Инфоурок Классному руководителю СтатьиСтатья "Білім бердудегі әлеуметтік психологиялық тренингтің рөлі"

Статья "Білім бердудегі әлеуметтік психологиялық тренингтің рөлі"

Скачать материал

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТІҢ РӨЛІ

1970-ші жылдары ГДР-да М.Форвергтің жетекшілігімен ол әлеуметтік-психологиялық тренинг деп атаған әдіс жасап шығарылды. Біздің елге де тренинг осы атауымен келді. 

Біздің елімізде тренингтер қарым-қатынас тренингінен басталды. Қарым-қатынас тренингі іс жүзінде кез келген басқа тренинг үшін базалық бағдарлама болып табылады. Басқа бағдарламалар (өз-өзіне сенімділік тренингі, келіссөздер тренингі, сауда-саттық тренингі, топ қалыптастыру тренингі, жанжалсыз мінез-құлық тренингі және басқалары) жасап шығарылғанда, бұл бағдарламалардың негізіне әлеуметтік-психологиялық тренинг алынды. Сондықтан әлеуметтік-психологиялық тренинг атауы әлеуметтік-психологиялық тренинг қағидаттарында құрылған басқа тренингтік бағдарламаларды белгілеу үшін де жиі пайдаланылады. 

Егер Артур Ребер құрастырған «Үлкен түсіндірмелік психологиялық сөздікке» жүгінетін болсақ, тренингтің мынадай анықтамасын көреміз: «Жалпы тренинг дегеніміз – олардың жүзеге асырылуы нәтижесінде қандай да бір белгілі реакцияға (реакцияларға) немесе қандай да бір күрделі, шеберліктерді қажет ететін қызметке қатысуға қабілетті организм түріндегі ақырғы өнімді алу үшін жасап шығарылған процедуралар жиынтығы немесе кез келген оқу бағдарламасы». Бұл кез келген, соның ішінде адамды ғана емес, оқытуды қамтитын өте кең анықтама. Бұл анықтаманың негізгі ойы тренингтің жаттығу, дағдылар мен шеберліктерді жинақтау болып табылатындығында.

Тренингтің тағы бір анықтамасын Ю.Н.Емельянов берген: «Тренинг дегеніміз – қызметтің кез келген күрделі түріне, соның ішінде қарым-қатынасқа үйренуге және оны меңгеруге қабілеттіліктерді дамыту әдістерінің тобы» (1985, 89-бет).

И.В.Вачков тренингтің мынадай анықтамасын ұсынады: «Практикалық психологияның өзін-өзі тану және өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру мақсатында қолданылатын белсенді әдістерінің жиынтығы».

«Психологиялық сөздікте» (1990) әлеуметтік-психологиялық тренинг (ары қарай ӘПТ) «Практикалық психологияның қарым-қатынастағы хабардарлықты дамыту мақсатында топтық психологиялық жұмыстың белсенді әдістерін пайдалануға бағдарланған саласы» ретінде анықталады.

Бұл анықтама  тренинг ұғымын қарым-қатынас тренингіне әкеліп саяды да, оның аясын одан әрі тарылтады. Көбінесе «әлеуметтік-психологиялық тренинг» атауы қарым-қатынас тренингінің, іскерлік қарым-қатынас тренингінің, әріптестік қарым-қатынас тренингінің және т.б. синонимі ретінде қолданылады.

«Психологиялық» сөзінің қолданылуын психологтар дәстүрлі түрде тек психолог қана жаттықтырушы бола алады деп түсіндіреді, әйтсе де, соңғы кезде жаттықтырушылардың едәуір бөлігінің психологиялық білімі жоқ және олар оны алуға ұмтылмайды да. Мен психолог ретінде жаттықтырушының психологиялық білімі болуы тиіс, өйткені тренинг механизмдерінің көпшілігі психологиядан алынған деген пікірді ұстанамын. Психология негіздерін түсінбеу көбінесе қателерге ұшыратады.

 Жаттықтырушының қатесі тренинг нәтижесіздігінің негізгі себебі болып табылады, ал тренинг болса – нақты дағдылар мен шеберліктерге үйрету бойынша ең тиімді технология. Жаттықтырушының қатесі тренингті уақыт пен ақшаны еш пайдасыз, босқа жұмсауға айналдырады.

Жаттықтырушының ең басты қатесі – топтық жұмыстың механизмдерін түсінбеуі: кез келген топта, және әсіресе тренингтік топта бірнеше өзара байланысты үдерістер болады. Ең маңызды үдеріс – жаттығу, жаңа дағдыларды меңгеру үдерісі, жаңа шеберліктерге үйрену. Бұл үдеріс топтық динамикаға негізделеді. Топтық динамиканың, қатысушылардың ұйымшылдығының, қауіпсіздік пен қолдау ахуалының арқасында оқыту тиімдірек болады. Сондықтан жаттықтырушының басты міндеті топ динамикасын үнемі ынталандырып отыруда, басқаша айтқанда, жаттықтырушы топта қолайлы ахуалдың қалыптасуына көп көңіл бөлуі тиіс.

Өкінішке орай, кейбір жаттықтырушылар топтық динамиканың механизмдерін түсінбей, оған жеткілікті көңіл бөлмейді, сондықтан көбінесе топтар аз нәтижеге қол жеткізеді, ал кейде тренингтер жалпы қанағаттанбаушылықпен аяқталады.

Көбінесе, жаттықтырушының ойынша, топ өз міндетін орындай алмағанда, жаттықтырушы ашуланады. Өз әріптестеріне ол топтың «тым енжар» екендігін, қатысушыларының ештеңені «түсінбейтіндігін», орынсыз сұрақтар қоятындығын және т.б. айтып шағымданады. Егер, оның ойынша, олар нашар үйренетін болса, ол оларды барлығын тезірек жасаулары тиіс деп есептеп, тықырта бастайды. Ал олар, неге екені белгісіз, баяу істейді, және тек уақыт мағынасында ғана емес, түсіну мағынасында да. Бірнеше ойын ойналып, бірнеше жағдай талқыланғандай болғанмен, олар тағы да қате жібереді. Бұл жаттықтырушыны ашуландыра бастайды және, әрине, бұл топтық үдерістер мен оқып-үйрену үдерісін одан әрі тежей түседі.

Мұндай жағдайда жаттықтырушы «не қылған зердесіз едіңдер» деп кейіп, «ақылдары жоқ ақымақтардың» қателерін көздеріне шұқып көрсетіп, үйретуге тырысады.

Тәжірибе көрсеткендей, екі бірдей топ болмайды. Әр топтың өз жылдамдығы және өз нәтижесі болады. Және, айталық, оқу материалы бойынша бір топта тезірек алға басса, екіншісінде баяуырақ жылжиды, бірақ топ үшін нәтижесі бойынша бұл бірдей дәрежеде тиімді болуы мүмкін.

Жаттықтырушы топтың өзіне бағдарлануы тиіс: топ өзі қалай жүрсе, солай жүреді. Оның топты барынша ынталандыруға және оның жылдамдығын арттыруға тырысатыны өзінен-өзі түсінікті. Кейбір жерлерде ақыл айтып, итермелеп те жібереді. Бірақ бұл жерде ең бастысы – топтың өзі шығатын нәтиже.

Бұл орайда жаттықтырушы «паровоз» болып табылмайды және топтың алдына түсіп жүгірмейді, ал тек қана топты бағыттап, қажет болған жағдайда алға итермелейді.

Топ мүшелерінің ұйымшылдығына, олардың топта өздерін қаншалықты жайлы және еркін сезінетіндігіне басты назар аударылады. Осының арқасында топ тиімдірек жұмыс жасай бастайды. Көбінесе жұмыс жылдамдығы сағат сайын артады да, топ жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Ең бастысы, қатысушыларға топта жұмыс істеу ұнауы тиіс. Осының арқасында тренинг әсері ұзағырақ сақталады, өйткені ол туралы еске алудың өзі жақсы. Тренинг аяқталғаннан кейін мұндай топтардың қатысушылары осы топтарда ары қарай да жұмыс істей бергілері келеді.

Тренингтің қатысушылары өздерін мұнда бағалайды, қандай да бір «мінездемелер» жазады деп үрейленіп, тренинг олардың қабілеттіліктерін анықтау үшін өткізіледі деп қорқатыны да болады. Ол кезде олар тренингтен де, жаттықтырушыдан да қорқады. Олардан басынан бастап жақсы жұмыс күтудің қажеті жоқ. Және, әрине, мұндай топты алғашында асықтырудың қажеті жоқ, әйтпесе өздерінің қорқыныштары бекер емес екен деп шешіп, бүкіл тренинг бойы «окоптарында» отырып шығады. Егер жаттықтырушы алғашқы жарты күнде топтың өздерін еркін сезінуін қамтамасыз етуге жұмсаса, көңілді және рахаттанып отырып оқып-үйренуге болатындығына көздерін жеткізсе, топ қатысушылары өздерін еркін, бос сезіне бастайды. Кейін олар өз батылдықтарына өздері таң қала бастайды да, алғашқы күннің аяғында әдетте мұндай ахуалда, әрі таныс емес адамдармен олар тіпті екі-үш күн сөйлемейтіндігін, ал қазір өздерін «видеоға» түсіріп жатқандығына да қарамастан, өздері ойынға қатысуға ынта білдіріп отырғандығын айтады. Тағы да қайталаймын: тренингтен алған әсер жақсы болған сайын, оның ықпалы да ұзағырақ болады.

Жаттықтырушының тағы да бір елеулі қатесі – тренингке адекватты емес теориялық және практикалық материалды қосуы. Жаттықтырушы тренингтің жаттығу екендігін түсінуі тиіс. Жаттықтырушының міндеті – топ қатысушыларына жаңа ақпарат беру емес, ал нақты дағдылар мен шеберліктерге үйрету. Жаттықтырушы үнемі жаңа нәрсеге ұмтылып отыруы тиіс емес.

Көптеген жаттықтырушылар қатысушылардың бір бөлігінің бұрын да мұндай тренингте және, мүмкін, осыған ұқсас бағдарламада болғандығынан қорқады. Қатысушылар мұның бәрін білетіндіктері туралы айта бастайды деп қорқады. Мұндай жағдайлар барған сайын жиі ұшырасады, өйткені фирмалардың көптеген қызметкерлері төрт-бес тренингте болып көрген. Қайтсе де өз қорқыныштарының орнын толтыру үшін кейбір жаттықтырушылар тренингтік бағдарламаларға қандай да бір жаңа элементтерді енгізеді. Бірақ тренинг үшін, оның қатысушылары үшін олар көбінесе жай ғана пайдасыз емес, сонымен бірге, зиянды да болып шығады, өйткені көбіне қатысушыларды дұрыс емес мінез-құлыққа, дұрыс емес мақсаттар мен қағидаттарға баулиды.

Мәселен, сауда-саттық технологиясы жөніндегі тренингтік бағдарламаларда әр түрлі жіктеулер, сатып алушылар типологиялары пайда болды. Ішінара олар қатаң ғылыми теориялардан алынған, ішінара қолтума болып табылады да, мысалы, сатып алушыларды «кептерлер» мен «бүркіттерге» және т.б. бөлу сияқты болады. Бірақ тіпті қатаң ғылыми жіктеудің өзі зиянды, өйткені сатушы сатып алушының типін бірден дұрыс анықтай алмайды. Оның үстіне, мұндай жіктеулердің авторларының көпшілігі өздерінің типологиясы қалада бағдарлануға көмектесетін карта сияқты деп айтады. Кез келген нақты картаның нақты қаладан айырмашылығы болатынындай, тұлға типінің сипаттамасы да нақты тұлғадан ерекшеленеді. Нәтижесінде сатушы бірдеңе істеуге, қандай да бір өзінің түсініктері бойынша сөйлеуге тырысады және, әрине, сатып алушы әлденеден сезіктенеді.

Шындығында, сатушыларға сатып алушылардың өздерін де, олардың сатып алушылық қабілеттіліктерін де кез келген бағалауға тыйым салу қажет: сатушы кез келген сатып алушымен жақсы жұмыс істеуге міндетті, жақсы сервистің, сатушының жақсы жұмысының негізгі мән-мағынасы да осында.

Тренингтік бағдарламаларға енгізілген жаңалықтардың тағы да бір мысалы НЛБ-дан көптеген элементтерді қосу болып табылады. Нейролингвистикалық бағдарламалау – өте жақсы психотерапевтік тәсіл, бірақ тренинг үшін, соның ішінде сауда-саттық тренингі үшін көбінесе зиянды болады. Тіпті НЛБ-мен бұрыннан айналысатын көптеген тәжірибелі психологтар бір қарағаннан адамның типін – оның «визуал», «аудиал» немесе «кинестетик» екендігін анықтай алмайды. Бұл үшін тіпті олардың өздеріне де 5 минуттан 15 минутқа дейін уақыт қажет болады. Ал сатушының мұндай уақыты, тәжірибесі және НЛБ бүкіл жүйесін түсінуі жоқ. Ал егер сатушыны НЛБ-ға жақсылап үйретсе (бұған бірнеше жыл кетеді), онда оған сатушы болып жұмыс істеудің қажеті қанша?

Тағы бір мысал: сатушыларды сатып алушыларға әсер етулері үшін және сатып алушының ықтимал гипноздық әсер етуінен өздерін қорғаулары үшін гипноз дағдыларына үйрету. Сатушыны гипноз әдістеріне үйрету үшін көп уақыт және ақша жұмсау қажет. Ал осының бәрі болған күнде, тағы да сатушының сатушы болып қалуында не мән қалады?! Ал егер нашар үйреткен жағдайда, ал бұл бір тренингтің аясында әбден мүмкін, өздеріңізді сатушы өзінше ұйытып, сендіруге әрекеттенетін сатып алушының орнына қойып көріңіздерші... 

Тренинг дегеніміз – жаттығу, және топ қатысушыларына жаттығуға мүмкіндік беру қажет. Өз жаттықтырушысына әрбір жаттығуда өзінің бұлай жүгіре білетіндігін және жүгірудің қандай да бір жаңа тәсілін үйренгісі келетіндігін мәлімдейтін жүгіргішті елестетіп көріңіздерші. Нағыз шеберлік қайта-қайта жаттыға отырып қалыптасады, тренингтің өзі де осы үшін керек.

Тағы бір қате – тренинг пен терапевтік топтың арасындағы айырмашылықты түсінбеу. Алдында айтылғандай, тренингтің мақсаты – жаттығу, белгілі бір дағдылар мен шеберліктерге машықтану. Ал психотерапевтік топтардың мақсаты – топ қатысушыларының жеке проблемаларын шешу.

 Тренинг сырттай қарағанда қатысушылар көп күліп-ойнайтын қандай да бір әншейін ойындардың жиынтығы сияқты көрінуі мүмкін, және бұл жұмысқа ұқсамайды. Жаттықтырушы, терапевтік топтарда болғаннан кейін, өз тренингіне терапевтік жаттығуларды қоса бастайды. Нәтиже әрқашан біреу: қатысушылардың біреуі көз жасына ерік береді, осылайша, онымен жұмыс істеу аяқталады, өйткені кәдімгі тренингте бұл жағдайды ары қарай өрбітуге уақыт жоқ, және көбінесе шеберлік те жоқ. Сондықтан жаттықтырушы осы тәсілдердің арасындағы айырмашылықты анық түсініп, оларды ешқашан бір бағдарламада араластырмауы тиіс. Бұл – әр түрлі жұмыстар.

Әрине, тренингтік топтарда да, терапевтік топтарда да пайдаланылатын жаттығулар бар. Мысалы, барлық тренингтік жаттығулар терапевтік топтарда да қолданылады, бірақ бұл терапевтік топтардағы басқа процедуралар мен ойындарды тренингтік топтарға ауыстырып қолдануға болады дегенді білдірмейді. Бұл жаттықтырушыға психологиялық білімнің қажеттігі туралы айтуға тағы бір себеп болады. Өйткені психология негіздерін білмеу осыған ұқсас қателерге алып келеді.

Жаттықтырушы сондай-ақ өзі адекватты емес ойынды ойлап табуы немесе оны әдебиеттен алуы мүмкін. Әдебиетте сипатталған көптеген ойындар да әрқашан тренингке жарамды бола бермейді. Мысалы, әдебиетте сипатталған «Әуе шарындағы апат» ойыны. Ойынды көбінесе мектеп психологтары қолданады, және мен олардың ойынның жаман екендігі туралы айтқандарын жиі естимін. Ол көбінесе тренингтен кейін де жалғасуы мүмкін елеулі жанжалмен аяқталады. Бұл ойында барлық қатысушылар әуе шарындағы адамдарды құтқару үшін нені теңізге тастау керек, ал нені қалдыру керектігі туралы шешім қабылдаулары тиіс. Бірақ ұсынылған заттардың ішінде тірі ит бар. Ойынның қызуымен қатысушылардың біреуі қаруды тастау керек деп шешсе, енді біреуі итті тастау керек дейді (өйткені, олардың ойынша, қару олардың ары қарай тіршілік етуі үшін қажет болады). Ал кейде топта қандай да бір көзқарастың жақтастарының бірін де лақтырып тастауға шешім қабылдануы мүмкін. Жанжалды болдырмау үшін, мұндай ойынға, заттармен қатар, жануарды (итті) қоспау керек. Бұл эмоционалдық бауыр басушылықтың әр түрлі деңгейі, және мұндай таңдау жасағанда, адамның көңіліне терең эмоционалдық қаяу түсуі мүмкін, және бұл тренингтің емес, жаттықтырушының біліксіз жұмысының нәтижесі болады.

Иә, бір жаттықтырушы терапевтік те, тренингтік те топтарды алып жүруі мүмкін, бұл – жиі болатын жағдай, бірақ бұл – әр түрлі қатысушылары, әр түрлі міндеттері бар әр түрлі топтар.

Тағы бір проблема кейбір жаттықтырушылардың тренингті өзін таныту үшін, өзін топтың есебінен таныту үшін пайдаланатындығында.

Кез келген жаттықтырушы топпен не істегісі келсе де ерікті екендіктерін біледі. Сөздің дәлме-дәл мағынасында, жаттықтырушы – «әрі патша, әрі құдай». Жаттықтырушы әр түрлі ойындар жүргізеді, қатысушыларға рөлдерді үлестіріп береді. Топтағы бірде-бір адам қандай да бір ойынның жалпы мақсаттарын ойын басталғанша түсінбейді. Топтың барлық қатысушылары жаттықтырушылар болған күннің өзінде де олар бәрібір ойынның қандай болатындығын білмейді, оның үстіне, қатысушыларға нұсқаулар көбінесе жеке беріледі. Және, соған сәйкес, кейбір немесе барлық қатысушылары ақымақ болып көрінетін ойынды жасау оңай. Мысалы, бір тренингте барлық қатысушыларға мынадай нұсқау берілген: «Ал қазір бәрің бір қатарға тұрыңдар... (кідіріс) төрт тағандап тұрыңдар... (кідіріс) енді тілдеріңді шығарыңдар». Ары қарай мынадай түсініктеме берілген: «Қызметтік іздеуші иттер тобы тренингке дайын». Содан соң барлығы қалжың ретінде түсіндірілген. Жаттықтырушыға мұндай «қалжыңдардың» қажеті қанша? Айналадағылардың бәрі ақымақ болып көрінгенде, жаттықтырушының өзі өзіне әрі ақылды, әрі тапқыр, әрі талантты болып көрінетіні өзінен-өзі түсінікті.

Енді бір топта жаттықтырушы жылқы туралы есепті шешуге тапсырма берді (нұсқауды ары қарай қараңыз). Ол кімде «0» шыққанын сұрады. Бірнеше адам қолдарын көтерді. Жаттықтырушы олардың білімдерінің қандай екендіктерін, мектепте қалай оқығандықтарын сұрады. Ары қарай ол бұл есептің үшінші сынып оқулығынан алынғандығын қуана хабарлады. Содан соң жаттықтырушы кімде «1» шыққанын сұрады да, бәрі қайталанды және т.б. Соңында мынадай түсініктеме берілді: сендердің барлықтарың жоғары білімді ересек адамдарсыңдар, ал үшінші сыныпқа арналған есепті шеше алмадыңдар. Содан соң топ қатысушыларының барлығы өздерін тіпті үшінші сынып деңгейіне де жетпейтін адамдар ретінде бағалаулары үшін кідіріс жасалды.

Шын мәнінде, бұл ойын – қабылдау таптаурындарына арналған ойын, және мұнда есептеуде қателер болуы мүмкін. Бұл ойынның негізгі мағынасы – барлық адамдардың есеп шарттарын әр түрлі қабылдайтындықтарын көрсету, және барлық даулар дәл осыдан туындайды. Ойыннан шығатын қорытынды есептің топтық шешіміне көшуге әлі ерте болғандығында. Ең алдымен есеп шарттарынан хабардар етіп, барлық қатысушылардың осы шарттарды жалпы түсінуін қамтамасыз ету қажет болатын, сонда шешім бірден табылар еді. Бұл есеп қарым-қатынас үдерісін сатылы түрде өту қажет екендігін көрсетеді. Бұдан басқа, осы ойын мысалында тиімді қарым-қатынас өлшемдері жақсы көрінеді.

Азырақ көзге түсетін жағдайлар да болады. Мысалы, жаттықтырушы біреудің атына бірнеше бағалау фразаларын тастауы, топ алдында қатысушының анық қатесін көрсетуі, бағалаған кейіппен бет-аузын тыжырайтуы мүмкін – және нақты «құрбандық» өзінің дәрменсіздігін түсінеді. Ал тренингте барлық дерлік ойындар қате қағидатына құрылатындықтан (яғни, ойындарда солардың мысалында жұмыста оларды қайтып жібермеуге үйрену үшін міндетті түрде қателер болады), жаттықтырушының мұндай мүмкіндіктері молынан болады.

Қорытындылай келе, жаттықтырушының жоғарыда көрсетілген барлық қателері оның жұмысының тиімділігіне өткізілген тренингтер саны мен тәжірибесінен гөрі әлдеқайда күштірек әсер ететіндігін айтуға болады. Жаттықтырушының көптеген жылдар бойы жұмыс істеуі, бірақ осы заңдылықтардың бірде-бірін түсінбеуі мүмкін, және бұл жаман нәтижелерге алып келетін болады. Тренингтің тиімділігі және пайдалылығы туралы екі пікір бар: біреулер тренингтің өте тамаша және жақсы екендігін айтса, енді біреулер тренингті жай ғана алдау және ешқандай нәтиже бермейтін дүние деп мәлімдейді. Шын мәнінде, біреулердің жаттықтырушымен жолы болған, енді біреулерінің жолы болмаған. Тренингтің өзі болса – тамаша әдіс, бірақ жүргізушісі жаман жақсы машина жаман жүретіндігі сияқты, тренинг те көбінесе кері нәтиже береді.

Қалайша осындай қателерді жібермеуге болады? Жауап қарапайым: шындап оқып-үйрену қажет, және ең тиімді әдіс тренинг болып табылады, жаттықтырушыларды оқытып-үйретуге арналған тренингтік бағдарламалар болады.

Бұдан басқа, жұмыс барысында жаттықтырушы үнемі өзін бақылап отыруға міндетті. Бақылаудың тамаша механизмі – өзіңе үнемі «мен мұны не үшін істеймін?», «менің мақсатым қандай?», «мен қандай нәтижеге қол жеткізгім келеді?» деген сұрақтарды қойып отыру. Және жаттықтырушы әлденені айтқысы немесе істегісі келгенде, ол өзінің не істеп отырғандығын және топқа мұның қажеті қанша екендігін түсінуі тиіс. Егер бұл топтың пайдасына жарайтын болса, онда барлығы жақсы. Егер жаттықтырушы әлденені айтқысы немесе істегісі келсе, бірақ бұл топ үшін зиянды немесе тым болмағанда пайдасыз болса, онда оны айтуға не істеуге болмайды. Жаттықтырушының жақсы жұмысы деген осы. Жаттықтырушы топ үшін жұмыс істеуге міндетті.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья "Білім бердудегі әлеуметтік психологиялық тренингтің рөлі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 329 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2017 1189
    • DOCX 23.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанабаева Рахимаш Есеналиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жанабаева Рахимаш Есеналиевна
    Жанабаева Рахимаш Есеналиевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4407
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 810 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 853 человека

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 750 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 028 человек

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе