Инфоурок Обществознание СтатьиСтатья по политологии на тему "Қазақстандағы терроризмнің кейбір мәселелері"

Статья по политологии на тему "Қазақстандағы терроризмнің кейбір мәселелері"

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ.

 

"Терроризм" - бұл адамның адамға,

адамның адамзатқа деген жек көрушілігі.

Н.Ә.Назарбаев

    Бүгінгі таңда әлем мемлекеттерін түрлі лаңкестік іс-әрекеттер мен қоғамға жат қылықтар алаңдатып отыр. Соның бірі халықаралық терроризм. Бұл күнтәртібінде тұрған негізгі мәселе. Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 б. 3 т. сәйкес мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қөздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады делінген[1].

    Жалпы терроризммен күресу жолын,  шараларын айтпас бұрын оның түсінігі мен тарихына тоқталып кеткен жөн. "Террорризм" - (лат.terror - қорқыныш, үрей) идеологиялық уәжді күш көрсетуді қолданумен байланысты саяси күрес тактикаларының бір түрі [2]. Терроризмнің мәні - қорқыту мақсатымен күш көрсету. Террористік күш көрсетудің субъектісі - жеке тұлғалар және үкіметтік емес ұйымдар. Күш көрсетудің объектісі - жеке мемлекеттік қызметшілер сипатындағы билік немесе жеке азаматтар сипатындағы қоғам (оның ішінде шетелдіктер, немесе өзге мемлекеттердің мемлекеттік қызметшілері). Бұдан басқа - жеке және мемлекеттік мүліктер, инфрақұрылымдар, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі. Күш көрсету мақсаты - революия, қоғамның тұрақсыздануы, шетел мемлекеттерімен соғыс ашу, үкімет беделінің құлауы, билік жағынан саяси жеңілу тәріздес   террористердің ойлағандарына жетуі. Терроризм түсінігін ашу оңай емес. Себебі қазіргі кездегі терроризм кешегі терроризм емес, оның түрлері мен әдістері жыл сайын өзгеріп отырды. Оның көптеген анықтамасы бар. Біреулер терроризмді әлеуметтік құбылыс деп санаса, келесілері басқа пікір айтады. Ал бүгінгі терроризм белгілі мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш көрсету идеологиясын тұғыр етеді. Терроризм көзқарастар мен идеялардың емес, әрекеттердің жүйесі, өйткені ол қара басының қамын күйттемейді. Ол өзінен-өзі әлеуметтік құндылық бола алмайды, алайда қызмет көрсетудің бір түрі ретінде айтарлықтай әрекетшілдік пен сұранысқа ие. Терроризмнің таралуына дүмпу қарымы сақталынып отырған нәсілшілдік пен ұлтшылдық идеялары нәр беруде. Ұлтшылдықтың кез келген түрі терроризмнің таралуына қолайлы негіз болатынына ешқандай күмән жоқ. Бір ұлтқа екінші ұлттың үстемдігін орнату үшін ұлтшылдар терроризмді қолжаулық етуі әбден мүмкін. Бүгінгі өмірде терроризмнің таралуының себепшісі ретінде діни фундаментализм жиі-жиі ауызға алынады. Фундаментализм өзінің нақты мәнінде белгілі бір ілімнің түпкі принципін сақтауға ұмтыла отырып, даму барысындағы ауыткқушылықтарды жеңуді білдіреді. Қазіргі кезде ислам экстремизмі мен терроризмі деген ұғымдардың кеңінен тарап отырғанын атамай өтуге болмайды. Дей тұрғанмен, Исламның өз болмысында ешқандай да агрессияшылдық  жоқ. Әрине терроризмнің көрініс табуына тағы бір себеп саяси радикализм болуы да мүмкін. Қоғамдық көңіл күйдің радикалдануының кез келген түрі белгілі бір топтардың мақсатын жүзеге асырудағы әдістері мен тәсілдерінің радикалдануына әсер етеді.

    Ежелгі ғасырдағы террористік топтың бірі - б.з. І ғ. Иудейде әрекет еткен сикарлардың(қанжаршы) иудейлік сектасы. Сектаның мүшелері римляндармен бейбітшілік үшін келіскені және оларды діннен бас тартты деп айыптап еуропаның атақты өкілдерін өлтіру үшін дайындалды. Сикарлар қару ретінде қанжар немесе қысқа қылыш - "сиканы" қолданды. Олар қарыз құжаттардың көбін жойып, құлдарды босатып, оларды өздерінің қатарына шақырды. Сикарлардың әрекетінде діни  фанатизм мен саяси терроризмнің ұштасуы көрінеді: азаптанушылықта олар жеккөрушілік құлатудан кейін Құдай өз халықына келеді және оларды азаптан құтарады деп сенді. 66-71 жж. көтерілісте Иудейліктер жеңіліп, бұл секта тарап, кейбір сикарлар Египет пен Киренге қашып кетті[3].

    Антикалық және орта ғасырларда Индияда әртүрлі құпия қоғамдар әрекет етті. "Тұншықтырғыштар" сектасының мүшелері Кали құдайы үшін құрбандық шалудың ритуалды түрі ретінде өзінің құрбандарын жібек жіппен өлтірді. Осы сектаның бір мүшесі былай деп айтқан болатын: "Егер кімде-кім бір рет болсын құрбандық шалудың тәттілігін бастан кешірсе, тіпті ол әртүрлі қолөнер түрін білсе де және онда әлемнің бар алтыны болса да ол біздікі болып саналады. Мен өзім үлкен лауазымға ие болдым, жақсы жұмыс істедім және әрі қарай өсуге сендім. Бірақ біздің сектаға қайта оралған сәтте бастап, өзіммен өзім болдым".

    Еуропада бірінші рет "терроризм" сөзі 1798 ж француз сөздігінде кездесті. Осы сөздікке сәйкес бұндай түсінікті якобиншілер өздеріне байланысты және де әрқашан маңызды рең ретінде ауызша және жазбаша түрде қолданды. Алайда 9-шы термидордан (Францияда 1793-1805 жылдардағы революциялық күнтізбе бойынша жылдың 11-айы) кейін "террорист" сөзі "қылмыскер" сөзінің синониміне айналған қорлайтын мағынанаға ие болды. Ол уақыттарда "терроризм" сөзі 1793 ж. наурызы мен 1794 ж. шілдесі аралығындағы Француз революциясының кезінде "қорқыныштың билеуі" деген мағынаны білдірді. Соңында термин қорқынышқа негізделген неғұрлым ауқымды түсіндірмеге ие болды және басқарудың небір жүйесін білдіре бастады. 1820 ж. Италияда ұлттық мемлекетті құру мақсатын көздейтін қастандық жасау ұйымдары құрыла бастады. Сицилияда Бурбондар монархиясымен күрес мақсатын көздейтін мафия құрылды. 1820 ж. Неапольде "Коммора" құрылды. Ұйымдардың мақсаты - түрме қызметкерлерін қорқыту және параға сатып алу. Бір уақытта оңтүстіктегі елдерде барлық Италия территориясы бойынша өз торабын тастап кеткен карбонарлардың туыстығы пайда болды. Басында туыстықтың мақсаты крестьяндар мен ауыл шаруашылығы қызметкерлерін қоғау болатын. Кейін карбонарлар ұйымы саяси сипатқа ие болды. Барлық үш ұйымдар түрме ұызметкерлерін, помещиктерді, полиция офицерлерін және мемлекеттік шенеуніктерді қорқытатын террористік әдістерді қолданды. Терроризм қастандық жасаушы ұйымдардың қолданған тактикаларының бірі ретінде болғанын атап өтуге болады.

    Италиядан кейін терроризм Австрия, Германия елдеріне тарала бастады. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап барлық Еуропада құрылымды террористік акциялар басталды. Франция королі Луи-Филипке жеті рет қастандық жасалды, оның бңреуінде он сегіз және одан бұрын жиырма екі адам өлтірілді.

    Ресейде терроризм 1878-1881 жж. "Халық еркі" ұйымының әрекетімен байланысты таралды. ХХ ғасырда террор әдісін қолдану үшін әртүрлі ниеттер қолданылды. Егер де ХІХ ғасырдағы орыс ұлтшылдары бірінші эсерлер террорды қоғамды жақсарту құралы деп есептесе, ал "қызыл бригадалар" өзін орнықтыру құралы, тәсілі деп есептеді. "Қызыл террор" және фашистік "қара" террордың ұлтшылдарының іс-әрекетімен ешқандай байланысы жоқ. Қазіргі кездегі терроризмнің басты түпкі мақсаты - өкімет билігін басып алу болып табылады. Сондай-ақ қазіргі кездегі террорлық әрекеттер кең ауқымдылығымен, мемлекеттік шекараның болмауымен, байланыстың болуынан және оперативті звеносы, барлау орталығы бар, материалдық-техникалық жабдықталған, таңдап алған кадрларымен және тағы басқа болып жатқан адамзатқа қажетті заттың бәрімен қамтамасыз етілуімен сипатталады.  Жоғарыда айтылып кеткендерді саралай отыра, біз терроризм ұғымының біртекті болмайтынына тағы да куә боламыз[4].

    Терроризм мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретіндей дәрежеде емес, ал ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді. Сондықтан болар еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесі басқа қатерлерге қарсы,айталық этнос аралық шиеленіс, есірткі тасымалының жолын кесу, заңсыз миграция сияқты қауіп-қатерлерге төтеп беруге бейімделген еді. Қазақстандық және шетелдік сарапшылардың терроризм проблемасы Қазақстанға төніп тұрған нақты қауіп емес, ал Орталық Азиядағы жалпы ахуал аясында қарастырылып келді. Қоғамдық пікірде де терроризм Қазақстанда негізінен сыртқы қауіп-қатер ретінде қабылданды. Дегенмен, өзге мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда террористік іс-әрекеттерді анықтау және оның жолын кесу үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық негіздерді жасау және жетілдіру жөнінде айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. 1999 жылы шілдеде терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және барлық меншіктік формаларындағы ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ терроризмге қарсы күресті жүзеге асырумен байланысты азаматтардың құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін айқындайтын "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" заңы қабылданды. Заңның  3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимылдар:

1. адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, террористiк қылмыстарды жасау салдарынан қауiп төнген адамдардың өмiрi мен денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;

2. заңдылықты сақтау;

2-1.терроризмге қарсы іс-қимыл шараларының террористік қауіп дәрежесіне мөлшерлес болуы;

3. терроризмнің алдын алуға басымдық беру;

4. террористік iс-әрекеттi жүзеге асырғаны үшiн жазаның болмай қалмайтындығы;

5. терроризмге қарсы іс-қимылдың саяси, ақпараттық-насихаттық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, арнайы және өзге де шараларының жүйелі болуы және оларды кешенді пайдалану;

6. терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезiнде тартылатын күштер мен құралдарға жедел басшылық жасауда дара басқару;

7. терроризмге қарсы іс-қимылдың жария және жария емес әдістерінің ұштасуы;

8. терроризмге қарсы операциялардың тактикасы, нысандары, әдістері, құралдары және қатысушыларының құрамы туралы мәліметтерге шектеулі қолжетімділікті қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді[5].

    2013 жылдың 24 маусымында ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде" Жарлығы қабылданды. Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы тиімді іс-қимыл жасау үшін қажетті және жеткілікті жағдай жасау, қолдау және дамыту мақсатында, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының осы саладағы келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету үшін терроризмге қарсы іс-қимылды үйлестіру саласындағы уәкілетті орган жанынан құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган болып табылады.Терроризмге қарсы орталықтың негізгі міндеттері:

1.   терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар дайындау;

2.   терроризмге қарсы іс-қимыл саласында тұжырымдамалық көзқарастар әзірлеу, негізгі басымдықтарды айқындау, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін практикалық шаралар тұжырымдау;

3.   терроризм профилактикасы бойынша мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін үйлестіру; террористік іс-әрекеттерді анықтау, жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу және тергеу; терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен олардың өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру;

4.   террористік қатерлер мен көріністердің мониторингі, оларды бағалау және болжау;

5.   терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың іс-қимылын ұйымдастыру;

6.   терроризмге қарсы іс-қимыл саласында халықаралық озық тәжірибені енгізу;

7.   терроризмге қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді шешу болып табылады[6].

    2013 жылдың 24 қыркүйегінде ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы" Жарлығы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты: діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Ал міндеттері болып:

1.   Қоғамда тағатты діни сананы және радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру.

2.   Діни экстремизм мен терроризмнің көріністерін, соның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жолымен анықтау мен жолын кесудің тиімділігін арттыру.

3.   Экстремистік және террористік әрекеттердің салдарларын азайту және жою шараларының жүйесін жетілдіру табылады[7].

    Жалпы терроризм агрессияны қару қылатын, ортаға бейкүнә балаларды саясаттың арбауына салу, мешітке ағылған адамдар әрекетін жағымсыз етіп көрсететін саясаттың лас технологиясының бірі. Сондықтан бұл әрекетке қарсы күресу барша халықтың міндеті болып табылады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тәуелсіздік алған тұсымыздың осы мәселенің жан-жақты қаралуы бұл, әрине, заңды.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.    Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыздағы http: //adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_

2.    Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. – Москва: Издательство "Азъ", 1992. – 955 с.

3.    Емельянов В.П. "Терроризм как деяние и состав преступления". Харьков, 1999 г, с 125

4.    Завотпаев Р.Т. Терроризм: исторический и уголовно-правовой аспекты. Уч.пособие. - Караганда, 2005. 200с.

5.    "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416 - І Заңы (08.01.2013ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000416_

6.    Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде" 2013 жылғы 24 маусымдағы №588 Жарлығы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U130000588_

7.    Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы"2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 648 Жарлығыhttp://adilet.zan.kz/kaz/docs/U130000648_

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья по политологии на тему "Қазақстандағы терроризмнің кейбір мәселелері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 159 материалов в базе

Материал подходит для УМК

  • «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.

    «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.

    Тема

    § 15. Нации и межнациональные отношения

    Больше материалов по этой теме
Скачать материал

Другие материалы

Презентация по обществознанию на тему: "Деятельность общественных организаций в Дзержинске"
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 22. Гражданское общество и правовое государство
  • 11.04.2018
  • 751
  • 0
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Презентация "Основы конституционного строя"
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 21. Политическая система
  • 10.04.2018
  • 367
  • 0
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Задания для подготовке к ЕГЭ по обществознанию 11 класс. Тема "Нации и межнациональные отношения" с ответами.
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 15. Нации и межнациональные отношения
Рейтинг: 3 из 5
  • 31.03.2018
  • 46961
  • 2182
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Конспект урока по обществознанию "Менталитет человека" в 11 классе
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 15. Нации и межнациональные отношения
  • 17.03.2018
  • 2742
  • 17
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Конспект урока по обществознанию на тему "Будь толерантным!" (11 класс)
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 15. Нации и межнациональные отношения
  • 13.03.2018
  • 1050
  • 11
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Презентация по обществознанию на тему "Нации и национальные отношения" 10 класс
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 15. Нации и межнациональные отношения
  • 11.03.2018
  • 888
  • 7
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Конспект урока по обществознанию "Этнос и нация" (11 класс)
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 15. Нации и межнациональные отношения
Рейтинг: 2 из 5
  • 21.02.2018
  • 3198
  • 101
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.04.2018 1018
    • DOCX 28 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нугуманова Нургул Абдуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нугуманова Нургул Абдуллаевна
    Нугуманова Нургул Абдуллаевна
    • На сайте: 6 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2681
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания обществознания в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 158 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 417 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Обществознание")

Учитель обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по обществознанию в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 868 человек

Мини-курс

Психология и профессиональное развитие

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе