ғой.

(Үш атты Құнанбай ауылына жақындайды)

(Қораның ортасында орасан қойды сауып отырған қатындари етектерін қайырып түріп алған,жүргіншілерге қарап:)

-Қалашылар келеді,қалашылар келеді!

-Анау Абай,Абай ғой,айналайын-ай.Апасына айтайыншы.

-Бәсе Телғара ғой жаным-ау,мынау Телғара!Әпкеме айтайыншы(екі жолдасынан озып кеп бұрын түскен Абайдың атын біреу алып кете барды)

Абай шешесімен көрісіп,әрі қарай жүре беріп едішешесі анадай жерде тұрып:

-Ай, шырағым балам,әуелі әжеңе сәлем бер деді.

(Кәрі әжесі Зере таяғын таяна сүйеніп күтіп тұр)

-Жаман неме,маған келмей,кетті-ау!Жаман неме...(содан кейін көзі жасаурап:- Қарашығым,қоңыр қозым Абай жаным...)

(Абайды үйге кіргізіп,қымыз,ет берді.)

1-жүргізуші: Абайдың табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі,жан дүниесі де терең ашылған.Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты,күзді,көктем мен жазды қайталанбас сан бояулармен бейнелеп береді.

2-жүргізуші: Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы,мекен-жайы ретінде ала отырып,әлеуметтік өмірмен ,қазақ халқының көшпелі тұрмысымен тығыз байланыстыра көрсетеді.Алдарыңызда 5-сынып оқушылары.

Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып ,дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма,

Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан.


Күзеу тозған,оты жоқ елдің маңы.

Тұман болар,жел соқса,шаң тозаңы.

От жақпаған үйінің сұры қашып,

Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы.

Қыс

Ақ киімді,денелі,ақ сақалды,

Соқыр ,мылқау танымас тірі жанды.

Үсті -басы -ақ қырау,түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.


Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті-қолы домбығып, үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар,адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.


Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,

Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.

Қырда торғай сайраса,сайда бұлбұл,

Тастағы үнін қосар байғыз,көкек.


Жаз

Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай,шалғын, бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда;

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап.

Жоғары-төмен үйрек қаз

Ұшып тұрса сыңқылдап.

1 - оқушы: 6 - қарасөз. Көкірегі, көңілі тірі болса, тірлік деп соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.
Кеселді жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың - пысық, ішің - нас,
Артын ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да
Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.
2 - оқушы: 8 - қарасөзі. Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу - болыс, біреу - би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Байлар өзінде жоқты малымен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, арамдық, ақыл, ғылым, білім - ешнәрсе малдан қымбат демейді.
Мен боламын демеңдер,
Аяқты алшақ басқанға.
Екі көзің аларып,
Құр қарайсың аспанға.
Бір ғылымнан басқаның,
Бәрі де кесел асқанға.
3 - оқушы: 10 - қарасөзі. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Хош сөйтіп жүріп - ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзіңе табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ.
4 - оқушы: 13 - қарасөзі. Иман деген - ұлы тәңірі Алланың барлығына, бірлігіне илану, иман - шын көңілмен Аллаға сену. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де соған айнып көңілі қозғалмастай берік боларға керек. Бұл иманды шын иман таклиди – дейміз. Әрбір ақылы бар кісіге иман парыз.
5 - оқушы. 31 - қарасөзі. Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, берік болмақ керек;
екіншісі - сол нәрсені естігенде, я көргенде үлгі алу керек, көңілденіп, тұшынып ынтамен ұғу керек;
үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып, көңілге бекіту керек;
төртіншісі - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері уайымсыз салғырттық, ойыншы - күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмар болу. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
1-жүргізуші:Абайдың лирикасы,жанрлық ерекшеліктері жағынан алғанда ,көп салалы,алуан түрлі болып келеді.Олар тақырыбы,мазмұны жағынанда аса бай,әр қилы өмір құбылыстарын қамтиды.

2-жүргізуші: Халықтың тағдырын,заман жайын толғайтын,адамның ішкі жан дүниесін бейнелейтін жырлары,махаббат лирикасы,сатиралық өлеңдері тағы басқа өлең түрлерін Абай поэзиясынан молынан табамыз.Оның Тоғжан есімді қызға ғашық болғаны да баршамызға аян.Ендеше сол жайға байланысты кішігірім көрініс.

(Сахнада «Айттым сәлем,қаламқас» әні баяу шырқалады.Ортаға Абай шығады.)

Жігіт сөзі

Айттым сәлем,қаламқас,

Саған құрбан мал мен бас.

Сағынғаннан сені ойлап,

Келер көзге ыстық жас.


Сенен артық жан тумас,

Туса туар-артылмас.

Бір өзіңнен басқаға

Ынтықтығым айтылмас.


Асыл адам айнымас,

Бір бетінен қайрылмас.

Көрмесем де,көрсем де,

Көңілім сенен айрылмас.


Қыз сөзі

Қиыстырып мақтайсыз

Ойласаң,не таппайсыз?

Бізде ерік жоқ,өзің біл,

Әлденеге бастайсыз.


Біз де әркімді байқаймыз,

Тап бергеннен тайқаймыз.

Сіздей асыл кез болса,

Қайтіп басты шайқаймыз?


Қабыл көрсең,көңлім жай,

Тастап кетсең,япырмай,

Ит-қор адам болар ма

Бұл жалғанда сорлыңай?

5 « А» сынып оқушыларының орындауында «Қамажай» биі

1-жүргізуші: Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі талғампаздық, екіншісі ой тереңдігі. Талғампаздық деп отырғанымыз Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып кім көрінгенді аудармағаң ол аудармақшы болған автормен өзі бәсекеге түскен. Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой жарыстыру. Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның ой кеңістігінің өрісі деп қабылдаған жөн.

2-жүргізуші: Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударғаң олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі генийді Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын қазақтіліне аударған.

1-жүргізуші: Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған "Евгений Онегин" деген романын толық аудармағаң одан үзінділер тәржімалағак Абай: "Онегиннің сипаты," "Татьянаның Онегинге жазған хаты," "Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин сөзі," "Онегиннің Татьянаға жазған хаты," "Татьянаның сөзі," "Ленскийдің сөзінен" және "Онегиннің өлердегі сөзі" - деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған

2-жүргізуші: Неге Абай романды қазақ тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін дөп басып айту қиын. Бірақ мен ойлаймын егер "Евгений Онегинді" толық аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына "Ләйлі Мәжнүннен" бастап өңкей классикалық ғажап туындылармен сусындап келе жатқан қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін қалайша қабылдамақ.

1-жүргізуші: . Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек, айталық Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген Абай "Евгений Онегиннен" үзінділерді таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп қойғаң ол "Татьяна сөзін" "Тәңірі қосқан жар едің сен", деп бастайды.

Татьянаның Онегинге жазған хаты

Амал жоқ -қайттім білдірмей,

Япырмау, қайтіп айтамын?

Қоймады дертің күйдірмей,

Не салсаң да тартамын.


Өзгеге ешбір дүниеден

Еркімен тимес бұл жүрек.

Әзелде тағдыр иеден,

Қожам- сенсің, не керек.


Өз хатыма өз көзім

Ұялып,қорқып баға алмас.

Кепілім-сенің бір өзің,

Бөтен жан несіп таба алмас.


Онегин сөзі

Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін:

Кірі жоқ,кіршігі жоқ мағыналарын.

Жасырмай, жастықпенен,нанғыштықпен

Айтыпты шыншыл тілің бар іңкәрін.


Қалмаған Онегиннің ешбір бағы,

Өтіп кеткен жүректің отты шағы.

Мінсіз тілмен сөзіңді жазыпсың-ақ,

Ұнатпаған жерім бар сөйтсе-дағы.


Болса да сән-салтанат,қызық,әсем,

Тез жалығып,айнимын,тұрлауым кем.

Сақтасар,ардақтасар кісі болсам,

Жалғанда сенен басқа жанды алмас ем.


(Біраз жылдар өткен соң........)


Онегиннің Татьянаға жазған хаты


Құп,білемін,сізге жақпас

Ескі жара білтелеу.

Ақ жүрегің енді ұнатпас,

Мезгілі жоқ қай медеу?


Қор қылуға құдіреттен

Жүрегіме түсті өрт.

Тайды аяғым ескі серттен,

Түсті емсіз қатты дерт.


Сен- ағаштан піскен алма,

Әзір едің алмадым.

Құп кіріптар қылды Алла,

Әлде мені қарғадың?


Татьянаның сөзі

Тәңірі қосқан жар едің сен,

Жар ете алмай кетіп ең,

Ол кезімде бала едім мен,

Аямасқа бекіп ең.


Талақ етіп бұл ғаламды,

Болды мәлім кеткенің

Кінәсі жоқ жас адамды

Қатты соққан не еткенің?


Сен шошыдың ғашығыңнан,

Өзге жұрттан қамшы жеп.

Мен де сорлы нәсібімнен,

Жатқа тидім алшы деп.


Ғашықпын-ақ еш күмәнсіз,

Ырыс емес,сор үшін.

Көрісуге шыдамаспыз,

Айрылалық сол үшін.


2-жүргізуші:Абай халыққа жаны ашымайтындарды жек көрді, байлардың қарапайым халыққа менсінбей қарауы оның ашу-ызасын келтірді. Қоғамды прогресшіл түрде дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды.

1-жүргізуші: Абай ел басқаруға халық үшін қызмет ететін, адал адамдар сайлануы тиіс деп есептеді. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды.

2-жүргізуші:

Абай – ақын ер еді,
Абай дана, сері еді,
Абайдың рухын өлтірмей,
Асқақтатқан елі еді
Аспандатқан жері еді.
1-жүргізуші:

Жұртына өлең қалдырған
Абай неге өледі?
Абай неге сөнеді?!
Ақын дауыл, сел еді,
Сақтайды ұл-қыз дарынды,
Халқының әдет-ғұрпын.
Біздердей ұрпақтарыңды
Жүрсінші қолдап рухың.



2-жүргізуші:


Ақын жаны кең еді,
Ойлағаны елі еді.
«Халқым, жұртым» дегенде
Талай шабыт кеп еді,
Дара ақын ер еді,
Жүрген жері төр еді.
Ақындар жырлап айтқандай
«Абай тіл иен көз» еді.
Абай жыры мәңгілік,
Жүрегім оны сезеді.


(Көрініс «Абай аманаты»)(Мектептегі кітапхана 2, 2011 ж. 15 бет.)

5 «А,Ә» сыныптарының оқушыларының орындауында «Қара жоға» биі.

9 «А» сынып оқушысы Төлбай Аружанның орындауында «Ізін көрем» әні.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров175
Номер материала ДВ-570344
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх