Инфоурок Другое Другие методич. материалыТақырыбы: Қыздар, қыздар, сұлу қыздар! (8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған тәрбие сағаты)

Тақырыбы: Қыздар, қыздар, сұлу қыздар! (8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған тәрбие сағаты)

Скачать материал

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Барақ батыр ауылы

Барақ батыр негізгі орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Жаксыбаева Сауле Маратовна

(8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған тәрбие сағаты)

Тақырыбы: Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!
Мақсаты: Сайыс барысында қыздарға әр қырларынан ашылуға мүмкіндік жасау, белсенділіктерін, өздеріне сенімділіктерін арттыру. Балалардың тілдерін, ойлау және шығармашылық  қабілетін дамыту. Қыздарды нәзіктікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Балаларды аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, сайыстарға қажетті заттар.
                                                     Барысы:
Мұғалім:
- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, бұл күні барылығымыз аналарымызды мерекелерімен құттықтауға асығамыз. Өйткені ана - біз үшін күн нұры, ана – біз үшін әлемдегі ең қымбат жан! Құрметті аналар, сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі «Қыздар, қыздар, сұлу қыздар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

І жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, халқым менің,

Алдымен сәлем беру – салтым менің.

Шығады көркем ару, сұлуларың,

Қарсы алып құрметтейік туған халқым.

 

ІІ жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді асыл халқым,

Арта берсін абырой, атақ-даңқың,

Қарсы алайық құрметтеп аруларды,

Ұстанған қазағымның ата салтын.

 

Қыздар келіп өз топтарына жайғасады.

 

ІІ жүргізуші:Әділдікпен әр сайысты бастайтын,

Туралықтан ешқашанда қашпайтын,-

Төрешілер алқасымен таныс болыңыздар:

 

ІІ жүргізуші:

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

(Таныстыру)

І жүргізуші:
Ұрпағымыз жаңа өмір, жаңа ғасыр,

Оттылық тектілік бар көзімізде.

Шешендік, көсемдік бар тілімізде,- деп кезекті «Мақал -сөздің мәйегі» сайысына береміз.

 Мақалдың жалғасын тап:

1-топ:

Жақсы қыз - жағадағы құндыз, ...        ....       ....

 

Қыз өссе елдің көркі  ...                   ....                        ...

 

Қыздың көзі      ...               ....          

2-топ:

Қыздың жолы     ....                    ......         

 

Шешесіне қарап қызын ал,   ....               ......                ......

 

Қыз - өріс,   ...                .....           

3-топ:

Қыздың қырық   ...            ...             

 

Шешесі отырып, ...   ... .

 

Қыз -құлыншақ, ...      ....      

ІІ жүргізуші:

Сырлары көп ғылымның,

Шешілмеген әлі де,

Тереңдігі білімнің,

Керек екен бәріне- деп Фариза апамыз айтқандай, енді аруларымызды «Білімдіге дүние жарық» атты сайысымызға шақырамыз.  1-топ:

Қазақ тілі:

1.     Зат есімнің ережесін айт.

2.     Балықшылар сөзін сөз құрамына талда.

3.     Жел соқты сөйлемінен бастауышты тауып бер.

Математика:

1.     8-дің көбейту кестесін айт.

2.     Тік төртбұрыштың ауданын қалай табады?

3.     9-дың квадраты нешеге тең?

Әдебиеттік оқу:

1.     «Баланың айласы» мәтінінің авторын ата.

2.     Абай атамыздың бір өлеңін жатқа айтып бер.

3.     Өлеңнің жалғасын айт:  Адамдық -борышың,

Халқыңа еңбек қыл.  ...    ... 

2-топ:

Қазақ тілі:

1.     Етістіктің ережесін айт:

2.     Орындықтар сөзін сөз құрамына талда.

3.     Арқа сөзінен туынды етістік жаса.

Математика:

1.     7-нің көбейту кестесін айт.

2.     Шаршы қандай фигура?

3.     2-нің кубы нешеге тең?

Әдебиеттік оқу:

1.     «Қайырымдылық» әңгімесінің басты кейіпкері кім?

2.     Ыбырай Атамыздың бір өлеңін жатқа айт.

3.     Өлеңнің жалғасын айт:  Кеңсің дала – Туған ана, ...               ... ...      

3-топ:

Қазақ тілі:

1.     Негізгі және туынды етістіктің ережесін айт.

2.     Оқушылар сөзін сөз құрамына талда.

3.     Сыз сөзінен туынды зат есім жаса.

Математика:

1.     9-дың көбейту кестесін айт.

2.     98 санын разрядтық қосылғыштарға жікте.

3.     6-ның квадраты нешеге тең?

Әдебиеттік оқу:

1.     Баласының тапқан еңбек ақысын әкесі отқа тастай салатын ертегі қай ертегі?

2.     І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңін жаиқа айт.

3.     Өлеңнің жалғасын айт:  Мәпелейсің мені, анам.

Қолыңдағы құсындай.  ...       ...  

І жүргізуші:

Түймем түсіп қалғанда,

Жалынбаймын жалғанда.

Ине, жіпті аламын,

Орнына әкеп тағамын – деп ендігі сайысты қолөнер сайысына береміз.

«Ойлан тап» сайысы. Топ басшылары ортаға шығып суреттегі затты сипаттап айтады, топ мүшелері оны табу керек.

 

ІІ жүргізуші:

Ал, халайық, ықыласпен демейік,

Арулардың сән үлгісін көрейік,

Сыры мен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.

Кезек сән үлгісінде.

 

Ата-аналармен ойын. «Аялы алақан»  әрбір ана өз баласын қолынан танып тауып алу керек.

Оқушылардың аналарға деген құттықтаулары. Сынып қыздарын құттықтау. Сайыстың қорытындысын шығару.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Қыздар, қыздар, сұлу қыздар! (8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған тәрбие сағаты)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.05.2016 3525
    • DOCX 19.7 кбайт
    • 50 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаксыбаева Сауле Маратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаксыбаева Сауле Маратовна
    Жаксыбаева Сауле Маратовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12263
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой