2 «А» сынып: Пән: қазақ тілі Күні:
Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті
Мақсаты:
1.Танысу, өтінуге байланысты сөздерді пайдалана білуге
үйрету.
2. Әдептілік, ізеттілік туралы берілген білімді
кеңейту.
3. Оқушыларды
үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, дөрекі сөздер айтпауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: мақал, ребус, сөздер.
Сабақ барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу; Түгелдеу;
II. Кіріспе - қызығушылық кезеңі Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз, Кішіге
де сіз,
Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз!
III. Үй тапсырмасын сұрау Сұрақтармен жұмыс.
IV. Жаңа
сабақКіріспе:
Өткенді қайталап, еске түсіру
- Балалар, сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
- Сөйлеу мәдениеті деп - қазақ тілін дұрыс және
орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзі дұрыс,
орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның
қаншалықты мәдениетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.
Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі.
9-жаттығу
Сәлемдесу
үлгілерін оқу.
10-жаттығу
Мәтінді
мәнерлеп оқы.
Сұрақтарға
жауап бер:
Мәтінге
ат қой.
11-жаттығу
Әдептілікке
байланысты қандай сөздер білесің? Оларды сөйлеу кезінде пайдаланасың ба?
4-жаттығу
Қоштасу
үшін қандай сөздерді пайдалануға болады?
Үлгі:
Сау болыңыз, көріскенше, т.б.
Сергіту
сәті.
5-жаттығу
Сұхбатты
рөлге бөліп оқы.
6-жаттығу
Танысу
сұхбатын толықтыр.
V.
Қорытынды - рефлексия кезеңі.
Топтық жұмыс.
Ойынның аты: «Тез ойла, сөз ойла».
Шарты: 3 қатарға бүгінгі тақырып төңірегінде 3
сөз беріледі.
1 - топ - сыйластық.
2 топ - кішіпейілділік.
3 топ - инабаттылық
Сөздерін пайдалана отырып, оқушылар қысқа уақыт
ішінде сөз ойлап табуы тиіс. Қай топ бірінші көп сөз тапса, сол топ жеңімпаз
атанады.
Сыйластық: сыйла, тас, ас, тал, сыйлы....
Кішіпейілділдік: кіші, ішік, пейіл, іл, іш...
Инабаттылық: ана, ат, Инабат, ит, балық...
Қортындылау.
Бүгін біз не үйрендік?
БағалауҮй жұмысы: 12-жаттығу. 7-бет
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.