Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Ұстаз мектептің жүрегі" сценарий

"Ұстаз мектептің жүрегі" сценарий

Скачать материал

Алматы облысы Кербұлақ ауданы

Беріктас орта мектебі

Беріктас орта мектебінде  өткізілген
мұғалімдер күні мерекесіне арналған
«Ұстаз  – мектептің жүрегі» атты мерекелік жиын

 

 

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының
қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.

1.      Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

2. Жүргізушілер шығады.

І- жүргізуші Құмар:  Армысыздар, бармысыздар!

ІІ – жүргізуші Лашын: Қош келдіңіздер,

ІІІ – жүргізуші Адиля: Құрметті де аяулы ұстаздар!

І- жүргізуші Құмар: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау ал
ар бар арман.

ІІ- жүргізуші Лашын: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы

ІІІ- жүргізуші Адиля:  Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның біріҰстаз.

І- жүргізуші Құмар: Дұрыс айтасың Адиля. Адиля, Лашын, үшеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

ІІ- жүргізуші Лашын: Ал ендеше баста.

Адиля: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

І- жүргізуші Құмар: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

ІІ- жүргізуші Лашын: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

ІІІ- жүргізуші Адиля: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

І- жүргізуші Құмар: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

ІІ- жүргізуші Лашын: Қыздар, үшеуіміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

Ортаға 1 сынып оқушылары шығады.

І- жүргізуші Адиля:  Құмар,ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
І- жүргізуші  Лашын: Иә, Адиля, ұстазұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлімтәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағытбағдар беруде еңбегі зор.
І жүргізуші  Құмар:

 Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
ІІ жүргізуші  Лашын :Адиля, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

Лашын: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

ІІІ жүргізуші Адиля:  Сен қалай ойлайсың, Құмар? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек

 БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

.І жүргізуші  Құмар:

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігін мерекелік құттықтау өзді мектеп басшысы Жақан Ноғайбайұлына береміз. Рахмет, ағай!
«Ұстазым» әні орындайтын 4 сынып оқушылары.
ІІ жүргізуші Лашын: Ал  келесі көрініске берлік  «Бал ашамын» орындайтындар 10 сынып оқушылары.
ІІІ үргізуші Адиля: Ұстаз!
Осы бір сөздің өзінде қаншама мәнмағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.


Құмар: : Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. (қонақтарды таныстырады)

1.      Шакира Сулейменовна

2.      Светлан Ивановна

3.      Мария Николаевна

4.      Майра Базиловна

Лашын: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?

Адиля: Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар. («Ұстазым» атты ән орындалып тұрады.)

ІІ жүргізуші Лашын: Иә, Адиля. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегіұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрібәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
ІІІ жүргізуші Адиля:  Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне ауылымыздың имамы Жұмағұл атамыздың  жылы лебізін тыңдасақ.
Рахмет, ата!
ІІ жүргізуші Лашын: «Аққу » бті  орындайтын  4 сынып оқушысы Көкенова Сабина.
І жүргізуші Құмар: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз дегенұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді ардагер ұстаздарымызға   береміз. Рахмет, сіздерге!
ІІІ жүргізуші Адиля:  Көрініс «  Бармысың бауырым» орындайтын 6 сынып оқушылары.
І жүргізуші Құмар:   «Мектепбілім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Лашын менің ойымша, кезкелген адам ұстаз бола алмайды.
ІІ жүргізуші Лашын:  Құмар, олай ойлауыңның себебі неде?
І жүргізуші Құмар:  Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кезкелген адамға қона бермейді.
ІІІ жүргізуші Адиля:  Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.Құмар, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

І жүргізуші Құмар: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді мектепішілік ата – аналар ұйымының төрағасы Бүбісіра апамызға  береміз.
Рахмет, апай!
ІІ жүргізуші Лашын:  «Шығыс» биі  орындайтындар  сынып оқушылары.
ІІІ жүргізуші Адиля:

 Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
ІІ жүргізуші Лашын:

Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
І жүргізуші Құмар: Лашын, ұстаздық етууақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямаудеген екен ғұлама ағаларымыз.
ІІ жүргізуші Лашын: Дұрыс айтасың, Құмар.
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
ІІІ жүргізуші Адиля : Олай болса ұстаздарымызға арналған құттықтау сөзді мектепішілік өзін - өзі басқару ұйымының президенті  10 сынып оқушысы Найманбаева Наргизге  береміз. Рахмет!
І жүргізуші Құмар : «Қорқыт» әні орындайтын Қағылез Дидаргүл 10 сынып оқушысы .
І- жүргізуші Лашын:

Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.

ІІІ жүргізуші Адиля: Ал қазір құрметті ұстаздар, сіздер үшін көңілді үзіліске қоңырау соғылады. Сіздерді көңілді байқауларға шақырамыз. Байқауға 2 топ қатысады. Ал енді әділ қазылар алқасын сайлауымыз керек. Олар:
- ең әділ және қатал оқушы
- ең әділ және қатал ата-ана
- ең әділ және қатал мұғалім
/Әділ қазылар алқасы сайланады/.

І жүргізуші Құмар:

1-байқау “Бұл не?”

Әр топтан бір адам қатысады. Шарты: Көзі жұмулы қалыпта заттарды қолымен ұстап, атын табу керек.

 

2-байқау “Тамаша мұғалім”

Топ мүшелері бір-бір парақтан алып, “тамаша мұғалімге” тән қасиеттерді жазады. 2 топтың жауабындағы ұқсастықтар бағаланады.

3-байқау “Бұл кім?”

Мұғалімдерге оқушылардың кішкентай кездеріндегі суреттері беріледі, Дұрыс жауап бағаланады.

4-байқау “Сенесіздер ме?”

2 топқа да бірдей сұрақтар беріледі:
1. Жапонияда оқушылар тақтаға түрлі-түсті сиямен жазады. /Ия/
2.Австралияда бір-ақ рет пайдалануға жарайтын тақталар қолданады екен. /Жоқ/
3. Автоқалам Ежелгі Египетте пайда болған /Ия/
4. Шарикті қаламды тек қана әскери ұшқыштар пайдаланған. /Ия/

ІІ жүргізуші Лашын: Сіздерге көп –көп рахмет. Ал, енді әділ қазылар алқасы жеңген топты атап жиберсеңіздер

ІІІ жүргізуші Адиля: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
– дей келе құрметті ұстаздар! Белгілі жазушы, ұстаз,
сықақшы Әдібай Табылды ағамыздың “Ұстаздық оңай ма?” атты скетчінің көрінісін қабыл алып, тамашалаңыздар!

Лашын: Амансыңдар ма, ардақты шәкірттерім менің?!
Шат-шадыман болып, Тәлтік келеді.
Аслан: Ассаламалайкум, ағай! Сәләмет саусыз ба? Денсаулығыңыз...
Лашын:Кел, айналайын! Әке-шешең аман ба? Қандай жаңалығың бар?
Аслан: Бәрі жақсы, ағай... Мен өзіміздің мектепке мұғалім боп келдім.
Лашын:  Өз ауылыңа келгенің жақсы бопты. Келген қадамың құтты болсын!
Аслан: Ағай, осы... ауылға, атаға бөлу, меніңше, дұрыс емес...

Лашын: Мен ауылға, атағабөлейіндеп тұрған жоқпын. Өз ұстаздарыңның мұрагері болғаныңа қуанып тұрмын.
Аслан: Ағай, өзіңіз білесіз, мені бастауыш сыныпта республикаға белгілі Тәлім ағай тәрбиеледі емес пе?
Лашын: Білем...Білем... Тәрбиең жаман болған жоқ...
Аслан: Баста білім бар, диплом қалтада! Енді ұстаздық істің қызығын көрсек деп, салып-ұрып жүрміз, ағай.
Лашын: Сабыр ет, балам! Саған айтарым: сен шәкірттеріңнің алғашқы үш сынағынан мүдірмей өтсең, нағыз ұстаз боласың.
Аслан: Ха-ха-ха! Хи- хи- хи! Менен сынақ алатын кім олар, ағай?!
Лашын: Күлме, балам! Жеңіл күлкі жетесіздік болады. Сынақ...
Аслан: Ол қандай сынақ, ағай, айтыңызшы?!
Лашын: Сен алғашқы сабаққа барғанда, біріншіден, киген киімің шәкірттер жиіркенбейтіндей, үстіңе қонымды, бойыңа жарасымды болсын. Екіншіден шәкірттерің қандай сұрақ қойса да, оларды қақпаламай, қанағаттандыра жауап бер. Үшіншіден, олардың әуелгіде әдейі көрсеткен оқыс қылықтарына шыдап, сабырлылықпен тәлімді тәсіл қолдана біл...
Аслан: Ағай, амандық болса, бұл сынақтардан “қолпарақсыз -ақ” өтем!
Лашын: Егер ең алғаш жеңіл мінез көрсетсең, оқушылардың оғаш қылықтарының оты қаулап кетеді.
Аслан: Ха-ха-ха! Қойыңызшы, ағай... Олар, сонда, қандай қылық көрсетеді?! Ұлағатты ұстазын сыйлай алмаған шәкірт оңа ма?!
Лашын: Алғаш жеңіл мінезіңді байқап қалса, кластағы отыз оқушы, отыз түрлі қиқарлық көрсетуі мүмкін.
Аслан: Оқушыларды сонша сорақылыққа жібере қоймаспын, ағай...
Лашын: Шәкірттер шәлду-бәлду сөзді, шыдамсыздықты ұнатпай, шулап кетсе, ақылың таусылып, жүйкең құриды, масқара боласың.
Аслан: Хи-хи-хи! Бірден жүйкем құрып не бопты сонша!
Лашын: Сынып – сиқырлы драма орны. Онда кездейсоқ керемет оқиғалар болуы мүмкін.
Аслан: Сыныпта жібі түзу оқушылар да болатын шығар?! Тіпті...
Лашын: Сабақ үстінде сол “жібі түзу” оқушыларды таба біл де, солар арқылы әдепті әдіс қолданып, сабырлылық мінез көрсет.
Аслан: Мен, амандық болса, Тәлім ағайдың тәсілін қолданам.
Лашын: Ол қандай тәсіл еді?
Аслан: Сабақ үстінде қыңқ еткен оқушының басына сызғыштың жалпақ жағымен сарт еткізем. Ол менің сөзімді тырп етпей тыңдайтын болады. “Баланы бастан” деген емес пе атамыз?!
Лашын: Балаға кешірімді болу керек. Ұру – қылмыс, қорқыту – кінә!
Аслан: Ағай, сіз қызық екенсіз! Жетесіздер желігіп, кешірген сайын кесірленіп кетпей ма? “Әркім қорыққанның құлы”. Біз Тәлім ағайды қорыққанымыздан сыйлайтынбыз.
Лашын: “Кең болсаң, кем болмайсың”. Сабырлылық, салауаттылық, салтанаттылық – ұстаздық қасиет. Онсыз болмайды, балам.
Аслан: Ағай, балаға қатал болмасаңыз, ол қағынып кетеді. Ондай қағындылықты өз басымыздан да кешіргенбіз.
Лашын: “Қаталдық” дегенді қорқыту, ұрып-соғу деп түсінсең, қателесесің. Балаға қатаң талап қоя біліп, оның орындалуын ерінбей-жалықпай қадағалау керек... Қаталдық – сол.
Аслан: Мына сөзіңіз мишығыма қона бастады, ағай. Бұл – дұрыс.
Лашын: Дұрыс болса, солай. Оқытушы оқушылардың алдында ұлы бейнені орындап тұрған актер іспеттес болу керек.
Аслан: Ха-ха-ха! Ағай, мен бес жыл ұстаздық оқуды оқып келіп, енді балалардың алдында “әртіс” болуым керек пе?
Лашын: Күлкісі жоқ, балам! Ұстаз - әрі актер, әрі философ, әрі шәкіртінің ата-анасы, қамқоршысы, қадірлі жақыны.
Аслан: Мына сөздеріңіз ойыма орналаса бастады, ағай.
Лашын: Баланың алдында байыпты болу, оларды жақсы көріп, білім бере білу – нағыз ұстаздық, ұлылық қасиеттер.

Аслан : Бала қағынса, қабақ түймей, даурықса, дауыс көтермей, қалай шыдауға болады, ағай-ау?! Мынау бір қиямет екен...
Лашын: Ұстаз болу оңай емес! Қасиетін тауып, қадірлей білсең, бала қағынбайды, қайта абырой сақтап, ақыл жинайды.
Аслан: Енді түсіндім, ұстаз болу қиынның қиыны сияқты ғой... Мен қайтсем жақсы ұстаз бола аламын?!
Лашын: Ұстаздыққа ұстамдылық керек...
Аслан: Сол ұстамдылық қасиет менде жоқ па деп қорқа бастадым...
Лашын: Міне, енді ұстаздық әрекет басталды. Өз кемшілігін білген адам сол кемшілікті жоя да біледі.

Аслан: Қияметтей қиын жұмысқа шыдамым жетсе жақсы болар еді.

Қорытынды бөлім:

1-     Жүргізуші Құмар:

МҰҒАЛІМ
Даналықтың ұстаз боп жалғап ісін,
Еңбек еттің балауса арман үшін.
Сен-ертеңгі бәйтерек болашақтың
Бүгінгі күн тер төккен бағбанысың.
Таныдың да мінезін әр баланың,
Ұштай түстің ұл-қыздың арман-әнін.
Шәкіртіңнің болашақ биігінің
Іргетасын алдымен сен қаладың.
Парыз жүктеп қыз бенен сенімі ұлдың,
Армандарын ақ қанат сен ұғындың.
Мұңайса да,қамықса бала жаны,
Шипагері екен деп сені білдім.
Болмысыңмен осындай дараландың,
Асқақтығын ұқтырып балаға ардың.
Сен өйткені осынау мамандықты
Жүрегіңмен әу баста қалап алдың.

2-жүргізуші Лашын:
Болса кейде сабақ пен дәптерде мін,
Кейде ақталмай жатса да төккен терің.
Кешіріммен қарадың шәкіртіңе,
Жөн сілтедің,бірақ та жек көрмедің.
Ұстаз деген ұлық ат-сендегі есім,
Балғындардың бәрін де тең көресің.
Балалықпен күн сайын жүздесесің,
Тазалықпен бетпе-бет сен келесің.
Сәулесіне шомылып жүрек нұрдың,
Талай мәрте таңы атты түлек күннің.
Шығарып сап сапарға,сен солардың
Жақсы азамат болғанын тілеп тұрдың.

3-жүргізуші Адиля:
Соларменен өмір боп жалғанасың,
Сүйетұғын анадай бар баласын.
Саналарға мейірім мен жақсылықтың
Дәнін себер алдымен сен ғанасың.
Берсең әділ беріп ең бағасын да,
Түскен сайын шәкірт боп бала сынға.
Жүректерге тәліммен із қалдырып,
Сен мыңдардың жүресің санасында.
Жүзіңде боп мейірімнің нұры басым,
Бала жанын байыппен ұғынасың.
Ізгілікті өмірдің ортасында
Қарапайым боп жүрген ұлы жансың.

І жүргізуші Құмар: Құрметті ұстаздар, қонақтар!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз
– мектептің жүрегі» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І
,ІІ,ІІІ жүргізушілер: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көпкөп рахмет!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ұстаз мектептің жүрегі" сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 273 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2016 2839
    • DOCX 103 кбайт
    • 22 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кунафина Арай Касымхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кунафина Арай Касымхановна
    Кунафина Арай Касымхановна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31480
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой