Инфоурок Другое Другие методич. материалыСтатья "Оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру"

Статья "Оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру"

Скачать материал

«Балқаш қаласы Н.К. Крупская атындағы»

жалпы білім беретін орта менктептің

қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Есильбаева Акбаян Муратовнаның

«Оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру»

«Бала балқытылған алтын»

К.Д.Ушинский

Білім – бұл мұғалім мен оқушының субъектив - объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес.

Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім – жалпыадамзаттық құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нəтиже. Бүгінгі таңда дүние жүзінде білімнің әлеуметтік ролі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып қоршаған ортаны қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, оқушы деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет.

Оқушылардың зерттеу, талдау, талқылау, қорытынды, интерпретация жасату арқылы сыни ойлауын дамыту – қазіргі мұғалімдердің алдына қойған міндетті шешуде негізгі құрал болып табылады. Балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттерімен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 51 бет)

Сыни тұрғыдан оқушыларды ойландыра алу әрбір педагогтың құзіреттілігінде. Мұғалімдердің сыни ойлауын дамытуды диалог арқылы жүргізіп отыруға жоспарладым. Сабаққа кірген сәттен бастап, соңына дейін осы 7 модуль шеңберінде жұмыстанамыз. Сабақтар барысында тұйық оқушыларым сабаққа араласып, белсенділік танытты. Оны мен диалогтық оқытудың маңызы деп қорыттым. Сабақтар топтық формада өтті, оқушылар білімді менің бағыт беруіммен өздіктерінен меңгерді. Оқытудың сапасын, тиімділігін арттыру тақырып пен жағдаяттарға сәйкес әртүрлі әдістердің қолданылуына, барлық оқыту үрдісіне қатысушылардың белсенділігіне байланысты. Бұндай жаңа әдістерді пайдаланудың маңызы неде? Біріншіден, қазіргі уақыт – жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сай болу керек. Екіншіден, жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын – ала болжам жасауға үйретеді. Үшіншіден, инновациялық әдістер – бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңіргенде оқушы жадында өздері айтқаның 80 пайызын сақтаса, өздері істегенің 90 пайызын есте сақтайды. Белсенді әдістер шығармашылық тәжірибе мен жаңа әрекет қалыптастыруға мүмкіндік беріп, нәтижесінде құзырлылыққа әсер етеді. Белсенді оқытудың негізгі ерекшелігінің бірі үйренушілердің бір – бірімен және мұғаліммен тура және кері байланыс арқылы үнемі қарым – қатынаста болу. Сыныптағы оқыту формасын өзгертіп, топтық, жұптық, ұжымдық формада өткізе бастадық.  Жаңа әдіс-тәсілдердің оқушылар үшін  пайдасы өте көп, себебі сабақ , барысында оқушылар өз ойларын қорытуға, логикалық ойлауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге, топ ішiнде бір-бірімен сыйласуға, ынтымaқтастыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, бaрлық мәселелерді бірлесіп шешуге  үйренді. Көп сөйлемейтін оқушылардың өзі топтағы ортақ жұмыс орындаған кезде белсенділік  танытты, өздеріне берілген тапсырманы басқалардан қалмай жауапкершілікпен орындауға тырысты. Оқушыларға қолдaнылып жатқан  жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері ұнады.  Қaзір оқушылар өздерін сабақта еркін сезінеді,ойларын да еркін жеткізеді. Бұрынғыдай жауабым қате болып қала ма, деп қысылып, қымтырылмайды. «Оқушылaрға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қaрым-қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді. Сондықтaн, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше». Сабақтaрымда оқыту стратегияларын  қолдана отырып, бағалау тәсілдерін, ашық, түрткі болатын, бағыттаушы сұрақтар қоюды, дәйектеудің үш түрін  қолдануды, оқушыларды  жас ерекшеліктеріне сай оқытуды, талaнтты, дарынды  балаларды анықтауды толық үйрендім. Сабақтарымда  рефлексия жасауды толық үйрендім. Менің өзім үшін сабақта Блум таксономиясын қолдaнуым, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауым мaңызды болды. Бағaлау барысында баланы ынталандырып, мақтап отыру оның бойында өзіне деген сенімділiк, белсенділік артқанын көрдім. Өзімнің іс-тәжірибедемде формaтивті, критериaлды бағалауды қолданғаннан кейін байқағаным оқушыларды бұрынғыдай баға алу емес, білім алу қызықтыратындығын көрдім. Оқушылaр  білім алуда тек кітаппен ғaна шектеліп қоймады, олар бaсқа ақпарат көздерінен деректер жинай бастады, оқушыда ізденушілік қасиет, білуге деген ұмтылыс пайда болды. Осы қолданылған әдіс-тәсілдердің арқасында сыныптағы немесе топтағы балалaрға күрделенген, кең ауқымды тапсырмалар беру арқылы дарындылығын анықтауға болатыны да мені қуантады. Сaбақ сонындағы кері байлaныс та, мұғалімге ертенгі өткізетін сабағын жоспарлау үшін көп көмек береді. Кемшілігі:балалар тапсырмаларды орындау бaрысында уақытты дұрыс пайдалана алмады, алғашқы сабақта топта көп шулaды, бір-бірінің пікірін аяғына дейін тындамады, бір-бірін, өздерін  бағaлауда асыра бaғалаушылық көрініс тапты. Осы кемшіліктерді жою үшін бағалаудың критерилерін құрып, сол арқылы бағалатамын, топтың бағалау парағына топтың тәртібі деген критерий енгіземін, тапсырма беру кезінде нaқты уақытты белгiлеп қоямын.   Сабаққа   критерийлер жасап  бердім. Оқушылардың орындаған жұмыстарының бағалау критерийлеріне қаншалықты сәйкес екендігіне өздерінің көздерін жеткізе білді. Әр сабақ сайын ерінбей бағалау критерийлерін жасап отырсақ, оқушы білімін бағалауда жетістікке жетіп, жұмыстың табысты болуына  септігін тигізетіндігін зерделей алдық.   Оқушылар топта бірлесе жұмыс істеді, топ ережесі бойынша рөлдерін өздері анықтап, бірлесе жұмыс жасады. Сабақ жоспары өзгергендіктен өзімнің  де, баланың да өзгерісін байқадым. Сабақ барысында «оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер» мен «сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модульдерінің аспектілері бойынша оқушылар өзара сұхбаттасуды, өз деңгейлері арқылы нәтижеге жету үшін білім жинау жауапкершілігін түсінді. Оған дәлел, сынып оқушыларының ақпарат жинақтауы, оның мән-мағынасын ұғынып анықтауы, шынайылықты өзгеше түсінуі. Іздену барысында бір-біріне кеңес берді, алдарына мақсат қоя білді, нәтижеге қадағалау жасады. Сонымен қатар, сабақ барысын ой електерінен өткізіп, талқылау арқылы өз ойын ашық айтуды, сыни ойлауды, баға беруді, шығармашылық түрде жұмыс жасауды, өзгелерді тыңдай білуді үйрене отырып, өздерін танытуға жетеледі.

Сыни тұрғыдан ойлау сабақ барысында айтуға, балама шешімдер қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа тәсілдерді енгізуімізге, басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулу болып табылады. Оқыту барысында дәстүрлі сабаққа қарағанда, осы оқу бағдарламасындағы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету негізінде жүргізілген сабақтарымыз өз нәтижесіне тез әрі жеңіл түрде қол жеткізеді

Қорыта келгенде қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой -өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын»,-деген қанатты сөзді еске түсіреді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды.

Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру,оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қаблеттеріне байланысты. Ж.Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья "Оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 202 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.11.2015 811
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есильбаева Акбаян Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есильбаева Акбаян Муратовна
    Есильбаева Акбаян Муратовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6174
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе