Инфоурок Другое Другие методич. материалыҰстаз – ұлы есім

Ұстаз – ұлы есім

Скачать материал

 

КММ «Майемер орта мектебі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өзін-өзі  басқару күні» ұстаздар мерекесіне арналған  ««Ұстаз – ұлы есім» - атты мерекелік  жиынның бағдарламасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

 «Өзін-өзі  басқару күні» ұстаздар мерекесіне арналған  «Ұстаз – ұлы есім» - атты мерекелік  жиынның бағдарламасы.

 

Мақсаты:  Оқушыларды өздігінен жұмыс  жүргізе  білуге  машықтандыру   және   келешек  өмірлерінде әр  нәрсеге  жауапкершілікпен  қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен  ұстаздарына  деген  құрметтерін білдіруге , ұстаз еңбегін бағалай  білуге  тәрбиелеу.

 

Безендендіру: Шарлар, тақырыптық плакат, гүл, құттықтау плакаты, ұлағатты сөздер.

І кезең:

1. Таңертеңгі  жиын

1.2. Сынып жетекшілер мен  пән мұғалімдердің тізімін оқып, сабақ кестесі мен  қоңырау кестесін таныстырады.

ІІ  кезең:

2. ««Ұстаз – ұлы есім» -  атты  концерттік бағдарлама

 

ІІ кезең:

1- жүргізуші.

Армысыздар, бармысыздар,  Құрметті  де аяулы  ұстаздар! Қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші:

Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Ұстаз мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»…

1        - жүргізуші:

Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

2- жүргізуші:

Көңілдеріңізді  кірбін шалмасын, жүректеріңіз таза, мөлдір болсын. Арман- тілектеріңіз орындалып,  аспандарыңыз ашық, жұлдыздарыңыз жарық болсын. «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

1       - жүргізуші:

Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,

Ұстаздарға  арналсын тілегіңіз  - дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры Мамыров Жарас Қалиасқарұлына  беріледі.

 

Видеоролик.  Көрініс

 

1-Жүргізуші:  

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

 Алдарыңызда «Ұстазға мың алғыс» әнімен Ақылбаева Дана, қабыл алыңыздар!

 

2-жүргізуші.

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Бала десе ойламайды өз қамын

Керсем дейді күнге де кол созғанын

Шәкірттерін өзінен де озғанын.

 

1 - жүргізуші:

Көрініс:

Ағылышын сабағында болған жағдай.

География сабағынан көрініс.

Математика пәнінен үй тапсырмасын орындау.

«Қыз сыны» байқауынан кейін болған жағдай.

 

2- жүргізуші:

Өнерпаздар жарысып сан-саналы
           Жиын десе, той десе жан салады.
           Ұстаздардың мерекесі құрметіне
           Әуелеген әсем ән де жолданады.

Бердібекова Ділназдың орындауында  ӘН:  «Мектебім»

 

1 - жүргізуші:

Шәкірттерін азамат қып саналы,

Ұстаз ана, дана бола алады.

Ең бастысы ұстаз мына өмірде

Ұлағат боп, ұлылық боп қалады.

2- жүргізуші:

Назарларыңызға «Шын айтамын» айдарымен түсірілген видеролик ұсынамыз.

1- жүргізуші:

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек

 

Флешмоб  10-11 сынып оқушылары

 

2- жүргізуші:

Шәкіртіне «Өмір сырын ұға біл!»

Деген ұстаз – ұстасы ғой мұраның.
Құрметтеген бар адамзат баласы
Қастерлі есім, екінші ана – мұғалім.
Жүрек жарып шын көңілмен жырлаған
Тыңдаңыздар түлектердің  алғысын, - дей келе мектеп бітіріп кеткен түлектердің құттықтауларын қабыл алыңыздар.

 

1- жүргізуші:

Қадірлі ұстаздар! Жандарыңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап отырған түлектеріңіздің атынан «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар!  Орындайтын Ақонов Наурыз.

 

2- жүргізуші: Ұстаз! Ұстаздық – ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет қайым қызмет жоқ.

 

1-    жүргізуші:            Жақсы жандар жанымызда әрқашан

                                        Ұлағатты сөзін биік ұстаған

                                        Ардақты ұстаз асыл анаң секілді                                                  

                                        Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

2-    жүргізуші:

Ұстаздарды  құттықтауға оқушыларға сөз береміз.  

 

1 – жүргізуші: Күнде той бола бермес дәл осындай,

Күн сайын өркендейміз, өзгереміз,

Ұл-қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен

Ұстаздарға мың алғыс деп бас иеміз

 

2-жүргізуші: Көңілдің ақ тілегін қол етеміз,

Тілектермен ұлғайсын мерекеміз

Ұстаздарға жолдаймыз аппақ алғыс

Осымен аяқталды концертіміз.

 

1 – жүргізуші: Осымен «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Сіздерді тағы да ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұстаз – ұлы есім"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 887 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.10.2016 1230
    • DOCX 23.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садыкова Эльмира Хайрулловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садыкова Эльмира Хайрулловна
    Садыкова Эльмира Хайрулловна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15756
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции