Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Статья на тему: "ҰСТАЗ, ОНЫҢ ҰСТАНЫМЫ МЕН МАҚСАТЫ "
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Статья на тему: "ҰСТАЗ, ОНЫҢ ҰСТАНЫМЫ МЕН МАҚСАТЫ "

библиотека
материалов

ҰСТАЗ, ОНЫҢ ҰСТАНЫМЫ МЕН МАҚСАТЫ

Каламова Гүлшара Қабидоллақызы, қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі

29 орта білім беру мектебі.

Павлодар қаласы.

Қазақстан Республикасы

Айтылмыш мақалада мұғалімнің қазіргі мектептегі орны мен ролі туралы айтылған.Автор педагогиканың ұстанымы, міндет пен мақсаттарын айқындаған.Мұғалім мамандығының парызы анықталған.

В данной статье говорится о месте и роли учителя в современной школе. Автор рассказывает о принципах и задачах педагогики, о профессиональном долге учителя.

This article is told about a place and a role of the teacher at the modern school. The authortells about the principles, problems of pedagogics and about a professional duty of the teacher.

Қай кезеңде, қай елде,қандай экономикалық дамуда болмасын тәрбиелеу,оқыту арқылы дамытусыз қалыптастыру болмайтынын бәрімізге ақиқат.Ел басымыздың алға қойып отырған бәсекеге қабілетті Ел болу туралы негізгі міндетті іске асыру адамға,оның қабілеті мен іскерлігіне,жан-жақтылығына,біліктілігіне,ұқыптылығын, жауапкершілігіне байланысты екендігін дәлелдеп жату артық болар.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында алғашқы баспалдақ отбасы,бала- бақша,мектеп десек,онда оның басты тұлғасы ата-ана, тәрбиеші,мұғалімнің роліне тоқталған абзал деген ұстанымға тоқталмақпын.Әр ұрпақ өзінің алдында із салған,негізін қалағандарды оқып-біліп,үйреніп әрі қарай жалғастырады.Өз кезеңінде педагогика – психология ғылымына бой ұра отырып, алдыңғы қатарлы педагог ғалымдар Ян Амос Комнский, Ушинский, Ы.Алтынсарин, Ж.Аймауытов, Ж.Жұмабаев, М.Жұмабаев, А.Құнанбаев,А.Байтұрсынов сынды ғұламалардан үлгі ала үйренген, шама шарқынша үлес қосқандардың бірі аймағымызға танымал болған ұстаз, бүгінде өмірден озған Дайкенов Темірболат Ережебапұлы, ұстанымы мен қойған мақсат-міндеттерін тақырыпты ашу барысында жантастыра отыруды жөн көрдем.Жалпы ұстаз,ұстаным мен мақсат деген тақырып кең көлемді екендігі түсінікті.Алғашында мына мәселелерге тоқталмақпын:

1.Тәуелсіз Қазақстанның мұғалімі,оның басты тұлғалығы.

2.Мұғалімнің кәсіптік қызметі,сипаттама.

3.Педагогтің шебрлігі.

4.Педагогикалық іскерлік пен шеберлік.

Ұлағатты ұстаздар қатарынан өз еңбегімен танымал болған ж.Дайкенов 2004 жылы жарық көрген «Ұстаз» атты кітабында өмірі туралы, ұстаздығы туралы, менің осы тақырыпта қозғамақ мәселелерімнің кейбірін сөз етіп, дәлелдей ашқан екен. Енді тақырып мәселесіне тоқталсам, біріншісі, мұғалім, оның орны. Мұғалім – жас өспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, ата-ана,қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы- балаларды , өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі.

Мұғалім- адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық. Бүгінгі дамыған, жаңа технологиялық бағыт өрістеген уақытта жаңаша ойлау, оқыту мен тәрбиені ізгілендіру мен демократияландыруды жаңарта отырып жаңа міндеттерді тыңдаушыға айқын түсініру белсенділікпен шығармашылықты дұрыс,ыңғайлы шешу негізгі мақсат болу керек.

Мұғалімнің қызметі өте күрделі әрі көп салалы. Мұғалім оқушының және баланың дамуын,қалыптасуын,білім беру мен тәрбие және оқыту процесін(үрдісін) басқарады.

Сондықтан тәуелсіз Қазақстан мұғалімінен жан-жақты терең ғылыми білім,жоғары педагогикалық шеберлік,идеялық шыныққандық, адами қасиет,табанды ерлік-жігер,парасатты мінез- құлық, ұстамдылық талап етіледі. Шебер мұғалім адамды, оқушысын тани біліп,өте-мөте епті,сезгіш, шыдамды, сергек,сендіре отырып дәлелдей көз жеткізе білетін болуы керек.Нәтижеге апаратын басты жол-ол мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы бірін-бірі сыйлау,сенімді сезімін тудыратын ұстаным ету қажет.

Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталатынында.Мен де ұстаз,тәрбиеші,ана ретінде осы ұстанымды берік ұстай отырып күнделікті іске асыруға тырысудамын. Өзім мұғалім ретінде өзімнің де,әріптестермнің де жалпы мәдениетінің жоғары, ой-өрісіміздің кеңдігі,рухани байлық педагогикалық процесті ұйымдастыруда қажеттілігін,оның ерекше ықпалын сезудемін.

Біз мұғалім ретінде өз пәнімізді (менде орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті) оқытудың әдістерін жете игеріп,шығармашылық еңбек ете отырып, педагогикалық шеберлігімізді үнемі жетілдіріп отыру қажеттілігін біліп, сезуге өмірдің өзі жетелей әкеледі.

Мұғалім еңбегінің нәтижелі болуы оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер барлығын оқып та,тыңдап та жүрміз.Менің пікірімше,сөз жоқ,дарындылық аса қабілеттілік қай мамандықта болмасын кездеседі.Бірақ адам баласы мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтін ақиқат.Сондықтан да менің ойым мен ұстанымым педагогикалық шеберлік үздіксіз ізденудің,өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құмарлығынан туындайтын іс-әрекеттердің жиынтығы деймін.Мұғалім ең алдымен өзінің танымдық іскерлігін дамыту үшін бақағыштығын , ойлау процесінің дамуы үшін талдау жасай біліп, салыстыра сәйкестіре ажырату, нақтылай білу,жинақтау,қорытынды жасау сияқты дағдыларды өз бойына қалыптастыруы қажет.Осыдан құра білу(конструктивтік) іскерлік-оқу тәрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау,композицилық материалдарды іріктеп алумен сипатталады. Алдағы жұмысты жоспарлау,жобалау,алдымен ойлау,салыстыру,болжам жасау,технологиялық, логикалық ойлау қабілеттерімен тікелей байланысты.[2,б.65]

Нәтижеге апаратын жолдың бірі- қарым-қатынас іскерлігі.Қарым-қатынас тәсілдері ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере білуден басталады. Өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін, көзқарасын, мақсатын, сөйлескен, пікірлескен адамға, ұжымға түсіндіре білуге және оларды түсіне білуге үйренуі қажет.Сөйлесе,әңгімелесе, сұрақ-жауап тәсілдерін қолдану арқылы оқушының (тыңдаушының)зейінін аудару- мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне қажет іскерліктің бірі.Мұғалім үшін,қай істің маманы үшін де ұйымдастырушылық іскерлік еңбектің бөлінбейтін маңызды саласы педагогикалық үрдісті (процесті) басқарудың негізгі шарты. Ұйымдастырушылықтың негізгі белгілері : жұмысты анықтау,мақсатын белгілеу, жұмысты талап ету, тапсырма беру, бақылау, орындауын ұйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бағалау, есеп беру,іске қызығылушылықпен кірістіру.[3,б.240] Бүгінгі таңдағы, біз айтып жүрген жаңашыл,шығармашыл іскер мұғалімнің басты ұстанымы мен міндеті балаға деген ынта-ықылас махаббаты,педагогикалық еңбекке қызығу, психологиялық – педагогикалық сезгіштік, байқағыштық, әділдік, талап қоя білушілік, табандылық, ұстамдылық, қайырымдылық десек, біздер де,мен де сол ұстанымды негізге алған күнде ғана нақтылы дұрыс нәтижеге жететінімізге көзім жетуде.

Мұғалім адамдарды тәрбиелеуші, жетілдіруші,үнемі ықпал жасаушы маман иесі болғандықтан, оның кәсібінің ерекше белгісінің бірі- педагогикалық әдеп деп есептеймін. Педагогикалық әдеп жай ғана сыпайылық білдіру емес, ол шығармашылық ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез-құлықтың, саналы іс-әрекеттің, білімділік пен іскерліктің жиынтығы мұғалімнің әрбір қадамында, баламен арақатынасында сезгіштік, байқампаздық,салмақтылық, ұстамдылық,ілтипаттылық, кешірімділік, талап қоя білу, сенім арту, ынталы-ықыласты болу, әділдік,адалдық,бала жүрегіне жол табу, тыңдай да,түсіне де білу әдептілік белгілеріне жататынын әрбір ұстаз, мұғалім естен шығармағаны абзал.

Әрбір ұстаз өзінің күнделікті өмірінде, еңбек жолында Ұлы Абайдың :

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға»-деген мәңгі өлмейтін жолдарын терең түсіне, іске асыруды ұмытпаған.

Біз әңгімеміздің барысында ұйымдастыру іскерлігі туралы жалпылама сөз етіп, мұғалім еңбегінің , жұмысының түрі-оқыту, білім беру, тәрбиелеу болғандықтан енді мен оқыту процесін(үрдісін) ұйымдастыру педагогика ғылымының негізгі мәселесі ретінде қарастыра отырып, мына мәселелерге тоқталуды жөн санаймын:

1.Қазіргі заманда да, бұрын да оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі түрі- сабақ.

2.Сабаққа белгілі бір нақтылы талаптар қойылуы қажет,олай болса – сабаққа қойылатын талаптар.

Мұғалім еңбегінің бағыты көп салалы болғандықтан- оның түрлері,құрылымы т.б. болып кете бермек.Одан әрі бүгінгі тақырыбымда өрбітуге тоқталмақ емеспін.Қалғаны жеке бір тақырып бола бермек.

Өмірінің бірсыпыра бөлігі осы салаға арнаған, осы педагогикалық оқу үшін себепкер болған, осы педагогикалық оқу үшін себепкер болған ағамыз, кешегі облыс деңгейінде білім саласын, біліктілікті арттырып, жолын басқарған Темірболат Ереженбайұлы да бір кездерде біздерге лекция оқи отырып осындай ұстанымды қолдайтынын айтқан болатын.

Жалпы мектептік оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі түрі - сабақ оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың сабақ түрінде өткізілудің өзіндік тарихи жолы бар. Сол тарихтың белгілі бір бүгінгі күні маңызын, түрін сақтап отырған бағытын Ян Амос Каменскийдің еңбегімен байланыстырамыз. Ол мектептің сынып деп аталатын тұрақты бір тобын оқу аптасы,оқу күні, оқу кестесі бағдарламасы бойынша сабақ деген ұғымды оқыту мен тәрбиелеу екендігін білеміз. Тарихи оқиғаларға терең тоқталмай бүгінгі таңдағы сабаққа тоқталуды жөн санап отырмын.

Сабақ дегеніміз оқушылардың тұрақты топқа ұйымдасқан сынып деп аталатын тұрақты құрамымен, белгілі кесте бойынша мұғалімнің басшылығымен, оқушымен ынтымақтаса бірігіп жүргізілетін оқу жұмысы.Сабақтар тұрақты сабақ кестесі бойынша алмасып отырады.Сабақ оқу жұмысын ұйымдастырудың өзгерейтін қатып қалған түрі емес.Әрбір сабақ үнемі жетілдіріліп,дұрыс ұйымдастырылып өткізілуі қажет.Сабақ мұғалім мен оқушы арасындағы іс-әрекет екенін есептесек,оған қойылатын негізгі талаптар мыналар:

  1. Әрбір сабақтың айқын мақсаты,мазмұны, жоспары және сабақтың құрылысы алдын ала белгілі болады.

  1. Оқыту процесінің негізгі мақсаты білім беру,тәрбие беру және дамушылық бірлікте болуы ең алдымен сабақта жүзеге асырылуы керек.

  2. Сабақта оқу материалының ерекшелігіне сай, проблемалық ситуацияларды туғызу. Ой –қорытындыларын жасауға үйрету.

  3. Дидактикалық міндеттерді алдын ала ойластыру.

  4. Оқу материалына, тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын үнемі оятып отыру, танып-білу қажеттілігін қалыптастыру.

  5. Оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырудың әдістері мен оқу материалдарының қиындық және жеңіл дәрежесін дұрыс айқындау.

  6. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай,оларға шамадан тыс күш түсірмеу,жағдайын есептеу.

  7. Қазіргі қоғамның үздіксіз білім беру бағытына сай жас ұрпақты ғылым негіздерімен қаруландыра отырып іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру.

  8. Әрбір оқушының сабақ үстінде мұғалімнің назарында болуы,сөйтіп педагогикалық-психологиялық диагностика жасай отыру.

  9. Білім берудің гуманистік мақсатымен педагогикалық ынтымақтастық негізінде өткізу және жоғарыдағы аталған сабаққа қойыллатын талаптарды бірлікте жүргізу,жүзеге асыру.

  10. Оқушының қызығушылығын тудыра отырып өздігінен оқу мен ізденіске жетелей баулу, үйрету.Сөйтіп үйрене отырып дұрыс адамды мен қалыптасуына берік жол салу.[5,б.63-64]

Қазіргі кезеңде оқытупроцесін жаңарту,жетілдіру мақсатында оқытудың дәстүрлі түрінен басқа дәстүрден тыс түрлері арқылы шығармашылықпен жұмыс істеу мектеп тәжірибесіне енуде.мысалға педагогика ғылымының докторы проффесор Подласый дәстүрден тыс оқытудың 31 түрін ұсынса,педагогика пәні оқулығының авторлары Қоянбаевтар 11-13 түрін ұсынады.Қорыта айтқанда мұғалім оқыту мен білім берудің,тәрбиенің қай тәсілін, әдісін пайдаланса да, көздейтін мақсаты мен ұстанымы балаға сенім ұялатып үйрету, дамыту, қалыптастыру, жан-жақты дамыған өзіне де, өмір сүріп отырған қоғамына да пайдалы қажетті адам етіп дайындау, құштарлықты арттыру.

Кешегі М.Жұмабаев,Ж.аймауытов, М.Дулатов,А.Байтұрсынов т.б.қазақ зиялылары аңсағандай ұрпақ тәрбиелеу,жаңа Қазақ елінің жаңа жас ұрпағының іс-әрекетін пайдаға асыратындай дайындау.

Бұл әр мұғалімнің, тәрбиешінің міндеті мен ұстанымы болғанда ғана негізгі ақиқатты дұрыс ой іске асырылып, нәтижеге әкелетінін сенімдімін.Менің де міндетім, ұстанымым осы, осылай болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Педагогига. //Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті-дәрістер/Алматы-2008

2.Подласый И.П., Педагогика.: І том., Б 65-76.

3.Қоянбаев Ж.Б., Педагогика.: Б 238-248, 2004.

4.Сабиров Т.С., Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Б 147-168,1986.

5.М.Жумабаев.:Педагогика. Б 56-69





5


Автор
Дата добавления 26.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1066
Номер материала ДВ-097100
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх