Инфоурок Другое СтатьиТақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – білімнің ірге тасын қалаған"

Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – білімнің ірге тасын қалаған"

Скачать материал

«Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің №1 орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:
«Ыбырай Алтынсарин – білімнің ірге тасын қалаған»
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ыбырай Алтынсаринге 175 жыл

 

 

 

 

                             

                 

   

 

Дайындаған:  Қабылдина Мақпал

                                              Досымбайқызы

 

 

 

 

Таран ауылы, 2016 жыл

 

 

Мазмұны

Кіріспе.

1.   Ұлы ағартушының өмір жолы.

Негізгі бөлім:

1.  Ыбырай Алтынсаринның ең алғаш мектеп ашуы.

1.1.  Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары.

1.2.          Ыбырай Алтынсарин және ұлттың мектептері.

2.   Ағартушының педагогикалық қызметі.

2.1.          Ыбырай балалар әдебиетінің атасы.

2.2.          Ағартушының қоғамдық - саяси қызметі

Қорытынды:

Пайдаланған әдебиеттер:

 

 

Жұмыстың өзектілігі:  Ыбырай Алтынсариннің қазақ балаларының оқуға деген көз қарасын оятып, ұлттық сана сезімдерінің ашылуына зор үлесін қосуы.

 

Мақсаты:  Халқымыздың  ұлт мақтанышы, ағартушы, тұңғыш педагог, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсарин туралы өскелең ұрпаққа кеңінен көрсету, жеткізу.

 

Міндеттері: 

 

1.     Тақырып туралы кеңінен ашу,

2.     Қазақ балаларының көздері ашық, көкіректерін ояту.

3.     Тақырыптың өзектілігін көрсету,

 

          Жұмыстың зерттелу дәрежесі:  Қазақ халқына Ыбырай Алтынсарин үлкен үлес қосты.  Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай жасаған оқулық ең алдымен, орыстың қала берді Европа оқымыстыларының педагогикалық  көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс – тәсілдеріне негізделіп жасалады. Ыбырай қазақ жерінде алғаш мектебін ашқан. Бұл қыздар мектебі Ырғыздағы қыздар мектеп – интернаты деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

                            

                                                            Ыбырай Алтынсарин -

қазақ мәдениетінің  зор қайраткері.

Мұхтар Әуезов

              Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20 - сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш - төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы - оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс - қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата - анасын асырауы. Балғожа бұл ойын Орынборда оқып жүрген жасөспірім Ыбырайға жолдаған өлең - хатында былайша білдірген:

                                 Үміт еткен көзімнің нұры - балам,

                                 Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам.

                                 Атаң мұнда анаңмен есен - аман,

                                 Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

                                 Атаңды сағындым деп асығарсың,

                                 Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.

                                 Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің,

                                 Қолыңа құрық алып кетер едің.

                                 Тентіреп екі ауылдың арасында

                                 Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!

Әлгі мектеп ақыры 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ баласының бірі - тоғыз жасар Ыбырай болады. Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ даласына беймәлім жаңалықтардан хабардар болып, ой - өрісі кеңейген зерделі бозбаланың екі жылдай елде болуы - қазақ қоғамының жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуіне мүмкіндік береді. 1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі - Орынбордағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В.В.Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтың кітапханасынан орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы - педагогтерінің еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік

2

басылымдарды оқып тұрған. Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды.

       1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады. Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8 - і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім", - деп жазады, ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді. Ыбырай мәдениет пен білім жолына халқының өте ынталы екенін жақсы ұғады. Бұл оны жігерлендіре түседі. "Қазақтар мені құшағын жая қарсы алды. Мектепке балаларын беруге ынталы адамдар толып жатыр", - деп жазады ол бір хатында. Ыбырай Н.И.Ильминскийге жазған әлгі хатында тағы да былай дейді: "Қазақ даласын үш жылдай аралаған Сіздің қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған халық дейтініңізге мен сенемін. Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз". Туған халқы туралы мұндай ой Ыбырайдың демократтық көзқарасына негіз болды және оны сеніммен жұмыс істеуге шабыттандырды. Сонымен бірге Ыбырай ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздікті де көре білді. Әкімдердің зорлықшыл сорақы қылықтарын сынға алды. Олардан қарапайым халықты корғады. "Қызмет бабында мен қазақтармен жиі - жиі ұстасып қаламын, - деп жазды ол 1864 жылы Ильминскийге, олардың ішінде менің өз туысқандарым да бар. Олардың сырын жақсы білемін, көбін тіпті жек көремін, қазақ арасындағы қызмет адамдарын да көңілім тіпті сүймейді. Олар кедей қазақтарды - қарсылық көрсете алмай, қаскырдың аузында жем болатын қорғансыз момындарды - адамшылықтың шегінен шыға, арсыздықпен тонайды, талайды. Соларды көргенде... өте қатты күйінемін... Осы елдің күшті жемқорларының бірі өздерінің істеп жүрген істерін менің жақтырмайтынымды біліп қалды... Сондықтан ол мені бұл арадан қуып жіберудің амалын істеп жүр". Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды. 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушы дарының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына

3

жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды. Ыбырай қазақ қыздарын оқытуісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет - салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы - оның ағартушылық аса зор еңбегі. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу -тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. "Халық мектептері үшін ең керектісі - мұғалім, - деп жазды ол. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды". Ыбырай туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді. 1883 жылы Торғай облысының әскери губернаторына жолдаған баяндамасында ол: "Қазақтарға – осы дарынды, ақыл - есі мол халыққа - кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру - қалай дегенмен де аса қажет болып отыр", - деп жазды. Осы жолда Ыбырай көп қиыншылықтар да кездестірді. Ел ішіндегі ескішілдік, парақорлық пен өсек - аяң оның жанын күйзелтті. "Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі бар жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру керек" деп санады. Мәдениетті де талантты педагог - жазушы әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған. Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен, - деп жазды. Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, - біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім". "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме - новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық - ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:

4

                                            Оқысаңдар, балалар,

                                            Шамнан шырақ жағылар.

                                            Тілегенің алдыңнан

                                            Іздемей-ақ табылар.

                                            Кел, балалар, оқылық!

                                            Оқығанды көңілге

                                            Ықыласпен тоқылық!

Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады.

                                 Мал, дәулеттің байлығы -

                                 Бір жұтасаң, жоқ болар.

                                 Оқымыстың байлығы -

                                 Күннен күнге көп болар,

                                 Еш жұтамақ жоқ болар.

      Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым - білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық - білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Ыбырай "Өнер - білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы - қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.

                                 Өнер - білім бар жұрттар

                                 Тастан сарай салғызды.

                                 Айшылық алыс жерлерден

                                 Көзіңді ашып, жұмғанша,

                                 Жылдам хабар алғызды.

                                 ...Отынсыз тамақ пісірді,

                                 Сусыздан сусын ішірді.

                                 Теңізде жүзді балықтай,

                                 Дүниені кезді жалықпай.

Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып - жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі - жастар деп ұқты.

                                 Біз надан боп өсірдік,

                                 Иектегі сақалды.

                                 "Өнер – жігіт көркі" деп,

                                 Ескермедік мақалды.

                                 Біз болмасақ, сіз барсыз,

                                 Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды! - деп, жеткіншек ұрпаққа сенім артады.

5

Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті. Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері - туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой - сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.

                                 Таулардан өзен ағып сарқыраған,

                                 Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

                                 Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,

                                 Аралап тау мен тасты арқыраған.

                                 Көңілің суын ішсең, ашылады,

                                 Денеңде бар дертіңді қашырады.

                                 Өксіген оттай жанып жануарлар ,

                                 Өзеннен рақат тауып, басылады.

Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі суреттеген. Бүкіл тіршіліктің "өзеннен рақат тауып" жатқанын нақты сипаттау оқырман көңіліне жағымды сезім ұялатады. "Жаз" өлеңінде көктемгі табиғаттың келісті суреттері бар. "Ұшпақтың күн сәулесі жерге түсіп", "Аспаннан рақымменен күн төнгенде", "Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі", "Кеш болса, күн қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып", тағы басқа суреттер мен бейнелі сөздер Ыбырайдың табиғат көріністерін сезінуінің тереңдігін, суреткерлігін көрсетеді. Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен байланыста бейнелейді. Қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну, мал бакқан елдің қыстан қысылып шығып, жазда тынысының кеңуі, қуаныш - шаттығы көңілді әсерге бөлейді.

                                 Бір малы шаруаның екеу болып,

                                 Қыстаудан ауыл көшер алуан-алуан.

                                 Күлісіп, құшақтасар, әзіл етер,

                                 Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған.

                                 Жүгіріп киік, құлан тау мен қырда,

                                 Қуанып ықыласпен келген жылға...

                                 Алыстан мұнарланған сағымдары

 

6

Шақырып, тұрар күліп: "Кел, - деп, - мұнда..." Бұл өлеңдер арқылы Ыбырай қазақтың жазба әдебиетінде табиғат лирикасын бастады. Оны кейін Абай әлемдік поэзияның биік деңгейіне жеткізді: Еңбекті сүю және қадірлеу - Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. "Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сенде еңбек ет, босқа жатпа", - дейді. "Атымтай жомарт" әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. "Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады", - дейді ол. "Әке мен бала" әңгімесінде мынадай бір жай сөз болады. "Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған бір ескі тағаны көріп, баласына айтты: "Анау тағаны, балам, ала жүр", - деп. Бала әкесіне: "Сынып қалған ескі тағаны не қылайын", - деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі кайырылып, тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір - бірлеп алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып: "Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың", - деді. Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде аз кездеспейді. Бұл – жақсы әдет емес. Сондықтан балалардың бойкүйез, жалқау болмауына, еңбекқор болуына Ыбырай ерекше мән берген. "Бай баласы мен жарлы баласы" атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген коғамдық, таптық көзкарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу аркылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді. Жазушының шығармаға жасы құрбы екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да оның идеясынан айқын көрінеді. Жарлы баласы Үсен - тұрмыстың ауыртпалығын көре жүріп, ысылған еңбек адамы. Ауылдары көшіп кетіп, жұртта қалған екі баланың далада тамақ тауып жеуіне, ауылдың калай қарай көшкенін аңғаруына, түнде далада түнегенде ит - құстан сақтануына Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқұмарлығы себеп болады. Ал бай баласы Асан –

7

өмір үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен күн көріп, бейқам болып өскен бай баласының басына күн туғандағы дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы келешек Үсендер жағында екенін аңғартады. Сөйтіп, жастарға өмірден еш нәрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа төзімді, өнерге бейім, еңбек сүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздады. "Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. "Мына ағаш неліктен тіп - тік, ана біреуі неліктен кисық біткен"? - деп сұрады баласы. "Ата - анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып, бағусыз өсерсің. Мынау ағаш – бағусыз өз қалпымен ескен", - деді атасы. "Олай болса, бағу -қағуда көп мағына бар екен ғой", - деді баласы. "Бағу - қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің", - деді. Ыбырай "Бақша ағаштары" атты әңгімесінде осылай деп жазды. Яғни тәрбиенің үлкен рөл атқаратынын көрсеткен. Соның бірі - талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы алға баспаған болар еді. "Талапты ерге нұр жауар" деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастық шақ - жігер - қайраттың мол кезі, бойдағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Талаптан да, өмірден керегіңді ал. "Талаптың пайдасы" деген әңгімесінде Ыбырай сол идеяны көтереді. I Петр патша шіркеуге барып ғибадат етіп тұрғанда, арт жақта бір баланың сурет салып тұрғанын көріп, қасына келіп, не салып жатқанын сұрағанда бала: "Сіздің суретіңізді салып жатырмын!"- дейді. Петр суретті көрсе, мәз еш нәрсесі жоқ екен. Бірақ ақылды Петр патша ол баланың суретке талабы бар екенің аңғарып, сурет салатын оқуға бергізеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады. азушының бұл арадағы көздегені - жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қолы жеткенін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу. Мейірімділік баланың отбасына деген махаббатынан басталады. Әркім алдымен өз ата - анасын, туғандарын жақсы көреді, сыйлайды. Ыбырай ата - ана мен бала арасындағы осындай жылы қарым -  қатынасқа ерекше мән береді. "Мейірімді бала" әңгімесінде 13 жасар қыздың әкесінің орнына, өз қолын кесуді сұрағанын жазады. Қыз: "Тақсыр, жұмыс істеп, бала - шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз", – дейді. Жазушы "Аурудан аяған күштірек” деген әңгімесінде аяғы сынған Сейіт деген бала, ауруы қанша батса да, анасын қиналтпау үшін қабақ шытпағандығы айтылады. "Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжем де қиналып, жыламасын деп жатырмын", - дейді ол. Алғашқы әңгімедегі қыз да, соңғы әңгімедегі Сейіт те шын мәніндегі мейірімді қылықтарымен ерекшеленеді, мұның негізінде жалпы адамды сүйетін жақсы сезімдер жатыр. Ыбырай Алтынсарин - қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып - өскен жері Қостанай облысының, Қостанай ауданы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. 1850 жылы  Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті

8

бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857 - 1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық - педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.Ұстаздық - ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал - губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868 - 1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876 - 1879) қызметін атқарады.Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу - ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір - бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Омскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл - шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп - интернат аштыруының тарихи мән - маңызы зор болды.Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным - түсінігіне лайықты оқу - әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс - қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды.Ыбырайдің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. Ыбырай - жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер - білім, техниканы игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей - ақ табылар»). Автор оқу - білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың

9

ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі - Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды өнер - білім, техниканы игеруге үндеу ақынның «Өнер - білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап - тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер - білімді батыл игеруге шақырады («Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»).Ыбырай сондай - ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкімет 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен Ыбырайдың туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді. Арқалық қаласында Ыбырай мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Ыбырайға күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда Ыбырай атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың, тағы басқа бар.Ыбырай оқу - ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке - тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.Тек қана оқу - ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық - саяси өмірге сергек араласып, ғылым - білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір - түкпірінде кездеседі.

      Мектеп ғимаратының құрылысы 1882 жылы басталды, ал 1884 жылы Троицк орыс - қазақ мектебі жаңа тас ғимаратқа көшіріліп, «Қостанай екі сыныптық орыс - қазақ училищесі» деп атала басталды. Жабылу шегінде тұрған мектептің жаңа ғимаратқа көшірілуі - Ыбырай Алтынсаринның тікелей еңбегі.1884 жылы Ыбырай Алтынсарин құрған Қостанай екі сыныптық орыс - қазақ училищесі

 

 

 

 

10

«Ыбырай Алтынсарин мектептің ашылуындағы» диорамасы

Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогикалық қызметінде оқушылардың тәрбие мәселесіне ғана емес, еңбек білімінің мәселелеріне де үлкен назар аударып отырған, сондықтан ол Торғайда қолөнер училищесін ашты, кейін ол Яковлев училищесі деп аталды. Мектептерді ашпас бұрын Алтынсарин елді мекендердің аумақтық орналасуын, халықтың жиілігін алдын-ала зерттеп отырды, содан кейін ғана мектептерді ашуға кірісті.

Қазақстан жерінде әйелдерді оқыту ісінің басталуы да Алтынсаринның есімімен байланысты. Бұл маңызды бастаманы іске асыру кезінде де ол патша өкіметі тарапынан жасалған кедергілерге тап болды. Ырғызда қазақ қыздарына арналған интернаты бар арнайы мектеп ашылғанда оның қуанышында шек болған жоқ.Уездік, болыстық, ауыл мектептерінің ашылуымен бірге Алтынсариннің басты еңбектерінің бірі - 1883 жылы Орск қаласында тұңғыш қазақ Мұғалімдер мектебінің ашылуы. Онда қазақ мектептері үшін мұғалімдер даярланды.

1887 жылы 10 желтоқсанда көрнекті ұстаз Қостанай уезінде Обаған бір сыныптық болыс мектебінде жеке алғашқы сабақтарын берді.

 

8444c88b64e6759ec452cfa5e63b61d7.jpg

 

 

 

11

Обағандағы болыстық мектеп
Бұл мектеп кейіннен орыс
- қазақ училищесі болып өзгертілді және 1940 жылы 7 шілдеде 2 курс құрамымен Меңдіқара қазақ педагогикалық училищесі ашылды. 1949 жылы училищеге қазақ халқының ұлы перзенті, оның негізін қалаушы - Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді. 25 жыл өткеннен соң училище Рудный қаласына көшірілді, ал 1992 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі болып ауыстырды.

326eab937ae415a965d0bf3d12d3ca87.jpg

Алтынсарин өз отбасымен бірге, 1889 жыл.

Алтынсарин жастардың, бүкіл қазақ халқының сүйікті адамы болды. «Біз, яғни көшпенділер үшін Ы.Алтынсаринның өзі де және оның шығармалары да өте қымбат. Мұны Ресейдің алғашқы зайырлы әдебиетінің маңызын білетіндер түсіне алады. Біз Алтынсаринның тұлғасынан бүкіл халықтың рухы, ойы, пейілі, мінезі және түм өмірінің бейнесіне айналған қаһарманды көруге дайынбыз». Ыбырай Алтынсаринның тағдыры - одан кейін өмір сүргендер мен сүріп жатқандар үшін өнегелі мысал болады.

 

 

 

12

    Білімін өзі жүйелі жетілдірудің нәтижесінде ол өз заманының аса білімді азаматы болды. Орыс педагогика ғылымының тарихы мен өз тұсындағы жағдайын терең зерттеп білу оны қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы етіп қалыптастырды. Ы. Алтынсарин орыс - қазақ мектептерінің оқу - шыларына арнап екі оқу құралын: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» мен «Қырғыздарга (қазақтарга) орыс тілін уйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты. Ол қазақ балалары үшін зайырлы мектептер ашуды армандады. 1860 жылы облыстық басқарма оған Торғай қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзі сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындалды. Ағартушылық идеялары жігерлендірген ол ауыл - ауылды аралап, жергілікті халыққа білім алудың маңызы мен қажеттілігін түсіндіруге күш салды. Ондай

мектептер ашу үшін қаржы - қаражат жинауды қолға алды. Ондай ақшаның алғашқы үлесін Ы. Алтынсариннің өзі қосты. Осыдан бастап оның ағартушылық және педагогикалық қызметі басталды. 1864 жылы қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп салтанатты түрде ашылды. Үгіт жұмыстарының нәтижесінде оқуға 16 бала жазылды. Кейінірек бұл мектептердегі оқушылардың саны арта бастады. Халық ағартушысы жүргізген үгіт жұмыстары нәтижелі болды. Бұл ретте ол былай деп қуана жазды: «Аш қасқырдың қойға ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу кірістім және мені өте қанағаттандыратыны - бұл балалар әлдеқандай уш айдыц ішінде оқуды, тіпті жазуды үйреніп алды». 1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Оның еңбегінің арқасында білім беру саласы қазақ даласында кең орын алды. Атап айтқанда, облыстың барлық уездік қалаларында училищелер ашу қолға алынды. Ол осы мақсатпен Торғай облысының қазақ ауылдарын түгел аралап шықты. Халықтан қажетті қаржы жинастырды. Соның нәтижесінде Ырғыз, Николаев, Торғай және Елек уездерінде екі сыныптық орыс - қазақ училищелерін ашты. Оларды мұғалімдермен және оқушылармен толық қамтамасыз етті. Ол мектептердің жабдықталуына, олардың жанында шағын кітапханалар ұйымдастыруға ерекше күшті мән берді. Қазақстанда қыз балаларға білім берудің басталуы да Ы. Алтынсариннің есімімен байланысты. Аса көрнекті халық ағартушысының басшылығымен қыз балаларға арналған бірнеше мектеп ашылды. Ол мектептердің жанында интернаты болды. 1886 жылы мектеп-интернаттарда 211 қыз бала оқыды. Ы. Алтынсарин мектепті халық ағарту ісінің маңызды буыны санады. Қазақстанның тұңғыш мектептері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13

Қазақстанның тұңғыш мектептері

 

Сондай - ақ көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог, ғалым -этнограф, ақын, прозашы, қазақ жазба әдебиеті мен қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, орыс жазу таңбалары негізінде қазақ әліпбиін құрастырушы - Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылық қызметі қазақ халқының тарихындағы жарқын беттердің бірі болып табылады.1860 жылы Орынбор облыстық басқармасы Алтынсаринның үзбей жазған өтініштерін қанағаттандырып, қазақ балалары үшін бастауыш мектепті ашуға рұқсат берді. Шалғай қалада мектеп ашу қиын болды (қаражат, мектеп ғимараты және оқу құралдары болған жоқ). Облыстық басқарма мен жергілікті болыстар осы маңызды іске суық қарады. Патша өкіметінің өзі де халықтың сауатын ашуды, ағарту жұмыстарын жасауды мақсат етпеген еді, оған тек тілді

білетін іс жүргізушілер ғана керек болды. Алайда қиыншылықтар Алтынсаринге кедергі бола алмады. Оның үстіне, Ыбырай Алтынсарин 1861 жылы Торғай мектебіне мұғалім қызметіне атанған тұңғыш қазақ еді. Осы қуанышымен және өзінің ағартушылық идеяларымен рухы көтерілген Ыбырай Алтынсарин ауылдарды аралап, елге зайырлы білімнің маңыздылығын түсінідіріп отырды. Жергілікті тұрғындардан қаражат жинап, өзінің жеке жинақ ақшаларын салып, Алтынсарин мектеп ғимаратының құрылысына кірісті.

Құрылысқа дайындалған кезінде қамалдың комендантында аудармашы болып қызмет істеп жүріп, Алтынасарин ауылдардан балалар әкелді, өз үйінде оларды орыс тіліне оқытты.1864 жылы 8 қаңтарда мектептің салтанатты ашылуы өтті. Қазақ даласында оны «Қара шаңырақ», «Алғашқы қарлығаш» деп атады.

 

14

Ыбырай Алтынсарин өзінің алғашқы «Кел, балалар, оқылық!" атты өлеңін жазды. Бұл өлең досы Н. И. Ильминскийге арналған мұрағат хатында жазылған және осы күнге дейін сақталған.

8f758bb6a2458eccfed82f085cc1b8c8.jpg    

     Ол өз замандастары арасында ғалым - этнограф, көсемсөзші әрі ақын ретінде де кеңінен танылды. Ол Орыс географиялық қоғамы Орынбордағы бөлімінің толық мүшесі болды. Географиялық қоғамның тапсырмалары бойынша баяндамалар жасап түрды, қазақ халқының этнографиясы бойынша мақалалар жариялады. Атап айтқанда, Кіші жүз қазақтарының адамды жерлеу, ас беру, құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрі, ежелгі әдет - ғұрып зандары туралы зерттеу мақалалары жарық көрді. Ол өзінің жұмыстан қолы босаған кездерінің бәрін де ауыл арасында өткізді, туған халқының тарихы, фольклоры, шежіресі, әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі туралы материалдар жинастырды. Өзінің көзі тірісінде бірқатар ғылыми мақалалары журналдар мен газеттерде жарияланды. «Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы кезіндегі әдет - ғұрыптарының очеркі» атты еңбегінде үйлену тойларына байланысты толып жатқан әдет - ғұрыптарды тәптіштей суреттеді. Ы. Алтынсариннің әдеби мұрасы да едәуір елеулі. Ол И.А. Крыловтың мысалдарын, Л.H. Толстойдың әңгімелерін орыс тілінен қазақ тіліне аударумен қатар өзі де қысқа әдемі әңгімелер жазды. Ы.

Алтынсаринның қаламынан туған аудармалар, өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, этнографиялық очерктер мен ертегілер оқырман жүрегіне жол тапты. Оның шығармаларының тақырыбы да әр алуан. Ы. Алтынсаринді қазақ балалар

 

 

15

 

әдебиетінің негізін қалаушы деп айтуға болады. Ыбырай Алтынсарин тамаша ақын да еді. Оның «Азған елдің билері», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», «Ана» атты өлеңдерінің адамгершілік - ғибраттық сипаты басым. Ақынның бұл өлеңдерінен қазақ жастарының талай ұрпағы үлгі - өнеге алып, тәрбие көрді. «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңінің:
«Бір Құдайға сиынып,

 Кел, балалар, оқылық,

 Оқығанды көңілге
 Ыкыласпен тоқылық!
 Оқысаңыз, балалар,
 Шамнан шырақ жағылар.
 Тілегенің алдыңнан
 Іздемей - ақ табылар...» -
жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы өте зор.
Ы. Алтынсариннің шығармаларында қазақтардың өмірі шыншылдықпен бейнеленді. Оларда білімге, ғылымға деген құлшыныстың қажеттігі кеңінен насихатталды. Жастарды оқу - білімге шақыра отырып, ол өзге халықтардың мәдени өмірін, олардың ғылымда қол жеткізген табыстарын үлгі - өнеге ретінде мысалға келтірді.
      1868 жылы Ы. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасты. Содан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік судья міндеттерін қатар атқарды. Қызмет бабымен қазақ ауылдарында жиі болып тұрды. Өз халқының аса қажетті мүдделері неде екенін жақсы білді. Болыс басқарушылары мен ауыл старшындарының сайлауына қатысып жүрді. Ол сайлау кезінде дауысты сатып алудың, парақорлық пен қиянат жасаушылықтың орын алуына жол бермеуге тырысты. Бұған риза болмаған байлар оның үстінен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және одан әрі Ішкі істер министрлігіне шағым жасады. Оны 1868 жылғы «Уақытша ережеде» белгіленген сайлау тәртібін бұзды деп айыптады. Ы. Алтынсарин қарапайым халықтың қамын ойлады. Ол өзінің парасатты мінез-құлқы және барынша адалдығы, халық алдындағы атағы мен беделінің аркасында ақталып шықты. Ол өзінің халық алдында сөйлеген сөздерінде патша үкіметінің отаршыл аграрлық саясатын ашық сынады. Патша үкіметі шенеуніктерінің озбырлық іс-әрекеттерін, олардың жергілікті қолшоқпарларын айыптады. Мәселен, ол 1864 жылғы хатында былай деп жазды: «Қызмет бабы бойынша мен байлармен жиі қақтығысып қаламын. Маған жамандық ойлайтындар лауазымды адамдар арасында да бар. Олар қорғансыз кедейлерді арсыздықпен талап - тонауда...»
Ы. Алтынсарин патша өкіметінің жергілікті халыққа қысым жасайтын жүгенсіз саясатын айыптап отырды. Оған 1880 жылы «Оренбургский листок» газетінде жарияланған мақалалары айқын дәлел. Ол өз ғұмырының соңғы кезінде былай деп жазды: «Мен түбегейлі терең сеніммен туған халқыма шамамның келгенінше

пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын». Ы. Алтынсариннің үшан- теңіз еңбегі қазақ халқының экономикалық дамуына, білім

 

16

көкжиегінің кеңеюіне, рухани және мәдени гүлденуіне игі ықпал етті. Оның есімі халықтың есінде мәңгі сақталады. Бүгінде Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік білім академиясы Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталады. Еліміздегі педагогтар қауымының ең таңдаулы өкілдері жыл сайын Ы. Алтынсарин атты төсбелгімен марапатталады. Ағартушы ғалымның қүрметіне жыл сайын ғылыми конференциялар өткізіліп түрады. Мұғалімдердің Ыбырай Алтынсарин туралы жазған хаттарынан: «Марқұмның мен қазақ даласында болған кезімдегі бүкіл өмірі өзінің сүйікті халқына білім беру жолындағы ағартушылық қызметіне арналды. Ол халық өмірінің қалай бет бұрып бара жатқанын мұқият бақылап отырды және оны терең түсіне білді... Мұғалімдерге қатаң талаптар қойды, әрбір іске барынша ұқыпты қарауды талап етті, ол өз міндетіне жүрдім - бардым қарап, жұмысты шала-шарпы орындайтындарды қатаң жазалап отырды. Оқу ісін өзі қандай жанын сала жақсы көрсе, өз инспекциясына қарасты мұғалімдерден де тап соны талап етті. Ол өзінің шын жүректен шыққан тартымды әңгімелері арқылы мұғалімдерді оқу ісіне шын ниеттерімен құлшынып, адал еңбек етуге жұмылдыра білетін. Жұрттың көз алдында бізді соншалықты жоғары бағалайтын, өзгелерді мұғалімдерге ең адал ниетті азаматтар ретінде зор құрметпен әрі мақтанышпен қарауға мәжбүр етті. Ол әрдайым қасынан мұғалімдерді қалдырмай, өзімен бірге ертіп ала кететін, оларсыз сапарға сирек шығатын. Ол әсіресе жас қазақ мұғалімдеріне ерекше қамқорлықпен сүйсіне қарайтын... Оны мұғалімдер де жанындай жақсы көретін... Ол өзінің жеке өмірінде де өте сүйкімді, жомарт жүректі ақ көңіл адам болды. Онымен қашан болса да, қандай мәселемен болса да емін - еркін ашық сөйлесуге, ақыл - кеңес сұрауға мүмкін еді. Қашан болса да ақ көңіл адал ниетімен ақылын айтуға, тіпті нақты ісімен көмектесуге әрқашан әзір тұратын. Қазақ халқы да оны қатты құрметтейтін. Олай ететін толық жөні де бар еді: оның есігі келем деушілердің қай-қайсысына болса да әрқашан ашық тұратын. Ол өзінің ақыл - кеңесін берумен ғана шектелмей, қиын -қыстау кезде қиналып келген адамға өз қалтасынан ақша да беріп жіберетін, кейін оны көбінесе қайтарып ала да бермейтін. Орыс тұрғындары да оған қайырымды да әділетті адам ретінде сый-құрметпен қарайтын. Қостанайдың зиялы қауымы оны сағына күтетін. Өйткені ол көпшілікпен ортақ тіл табысып сөйлесетін, отырыстың сәнін кіргізетін, көңілді де сүйкімді әңгімелер айтатын...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


17

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақ әдебиеті, энциклопедиялық анықтама, Алматы 2005 жыл.

 

2.«Қостанай таңы», 27 мамыр 2009 жыл.

 

3.«Қазақ», 12 қазан 2000 жыл.

 

4.«Біздің торғай», 20 қаңтар 2008 жыл.

 

5.«Асыл қазына», 13 наурыз 2009 жыл.

 

6.«Торғай тынысы», 7 маусым 1991 жыл.

 

7. «Қазақ әдебиеті», 9 сынып «Мектеп» 2005 жыл.

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – білімнің ірге тасын қалаған""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 171 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.11.2016 11124
    • DOCX 1.3 мбайт
    • 72 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабылдина Макпал Досымбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кабылдина Макпал Досымбайқызы
    Кабылдина Макпал Досымбайқызы
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28516
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой