Инфоурок Биология Другие методич. материалыСу - тіршілік көзі

Су - тіршілік көзі

Скачать материал

 Тақырыбы:  Су-тіршілік көзі.

 Мақсаты: Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.Үнемшілдікке тәрбиелеу.Қоршаған ортаны қорғауға ауаны,суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу.

        Логикалық ойлау қабілеттерін,анализ жасауға және салыстыра отырып қорытынды жасауға үйрету.

        Отан сүйгіштікке,қамқорлыққа және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

  Қызығушылықты ояту.

Табиғаттағы әр түрлі дыбыстарды тыңдатып оны ажырату.

1.Екі топқа бөліп, әр топ өздеріне табиғатқа сәйкес ат таңдап алу.

    Мағынаны тану.

 Екі топ су туралы өз ойларын топтастырып жазу.

  Мұғалім: Су- тіршілік көзі.Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетін төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол –мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су,қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда  ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді.Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су,  2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады.

 

Оқушы: Суға қай айдан бастап түскен дұрыс?

Мұғалім: Негізі суға маусым айынан бастап түскен жөн. Суға шомылатын жерді, тазалығын, тереңдігін тексерген жөн. Тамақ ішкеннен кейін, бірден шомылуға болмайды. Ұзақ шомылып, шаршап, тоңу да дұрыс емес. Кейбір балалар қоршау белгісі бар жерлерге мән бермейді. Суға түскенде ата-анаңнан, достарыңнан көз жазып қаламыз. Мұның соңы қайғылы оқиғаға алып келеді. Оқыс оқиға орын алғанда, 112 нөміріне қоңырау соғу керектігін баса айтқым келеді.

 Оқушы Көлге, шалшық суға шомылу қауіпті ме?

Мұғалім: Әрине, қауіпті. Түрлі аурулардың қоздырғыштары болады. Мысалы, ірі қара малдарда болатын іш сүзегі, сарып аурулары болады.

Оқушы: Суда жүзіп жүргенде, аяқ-қолымыз тартылып қалады. Мұндай жағдайдың алдын алуға бола ма?

Мұғалім: Суық суға шомылмау керек. Егер тырысу байқалса, жүзуді тоқтатып, арқамен шалқалай жатып, сабыр сақтаған жөн. Көп жағдайда балалар қатты қорқып кетеді. Жұдырықты ашып-жұмып, тарқату керек. Суда ұзақ шомылғанда, аяқ-қол тартылады.

Оқушы: Ал суық су қауіпті ме?

Мұғалім: Суық суға шо-мылу үшін адам әбден шыныққан болу керек. Шынықпаған адамдың ағзасына суық су өтетін болса, жарты сағаттың ішінде жағдайы күрт нашарлайды. Суық судан аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танып қалатын болады. Негізі су кешке қарай салқындайды.

Оқушы: Суға батқан адамға алғашқы көмек қалай жасалады?

Мұғалім: Мұндай сәтте адамға оттегі жетіспейді. Сол үшін дер кезінде қолдан демалдыру керек. Судан шыққан адамның киімін беліне дейін шешіп, тыныс алу жолдарын, асқазанды судан босатамыз. Ол үшін тізеге отырғызып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып, басу керек. Аузын шай қасықпен немесе жалпақ темір затпен ашу қажет.Сосын ауыздан-ауызға немесе ауыздан мұрынға ауа үрлейміз. Бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды мойнының астына жіберіп, екінші қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайтамыз. Бас бармақпен және сұқ саусақпен мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 рет дем салу керек. Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

   Сергіту сәті.

Теңіз толқиды –бір!

Теңіз толқиды –екі!

Теңіз толқиды –үш!

Теңіз адамы, тыныштал!

 

2.Су туралы мақал-мәтелдер айту.

1.Сусыз тіршілік жоқ.

2.Жер –қазына,

   Су-алтын.

3.Бұлақ көрсең көзін аш.

4.Сулы жер-нулы жер.

5.Тамшыдан теңіз құралады.

6.Жаңбыр жауса-жер ырысы,

   Батыр туса –ел ырысы.

7.Тіршілік көзі –су.

 

3.Су туралы жұмбақтар жасыру.

1.Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен. ( Су )

 2.Еш тесікте тұрмайды,

Ол жоқта жер құрғайды.

Бұл не?  ( Су )

 3.Өзі көк  көлеңкесі жоқ. ( Көл )

 4.Көп бытыра қорғасын,

Көбейткен жердің олжасын. ( Жаңбыр )

 

4. Тыйым  сөздер.

1. Отқа су құйма.

2.Суын ішкен құдыққа түкірме.

3.Судың бетін ашық қалдырма.

4.Түнде суға түспе.

5.Түнде суға барма.

Оқушылар өздері дайындаған тыйым сөздерін рет-ретімен айтады.

 

 Балалар, біз күнделікті тамақта қолданылатын картопта 80 пайыз, алмада85 пайыз, сәбізде 90 пайыз, балықта 75 пайыз, қиярда 95 пайыз су болады екен.

      Адам табиғаттан суды таза күйінде алады, ластанған күйде қайтарады. Өзен мен көлдерге ,зауыт,фабрика, тұрғын үйжайлардан сарқынды сулар құйылады. Одан өзен мен көлдегі балық пен басқа жәндіктері қырылып қалады, тіпті адамның өзі де шомылуға қауіпті.Тұщы су жер бетінде аз, ал біз оны ластаймыз.

           Сондықтан біздің елімізде су қоймаларды қорғау туралы арнайы заң бар.Онда қолданылған су өзен мен көлдерге ағызыларда міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы тиіс делінген. Суды арнайы қондырғылар арқылы тазартылады. Өзен мен көл сулары таза болуы үшін оны қоқыстаран тазартуы керек.Күл-қоқысты тастауға болмайды.

         Суды үнемдеп қолдану да суды қорғауға жатады. Атам қазақ айтпақшы, «Судың да сұрауы бар» деп тегін айтылмаған осыдан болар.

 

Көрініс:  «Таза бұлақ» ( Ыбырай Алтынсарин)

        

                                    Өлеңдер

Су деген –тіршіліктің наны емес пе?

Су деген –табиғатың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе? !

 

Судың пайдасы :

Сусыз тіршілік жоқ.

 

Судың зияны:

Су мен өрт тілсіз жау.

 

Ой толғаныс:

Екі топ осы тәрбие сағатынан не түсінді соны топтап жазып шығады.Оны топ атынан қорғайды. Өздері Су туралы  шағын эссе жазады.

 

Қорытынды:

Сусыз тіршілік жоқ.                                                                                                                                                                     Адам тамақ ішпей айдан астам өмір сүре алады, ал сусыз үш күнге шыдай алмайды.Су барлық өсімдіктермен жануарлардың ағзасының құрамына кіреді Адамның тамағына және ішуіне 2-3 литр су қажет.Мына  өлең жолдарын барлығымыз хормен айтайық

 

Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған!
Сен – күнсің!
Көтерілген күліп қырдан .
Сен – көлсің! Сен – орман!
Сен – бұлақсың!
Адамды сұлулыққа құнықтырған!
Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда !

 

 

http://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=31778dfb6a0a864833666cebf3542a0e&n=24http://www.karatobe-bko.gov.kz/images/14033171e0c.jpg

 

 

 

 

 

 

 

                              Ембі қалалық  №7 орта  мектебі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жарқын болашақ»

          Дарынды балаларға арналған жазғы  демалыс  лагері.

 

 

Тақырыбы:     Су-тіршілік көзі.

Өткізген:      тәрбиеші Тогимбаева Б.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        2015-2016 жыл.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Су - тіршілік көзі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 943 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2016 10045
    • DOCX 49.5 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тогимбаева Бибигуль Жаксылыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19719
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов биологии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 216 человек

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта «Точки роста»: преподавание генетики на углублённом уровне ООО и СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе