Инфоурок Дошкольное образование ПрезентацииТақырыбы: " Жас ата-ана мектебі " баяндама

Тақырыбы: " Жас ата-ана мектебі " баяндама

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  «ЖАС АТА-АНА МЕКТЕБІ»
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАРЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

 

    Жүргізуші: Заманымыздың белгілі жаңашыл ұстазы-Ш.Амонашвили «Воспитание детей нужно начинать с воспитания родителей» деген. Ол бұл ойға өзінің ұстаздық қызметінен жинақтау нәтижесінде келгені сөзсіз. Олай болса, тәрбие ісінде ата-ананың алар орны, беделі жоғары болуы керек. 
    Өйткені, отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы ата-анасы.
         Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең алдымен оның ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек дей отырып  бүгінгі
«Жас ата-ана мектебі» атты қалалық семинарына қош келдіңіздер кұрметті ата-аналар, әріптестер.

   Сіздерді бүгінгі «Жас ата-ана мектебі» атты қалалық семинар-тренингінің бағдарламасымен  таныстырып  өтейін.

Бағдарламада:

1.«Гүл шоғы» атты танысу тренингі. «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының педагог-психологі Ахметова Айкерим Инкарбековна.

2. «Бала тәрбиесіне байыппен қарайық».  «Еркетай» шағын орталығының педагог-психологі Тұрсынбаева Гүлжанат Жумабаевна.

3. Ата-аналарға арналған сауалнама және ситуациялық  сұрақтар.  №2 мектеп балабақша кешенінің  әдіскері Ермаганбетова Алтынай Серіковна.

4.Тренинг «Жеміс-жидектер». Релаксация «Жеті шам». «Айналайын» бөбекжай-бақшасының педагог-психологі Искакова Халида Кабуловна.

5. Ата-аналарға арналған кеңестер. Презентация слайд. «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиеші-әдіскері Зайнуллаева Асемгул Зейнадиновна.

6.Қорытынды тренинг «Күн шуағы». «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиеші-әдіскері Зайнуллаева Асемгул Зейнадиновна.

7. Кофе-брейк.

    Құрметті ата-аналар қазір  сіздермен «Гүл шоғы» атты танысу тренингін өткіземін. Ол үшін барлығымыз шеңбер болып тұрайық.Барлық ата- аналардың қолына бір - бір гүл таратып беремін. Мен өз гүлімді сол жақта тұрған адамға  атымды айтып жылы лебіз айтамын. Менің гүлімді алған ата- ана, келесі адамға жылы лебіз айтып, өз гүлін қосып береді. Шеңбер солай жалғасып аяғында бір үлкен шоқ гүл тәрбиешіге қайтып оралады. 
- Міне, құрметті ата- аналар, мен бір кісіге, бір ғана гүл беріп едім, енді ол маған көп гүл болып қайтты. Мен де, сіздер де, балаларымызға осы кезде, осындай кішкентай ғана білім, тәрбие, мейірім сыйласақ, ол ертең өзімізге үлкен сый болып оралады.

Жүргізуші: Семинарымызды әрі қарай баяндамамен жалғастырамыз. 

Баяндамашы  «Еркетай» шағын орталығының педагог-психологі Тұрсынбаева Гүлжанат Жумабаевна.

Баяндама бойынша сұрақтарыңыз болса қойыңыздар.

Жүргізуші: Енді қазір сіздермен №2 мектеп балабақша кешенінің  әдіскері Ермаганбетова Алтынай Серіковна ата-аналарға арналған сауалнама және ситуациялық  сұрақтар жүргізеді.

     Ситуациялық сұрақтар

   «Әрбір баланың құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» - дегендей,  баланың мінез –құлқы өскен ортасына , көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы,  өзін көретін айнасы. Сондықтан,  ата-аналар, мен сіздерге мынадай ситуациялық сұрақтар қойғым келіп тұр.

1. Сізге балабақшадағы тәрбиешілерден «сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген  сөз, естуге тура келді дейік сіз не істер едіңіз?

2.Сіз  балаңыздың тәртібі бойынша балабақшаға келіп тұрсыз. Тәрбиеші сізді ашулы күймен қарсы алды.  Сонда сіздің әрекетіңіз?

3.Егер балаңыз қандайда бір теріс іс-әрекеттер көрсетсе, сіз балаңызға қандай шара қолданар едіңіз?

   Жүргізуші: Семинарымызды «Айналайын» бөбекжай-бақшасының педагог-психологі Искакова Халида Кабуловна «Жеміс-жидектер» тренингі және   «Жеті шам» релаксациясымен жалғастырады.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар енді назарларыңызды мына экранға аударыңыздар. Қазір сіздерге ата-аналарға арналған кеңестер туралы презентацияны ұсынамыз.(Слайд)

Осы кеңестер туралы толығырақ мәліметтер мына кітапшаларда (кітапшаларды ата-аналарға таратып беру)

Осы кеңестерді ұсына отырып сіздерге үйге тапсырма береміз.Үй жағдайында балаларыңызды бақылап  қандай ситуациялық жағдайлар болды, соны суретке, видеоға  түсіріп немесе  күнделікке жазып  өз қалауларыңыз  бойынша. Келесі ата-аналар жиналысында осы жинақтаған материалдарыңызды ортаға салып  ой бөлісіп, талқылайсыздар.

 

   Жүргізуші: Ал енді құрметті ата-аналар және әріптестер бүгінгі «Жас ата-ана мектебі» семинарын «Күн шуағы» атты тренингпен қорытындылаймыз.

(Баяу музыка әуенімен): 

Барлығымыз көзімізді жұмамыз күн шуақты шалғын алаңқайда дем алып отырмыз. Күн шуағы сіздің көздеріңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрныңызға, аузыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті. Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан, денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сізді жылытты. «Күн шуақты алаңқай» қызыл-сары, хош иісті, әсем гүлдерге толы. Сіз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді жүрегіңізге түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз. Құрметті ата-аналар көзімізді ашамыз

Көңіл-күйлеріңіз қалай?

Бүгінгі семинар тренинг ұнады ма?

Қандай әсер алдыңыз?

Сол алған әсерлеріңізді мына күн шуақтарына жазып, тақтадағы күннің айналасына жабыстырып шығамыз.

Кофе брейк.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Балаға айтуға болмайтын 10 сөз.

Психологтар баланың жасына қарамастан, оларға ауыр тиетін сөздер тізімін жариялады. Әлі тілі шықпаған баланың өзі де сіздің жеткізу мәнеріңізге қарап оның мағынасын түсінеді екен.

1.   Сенің қолыңнан түк келмейді – әкел, өзім жасаймын!

Мамандардың айтуынша, бұл баланы алдын ала сәтсіздікке байлайды. Ол өзін ақылсыз және икемсіз сезінеді. Және алдағы уақытта үлкендер тағы ұрсады деп жаңа бастама алудан қорқады.

2.   Ұста, тек тынышталшы!

Кей ата – ана бірнеше сағаттық «берші, алып берші» деген ыңылдауды көтере алмайды. Бірақ, ақыр соңында баланың сұрағанын беруге келіскенде, ата – ана өздері байқамастан, баланың ыңылдаумен сұрағанына қол жеткізуге, ал мамасының «жоғына» мән бермеуге жаман үйретеді.

3.   Тағы да мұндайды байқасам – таяқ жейсің!

Қалыптасқан дағдыға сай, барлығы осы құр қоқан – лоққымен шектеледі. Не әкесі, не анасы жазаны жүзеге асырмайды, ал бала бос қорқақ болатынын анық білу керек. Ал үлкендердің кенеттен ренжуі еш нәтиже бермейді.

4.   Мен саған дереу доғар дедім!

Баламен бұлай дөрекі сөйлеуге болмайды. Бұл сіздің балаңыз ғой. Егер байқамай ашуыңызды көрсетсеңіз, кешірім сұраңыз. Бала өзін еш құқықсыз сезініп, ренжиді. Сондықтан «доғарудың» орнына қарсы шығып, кішкентайлары жылап, жасөспірімдері үнсіз өз жайына кетіп, тұйықталып қалады. Қысқасы, қалай болғанда да, бұл сөз қалауыңызға жеткізбейді.

5.   Сен мынаны түсінуге тиіссің...

Көптеген бала бұл сөз бен оның қыңқылдақ жалғасына кертартпалық көрсетеді. Бала бұлай ақыл айтуды түсінбейді.

 

5. «Балалық – шаққа саяхат»

 

Құрметті ата-аналар бәріміз жайғасып, көзімізді жұмып бір сәт тынышталып отырып, еркін тыныс алып осы бір тынысымыз арқылы бақытты балалық-шаққа шолу жасайық:

«Жаздың әдемі шуақты күні. Сіз анаңызбен қол ұстасып келе жатырсыз. Үстіңізге ең сүйікті көйлегіңізді киіп, анаңыз екеуіңіз қуаныштысыз. Сіз ойнап жүгіріп анаңыздың алдына шығып кеттіңіз. Біраздан соң жақын адамыңыздан алшақтап кеткеніңізді сезініп, жүгіріп қолынан ұстадыңыз. Әлгі адам сізге күліп қарады. Көзіңізді көтеріп қарасаңыз алдыңызда мүлдем таныс емес адам тұр екен. Сіз тез ғана қолыңызды алып тастап, жан-жағыңызға қарадыңыз. Енді жайлап көздерімізді ашамыз». Қандай сезімде болдыңыз?

Ата-аналар жауабы:

·         Қорқыныш сезімі пайда болды.

Осындай қорқыныш сезімі балаларыңыздың бойында ешқашан болмасын - дей отыра барлықтарыңыз алақандарыңызды алға созуларыңызды өтінемін. Оң жақ алақанымыз отбасы болса, сол жақ алақанымыз мектеп болсын. Ал енді үнемі ауызбіршілігіміз мол болып, жұмысымыз алға қарай өрлей берсін деген мақсатта алақандарымызды соғып қояйық.

Сонымен, сіздің кішкентай ғана қазынаңыз таң атпастан балабақшаға бару керек. Бастапқыда үйренуі қиын болды, уақыт өте келе бәрі де қалпына келе бастады. Бірнеше рет барып, ойынын, өзін ұстауын тамашаладыңыз. Ойдағыдай еді... Алайда, ол бүгін балабақшаға барудан да, киінуден де бас тартты. Себебін сұрадыңыз, жауап – "барғым келмейді, болды". Әдетінше көз жастар моншақтап аға бастады. Дәл осындай тығырықтан шығу үшін психолог кеңесін оқып алғаныңыз жөн. Ең, ең бастысы – күш көрсетуден аулақ болу керек, мәселенің байбына барып, жұмсақ сөйлесіңіз. Ал мамандар кеңесі төмендегідей: – Балабақшада сәбиіңізге қысым көрсетілмейтіндігіне көз жеткізіңіз. Әріп жаттауға, сандарды тануға мәжбүрлей ма екен? Өзіңізде оны қыстамаңыз. – Балабақшаға ұзақ уақыт барған бала өзі дәретханаға барып, рұқсат сұрай алатын жағдайда болуы керек. Баланы таңертең киіндіргенде киімде артық түймелер мен батырмалардың болмауын қадағалаңыз. Бұл сәбидің ығырын шығарады. – Баланы алғаш рет балабақшаға алып келгенде құрдастарымен дұрыс ойнауына мән беріңіз. Өзгені ұрмауын, ойыншықпен бөлісуін, адам талғамауын айтып, ақыл-кеңестеріңізді аямаңыз. – Тәрбиешінің лауазымын жоғары етіп көрсетіңіз, оның тілін алуға үйретіңіз. Ол үшін тәрбиешінің жеткілікті түрде сауатты екендігіне көз жеткізіңіз. Баланың өзін жақсы сезінуі тәрбиешіге жіне тобындағы балаларға байланысты. – Ойын-сауықтарды да ұмытпаңыз. Себебі, бала онда тек қана оқуды үйренбейді, бірінші кезекте балалармен бірге көңіл көтеріп, жағымды әсерлер алады, танымын кеңейтеді. Осының бәрі сәбиді қанағаттандыратын болса, балабақшаға қуана-қуана барған болар еді.

Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/4411-analar.html?Like
© www.ZHARAR.com

Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы мамандар кеңесі казакша Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы мамандар кеңесі на казахском языке

 

 

 

             Отношения, как мы уже говорили, сложная вещь. И не важно где в семье, школе, классе, на улице. Представьте, что Солнышко - это тепло отношений с родственниками, с одноклассниками, с друзьями. Солнышко - это тепло наших отношений, его лучи согревают наши души, дарят нам понимания, поддержку. Но очень часто в отношениях нас не всё устраивает, так как мы оценив

Күн ашылды. 

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім.

Мен үшін жоқ уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.
аем новое общение с позиций своего "Я"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығу «Күн шуақты алаңқай»

Мақсаты: қатаюдан арылу, жылы достық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Нұсқау: елестетіңіз, күн шуақты шалғын алаңқайда дем алып отырмыз. Күн шуағы сіздің көздеріңңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрныңызға, аузыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті. Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан, денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сізді жылытты. «Күн шуақты алаңқай» қызыл-сары, хош иісті, әсем гүлдерге толы. Сіз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді жүрегіңізге түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз.

Талдау: Көңіл-күйіңіз қалай?

Бүгінгі тренинг-сабақ ұнады ма?

Қандай әсер алдыңыз?

Мақсаттарға жеттік пе?

 

 

 

 

 

 

Ситуациялық сұрақтар

«Әрбір баланың құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» - дегендей,  баланың мінез –құлқы өскен ортасына , көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы,  өзін көретін айнасы. Сондықтан,  ата-аналар, мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп тұр.

1.Бала үшін ата-ананың қайсысының беделі күшті деп ойлайсыз?

2. «Баланың өскенде жақсы өнегелі  адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай?

3.Баланы еркін тәрбиелеген  дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

4. Сізге балабақшадағы тәрбиешілерден «сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген  сөз, естуге тура келді дейік сіз не істер едіңіз?

5.Кейбір ата-аналар баласының әрбір істеген іс –әрекетіне көңілі толмай : «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

6.Сіз  балаңыздың тәртібі бойынша балабақшаға келіп тұрсыз. Тәрбиеші сізді ашулы күймен қарсы алды.  Сонда сіздің әрекетіңіз?

7.Егер балаңыз қандайда бір теріс іс-әрекеттер көрсетсе, сіз балаңызға қандай шара қолданар едіңіз?

8. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз ол «ән тыңдап отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?

9.Егер уақыт машинасы болса, қай жылға саяхаттап, қандай оқиғаны түзер едіңіз?

10. Сізге  таңдау келіп қалды: Туысқандарыңыз және махабатыңыз. Кімді таңдайсыз?

11.Сіздің  ең жүйкеңізге тиетін не нәрсе  ?

12. Егер Джин келіп үш тілегіңді айт десе, сіз қандай тілек айтар едіңіз?

13.Қызыңыз дәл қазір өтпелі кзеңде . Ол дөрекі болып  барады. Ылғи да дауыс көтеріп сөйлейді, айтқандарыңызды  тыңдамайды. Күннен кұнге бұзылып бара жатқандығын байқадыңыз. Ашық сөйлесіп көріп едіңіз. Нәтиже жоқ. Не істейсіз?

14. Егер  сіздің балаңыз сабаққа барғысы келмейді. Ұрыстыңыз, ұрдыңыз, мұғалім көмегіне жүгіндіңіз. Бірақ, ол бәрібір де таңертең тұрмады. Сабаққа  деген еш қызығушылығы жоқ. Қандай әрекеттер жасар едіңіз?

 

 

 

 

-Өз балаларымызды қаншалықты білетіндігімізді байқау үшін «Кім жылдам» ойынын оиналық.

Тәрбиеші:сұрақ қойып допты береді ата-ана жылдам жауап береді.

1.Балаңыздың аты жөні кім?

2.Балаңыздың туған күні  қашан?

3.Балаңыздың сүйікті асы не?

4.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

5.Балаңызды еркелетіп қандай сөзді айтасыз?

6..Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?

7.Балаңыз сізді ренжіткен де ең алдымен аузыңызға қандай сөз келеді?

8. Үйде балаңызбен қандай ойындар ойнайсыз?

 

 

 

                  

 

 

 

 

 

 

Бала тәрбиесіне байыппен қарайық!

Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы-бала. Бала-дербес тұлға. Бала тәрбиесі өте күрделі үрдіс. Ол ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын құбылыс. Бала дегенде ет жүрегі елжіремейтін адам жоқ шығар. Өйткені, ол ата-ананың ақ тілегі, қуанышы. Әр бір жас өркен-елдің ертеңі, ұлттың болашағы. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі жоғары. Өйткені бала дүниеге келген күннен бастап ата-ана ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Ата-аналар балаларын  өздерінің өнегелі сөздерімен, жеке басының асыл қасиетімен  тәрбиелейді.Бала әр нәрсеге сенгіш, тез қабылдағыш, еліктегіш келеді. Әр бала еркелеткенді, жылы сөйлегенді, ойын ойнағанды, аялағанды ұнатады. Бұл –баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиет. Бұл қасиет  тек балаға ғана  тән. Өйткені бала сезімі-пәк. «Бала-тілі бал», «Балалы- үй базар» -деген мақалды халық өте орынды айтқан. Баланы аялап, жылы сөйлеу-баланың ақылды, ұстамды, мейірімді азамат болып өсуіне көп ықпалын  тигізеді. Ал балаға ұрысу, балағаттау баланың бойында кек алу, өшпенділік қасиеттерді оятады. Ата-ана отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы ол- перзенті. Отбасы- адам баласының өсіп-өнер алатын ұясы. Отбасының негізгі  міндеті- баланы еңбек етуге, жарқын сезімдермен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлікпен шыдамдылықты талап етеді. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша, іс алға баспайды. Ата-ана  баласын танымайынша, іс алға баспайды. Ата-ана тәрбиешіге көмекші, сенімді тірек ьолса, тәрбиеші де сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана , барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.Бала балабақшаға келген күннен бастап, тәрбиеші мен ата-ана арасында тығыз қарым-қатынас орын алуы тиіс. Өйткені, әр отбасының өзіндік әдет ғұрпы, қалыптасқан тәртібі болады.

Жазушы педагог Ж.Аймауытов «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек»- деген. Осы  бір ұлағатты ойдың астарында отбасында ата-анасынан, мектепте ұстаздарынан талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан сәби  тәрбиесін бесіктен бастаған. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-ана тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескере отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер берді.

Абай өзінің 10-шы қара сөзінде «Әдемі баланы өзің алдайсың: әке, оны берем, міне, мұны берем деп, басында балаңды алдағанға мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?»- деп балаларына  теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды. Тәрбие-білім өзегі болғандықтан, тәрбиеші мен отбасы байланысы тығыз болуы керек. Баланы дамыту, ой-өрісін жетілдіру үшін тәрбиеші де, ата-ана да баланың жан дүниесін білуі керек, оны жеке тұлға ретінде тануы қажет. Отбасындағы берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десеңіз, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Бала-отбасының бақыты. Баламен сөйлесе отырып қуаныңыз, себебі бала сіздің жаныңыздғы  мереке. Қазір ата-ана мен бала арасы  алшақтан барады. Үйлесім, түсініктік аз,. Адамзат баласының өміріндегі ең маңызды ісі-артына ұрпақ қалдыру. Осы ұрпақтың жан дүниесі сұлу  болу үшін біз, ата-аналар, әрбір сәтте ізгілікті, адамгершілікті, сыпайлылықты жадымыздан шығармай, әр ісіміз бен сөзімізге мән беруге міндеттіміз. Ата-ана перзенті- алдындағы міндетіне жауапты болуға тиіс.

Ақын Қадір Мырза  Әлі айтқандай, сөз- ойдың жаңғырығы. «Ойнап сөйлесек те, ойлап сөйлеуді» ұмытпағанымыз жөн. Қазір  ата-аналардың әдеттері мен сөздері қанда? Балаларына таңды қалай қарсы алуды үйрете ме? Баласын таңертең ұйқыдан оятқанда не деп тіл қатады? Дастарқан басында өздері ықылас жасай ма? Балаға осы жақсы өнгені көрсете ме? Астан кейін баланы былай қойып, өздері аузын шая ма? Туған-туысқандарымен қандай қарым –қатынаста? Осының бәрін көріп өскен баланың, туғанда періште болғанымен, ата-анасы дәстүрді сақтамаса, Құдайдан қорықпаса, жүрегі тасқа айналмағанда қайтсін?...

Мағжан Жұмабаев : «Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда да – ауыр өнер, жеке ғылыми иесі ьолуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек», деген-ді. Ендеше, бала тәрбиесі мәселесінде қазақтың бұрыңғы-соңғы тәрбие, өнеге үлгісімен танысу артық болмайды. Соның ең жақсысың алып, екшеп, ақылмен таразылап қолдансақ, қанкей... Жанұя мүшелері арасындағы қарым-қатынас. Ата-ана балаларына әртүрлі қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстауды қалай үйрете алады? Бір жанұядағы балалардың арасындағы достық қарым-қатынас олардың қоғамдық сана – сезімінің дамуына қандай әсер етеді? Жанұя перзенттерінің арасындағы дұрыс және достық қарым-қатынас орнатуға көмектесу ата-ана өнерлерінің бірі болып саналады. Бір отбасының балалары ата-анасы олардың бәрін бірдей жақсы көретіндерін көру керек.

Әке-шешенің перзенттерінің әртүрлі дарындары мен қажеттіктеріне дұрыс көңіл бөлуі олардың арасындағы достық қарым-қатынастың орнатылуына себеп бола алады. Әсіресе қазіргі уақытта, әке мен шешенің еңбек етуі себепті, олар жанұяға азырақ уақыт бөлінетін жағдайда балалар бір-біріне ең жақын дос бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

                      

                          

 

 

 

 

 

 

                              КМҚК «Өнер және спорт мектебі» жанындағы

«Еркетай» шағын орталығы

 

 

 

 

 

 

 

 

       Бала тәрбиесіне байыппен  

                 қарайық!

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Еркетай» шағын орталығының

психологі  Г.Турсунбаева

 

 

                                               

 

 

 

 

                                         

                                               Приозерск 2015 жыл

                                                   

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: " Жас ата-ана мектебі " баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2016 2609
    • DOCX 72.3 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ережепова Замира Пардабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ережепова Замира Пардабаевна
    Ережепова Замира Пардабаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 91852
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы организации здоровьесберегающей среды в дошкольном образовании

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Управление качеством дошкольного образования в условиях реализации ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 569 человек

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе