Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс шара "ХХІ ғасыр информатигі"

Сыныптан тыс шара "ХХІ ғасыр информатигі"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

«ХХІ ғасыр информатигі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін арттыру

Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық ойлауын,

ғылыми көзқарасымен белсенділігін жетілдіру;Пәнге деген қызығуымен, қажеттілігін арттыру

Тәрбиелік. Өз білімін көтеруге, өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге баулу дағдысын, белсенділігін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, компьютер,


Сабақтың барысы:

/Музыкамен қарсы аламыз./

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан математика, физика, информатика, еңбек пәндерінің апталығына қош келдіңіздер! Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 7 сынып оқушылары «ХХІ ғасыр информатигі» атты сайыста білімдерін сынамақ. Олай болса ойыншыларымызды таныстырайық. (Әр сыныптан 4 оқушыдан шығады)

1 оқушы:

Абдирова Айгерім Әлімқызы. Сүйікті пәні информатика, сүйікті тағамы манта, арманы елге танымал әнші болу. Сүйікті ұстазы Индира Ерниязқызы. Болашақта дизайнер болуды армандайды.

2 оқушы:

Әміржанова Ақторғын Әмірқызы. Сүйікті пәні биология, алгебра. Сүйікті тағамы пицца,манта, Арманы өзі қалаған мамандық иесі болып, ата-анасына қамқор болу. Сүйікті ұстазы Ерболат Маратұлы, Ақсауле Қобыландықызы. Болашақта дәрігер болуды армандайды.

3 оқушы:

Калимолда Ернар Сакенұлы. Сүйікті пәні физика, биология. Сүйікті тағамы бешбармақ. Арманы мектепті жақсы деген бағамен аяқтап, жоғары оқу орнында оқу. Сүйікті ұстазы Сәкен Батырұлы. Болашақта механик болуды армандайды.

4 оқушы:

Қайырмұратова Жаннұр Сипатоллақызы . Сүйікті пәні тарих, информатика. Армандары өте көп, Сүйікті ұстазы Ерболат Маратұлы, Ақсауле Қобыландықызы. Болашақта мұғалім болуды армандайды.

5 оқушы.

Қадырбаев Әбілжан Абайұлы. Сүйікті пәні ағылшын, география. Сүйікті тағамы манта. Сүйікті ұстазы Гүлжиян Искакқызы. Болашақта футболист болуды армандайды.

6 оқушы.

Сағынғалиева Ақерке Тілекқабылқызы. Сүйікті пәні биология, өзін-өзі тану. Арманы ата-анасына қуаныш сыйлау. Сүйікті ұстазы Ерболат Маратұлы, Ғалия Төлегенқызы. Болашақта дәрігер болуды армандайды.

7 оқушы.

Халиуллина Нұрайна Қайратқызы. Сүйікті пәні тарих, биология. Сүйікті тағамы пельмени, жеңіл салаттар. Сүйікті ұстазы Ғалия Төлегенқызы. Болашақта дәрігер болуды армандайды.

8 оқушы.

Аманкелдин Жанарыс Амангелдіұлы. Барлық пәнді сүйіп оқиды. Сүйікті тағамы манты. Болашақта десант болуды армандайды.

Сайыстың барысы:

Бүгінгі ойынымыз 5 турдан тұрады. Ойын барысымен таныстырамыз (Слайд шоу)

1-тур. «Бәйге» ( сұрақ-жауап бөлімі)

2-тур. «Ғажайып алаңы» ( 10,20,30 ұпайлық сұрақтарға жауап беру)

3-тур. «Полиглот» (жұмбақ шешу)

4-тур. «Дода» (Компютердің пайдасы мен зияны)

Әділқазы алқасын таныстырып өту.

Мұғалім:

Мынау ұшқыр заманда

Жаңалық енді ғаламға

Компьютер тілін меңгеру

Қажеті туды адамға

1 тур. «Бәйге». Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт-сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал «Бәйге» турын бастаймыз. Сіздерге ортақ сұрақ беріледі.

(Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.)

Сұрақтар:

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

  2. Алғашқы есептеу құралы? (саусақ)

  3. ЭЕМ дамуының неше буыны бар? (5)

  4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)

  5. Ересек адамға компьютер алдында күніне неше сағат жұмыс істеуге болады.(5 сағаттан артық емес)

  6. Ақпаратты шығару құрылғысы. (принтер)

  7. Бір битте қанша байт бар (8)

  8. 1660 жылы логарифм сызғышын жасау идеясын ұсынған кім? (Исаак Ньютон)

  9. Дауыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)

  10. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрал (модем)

  11. Ақпараттың өлшем бірліктерін ата (бит, байт, Кбайт,Мбайт,Гбайт)

  12. Адам денсаулығына зиян келтіретін құрылғы (монитор)

  13. Мәліметтерді енгізу пернесі (Enter)

  14. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (Delete)

  15. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)

  16. Жад нешеге бөлінеді (2)

  17. . Бір килобайтта қанша байт бар (1024)

  18. . Монитор түрлері (электронды түтікшелі, сұйық кристаллды, плазмалық)

  19. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді? – түсіндіру, баяндау, мәлімет

  20. Гректердің есептеу құралы? Абак

  21. Информатика қандай ғылым? Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым

  22. Компьютердің ең басты бөлігі, миы? Процессор

  23. Ең алғашқы ЭЕМ қай жылы, қай жерде, қандай атпен шықты? 1946 жылы,АҚШ-та, ЭНИАК

  24. Ресейде ХV ғасырда не пайда болды? (есепшот)

(алдыңғы турдың қорытындысы бойынша бойынша ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады)

3-тур. «Ғажайып алаңы» ( 10,20,30 ұпайлық сұрақтарға жауап беру)

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын.

Ұлы ғалымдар (10)- Ол өзінің алғашқы программасын 13 жасында құрады. Қазір бұл адам дүние жүзіндегі ең бай адамдардың бірі болып саналады. Оның басқарып келе жатқан фирмасы дүние жүзіндегі ең ірі фирма болып саналады. Ғалымның есімін атаңыз.

Ұлы ғалымдар (20)- Есептеуіш техникасының қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. 1833 жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын “Аналитикалық машина” жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің “атасы” деп те атайды. (Чарлз Бэббидж)

Ұлы ғалымдар (30)- Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Баронның қызы. (Ада Лавлейс)

Компьютер(10)- Компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы? (СД-ROM)

Компьютер(20)- Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар “абак” деп, қытайлықтар “суанпан” деп атаған, ал, жапондықтар қалай атады? (серобян)

Компьютер(30)- Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталады? (ХІХ ғасыр)

Артық болмас білгенің (10)- Қазақстанның атын әлемге паш еткен музыкалық топ? (Ұлытау тобы)

Артық болмас білгенің (20)- Суретте қазақтың алғашқы мультфильм

дерінің бірі бейнеленген. Мультфильм қалай аталады?

Артық болмас білгенің (30)- Мақалды жалғастыр.

Әдепті елдің баласы... (Алыстан сәлем береді)

МИФ (10) 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма?

МИФ (20)- Ауа ылғалдығын анықтауға арналған құрал? Барометр

МИФ (30)- Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшынның ұлы физигі әрі

математигі? И.Ньютон

(алдыңғы турдың қорытындысы бойынша бойынша ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады)

4-тур. «Полиглот» (жұмбақ шешу)

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талантқа.

( интерактивті тақтадан жұмбақтың шешуін табу)

  1. Қағаз бетінен алады,

Бірден компьютерге салады. (сканер)

  1. Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді. (принтер)

  1. Төрт бұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. (Терезе)

  1. Бес атаның балалары

Қыдырмашы біреуі.

Бір күн бар да, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ,

Ұзын саны жүз екі. (пернетақта)

  1. Мәліметті сұраған

Экранға шығарған (монитор)

  1. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тышқан)

  1. Тетігін бассаң алаңсыз

Жазады қағаз-қаламсыз (компьютер)

  1. Биологияда бұл паразит

Көзге зорға көрінер

Информатикада өлшем бірлік

Ақпараттарды өлшер (бит)

  1. Олар компьютердің қосымша бөліктері. Олар ағалы-інілі. Олар сыбырлап та, айқайлап та сөйлейді. (колонкалар)

  2. Экранның бетінде оның тұрағы

Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі

Компьютер жаны мекені (Кактус)

  1. Басы С-дан басталады

Ішінде барлығы сақталады. (себет)

(алдыңғы турдың қорытындысы бойынша бойынша ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады)

4-тур. «Дода» (Компьютердің пайдасы мен зияны)

Оқушылар таңдауына сәйкес компьютердің пайдасы мен зияны туралы айтуы керек. Оқушылар ойланғанша, көрерменмен жұмыс.

Көрерменге арналған сұрақтар:

Есепшот Грецияда қалай аталды? (Абак)

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц қандай есептеуіш құралын ойлап шығарды? (Арифмометр)

Компьютердің атасы (Чарльз Беббидж)

Алғашқы программист (Ада Лавлейс)

Компьютер шығаратын әйгілі ІВМ фирмасының негізін салушы (Герман Холлерит)

Бірінші электронды машина (ENIAC)

А.С.Лебедевтің басшылығымен жасалған ЭЕМ-лар (МЭСМ, БЭСМ)

Американдық Герман Холлерит қандай құрылға ойлап шығарды? (Есепші – перфорациялық машиналар)

Алғашқы «Қосу машинасын» кім ойлап тапты? (Блез Паскаль)

Принтердің түрлерін ата?

Джостик дегеніміз не?

Процессор дегеніміз не?

Компьютердің қосымша құрылғыларын ата?

Флешка дегеніміз не?

Компьютер ауруын емдейтін программа? Антивирус

Тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде қандай меню шығады?

Контексті меню

Ең алғашқы ЭЕМ не деп аталды? ENIAC

Экран мен көздің арақашықтығы неше см болу керек? 60-70

Тышқанның астындағы төртбұрышты затты не деп атайды? (кілемше, коврик)

CD-диск көлемі неше болады? 700-800МБ

Айналайын алға ұмтылған дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар,

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.


Қорытындылаймыз!

Бүгінгі көріп тамашалаған «ХХІ ғасыр информатигі» атты ойын өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Келесі кездескенше Сау саламат болыңыз!


hello_html_m46b88381.jpg


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 12.09.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров138
Номер материала ДA-040195
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх