Инфоурок Директору, завучу СтатьиСтатья"Применение новых технологий на уроках казахского языка

Статья"Применение новых технологий на уроках казахского языка

Скачать материал

Жаңа технологиялар  компетентті  өтпелі шарт ретінде

 

Абилова А.Н.

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

Ақсу қаласы

№4 ОМ

   Қоғам өзгерген сайын адамдардың да көзқарастары, тұжырымдары, өмірлік ұстанымдары мен дағдысы өзгеруде. Өйткені қоғам да, адам да үнемі даму үстінде.

   Сондықтан қазіргі білім беру саласында өмірге бейім тұлғаны тәрбиелеу қоғам алдында үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осыған орай Қазақстандағы жалпы білім беру мазмұнының методологиясын өзгерту қажеттілігі туып отыр.  

   Сондықтан отандық ғалымдар Финляндия, Австралия, Американың қазіргі білім жүйесінде кеңінен қолданылып отырған, бүгінгі қоғамда бағаланатын, баланың болашағына дұрыс бағыт бере алатын ПISA жүйесін қолдануда. Бұл аталған жүйеде білімнің нәтижесі емес, біліктілік (компетенция) басты рөл атқарады. Біліктілік-оқушы мектепте алған білімі мен дағдысын өмірдегі қажеттілігіне дайындықсыз жарата алуы, яғни өмірлік дағдысының дамуы. Өмірлік дағдының негізгі құрамында мынадай бағыттар бар:

1)                    Алдына мақсат қоя білуі

2)                    Өздігінен шешім қабылдай алуы

3)                    Коммуникативтік дағдыларының болуы

4)                    Өз сезімін білдіре алу және оны билей алуы

5)                    Топта, ұжымда жұмыс істей алуы және т.б.

   Ж. Аймауытов «Адам амалға бола тәрбиеленуі керек; істің табан тірейтін дерегі не десеңіз-әдет» (дағды) дей отырып, адамды іс-әрекет жасауға тәрбиелеудегі негізгі мақсат-өмір жолында кездестік түрлі жағдайларда мойымай, өкінбей, қорықпай амал етуге ұмтылу екендігін дәйектейді. Бұл пікір қазіргі қоғамның өзгермелі жағдайда өмір сүруге бейім тұлғаны тәрбиелеу мақсатымен толық үндесіп отыр. /2-435 б/

    Қазіргі кезде орыс тілді мектептерде мемлекеттік тілді оқыту-оқытудың жаңаша, тиімді практикалық игеруге бағытталған аса құнды әдіс-тәсілдерін қажет етеді.

    Әр ұстаз өз шәкірттерінің білімінің неғұрлым жоғары болуын, салыстыру, талдау, қорытынды жасау және ойлау қабілетінің шығармашылық тұрғыда кең болғанын армандайды. Осы тұрғыда мектеп қазіргі таңда ғылыми зертханаға айналып отыр, өйткені оқушы мен оқытушы шексіз шығармашылық ізденісте. Бұл қазіргі заманның талабы. XXI ғасыр Қазақстандықтар алдында жаңа талап қойып отыр. Ең бастысы әр адам (маман) өз ісінің шебері болу керек. Қазіргі қоғам жастардан білікті маман болуды талап етеді . Сондай-ақ  қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін, әсіресе, мемлекеттік тілді жақсы білу керек.

        Қазақстан халқына «2030 үндеуінде», Президент Н.Ә. Назарбаев қазіргі мектептер оқушылардың тек жалпы білім алу дайындық деңгейін қамтамасыз етіп қоймай, орыс, қазақ, ағылшын тілдерін меңгеру жастар үшін қалыпты үйреніс болу жағдайына айналу керектігіне назар аударады. Қазіргі таңда қойылған міндеттердің орындалуы мемлекеттік тілді үйретудің әрі қарай жетілдіруін талап етеді. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың басты мақсаттары-оқушылардың ақыл-ой қабілеттерінің деңгейін өсіру, сөйлеу мәдениетін дамыту және сауатты жазуға қалыптастыру. Ертең ол азамат өз халқының рухани байлығын өзгеге тіл арқылы танытады.

      Педагогикалық технологияның мәні жайлы соңғы онжылдықта белгілі болып келген көптеген анықтамалар бар:

-     Педагогикалық технология оқу процесін іске асырудың мағыналы технологиясы (В.П. Беспалько)

-     Педагогикалық технология-оқытудың жоспарлы нәтижесі процесін суреттеу (И.П.Волков)

-     Педагогикалық технология-педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдердің жүйелі жиынтығы мен ретінде жұмыс істеу (М.В. Кларин) 

       Жаңа оқу үрдісінің әдістері мен түрлерін жетілдіруде жаңашыл-педагогтардың озық дидактикалық идеяларында «Нені оқыту?», «Қалай оқыту?», «Сапасы қандай?» деген сияқты мәселелерді шешуге бағытталған көптеген жаңаша жұмыстарын көруге болады:

В.Ф. Шаталов (тірек сигналдары), Р.Штейнердің (ерік таңдау идеясы), С.Н. Лысенкованың (оза оқыту), Ж.Караевтің (деңгейлеп, саралап оқыту) т.б.

      Мұндай педагогикалық технологиялардың жан-жақты тараған, оң нәтижесін танытып жатқан бірқатар түрлерін айтуға болады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ойын арқылы оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, өздігінен даму технологиясы, деңгейлеп, саралап оқыту, ынтымақтастық педагогикасы және т.б.

   Білім берудің әрбір сатысы жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Сондықтан да баланың жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, дамып жатқан оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану ең маңызды болып отыр.

Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшеклігі-өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс еңгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.

 

Дүниетаным қабілеті жоғары

Қазіргі оқушы

 
 

 

 


Дарынды  өнертапқыш                                                          Ізденімпаз, талантты

 


   

 

Өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс.

 

   Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқу үрдісінде осындай әдіспен оқыту үшін мұғалім алдымен өзі оқып біліп, зерттеп, тиімділігіне оқытып, өзінің шеберлігіне қарай таңдауы керек. Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде. Өйткені бір технологияның өзі мұғалімнің қолдану әдіс-тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады. Мен өзімнің ұзақ жылдарғы іс-тәжірибеме сүйене отырып сабағымда мына педагогикалық технологияларды қолданамын

    Д.В. Эльконин, В.В. Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы»

    Ж. Қараев «Деңгейлеп оқыту»

    И.Б. Первин «Топтық оқыту»

 Осы технологиялардың тиімділігіне тоқталар болсақ

1.            Дамыта оқыту-жеке тұлғаны жетілдіреді, оның дамуына бағыт беріп, олардың әуестік, белсенділік, адамгершілік, батылдық сияқты қасиеттерін қалыптастырады.

2.            Денгейлеп оқыту-мұғалімнің де, оқушының да белсенді шығармашылық қызметін дамытады. Оқушының сабаққа қызығушылығы артады, өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді, жеке қабілеті айқындалады, ойлау қабілеті дамиды, нақты өз деңгейінде бағаланады. Деңгейлеп оқытудың тиімділіг өте көп.

3.            Топтық оқыту-бірлесіп жұмыс істеуге, өз ойын дәләлдеуге, өз пікірін қосуға үйретеді. Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.

 

Бір технологияның  өзі әр орындаушыда әртүрлі сипатта болуы  мүмкін,өйткені  шебердің тұлғалық компетенттілігі,оқушылар контингенті,сыныптағы психологиялық ахуал,көңіл-күй әртүрлі  болуы мүмкін.Бір технологияны қолданғандағы әр  педагог алған нәтиже әртүрлі болғанымен,бір-бірімен ортақ технологияның сипатына сай белгілері болады.

Технология-алдын ала  жоспарлаған жүйені жүйелі іске асыруға бағытталған іс әрекеттердің барысы және оңың нәтижесіндегі көрсеткіші

Жоғарыда аталып кеткен педагогикалық технологиялардың рөлі осы өмірлік дағдыларды қазақ тілі сабағында қалыптастыруында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өмірлік дағды

 

 


Тілдер.

Коммуникативтік дағдылар.

 

 


Мемлекеттік тіл ретіндегі

Қазақ тілі

 

 


Өзі туралы                                                                            Мемлекеттік тіл туралы

 


    Бөлмесі туралы                                                             Отаны-Қазақстан туралы

 

        Жанұясы туралы                                                        Туған жері туралы

 


             Достары туралы                                     Қоршаған орта туралы

 

 


                                                    Айта алуы қажет

 


Сауатты оқу және сауатты жазу дағдысы

 

Лексика+грамматика

 

Баяндаманы ардагер ұстаз Әлия Дүйсенованың сөздерімен аяқтағым келеді.

Педагогтік шеберлік-дарынды талант емес, үйрену ізденудің нәтижесі әрбір мұғалімнің өзіне тән мінезі, ерекшелігі, ашуы, ақылы қабілеті бар. Сондықтан да әр мұғалімнің әдісі әр түрлі, бірдей болуы мүмкін де емес.

 «Бала жаны жасандылықты жаратпайды. Мұғалімнің шеберлігі жайында жазылған дайын рецепт жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты».-деп мұғалімнің өздігінен ізденіп еңбектенуі қажеттігін ескертеді./2.-468 б/

 

                                             Пайдалынылған әдебиеттер

 

1.                     Педагогика.Қазақстан Республикасы Алматы,2003

2.                     Ж. Әбиев, Педагогика тарихы. Алматы, 2006ж.

3.                     Н.Назарбаев, Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2005ж.

4.                     Бастауыш мектеп №2, 2007ж.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья"Применение новых технологий на уроках казахского языка"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 409 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 606
    • DOCX 50.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абилова Айгуль Накышпановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абилова Айгуль Накышпановна
    Абилова Айгуль Накышпановна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23178
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Экологическая безопасность в общехозяйственных системах управления для руководителей и специалистов

180 ч.

2490 руб. 1490 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Интернет-технологии и социальные сети как средство учебной коммуникации

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека