Инфоурок Другое КонспектыСыныптан тыс жұмыс: «Әй, жігіттер, жігіттер»

Сыныптан тыс жұмыс: «Әй, жігіттер, жігіттер»

Скачать материал

Сыныптан тыс жұмыс: «Әй, жігіттер, жігіттер»

 

Мақсаты: оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын арттыру, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін білуге, қазақ тілін меңгеруге, өз ойын жеткізе білуге үйрету;  туған елін, халқын, салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.

 

Сабақ барысы:

-Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін мектебімізде өтетін «Әй, жігіттер, жігіттер» сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі мектеп оқушылары – ертеңгі ел қорғаушылар!

 Тек қана білектің күшіне сенбей, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болуы тиіс.

  Ата-баба дәстүрін жалғастыру, өз Отанын, жерін сүю, ана тілін, салтын құрметтеу мақсатында мектебіміздің бозбалаларының арасында ұйымдастырылған «Әй, жігіттер, жігіттер» байқауының бағдарламасымен таныс болыңыздар.

Жоспар: 1.«Мен – қазақтың баласы» (өзін-өзі таныстыру)

2. «Мақал – сөздің мәйегі» (мақал-мәтел жарысы)

3. «Шебер қолдар» (қамшыны өріп көрсету)

4. «Жігітке жеті өнер де аз» (спорттық сайыс, қол күрестіру)

5. Білімпаз. «Білімді мыңды жығады». Нөмірленген асықтағы сұрақтарға жауап беру.

6. «Батаменен ер көгерер» (әр қатысушы бата береді)

  Біздің бүгінгі сайысымызда жігіттердің тек қана білек күші ғана емес, ақылы мен тапқырлығы, өнері де саналады.

  Әділдікпен әр сайысты бастайтын, туралықтан ешқашанда қашпайтын – төрешілер алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысқа қатысатын әрбір оқушы реттік санын алады.

  Жүргізуші: - 1. Жетер адам бақытына іздеген,

                            Ұл – мұрагер, бақытың ғой қыз деген!

                             Жігіттердің сайысын біз бастайық,

                            Қуанышын бөлісіңіз бізбенен.

Арайлап ата берсін ақ таң күліп,

Жүретін ұлымыз бар мақтан қылып.

Дәстүрлі іс-сәлемдесу сайысына,

Салайық салтанатпен аттандырып.

Мұғалім: - Сайысымыздың бірінші бөлімі – сәлемдесу, өзін-өзі таныстыру. Ендеше, бірінші нөмірлі сайыскерімізді ортаға шақырайық. (Барлығы өзін таныстырады).

  Жүргізуші: -2. Шешендік, көсемдік бар тілімізде,

                            Оттылық, тектілік бар көзімізде.

                            Ұрпағымыз жаңа өмір, жаңа ғасыр,

                            Жарасып тұр үлгіміз, сәніміз де, -деп

«Мақал – сөздің мәйегі» сайысын бастаймыз.

Мұғалім: - Сайыскерлер мақал-мәтел айтудан жарысады. Тақырыптары – ата-ана, білім, тәрбие, денсаулық. Әр жігіт бір тақырыпқа кем дегенде үш мақал айтуы керек.

3. «Ата көрген – оқ жанар, ана көрген – тон пішер» деген бабалар. Олай болса, сайыскерлердің шеберлігін байқасақ. Қамшыны өріп көрсету.

4. «Жігітке жеті өнер де аз» атты кезеңге де келіп жеттік. Қызықты спорт сайысын тамашалаңыздар. Қол күрестіру.

  Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,

  Көрейік жігіттерді жарыстырып,

  Жігіттің күштісі бар, мықтысы бар,

  Жігіттер күш сынассын салыстырып!

5. Байқауымыздың келесі сыны «Білімді мыңды жығады» деп аталады. Нөмірленген асықтағы сұрақтарға жауап беру.

6. «Батаменен ер көгерер» сайысына орай, әр қатысушы бата береді.

  Ықылас-ниет білдіру – әр адамға аманат.

  Ата-баба дәстүрі – батаны біл, жамағат.

Мұғалім: - Барына риза болсын көрермендер,

                   Көрсетті өнерлерін жас өрендер.

                   Осымен сайысымыз аяқталсын,

                   Қазылар берсін енді шын бағасын.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Өнерлі, білімділілер жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Осымен 23 ақпанының құрметіне арналған «Әй, жігіттер, жігіттер» сайысымыз аяқталды. Оқушылар мақтау қағаздарымен және бағалы сый-сияпаттарын ала отырып, өздеріне тиесілі атаққа ие болып, мектеп басшысы тапсырған арнайы құрмет мадақтамаларымен марапатталады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс: «Әй, жігіттер, жігіттер»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 247 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2017 569
    • DOCX 13.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Устимирова Асель Адилкановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Устимирова Асель Адилкановна
    Устимирова Асель Адилкановна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33824
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой