Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Тақырыбы: Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Тақырыбы: Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі

библиотека
материалов

Биология- география пәндерінің мұғалімі: Дуйсембаева Жанар Шакиржановна.

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Сарысай орта мектебі. Тақырыбы: Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі.

Бүгінгі заманғы  педагогикалық саладағы жаңалықтардың бірі – оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу болып табылады.

Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені баршамызға мәлім. Жаңа технологиялардың бірнеше түрлері бар. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана,біз ұстаздар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз.Қазіргі уақытта қолданыста жүрген 25-ке жуық оқыту технологиялары, 40-қа жуық сабақ түрлері бар. Бұл технологиялар өз ресурстарын тауысуға айналды. Бүгінгі таңда әлем жаңа тың серпілістер үстінде.Қазіргі кезде мектептің оқу үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.Мектептердің оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып,сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады.Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы –оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді.

Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту 4 бағытты қамтиды. Олар модульдік технология, рейтинг жүйе, дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс – тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне, қарап іріктеп қолданылады. Мұғалім өзіне тиімді, пайдалысын жетілдіре түседі. Демек берілетін білім де, тәрбиелік тәлім де шәкірттің шамасына үйлесімді, таным – түсінігіне сәйкес келсе ғана жүзеге асады. Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» – деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс – тәсілдері арқылы ерекшеленіп, оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың жүрегінен орын алады. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда тапсырмаларды тиімді қолдану керек. Тек қандай тапсырманы сабақтың қай сәтінде енгізу керек екенін мұғалім өзі шешеді. Сабақ барысында әртүрлі суреттер, сызбанұсқалар, карталар, тест, ойындар, деңгейлік тапсырмалар пайдалана отырып – қызықты сабақтар өткізу – оқушының белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі.
Қай ұстаз болмасын қазіргі күн талабына сай оқытудың ең тиімді жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, оны практикада қолдана білуге таным белсенділігін арттыруға тырысатыны анық.

Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы жаңа болмыстық мазмұнда өзгеріп, мұғалім – ұйымдастырушы, бағыттаушы, оқушы – ізденуші, белсенді болуы керек. Оқушының өз бетімен білім алуының бір түрі – шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы білім алу. География пәнінен оқушыларға өз бетімен жұмыстар орнату арқылы шығармашылықпен білім алуға қол жеткізуге болады.

Өзіндік жұмыстарда :

-Оқушының пәнге деген қызығуы артады;

-Оқушының шығармашылық қабілеті дамиды;

-Ізденушілік қабілеті артады;

-жауапкершілігі жоғарлайды;

-Ақпаратты бағдарлау біліктілігі қалыптасады;

-Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артады.

Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған.

География пәнінің басқа пәндерден ерекшелігі – мұнда оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әр түрлі суреттер, сызбанұсқалар, карталармен көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылады. Олардың пәнге қызығуын арттырудың бір жолы – сабақта жаңа білімді меңгертуде оқушалырдың өздерін белсенді қатыстысу. Сабақты жалықпай тыңдап көңілді отыруына, білім алуға ынталандыра түсуге жағдай жасау үшін сабақты түрлендіре, жаңа технологияларды пайдаланып өткізу қажет. Ол үшін мұғалім өз пәнін әр – түрлі әдіс – тәсілдермен өткізуге көңіл бөледі. Оқу нормативі вариативті болуы ықтимал, ол әр мұғалім өз әрекетінде мүмкіндігіне қарай сабақ үрдісінде түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануы қажет. Бұл жерде шығармашылық мүмкіндігінде шек жоқ, әр ұстаздың өзінің жеке қабілеті, оның жеке тұлға сапасы, өзінің әдістемесі өзінше болуы мүмкін. Бірақ жұмыс бағытында барлық мұғалімдердің жалпы бағдарлама бойынша берілген нормативті сақтауы қажет. Қазіргі жаңа педагогикалық технология географияны оқытуда Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде тірек – конспект, диаграмма, график, логикалық тірек – сызбасы қолданылады. Әсіресе, көп назар топтық және жеке оқушылармен жұмыс істеуге аударылады, бұл жерде жаңа технология жүйесінде мәнді ойындардың, семинар, дискуссия, баспасөз – конференциясы, лекция, сынақ, топ серуендері, практикалық жұмыстардың маңызы зор. Бұл сабақтарда оқушылардың әр түрлі проблемаларды, оларды шешу жолдарын іздестіруге мүмкіншілік туғызып, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға қызығушылығын арттырады. Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс – тәсілдің ара – жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады.
Дамыта оқыту. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту үрдісі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар. Бұл мәселені түбегейлі зерттеген көрнекті психолог Л.С. Выготский.
Бала дамуының екі аймағы болады.
1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым – қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс – әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интелектісінің көзін ашып шығармашылығын дамытады.
Модульдік технология. Бұл оқыту технологиясының негізі – оқушының танымдық белсенділігін, танымдық іс – әрекеттерінің әр түрлі іс – әрекеттерін (есту, көру, т.б) ойлау, зейін (назар) қабылдау әрекеттерін, ойын арқылы және сөздік байлықтарын дамыту. Енді бір пайдалы жағы – бірізділігі, жүйелілігі, дарынды оқушылармен жұмыс істеуге қолайлы. Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімдерден тұрады: кіріспе, сөйлеу, қорытынды. Жаңа технология жүйесіндегі мәнді ойындардың маңызы зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың әртүрлі проблемаларды, оларды шешу жолдарын іздестіруге мүмкіншілік туғызып, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады. Ересектердің қатынас құралы – тіл болса, балалардың қатынас құралы – ойын. Ойын сабағында әрбір оқушы жауапкершілікке ие болады. Алдағы мақсатқа жету үшін ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Ойын сабақтары өтілген материалды пысықтауда қолданылады.
Ойын технологиясының оқушылардың дамуы мен білім деңгейіне әсер етуінің 3 жағын айқындауға болады.
1. Танымдық (жады, елестету, зейін, қабылдау, ойлау).
2. Оқытуда ойын элементтерін пайдалану технологиясы (белсенді сөздер қорын дамыту)
3. Қажеттіліктерді өтеу (дайындық, қиындықтарды жеңу, өзін әлеуметтендіру, қауіпсіздендіру, қарым – қатынас, танымдық жетілу, сыйлау, шығармашылық).
«Баланы өздігінше ойлай білуге баулу қажет.
Өйткені ойлай білетін жан шын мағынасындағы адам» деген екен
М.Жұмабаев атамыз. Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану мұғалімнің жетістігі.

Қорыта келе айтарым, «Жаман мұғалім білімді өзі айтып хабарлайды, жариялайды, ал жақсы мұғалім күнделікті сабақта проблемалық ситуация жасап, оқушының өзіндік ізденісіне жол ашады» деп бекер айтпаған. Ал жақсы мұғалім болу үшін басты ұстаным – әдебиет. «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп Ушинский айтқандай, оқытудың жаңа технологиясын игеру үшін үздіксіз теориялық және әдістемелік білімін жетілдіріп отырған ұстаз, тиімді бағдарлама, сапалы күнтізбе жоспарын жасап, құнды сабақ өткізіп, үлкен нәтижеге қол жеткізері қақ.


Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі:
1.Жанпейісова М. М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.
2.Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4.
3.Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». 2004жыл.

4.«География және табиғат » журналы №6, 2002 жыл 
5.Жүсіпова М. Ұжымдық оқыту технология әдістемелері. Павлодар,2005                          

 6.Аханова Б. Шығармашылық тұлға қалыптастыру. // Сыныптағы тәрбие. №1,2007                    

7. «Қазақстан мектебі» ғылыми – педагогикалық журналы. № 12, 2002 ж.5. М.Валиева «Білім беру технологиялары және оларды оқу – тәрбие үрдісіне енгізу жолдары» /Әдістемелік нұсқау/.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.12.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров345
Номер материала ДВ-262666
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх