Инфоурок Химия Другие методич. материалыСыныптан тыс сайыс "Архимед пен Менделеев кафесі"

Сыныптан тыс сайыс "Архимед пен Менделеев кафесі"

Скачать материал

           «Архимед пен Менделеев» кафесі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушының физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру
Дамытушылық: Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру, біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу;

Құрал-жабдықтар:

1.     Кафе мәзірі

2.     «Шағымдар мен ұсыныстар» кітабы

3.     Проектор

4.     Физика және химия пәнінен зертханалық құрал-жабдықтар

5.     Компьютер

Кафе қонақтарына қойылатын талаптар:

1.     Келушілер саны – 5.

2.     Қонақтардың атауы

3.     Қонақтардың ұраны

4.     Қонақтардың бірыңғай киім үлгісі

5.     Қонақтар арасынан 1 асаба

Сайыстың барысы:

Зал ішін кафе тәрізді құрастыру: үстел үстінде қағаз сүрткіштер, қаламсап, қарындаштар.

Кіріспе:

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, физика мен химия сайысына қатысушы сайыскерлеріміз, аяулы ұстаздарымыз, мектеп оқушылары!! Бүгін 9-10 сыныптар аралығында физика мен химия пәндерінен өткелі тұрған «Архимед пен Менделеев» кафесі атты сайысымызға қош келдіңіздер! 

2-жүргізуші: Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, сайысымыз сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болса біздер де қуанарымыз әбден анық.

1-жүргізуші: Бәріңізге бір сәлем

Онда кешті бастайық.

Бәріміз асып-саспайық

Сөз кезегін келесі

Қатысушыларға тастайық.

2-жүргізуші: Олай болса кафемізге келіп отырған қонақтарымызбен таныс болайық:
1-топ «_____________» тобы

2-топ «_____________» тобы

Екі топ ортаға шығады.

Біз сіздерді кафемізде көргенімізге қуаныштымыз!

1-жүргізуші: «Архимед пен Менделеев» кафесінің әкімшілігімен таныс болайық: физика пәнінің мұғалімі Каутанова Гаухар Қуанышпаевна және химия пәнінің мұғалімі Жапарова Назым Берікболқызы.

2-жүргізуші: Сонымен қатар кафеде қызмет ететін даяршылармен таныстырып өтейін:

Мақпал Талғатқызы, Еркеназ Серікқызы және де Ақиіс Еркінбекқызы мен Зейнеп Нұрланқызы.

1-жүргізуші: «Архимед пен Менделеев» кафесінің бугалтерлік канторасының мүшелері:

1.     Оқу ісінің меңгерушісі: Айгул Тұрлыханқызы

2.     Тәрбие сінің меңгерушісі: Зайра Құдышқызы

3.      «Зерде» пән бірлестігінің жетекшісі: Кайша Бейсенқызы

2-жүргізуші: Сонымен қатар осы кафенің тұрақты асабалары Қарлығаш Берікқызы

1-жүргізуші: және Қымбат Мұхтарқызы.

2-жүргізуші:

Құрметті кафеміздің қонақтары, көрермендері мен бугалтерлері сіздерді мәзірмен таныстырып өтейік:

Мәзірде:

Салат: «Винегрет» - 2 ұпай.

1-тағам: «Балық сорпасы» - 1 ұпай.

                «Тауық сорпасы» - 2 ұпай.

                «Тұшпара» - 3 ұпай.

2-тағам: «Манты» - 1 ұпай.

                «Күріш» - 2 ұпай.

Сусындар: «Алма мен жұмбақ шырыны»

                    «Апельсин мен формула шырыны»

Нан өнімдерінен «Құлпынай қосылған тест» ұсыналады – 10 ұпай.

Десерт: «Эсседен әзірленген пломбир»  – 5 ұпай.

1-жүргізуші:

Салат: «Винегрет» - 2 ұпай. Командалар кезекпен өздерін таныстырады.

1-тағам: «Балық сорпасы» - 1 ұпай. Әр командаға 1 видеосұрақтан.

Барлықтарыңызды проекторға назар аударуларыңызды сұраймын.

2-жүргізуші:

   «Тауық сорпасы» - 2 ұпай. Әр командаға 2 ғалымның портреті беріледі.

Ақиіс пен Зейнеп ғалымдардың портретін көрсетеді. Қатысушылар олардың кім екенін табу керек.

«Тұшпара» - 3 ұпай. Екі командаға да  4 сұрақтан проектордан беріледі.

1-топ: қызыл қағазға жауап жазады

2-топ: көк қағазға жауап жазады

1-жүргізуші:

2-тағам: «Манты» - 1 ұпай. Әр командаға жеребе бойынша 1 зертханалық тәжірибе орындайды.

Химия: «Сілті ерітіндісін алып, оны анықтау»

Физика: «Заттың массасы бойынша көлемін анықтау»

 «Күріш» - 2 ұпай. Әр командаға физикадан 1 есеп, химиядан 1 есеп беріледі.

1-топ: қызыл қағаздарға жауап жазады.

2-топ: көк қағазға жауап жазады.

2-жүргізуші:

Сусындар: «Алма мен жұмбақ шырыны» көрермендерге 2 құрал жасырылады.

             Ақиіс пен Зейнеп физика және химия пәніне қатысты құрал-жабдықтар көрсетеді.

 «Апельсин мен формула шырыны» көрермендерге магниттік тақтада 2 формула жасырылады.

1-жүргізуші:

Нан өнімдерінен «Құлпынай қосылған тест» ұсыналады – 10 ұпай. Капитандар сайысы. Капитандар жеке алаңға шақырылып, 10 сұрақтан тұратын тест орындайды.

2-жүргізуші:

Десерт: Эсседен әзірленген пломбир – 5 ұпай. Әр команда үй тапсырмасы бойынша «ЭКСПО – 2017: Экология мәселесі» тақырыбында эссе оқиды.

1-жүргізуші: Бугалгер бөлімінің есебі дайын болғанша кафе әртістерінің өнерін тамашалаңыздар.

Кафе әртістерінің өнерін тамашалау. «Архимед пен Менделеев» кафесінің өнерпаздарын тамашалау.

Есептесу кезеңі. Бугалтерлер кафе қонақтарының есебін хабарлайды.

Кафеміздің жұмыс уақыты аяқталуға жақындады. Соңғы сөзді кафенің әкімшілігіне береміз.

2-жүргізуші:

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кезедесерміз біздер әлі

Әділқазы, көрермен сау тұрыңдар

Күтеді бізді жарқын күндер әлі – дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

«Архимед пен Менделеев» кафесі

Мәзір:

Салат: «Винегрет» - 2 ұпай. Командалар кезекпен өздерін таныстырады.

1-тағам: «Балық сорпасы» - 1 ұпай. Әр командаға 1 видеосұрақтан.

Барлықтарыңызды проекторға назар аударуларыңызды сұраймын.

               «Тауық сорпасы» - 2 ұпай. Әр командаға 2 ғалымның портреті беріледі.

Ақиіс пен Зейнеп ғалымдардың портретін көрсетеді. Қатысушылар олардың кім екенін табу керек.

               «Тұшпара» - 3 ұпай. Екі командаға да 4 сұрақтан проектордан беріледі.

1-топ: қызыл қағазға жауап жазады

2-топ: көк қағазға жауап жазады

2-тағам: «Манты» - 1 ұпай. Әр командаға жеребе бойынша 1 зертханалық тәжірибе орындайды.

Химия: «Сілті ерітіндісін алып, оны анықтау»

Физика: «Заттың массасы бойынша көлемін анықтау»

              «Күріш» - 2 ұпай. Әр командаға физикадан 1 есеп, химиядан 1 есеп беріледі.

1-топ: қызыл қағаздарға жауап жазады.

2-топ: көк қағазға жауап жазады.

Сусындар: «Алма мен жұмбақ шырыны» көрермендерге 2 құрал жасырылады.

              «Апельсин мен формула шырыны» көрермендерге магниттік тақтада 2 формула жасырылады.

Нан өнімдерінен «Құлпынай қосылған тест» ұсыналады – 10 ұпай. Капитандар сайысы. Капитандар жеке алаңға шақырылып, 10 сұрақтан тұратын тест орындайды.

Десерт: Эсседен әзірленген пломбир – 5 ұпай. Әр команда үй тапсырмасы бойынша «ЭКСПО – 2017: Экология мәселесі» тақырыбында эссе оқиды.

Кафе әртістерінің өнерін тамашалау. «Архимед пен Менделеев» кафесінің өнерпаздарын тамашалау.

Есептесу кезеңі. Бугалтерлер кафе қонақтарының есебін хабарлайды.

Сәттілік тілейміз!!!

1) Химиялық элементтердің периодтық жүйесіне толық сипаттама бер.

2) Ньютонның үш заңын тұжырымда.

               «Тауық сорпасы» - 2 ұпай. Әр командаға 2 ғалымның портреті беріледі.

Ақиіс пен Зейнеп ғалымдардың портретін көрсетеді. Қатысушылар олардың кім екенін табу керек.

1-топ: Архимед пен Бутлеров

2-топ: Менделеев пен Паскаль

               «Тұшпара» - 3 ұпай. Екі командаға да  4 сұрақтан проектордан беріледі.

1-топ: қызыл қағазға жауап жазады

2-топ: көк қағазға жауап жазады

1.     Н.Н. Бекетовтың химия саласындағы еңбегі?

2.     Желге қарсы айғай неліктен нашар естіледі?

3.     Атом ядросының құрамына қандай бөлшектер кіреді?

4.     Ғарышкерге скафандр не үшін қажет?

2-тағам: «Манты» - 1 ұпай. Әр командаға жеребе бойынша 1 зертханалық тәжірибе орындайды.

Химия: «Сілті ерітіндісін алып, оны анықтау»

Орындалуы: таза сынауықты химиялық тұрғыға мойынынан бекітеді, ішіне пластмасса қасықпен құрғақ кальций оксидінің біраз мөлшерін салады. Үстіне аздаған су қосып, сынауықты шайқайды. Алынған өнімнің сілті екендігіне көз жеткізу үшін 1 тамшы фенолфталеин ерітіндісін тамызады. Сілтілік ортада фенолфталеин таңқурай түс береді.

Физика: «Заттың массасы бойынша көлемін анықтау»

Орындалуы: сайысты тамашалап отырған көрермендердің ішінен бір қыздың қолындағы алтын сақинасын шешіп алып, электронды таразыда сақинаның массасын тауып алады. Алтынның тығыздығын біле отырып, сақинаның алатын көлемін формула бойынша есептейді.

              «Күріш» - 2 ұпай. Әр командаға физикадан 1 есеп, химиядан 1 есеп беріледі.

1-топ: қызыл қағаздарға жауап жазады.

2-топ: көк қағазға жауап жазады.

1-топ:

№1.  5%тұзы бар 40 г ерітіндіге 5 г тұз қосылды. Алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесін анықта.

№2. Серіппеге ілінген жүк 32 с ішінде 40 тербеліс жасайды. Серіппенің қатаңдығы 300 Н/м болса, жүктің массасын табыңдар.

2-топ:

№1. Массасы 1500 т поезд 150 кН тежеуіші күш әсерінен тежелгеннен кейін аялдамаға дейін 500 м жүріп дбарып тоқтаса, ол қанжай жылдамдықпен келе жатқан?

№2. Массасы 198 г мыс (ІІ) гидроксиді айырылғанда мыс (ІІ) оксидінің қандай зат мөлшері түзіледі?

Сусындар: «Алма мен жұмбақ шырыны» көрермендерге 2 құрал жасырылады.

Физика: амперметр, реостат

Химия: химиялық тұрғы, конусты колба.

«Апельсин мен формула шырыны» көрермендерге магниттік тақтада 2 формула жасырылады.

Химия:

Физика:

Нан өнімдерінен «Құлпынай қосылған тест» ұсыналады – 10 ұпай. Капитандар сайысы. Капитандар жеке алаңға шақырылып, 10 сұрақтан тұратын тест орындайды.

1. Сілтілік металдарға жататын элемент:

А) Na

В) Al

С) Са

D) Li

E) Mg

2.  Радиусы 10 см дөңгелек w=3 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Дөңгелек шеңбері нүктелерінің сызықтық жылдамдығын тап:

A) 30 м/с

B) 3 м/с

C) 0,3 м/с

D) 1 м/с

E) 10 м/с

3. Қай қосылыста көміртектің тотығу дәрежесі +4:

A) Na2СО3

B) СО2

C) СН4

D) SiC

E) Na2SiО3

4. Дене еркін құлағаннан кейін 3 сек соңі қандай жылдамдықпен қозғалады. Бастапқы жылдамдығы 0-ге тең. g=10 м/с2.

A) 3,3 м/с

B) 30 м/с

C) 90 м/с

D) 45 м/с

E) 60 м/с

5. Күкірт атомының электрондық формуласы:

A) 1s2 2s2 2p3

B) 1s2 2s2 2p4

C) 1s2 2s2 2p6 3s2 3p4

D) 1s2 2s2 2p2

E) 1s2 2s2

6. Молекулалардың ретсіз қозғалысы қалай аталады?

A) механикалық

B) бірқалыпты

C) агрегаттық

D) жылулық

E) диффузия

7. NaOH + H2SO4 → …… + ……  реакциясының өнімдерін және олардың алдындағы коэффициенттерін көрсетіңдер:

A) 2Na2SO4 +  2H2;

B) 2Na2SO4 +  2H2O;

C) Na2SO4 +  2H2O;

D) Na2SO4 +  H2O;

E) NaSO4 +  H2O;

8. Массасы 5 кг бензин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

A) 2,3*105 кДж

B) 3,2*105 кДж

C) 3,5*105 кДж

D) 4*105 кДж

E) 4,5*105 кДж

9. Қай қосылыста оттектің массалық үлесі көп:

A) Li2O

B) CaO

C) MgO

D) BaO

E) ZnO

10. Кебуге немесе булануға кері жүретін процесс

A) қайнау

B) қатаю

C) конденсация

D) балқу

E) кебу

Жауаптары:

Сұрақ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жауап

А

С

Б

В

С

Е

С                          

А

А

С

Десерт: Эсседен әзірленген пломбир – 5 ұпай. Әр команда үй тапсырмасы бойынша «ЭКСПО – 2017: Экология мәселесі» тақырыбында эссе оқиды.

Кафе әртістерінің өнерін тамашалау. «Архимед пен Менделеев» кафесінің өнерпаздарын тамашалау.

Есептесу кезеңі. Бугалтерлер кафе қонақтарының есебін хабарлайды.

1-топ:

№1.  5%тұзы бар 40 г ерітіндіге 5 г тұз қосылды. Алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесін анықта.

№2. Серіппеге ілінген жүк 32 с ішінде 40 тербеліс жасайды. Серіппенің қатаңдығы 300 Н/м болса, жүктің массасын табыңдар.

2-топ:

№1. Массасы 1500 т поезд 150 кН тежеуіші күш әсерінен тежелгеннен кейін аялдамаға дейін 500 м жүріп дбарып тоқтаса, ол қанжай жылдамдықпен келе жатқан?

№2. Массасы 198 г мыс (ІІ) гидроксиді айырылғанда мыс (ІІ) оксидінің қандай зат мөлшері түзіледі?

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс сайыс "Архимед пен Менделеев кафесі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 164 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.02.2017 675
    • DOCX 101 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жапарова Назым Берікболқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жапарова Назым Берікболқызы
    Жапарова Назым Берікболқызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13542
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 355 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по химии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 352 человека

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 589 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 232 человека